Главная страница
Навигация по странице:

  • Емтихан қабылдаушыларға арналған мәлімет

  • Қадамдарды бағалау көрсеткіштері Бағасын бағалау баллдары 1.

  • Электрокардиограмма (ЭКГ) — жүрек жұмысы нәтижесінде туындайтын және дененің бетінде жүргізілетін потенциалдар айырмасының графикалық көрінісі.

  • Гольдбергер

  • Барлығы 100 75 50 0

  • Электрокардиография

  • КАРДИО пошаговая 2023 (1). алыпты физиология бойынша баалау паратары Тжірибелік дадыларды баалау паратары Электрокардиограмманы тіркеп жазып алу дісі


    Скачать 1.55 Mb.
    Названиеалыпты физиология бойынша баалау паратары Тжірибелік дадыларды баалау паратары Электрокардиограмманы тіркеп жазып алу дісі
    Дата13.05.2023
    Размер1.55 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаКАРДИО пошаговая 2023 (1).docx
    ТипДокументы
    #1127085
    страница1 из 4
      1   2   3   4

    қалыпты физиология бойынша бағалау парақтары

    Тәжірибелік дағдыларды бағалау парақтары

    1.Электрокардиограмманы тіркеп жазып алу әдісі.
    Емтихан қабылдаушыларға арналған мәлімет:студенттің ЭКГ тіркеп жазып алу ептілігін төменде берілген көрсеткіштерге сәйкес бағалаңыз.Студентпациент/волонтердың ЭКГ-сың тіркеп жазып алып, өзінің жасаған іс-әрекеттерін түсіндірді.





    Қадамдарды бағалау көрсеткіштері

    Бағасын бағалау баллдары

    1.

    Студент сәлемдесті, амандасып, өзін таныстырды. Волонтердің эмоциялық жағдайын және реакциясын бақылап, эмоциялық көніл-күйіне түсінік берді. Пациенті (волонтер) кушеткаға жатқызды, алдын ала сирақ-асық, кәріжілік-білезік буындары мен кеудесін жалаңаштауын сұрады.

    Электрокардиограмма (ЭКГ) — жүрек жұмысы нәтижесінде туындайтын және дененің бетінде жүргізілетін потенциалдар айырмасының графикалық көрінісі.

    Пациентке (волонтер) ЭКГ жазамын деп айтты.

    Студент аспапты жұмысқа қалай дайындау керек айтты (таспаның қозғалу жылдамдығын 25 мм/с немесе 50 мм/с, калибрлеу сигналын 1 мм - 0,1 мВ қойды)1. Калибрлеу. ЭКГ тіркемес бұрын әрдайым калибрлеу тісін жазу керек. Құрылғы 1 см 1 мВ дәл сәйкес келетін етіп конфигурацияланған, калибрлеу тісіне түзету қажет. Электрокардиографиялық көрсеткіштерді талдау кезінде екі шаманы ескеру қажет: тістердің биіктігі немесе тереңдігі және олардың ені. 2. Қағаз таспаны беру жылдамдығы. Германиядағы электрокардиографтардағы қағаз таспасының берілу жылдамдығы әдетте 50 мм/с құрайды, өйткені тіркеу жылдамдығы төмен, мысалы, 25 мм/с (әдетте АҚШ-та қабылданған) қисықты түсіндіру қиын. Тек белгілі бір жағдайларда, мысалы, жүрек ырғағының бұзылуын диагностикалау кезінде ЭКГ-ны қағаз таспасының қозғалыс жылдамдығымен 25 немесе 10 мм/с-қа тіркеуге болады.

    20

    15

    10

    0

    2.

    Студент ЭКГ тіркеп жазып алуда үш стандартты биополярлық тіркеу бойынша электродтардың дұрыс орналасуын көрсетті.

    Электродтардың терімен жақсы жанасуы үшін арнайы сұйықтық қолданды. (Электродтарды оң (қызыл) және сол (сары) қолдардың білектеріне, сол сирағына (жасыл), оң сирағына (қара) – электр тізбегін жерге тұйықтау үшін орналастырды). Студент I, II, III тіркеулер аяқ- қолдың қайсылары арасында тіркелетінін айтты.

    20

    15

    10

    0

    3

    Вильсонның униполярлы кеуделік тіркеуінде студент электродтарды қайда орналастыратынын көрсетті:

    V1 – төртінші қабырға аралығында төстің оң жағынан 1см.оңға қарай;

    V2 - төртінші қабырға аралығында төстің сол жағынан 1см солға қарай; V3 – V2

    мен V4 аралығына; V4 - бесінші қабырға аралығында сол бұғананың

    20

    15

    10

    0







    ортаңғы сызығы тұсына; V5 – бесінші қабырға аралығында алдыңғы аксиллярлық сызық тұсына; V6 – бесінші қабырға аралығында ортаңғы

    аксиллярлық сызық тұсына













    4

    Студент тағы қандай тіркеулер қолданатынын дұрыс түсіндірді: униполярлы күшейтілген тіркеулербойынша (aVR, aVL, aVF) аяқ-қолдың біреуі мен бейтарап (индифферентті) электрод арасындағы потенциалдар

    айырмашылығы тіркелді

    Гольдбергер бойынша үш униполярлы күшейтілген тармақтар тіркеледі: aVR; aVL;aVF.

    Жоғарыдағы стандартты тіркелімдерді тіркеу үшін қолданылатын екі электродты күшейтілген тіркелімдерді тіркеу кезінде біріктіреді, осы біріккен электродтар мен белсенді электродтар арасындағы потенциалдар айырмасы тіркеледі.

    Мысалы, aVR кезінде оң қолға бекітілген электрод белсенді болып табылады, ал сол қол мен сол аяққа бекітілген электродтар біріктірілген электрод болып саналады.

    - aVL кезінде- сол қолға бекітілген электрод белсенді болады, ал оң қол мен сол аяққа бекітілген электродтар біріктірілген электрод болып саналады

    - aVF кезінде- сол аяққа байланған электрод белсенді болып табылады


    20

    15

    10

    0

    5

    Студент қорытынды жасады: қанша тіркеулер қолданылатындығын, қандай тісшілер тіркелетіндігін айтты. ЭКГ-да12 тіркеулер қолданылатындығын және P,Q, R, S, T тісшілері тіркелетіндігін және олар нені сиппатайтынын айтты.Жұмысты орындау барысында сөйлеу

    мәдениетін, кәсіби терминдерді қолдана алатындығын көрсетті

    Р тісі жүрекшелердің қозуға ұшырағынын білдіреді және жүрекше тісі деген атқа ие болды. Әрі қарай қозу жүрекше-қарынша түйіншегі арқылы таралып, қарыншалардың өткізгіштік жүйесі арқылы таралады. Осы кезде электрокардиограф изопотенциалды сызықты тіркейді (екі жүрекше толығымен қозған, екі қарынша әлі қозбаған, ал қарыншалардың өткізгіштік жүйесі арқылы қозудың таралуы электрокардиографпен сезілмейді ( ол ЭКГ-ғы PQ сегменті).

    Жүрекшелерде қозу көбінесе жиырылғыш миокард бойымен көшкін түрінде синусты –жүрекше бөлігінен жүрекше- қарынша бөлігіне қарай тарайды. Жүрекше ішіндегі арнайы шоғырлар арқылы қозудың таралу жылдамдығы жүрекшенің жиырылғыш миокарды арқылы қозудың таралу жылдамдығына шамамен тең болғанда қалыпты болады, сондықтан жүрекшелердің қозумен қамтылуы көпфазалы Р тісімен кесінделеді.

    Қарыншалардың қозумен қамтылуы қозудың өткізгіштік жүйенің элементтерінен жиырылғыш миокардқа берілуі арқылы жүзеге асырылады, бұл қарыншалардың қозумен қамтылуын айқындайтын QRS жиынтығының сипатының күрделілігін білдіреді. Осы кезде Q тісі жүректің төбесінің қозғанын, оң емізікше бұлшықетінің, қарыншалардың ішкі бетінің қозғанын білдіреді.

    R тісі– жүрек түбінің және қарыншалардың сыртқы бетінің қозғанын білдіреді. Қарыншалар миокардының қозумен толық қамтылу үрдісі S тісінің қалыптасуы аяқталғанда аяқталады. Енді екі қарынша да қозып, ST сегменті қарыншалардың өткізгіштік жүйесінде потенциалдар айырмасының жоқтығы салдарынан изопотенциалды сызықта болады.

    Т тісі реполяризация үрдісін көрсетеді, яғни миокард жасушаларының қалыпты мембраналық потенциалының қайта орнауын білдіреді. Осы үрдістер әр жасушаларда қатаң синхронды пайда болмайды. Осының салдарынан миокардтың әлі де­поляризацияланған бөліктері ( яғни теріс заряды бар) мен өзінің оң зарядын қалпына келтірген миокард бөліктері арасында потенциалдар айырмасы болады. Осы потенциалдар айырмасы Т тісі түрінде тіркеледі. Осы тіс ЭКГ-ң ең өзгермелі бөлігі. Т тісі мен келесі Р тісі арасындағы изопотенциалды сызық тіркеледі, өйткені осы кезде қарыншалар миокардында және жүрекшелер миокардында потенциалдар айырмасы болмайды. Жүрекшелер реполяризациясын білдіретін сәйкес тістің кескіні ЭКГ-да жоқ, себебі ол уақыт бойынша қуатты QRS жиынтығымен сәйкес келіп, олармен жұтылады. Әрбір Р тістің QRS жиынтығымен сүйемелденбеген кезінде, жүректің көлденең қоршауы кезінде жүрекшелердің реполяризациясын білдіретін жүрекше тісі Т (T-атриум) байқалады.


    20

    15

    10

    0




    Барлығы

    100

    75

    50

    0


    Кезең бойынша ең жоғарғы балл - 100. Тапсырмаға берілген уақыт - 5 минут

    2.Электрокардиограмма тісшелері мен олардың аралықтарының сипаттамасы..

    Емтихан қабылдаушыларға арналған мәлімет:төменде берілген көрсеткіштерге сәйкес электрокардиограммадағы тісшелері мен аралықтарының пайда болуы мен қалыпты жағдайдағы сипаттамасын беру бойынша студенттің талдау ептілігін бағалаңыз.




    Қадамдарды бағалау көрсеткіштері

    Бағасын бағалау баллдары

    1.

    Электрокардиография дегеніміз – (студент дұрыс анықтамасын берді) Электрокардиография дегеніміз жүрек бұлшық етінде түзілетін биоэлектрлік көріністердің графикалық тіркеу әдісі. Жүректің жиырылу кезінде оның қозуы пайда болады, сол кезде жүректің бұлшық ет клеткалары, олардың мемброналарының физикалық-химиялық құбылыстары байқалады. Бұл кезде клетка аралық және клетка ішілік сұйықтықтың иондық құрамы өзгереді де, ол электрлік тоқтың пайда болуына әкеліп соғады.

    Студент ЭКГ дұрыс схемалық бейнелейді, барлық оң және теріс тісшелерді, аралықтары мен сегменттерін атады

    20

    15

    10

    0

    2.

    PQ аралығын студент Р тісшесі басталатын жерден қарынша жиынтыгы басталатын жер аралығы деп сипаттады.

    PQ аралығы қозудың атриовентрикулярлық түйіннен өтуі кезінде жазылатын,жүрекшелерге,

    20

    15

    10

    0







    Гис шоғырына және оның үш аяқшаларына қозудың таралуының жалпы уақыты деп сипаттады.

    PQ аралығының ұзақтығы негізінен жүректің соғу жиілігіне байланысты болады. P-Q аралығының 0,20-ден жоғарылауы атриовентрикулярлық түйін өткізгіштігінің бұзылыстарынан болуы мүмкін.

    PQ сегменті Р тісшесі біткен жерден бастап Q тісшесі басталған жерге дейінгі аралықтан өлшенеді және атриовентрикулярлық түйінде кідіру уақытына ғана сәйкес келеді.

    PQ сегменті = 0,02-0,04 сек.

    Студент S-TсегментінТ тісшесінің жоғарыға бағыттылған иінінен бір қалыпты өтетін және көрші бөліктер аралығында потенциалдар айырмашылығы байқалмағанда, екі қарыншаны да қозудың толық жайлап, таралуына сәйкес келетін, QRS жиынтығы аяқталған жерден бастап Т тісшесінің басталған жері арасын ЭКГ-нің бір кескіні ретінде сипаттады.

    Q –Таралығын студент Q тісшесінен бастап Т тісшесіне дейінгі кесіндіні қарыншалардың барлық бөліктерінің қозуы кезіндегіқарыншалардың электрлік систоласы деп сипаттады.Q-T аралығының ұзақтығы ЖЖЖ

    байланысты.













    3

    Студент Р тісшесін оң және сол жүрекшелердің деполяризациясын және жүрекшелердің өткізгіш жүйесінен синустық қозу импульсі өтуінің жинақтық көрінісі сипатын алдымен оң (Р тісшесінің жоғарғы иіні), сосын сол (жүрекшенің Р тісшесінің төменгі иіні) жүрекшенің кезекпен қозуын қамтып көрсететін үрдіс ретінде сипаттады.


    20

    15

    10

    0

    4

    Студент QRST қарынша жиынтығын қозудың қарыншаларда таралуын қамтып көрсететін үрдіс ретінде сипаттады.QRS жиынтығы 3 тісшелерден: төменге бағытталған Q тісшесінен, жоғарыға бағытталған R тісшесінен және төменге бағытталған S тісшесінен тұрады.

    Студент Q тісшесін қарынша аралық перденің бастапқы деполяризациясы үрдісінің көрсінісі ретінде сипаттады.

    Студент R тісшесін оң және сол қарыншада қозудың таралу үрдісінің көрсінісі ретінде сипаттады:

    Студент Sтісшесін оң және сол қарынша аралығындағы қарыншааралық перденің

    20

    15

    10

    0







    базальдық бөліктері деполяризациясының

    көрсінісі ретінде сипаттады:













    5

    Студент Т тісшесін қарыншалардың тез реполяризациясы соңын қамтып көрсететін үрдіс ретінде сипаттады:

    Жұмысты орындау барысында сөйлеу мәдениетін, кәсіби терминдерді қолдана алатындығын көрсетті

    20

    15

    10

    0




    Барлығы

    100

    75

    50

    0
      1   2   3   4


    написать администратору сайта