|
Пні жаратылыстану Сынып 3 А Кні
Оқу ісі жөніндегі орынбасары:
Пәні: жаратылыстану
Сынып: 3 «А»
Күні: 16.02.2019ж.
| Мектеп: Маржанбұлақ орта мектебі
Мұғалімнің аты-жөні: Нугиманова М.Б.
Қатысқандар саны: 9 Қатыспаған оқушылар:
| Тақырыбы:
| Күн мен түн қалай ауысады?
| Оқу мақсаты:
| 3.4.3.1 Жердің өз осінен айналуының салдарын түсіндіру;
3.1.1.1 маңызды ғылыми жаңалықтар мен олардың адамның күнделікті өміріне әсері туралы әңгімелеу;
3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау;
| Сабақтың мақсаты:
| Барлық оқушылар: Тәуліктің бөліктерін сипаттай алады.
Көптеген оқушылар: Күннің тәуліктік жолының қалай өтетінін түсіндіреді.
Кейбір оқушылар: Күн мен түннің ауысуының Жердің өз осінен айналуы-ның салдарынан болатынын түсінеді.
| Тілдік мақсат:
| Тәуліктің бөліктерін атайды, жаңа ұғымдарды қолданып, тәуліктегі күн жолының өзгерісін сипаттап береді.
Пәндік терминология мен тірек сөздер
күннің шығуы ,күннің батуы,талтүс,түн ортасы
| Құндылықтар:
| Дүниетанымын кеңейту, байқампаздық, өзара сыйластық, ынтымақтастықта жұмыс істеу дағдылары
| Пәнаралық байланыс
| Дүниетану, математика
| Алдыңғы меңгерілген білім
| Жердің өз осінен айналуы, оның күн мен түннің алмасуындағы маңызын біледі.
| Сабақ барысы
| Жоспарланған уақыт
| Сабақта жоспарланған іс-әрекет
| Ресурстар
| Сабақтың басы
| І. Психологиялық ахуал
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай таза көңілмен
Бүгінгі сабағымызды бастайық. ІІ.Топқа бөлу: сағатта көрсетілген уақыт өлшемдері бойынша үш топқа бірігеді.
ІІІ.Бейне таспа: «Күн мен түннің ауысуы»
ІҮ.Сабақтың тақырыбын мақсатын айқындау.
Сонымен, біз бүгін сабақта нені оқып білеміз?
(Тәулік, уақыт, мезгіл,күн мен түннің ауысуы)
Ой қозғау. Нені өлшеуге болады?
Нені өлшеуге болатынын атау (ұзындық, масса, заттарды санау, уақыт)
Тақырыпқа кіріспе тапсырмасы.
«Өлшем бірліктері».Суретте берілгендерді қандай уақыт бірліктерімен өлшейтінін анықтау.
(1 – сағат/сағат, минут, 2 – аудармалы күнтізбе/апталар, тәуліктер,
3 – секундомер/секунд, 4 – жылдық/ айлық күнтізбе).
–Жыл неден құралады? (айлар, апталар, күндер).
–Апта неден құралады? (тәулік).
–Тәулікті қандай бөліктерге бөлуге болады? (таң, күндіз, кеш, түн.)
–Таң, күндіз, кеш, түн – бұлар нелер? (Тәулік бөліктері)
–Қашан ұйқыға жатасың? Таңғы асты қашан ішесің?
|
Слайд Сағат суреті
Слайд,
сағат, күн-тізбе, секун-домер суреттері
| Сабақтың ортасы
| Жаңа сабақ. Сен білесің бе?
-Біз қай мемлекетте тұрамыз?
-Қазақстанда қазір қандай жыл мезгілі?
-Дұрыс,Қазақстан солтүстік жарты шарда орналасқан? (Еуразия)
(Глобустан полюстерді - жер осі өтетін тұсты көрсету.)
–Олардың орналасуында қандай ерекшелік бар? (Остің көлбеу болу себебінен бұл жерлерге Күн сәулесі ұзақ уақыт бойы түседі немесе керісінше, мүлде түспейді). Солтүстік полюсте қазір 6 ай бойы поляр түні. Яғни оларда 6 ай бойы күн түспейді. Поляр түні түн деп аталғанымен, ол көбірек ымыртқа ұқсайды. Күн көкжиектен көп түспейді де, сәулелері көрініп тұрады.
(глобустың астына жарық жағу арқылы көрсету)
-Қай кезде күн мен түн теңеседі?
-Дұрыс, 21-наурыз күні. Солтүстік полюсте алғашқы таң атып, содан 6 ай бойы күн батпай тұрады. Ал,керісінше оңтүстік жарты шарда 6 ай бойы поляр түні болады.
V. Зертте. Зерттеу барысы:
Теллурий – Жердің Күнді айналатын жылдық қозғалысы мен өз білігінен айналғандағы тәуліктік айналымын көрнекі түрде көрсетуге арналған құрал.
Күн мен түннің біртіндеп алмасуын көрнекі құралмен көрсету. Егер жоқ болса, үстел шамы мен глобусты пайдалану.
VI. «Тәулік мезгілдерін бейнеле». постер қорғау.
3 топқа таң, күндіз, кеш - Суреттерді сипаттау.
Саралау. Кейбір оқушылар дала туралы сипаттама-әңгіме құру.
Суреттер несімен ерекшеленеді? (әртүрлі тәулік мезгілдері) Суреттерді ретімен орналастыр (таң, күндіз, кеш, түн). Неліктен осы ретпен орналастырдың? Түсіндір. Саған тәуліктің қай мезгілі ұнайды?
VII. Сергіту сәті
VIII.Топтық жұмыс. «Сиқырлы конверт»
І топ- аспан денелері: (темірқазық,жұлдыз,ай)
ІІтоп- түнгі тіршілігі белсенді жан-жануарлар.(үкі,жапалақ,жарқырауық қоңыз)
ІІІ топ -жұмбақ пен мақал
1.Күндіз кірер «інге»,
Жұрт қалады білмей.
Шығады тек түнде,
Болам дейді күндей. (Ай)
2.Ай мен күн ауысты,
... ... .... ..... (Тәулікті тауысты)
3. Ай жарығы әлемге,
.... ..... ..... ..... (Күн жарығы төменге)
4. Күндіз білінбейді,Түнде күлімдейді. (жұлдыз)
IX.Дәптермен жұмыс. «Тәулік мезгілі».Тест орындау.
Өзіңді тексер! Оқушылар өздігінен сұрақтарға жауап беріп, тиісті бағанды сызады. Үйге тапсырма.
«Таң атпайын десе, Күн қоймайды» деген мақалды қалай түсінесің? (мағынасын ашып келу)
|
глобус пен үстел шамы;
теллурий
Жұмыс дәптері
| Сабақтың соңы
| Рефлексия. Парақшаға аттарын жазып стикер жабыстыру.
А) Өзім түсіндім, басқаға түсіндіре аламын. Ә) Өзім ғана түсіндім. Б) Толық түсінуім үшін бәрін қайталауым керек.
В) Көмек керек.
ҚБ. Мұғалімнің ауызша кері байланысы.
-Сабақтың қай кезеңі ұнады?
-Қай жері ұнамады? Нені түсінбедің?
-Ал,бүгінгі сабақта сіздерге қай оқушының жауабы ұнады?
| А3 парағы, стикер
| Қосымша ақпарат
| Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
| Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
| Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы
| Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру.
Қосымша тапсырма арқылы саралау
| «Күн»,«Ай»,«Жұлдыз» фишкалар арқылы бағалау. Оқушылардың жұмыстарын бақылау арқылы бағалау. Комментарий арқылы ауызша кері байланыс беріп бағалау.
| Сергіту жаттығуларын орындағанда, тақтаның алдында топтық жұмыс жасаған кезде оқушылар сынып ішінде жүргенде қауіпсіздік ережелерін сақтау.
| Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?
Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?
Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде?
Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме?
Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме?
Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма?
Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен?
|
Әрбір сабағымда ең бірінші сабаққа қойылатын мақсатқа аса үлкен мән беремін. Дұрыс қойылған мақсат қана, сабағыңыздан күтілетін нәтижеге апарар ең нәтижелі жол болып табылады.Сабақтың тақырыбын ашуда бейнебаян мен суреттер қолданды..
Оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді деп ойлаймын.Топтық жұмыста оқушылар ынтымақтаса жұмыс жасады.
Уақытты үнемді пайдалана алдым.
Сабағым жалпы жоспарға сәйкес, мақсатта белгіленген нәтижені көздей отырып, жүйелі өтті. Оқушылар әрбір тапсырманы өз біліміне сәйкес орындауға талпынды.
| Қорытындылау
Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау;
2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.
Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.
2: Рефлексия.
Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім?
| Маржанбұлақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Нугиманова Маржангүлдің жаратылыстану пәнінен өткізген ашық сабағының рефлексиялық есебі
«Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша бастауыш сыныптарда оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін қолдану» тақырыбындағы аудандық семинарда 3- сыныпта жаратылыстану пәнінен «Күн мен түн қалай алмасады?» тақырыбында ашық сабақ өткіздім. Сабағымды оқушылардың бұрын білмеген басқа қырларынан танытуы мен ортақ белгісін табуға мүмкіндік туғызған ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырумен бастадым. Сабақтың басында оқушыларды ынтымақтастыру ортасын қалыптастыру мақсатында
«Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай таза көңілмен
Сабағымызды бастаймыз»,-деп бес жолдық өлең шумақтарымен «Жылулық шеңберіне» хормен айтқызу арқылы өткіздім. Жаттығу нәтижесінде оқушылардың көңіл-күйі көтерілді. Оқушыларды сағаттың көрсетілуі бойынша «Таңның атуы», «Талтүс», «Күннің батуы» үш топқа бөлдім.
«Күн мен түннің ауысуы» туралы бейнебаян көрсетіліп,сол арқылы сабақ тақырыбы ашылды. «Ой қозғау» әдісі бойынша оқушыларды сөйлету мақсатында,«Нені өлшеуге болады? » сұрағы арқылы өтілген тапсырмаларға шолу жасаттым.Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады,себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады. Сабақ тақырыбын айқындап алу үшін «Жасырын сөз» әдісін пайдаландым. Көзбен көру және ауызша ақпарат көздерімен тікелей қарым-қатынас жасау балаларға дәйектеу дағдыларын шынықтыруға және жеке тәсілдермен білім алуға мүмкіндік береді, формалды түрде оқуды азайтады.
«Ойлан,жұптас,бөліс» алған білімдерін саралау мақсатында,«Тәулік мезгілдерін бейнеле» үш топ постер қорғады.Сурет қиындыларынан тәулік мезгілдерін құрастырды. Бұл тап-сырма арқылы мен әрбір оқушыны өз бетімен ізденуге, ойын ашық айтуға өзін-өзі бағалауға жетеледім.
Әр тапсырма сайын ауызша және фишкалар арқылы бағаланып отырды.Сергіту сәті өткізілді. Менің мақсатым топта отырып оқушыларымның сыни тұрғыда не ойлайтынын, олардың білім деңгейін көтеру үшін сабағымда қызығушылықтарын арттыру, оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ оларды нені жақсы көретінін, не істегісі келетінін анықтау үшін үш топқа «Сиқырлы конверт» тапсырма бердім.
І топ- аспан денелері:
ІІтоп- түнгі тіршілігі белсенді жан-жануарлар.
ІІІ топ -жұмбақ шешіп, мақалдың жалғасын табу.
Осы тапсырманы орындағандар Аружан,Әли,Гүлсая,Мадина,Диана,Махаббат т.б. оқушылар ойлау дәрежесінің жоғарылығын, ойының ұшқырлығын көрсетті. Дәптермен жұмыс жүргізілді. Сабақты үнемі кері байланыспен аяқтаған өте тиімді. Кері байланыс оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге қол жеткізгендігі туралы ой-пікірін тыңдауға негізделеді.
-Сабақтың қай кезеңі ұнады?
-Қай жері ұнамады? Нені түсінбедің?
-Ал,бүгінгі сабақта сіздерге қай оқушының жауабы ұнады? ,-деп оқушылармен кері байла-ныс жүргізілді.
Рефлексия. Парақшаға аттарын жазып стикер жабыстыру.
А) Өзім түсіндім, басқаға түсіндіре аламын. Ә) Өзім ғана түсіндім. Б) Толық түсінуім үшін бәрін қайталауым керек.
В) Көмек керек.
Әрқайсысы өз атын стикерге жазып, тақтадағы парақшаға жапсырды. Менің осы сабағымда сәтті өткен, ойымнан шыққан «ойлан, жұптас, бөліс» әдісі болды. Бұл тек қана менің емес оқушыларыма да өте ұнады. Сергіту сәті кезінде де оқушылар өте жақсы белсенділік таны-тып қызығушылықпен орындады. Сұрақ- жауап кезінде де оқушылардың белсенділіктерін байқап, өзім іштей қуандым.
Қорытындылай келе, бұл жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша менің көкейге түйгенім: алдымызға бір мақсат қоя отырып, сол мақсатқа жету жолында шәкірттердің жүрегіне жол тауып, әрекеттендіре білу шеберлігіне жетсек, егемен елдің ұл-қыздары білімді де білікті болып шықпақ. Соның арқасында біз бәсекеге қабілетті, іргесі мықты ел боламыз.
|
|
|