Главная страница
Навигация по странице:

  • Байланыс ақпарат туралы мәліметтер

  • «Автомобиль жолдарын жобалау-I» пәні туралы мәліметтер

  • Пән пререквизиттері

  • Пән постреквизиттері

  • Күнтізбелік-тақырыптық жоспары мен дәріс сабақтарының мазмұндары

  • Күнтізбелік-тақырыптық жоспар мен практикалық сабақтарының мазмұны

  • СӨЖ мен СОӨЖ мазмұны.

  • Автомобиль жолдарын жобалау. АЖ жобалау. Пнні ажеттілігі Автомобиль жолдарын жобалауI


    Скачать 40.04 Kb.
    НазваниеПнні ажеттілігі Автомобиль жолдарын жобалауI
    АнкорАвтомобиль жолдарын жобалау
    Дата25.01.2021
    Размер40.04 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАЖ жобалау.docx
    ТипДокументы
    #171043

     КУРСТЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ



      1. Пәннің қажеттілігі

    «Автомобиль жолдарын жобалау-I» пәні «Жолдарды және аэродромдарды салу» мамандырлануының сапалы пәндерінің бірі болып, бакалаврлар оқу процесінде негізгі орынға қойылған.



      1. Байланыс ақпарат туралы мәліметтер

    Оқытушы туралы мәліметтер׃

    Райымбекова Ардақ Қасымхановна, аға оқытушы, 54-07-35

    Сабақтар бекітілген аудиториялық сабақтар мен СОӨЖ кестесіне сәйкес өткізіледі.



      1. «Автомобиль жолдарын жобалау-I» пәні туралы мәліметтер

    Жұмыс оқу жоспары бойынша сағаттар



    Курс


    Семестр


    Кредиттер саны


    Жалпы сағаты


    Байланыс сағаттар


    СОӨЖ


    Барлығы


    Соның ішінде


    Барлығы


    Дәрістер


    Практикалық сабақтар


    СОӨЖ


    3


    5


    3


    135


    90


    30


    15


    45


    45




      1. Пән пререквизиттері

    «Автомобиль жолдарын жобалау-I» курсын оқытуға қажетті пәндер׃ «Математика-I және II», «Физика», «Информатика», «Экология», «Инженерлік графика», «Инженерлік механика I», «Құрылыс материалдары I», «Геодезия I», «Автомобиль жолдары», «Гидравлика», «Гидрология», «Гидрометрия».



      1. Пән постреквизиттері

    Аталған пәнді оқу процесінде студенттер алған білім мен тәжірибе «Автомобиль жолдарын салу технологиясы», «Автомобиль жолдарын пайдалану», «Автомобиль жолдарын жобалау-II», «Жолдық шарт және қозғалыс қауіпсіздігі», «Жолдарды қыста пайдалану».


    1. ПӘНГЕ ҚЫСҚАША ТҮСІНІКТЕМЕ

    Бұл пән «Автомобиль жолдары» пәнінің жалғасы болып, онымен оқу процесінде технологиялық тікелей байланысты және көліктік инфрақұрылым ғылымы ретінде қаралады.

    Пән мақсаты ҚР МБС 03.08.355-2006 сұрауларына сәйкес бакалавр кәсіби ісін орындауына қажетті теориялық негіздерді оқу және автомобиль жолдарын іздену және жобалау саласында тәжірибелік дағдыларды дамыту. Мына стандартқа сәйкес «Автомобиль жолдары мен аэродромдарды салу» дайындау профилімен бітірушілер - бакалаврлар, құрылыс-монтаж жұмыстарын атқаратын ұжымдарды басқара алады, жоба-құрастырушы жұмыстарын орындай алады, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысып және ғылыми-оқытушы ісін басқаруға мүмкіндігі бар.

    Яғни, кәсіпшілік қызметтің белгіленген түрлерін орындауға дайын болу үшін, оқу бітіруші-бакалавр «Автомобиль жолдарын жобалау-I» пәнін міндетті түрде оқу керек.


    Түсініктеме алуы керек׃




    • Негізгі ғылыми-техникалық проблемалардың жағдайы мен жол құрылысының даму болашақтары туралы;


    • Жол құрылысы саласында жоба-құрылыс пен ұйымдық-басқару мақсаттарын шешу кезіндегі талдау жүйесі туралы;


    • Қоршаған орта, экология және өмірәрекетінің қауіпсіздігін қорғау проблемалары туралы;

    Білуі қажет׃


    • Жол және аэродромдар құрылысында инженерлік ізденістер мен техника-экономиялық негіздеудің технологиясын және әдісін;


    • Жобалау құжаттарының құрамы мен мазмұнын;


    • Автомобиль жолдарының элементтері мен оның бойындағы инженерлік құрылымдардың есептеу және құрастыру негіздерін.

    Үйренуі қажет:


    • Жоғарыда белгіленген кәсіпшіліктің түрлеріне қатысты, нормативті және заңға сүйенген құжаттарды құрастыруды және қолдануды;


    • Автомобиль жолдарының негізгі элементтерінің және онымен байланысты инженерлік құрылым құрылыстарын есептеуді орындауды;


    • Болашақта даму талаптарына тиісті жол құрылыс салаларын және жолдың экоқұрылымға техногендік әсерін ескере, жобалы шешімдерді өңдеуді.



    1. САБАҚТАРДЫ ӨТКІЗУ ГРАФИГІ




      1. Күнтізбелік-тақырыптық жоспары мен дәріс сабақтарының мазмұндары



    Дәрістердің жоспары мен мазмұндары


    Сағаттар саны

    3.1 .1 Жобалау-іздену жұмыстары


          1. Автомобиль жолдарының техника-экономикалық ізденулері


    Экономикалық ізденулер. Техника-экономикалық негіздеуді құрастыруына бастапқы материалдар. Жобалау сатылары. Ұғымдар׃ қозғалу жиілігі, жүкайналымы, жүккернеулері. Жол құрылысы тиімділігін негіздеу техника-экономикалық әдістемесі.


          1. Автомобиль жолдарының техникалық ізденулері


    Топография-геодезиялық ізденулер, инженерлі-геологиялық ізденулер, жол-құрылыс материалдарын іздестіру, гидрогеологиялық ізденулер, гидрологиялық ізденулер.


        1. Автомобиль жолдарының жер төсемесін жобалау



          1. Автомобиль жолдарын жобалауда табиғи жағдайларының әсерлерін ескеру


    Табиғи-климаттық факторларының әртүрлігі. Жол - климат графигі. Жол-климаттық аудандар. Жер төсемесінің топырақтарының ылғалдану қайнарлары. Жер төсемесінің су-жылулық тәртібі. Қайнарлар және ылғалдану дәрежелері бойынша жер түрлері, жер төсемесінің су-жылылық теңдік теңдеуі.


          1. Қыста ылғалдықтың жиналуы мен ісіну пайда болатын теория негіздері


    Жер төсемесі топырақтарындағы су-жылулық тәртібі өзгеруінің заңдылықтары. «Жол құрылымы» тұралы ұғым. Жол құрылымының су-жылулық тәртібінің есептік сұлбалары.


          1. Жер төсеме топырақтарының есептік жағдайы туралы ұғым


    Жер төсеме топырақтарының есептік ылғалдығын анықтау алгоритмі. Жер төсемесінің су-жылулық тәртібін реттеу.


          1. Жер беті суларын ағызу жүйесін жобалау


    Тігінен жоспарлаулар, жол арықтары, резервтер мен буландырғыш бассейіндер, су сіңіргіш құдықтар.


          1. Жер төсемесінің ылғалдану тәртібі мен топырақтарының орналасуы. Жер төсеме жол жиегінің биіктігін негіздеу.


    Топырақтардың нығыздауы жер төсемесінің белсенді аймағының ылғалдығын азайту үшін қолданылады.


          1. Жер асты су бұрғыш жүйені жобалау


    Топырақ сулары деңгейлерінің өзгеру заңдылықтары, гидроизогипстер. Дренаждар классификациялары׃ көлденең, тік, аралас, жетілген, жетілмеген, кювет артында, кювет астында, құламалы, қабырға артында. Дренаждар құрылымы. Сүзгіш төсенішті есептеу және таңдау. Жер асты дренажының гидравликалық есебі.


          1. Жер төсемесінің беріктігін және тұрақтылығын қамтамасыз ету


    Жер төсемесінің деформациялар түрлері. Беріктілік пен тұрақтылықты есептеу ерекшіліктері. Тау жиегіндегі үйінділер тұрақтылықтарын есептеу. Биік үйінділердің жайылмау тұрақтылығы. Сүзгіш үйінділер құламаларының

    тұрақтылығы. Бір келкі топырақтар мен қабатты ірі тастағы үйінділер мен қазындылар құламаларының тұрақтылығы. Осал топырақтағы жер төсемелерінің тұрақтылығы.


        1. Жол төсемелерін жобалау



          1. Жол төсемелерін жобалау негіздері


    Жол төсемелерінің құрылымы. Жол төсемелерінің классификациясы. Қатты емес жол төсемелерін құрастыру және материал таңдау принциптері.


          1. Қатты емес жол төсемелерінің беріктік теориясының негіздері


    Қатты емес жол төсемелерінің қалыңдығын серпімді майысуға, созылуға бүгіліс кезінде, жылжуға есептеу.


          1. «Жол құрылымының» аязға төзімді және құрғатқыш қабаттарын жобалау


    Жол төсемесінің аязға төзімділігін есептеу.

    Жол төсемесінің құрғатқыш қабаттарын есептеу.



          1. Қатты жол төсемелерін жобалау


    Қатты жол төсемелері туралы жалпы мағлұматтар. Қолдану саласы. Құрастырудың негізгі принциптері. Қатты жол төсемелерінің құрылымы.


          1. Қатты жол төсемелерін есептеудің қазіргі тәсілдері


    Жүктеме түсіру есептік сұлбалары. Есептеуге арналған бастапқы берілгендер. Цемент- бетондық жамылғы тақталарындағы күштерді есептеу. Тақта қалыңдығын есептеу. Тақталарды температура әсерлеріне есептеу.


        1. Кішкентай жасанды құрылымдарды есептеу



          1. Кішкентай көпірлер мен құбырлар жайында жалпы мағлұматтар


    Құрылымдар мен типтік жобалар. Кішкентай суағызудан ағынның гидрологиялық есеп-қисаптарының негіздері. Құбырлардың тесіктерін есептеу. Нөсер сулары мен еріген сулардың, көлемдері мен шығындарын анықтау. Аккумуляциясы ескерілген есептік шығындарды есептеу.


          1. Кішкентай жасанды салулардың тесіктерінің гидравликалық есептеу негіздері


    Құбырлардың тесіктерінің есеп-қисабы. Кішкентай көпірлердің ауқымдарының есеп-қисабы. Кішкентай көпірлердің және құбырлардың ар жағын нығайтулардың есеп-қисабы.


        1. Көпір өтпелерін жобалау



          1. Үлкен суағарлар арқылы өтпелерді жобалау туралы жалпы мәліметтер


    Көпір өтпесінің элементтері. Өзен алқабының элементтері, өзендердің қорректену түрі бойынша классификациялануы. Табиғи және арналық процесстер және деформациялар.


          1. Көпір өтпелерінің техникалық ізденулерін ұйымдастыру


    Өту орнын таңдау. Топографо-геодезиялық жұмыстар׃ көпір өтпесінің жоспарын фотосуретке түсіру, көпірге дейінгі және кейінгі жолды трассалау, бойлық нивелирдау, морфометриялық жұмыстар, морфостворларды таңдау және суретке түсіру, сипатталған деңгейлерді, ағым жылдамдықтарын анықтау, өзендердің бойлық профилін құру; гидрометриялық жұмыстар׃ тереңдіктерді өлшеу, ағым жылдамдықтарын өлшеу, элементарлық шығындардың қисығын құру, инженерлі-геологиялық тексеру.

    3.1.5.3. Гидрологиялық есептер

    Берілген арттыру ықтималдығы мен оларға лайықты деңгейлердің шығындарын анықтау.


          1. Гидравликалық есептер


    Шайылу коэффициенті туралы ұғым. Көпірлердің ауқымын анықтауға арналған типтік есептік сұлбалар және формулалар׃ үлкен суағардың тіреуіндегі көпір, топталған ауқымдары бар көпір, күрделі емес түрді су бөгетінен төмен көпір.


          1. Жайылма үйінділері мен су легін реттейтін салуларды жобалау


    Су ағыны асуындағы жобалы сызық. Есептік кеме жүзетін биіктікті анықтау; көпірдегі жүру бөлігінің белгісін анықтау. Көпір сұлбасы, әр түрлі учаскелердегі жайылым үйінділерінің жол жиек белгілерін анықтау. Ағыммен, толқындармен және мұзбен қиратылудан құламаларды дамбалармен нығайту. Жоғарғы және төменгі су легін бағыттайтын дамбалар мен траверстерді жобалау.
    Дәріс сағаттарының барлығы

    1

    1
    1


    1
    1

    1

    1

    3

    2


    1

    2


    2

    2


    2

    1

    1

    1
    1

    1

    2


    2

    30




      1. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар мен практикалық сабақтарының мазмұны



    Практикалық сабақтарының жоспары мен мазмұны


    Сағаттар саны


    3.2.1 Берілген ауданның табиғи-климат шарттарын бағалау.

    Жолдық-климаттық зонаны анықтау. Жолдық-климаттық графикті өңдеу.

    3.2.2 Жер төсеме топырақтарының беріктік және деформациялық есептік мәндерін анықтау.

    3.2.3 Келтірілген қозғалу жиілікті және жол төсемесінің серпімділік модулін есептеу.

    3.2.4 Жол төсемесінің құрылымын өңдеу және құрылымдық қабаттарының есептік параметрлерін тағайындау.

    3.2.5 Қатты емес жол төсемесінің құрылымын серпімді майысуға есептеу, құрылымдық қабаттардың бүгіліс кезінде созылуға және жылжуға, аязға төзімділікке тексерілетін есеп-қисаптары.

    3.2.6 Нөсер және еріген сулардың шығынын есептеу. Құбырлар мен кішкентай көпірлер ауқымдарының гидравликалық есептеулері.

    3.2.7 Шығындар мен оларға сәйкес деңгейлердің гидрологиялық есептері.

    3.2.8 Өзен алқаптың элементтерінде шығындардың таратылу морфометриялық есеп-қисабы.

    3.2.9 Көпір ауқымын есептеу.

    3.2.10 Көпір алдындағы су тіреуін, кеме жүзетін биіктікті, көпірдегі жүру бөлігі белгісін есептеу. Жайылымдағы үйіндіні жобалау.
    Практикалық сабақтарының барлығы, сағат.


    1

    1
    1
    1

    2

    1

    1


    2
    2

    2


    14




      1. СӨЖ мен СОӨЖ мазмұны.

    Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ) және студенттердің оқытушымен бірге өзіндік жұмысы (СОӨЖ) деген, ол практикалық сабақтар мен курстық жобаны орындау, курстық жобаны орындауда және соңғы рубеждік бақылауға дайындалуда дәрістік және практикалық сабақтарды толықтыратын және дамытатын конспект арқылы кейбір тақырыптарды өзіндік оқып үйрену.


    3.3.1 СОӨЖ тақырыптарының тізімі
    1. Техникалы-экономикалық негіздеменің негізгі құрамы׃ қозғалу жиілігі, жүкайналымы, жүккернеуі, жүкжиналатын және жүкті тұтынатын нүктелер, аудан ұғымы (дәріс бойынша реферат пен конспектер).

    2. Жер төсеме топырақтарындағы есептік ылғалдықты анықтау әдістері (дәріс бойынша реферат пен конспектер).

    3. Жол-климаттық аудандарға бөлу әдістері мен принциптері.

    4. Жол-климаттық график.

    5. Жер беті суларын ағызу жүйесін жобалау.

    6. Дренаждар классификациясы.

    7. Жер асты дренаждардың гидравликалық есебі.

    8. Тау жиегіндегі үйіндінің тұрақтылығы.

    9. Сүзгіш үйінділер құламаларының тұрақтылығы.

    10. Қатты жол төсемесінің құрылымдары.

    11. Қатты емес жол төсемесінің құрылымдары.

    12. Жер төсеме топырақтарының ылғалдық және тұрақтылық есептік мәндерін тағайындау.

    13. Жол төсемесінің құрылымдық қабаттарының материалдарының беріктік есептік мәндерін тағайындау серпімді майысуға, бүгіліс кезінде созылуға, жылжуға есептеу кезінде.

    14. Қатты емес жол төсемелерінің қажетті серпімділік модулін есептеу.

    15. Қатты емес жол төсемесін серпімді майысу мөлшеріне.

    16. Қатты емес жол төсемесін бүгіліс кезінде созылуға.

    17. Қатты емес жол төсеменің құрылымдық қабаттарын жылжуға есептеу.

    18. Қатты емес жол төсеменің аязға төзімділігін Z/H < 1,0 болғанда есептеу.

    19. Қатты емес жол төсеменің аязға төзімділігін Z/H > 1,0 есептеу.

    20. Ұзақтығы бір сағат нөсердің жиілігін анықтау.

    21. Сужинау шекарасының ауданын анықтау.

    22. Жыраның орта еңістігін және салулар маңайындағы жыра еңістігін анықтау.

    23. Нөсердің сағаттық жиілігінен есептік ұзақтыққа ауысу коэффициентін анықтау.

    24. Нөсер суларының максималдық шығындарын анықтау.

    25. Қар еріген суларының орташа көпжылдық қабатын анықтау.

    26. Қар еріген суларының Сν ағу қабатының вариация коэффициентін анықтау.

    27. Қар еріген суларының Сς ағу қабатының ассиметрия коэффициентін анықтау.

    28. Қар еріген сулары шығынын есептеуде көлдік және ормандану коэффициенттерін анықтау.

    29. Ағынның есептік қабатын анықтау.

    30. Қар еріген суларының есептік шығынын анықтау.

    31. Жауын суларының көлемін анықтау.

    32. Құбыр алдындағы су тіреуін анықтау.

    33. Жауын суларының есептік шығындарын анықтау.

    34. Құбыр ауқымын анықтау.

    35. Кішкентай көпірдің ауқымын анықтау.

    36. Ықтималдық торы арқылы тапсырмада өсімше ықтималдығы берілген судың жоғары деңгей шығындар қисығын тұрғызу.

    37. Тапсырмада бастапқы берілгендер бойынша шығындар қисығын тұрғызу және көбейген судың есептік деңгейіне сәйкес есептік шығынды анықтау.

    38. Тұрғызған морфометриялық кесінді арқылы өзендегі элементтерде орташа жылдамдықтармен суағардағы суға тиіп тұрған жердің ауданын анықтау.

    39. Суағардағы орташа жылдамдықпен шығындық сипаттаманы анықтау.

    40. Көпір тіреулерімен қысылған судың қысылу коэффициентін есептеу.

    41. Көпір схемалары нұсқаларын тағайындау.

    42. Көпірдің ықтималды тіреуімен конструкция түрін тағайындау.

    43. Көпірдің тіреуі маңында шайылуды есептеу.

    44. Көпір астындағы кез-келген кесіндіде шайылуды есептеу.

    45. Кеме жүретін деңгейде толқын биіктігін есептеу.

    46. Төменгі және қозғалатын аралықтар параметрлерін анықтау.

    47. Кеме жүретін габариттар мен кеме жүретін денгейдің белгісін анықтау.

    48. Көпірдегі жүру бөлігінің белгісін есептеу.

    49. Жайылмадағы үйінді белгісін есептеу.

    3.3.2 Курстық жобаның тақырыбы мен мазмұны


    Осы пән бойынша орындалатын «Көпір өтпесі мен қатты емес жол төсемелерін жобалау» атты курстық жобаның мақсаты үлкен өзенде көпір өтпесін жобалау дағдылармен білімді дамыту және қатты емес жол төсемелерін құрастыру мен есептеу. Жоба екі бөлімнен тұрады.

    Бірінші бөлім – «Көпір өтпесін жобалау». Бөлімде арнамен жайылмаларда судың реттелуіне қатысты есептік шығындармен оларға сәйкес деңгейлер мен ағынның жылдамдықтарын анықтауына гидрологиялық және морфометриялық есептерді орындайды. Көпір схемасы мен ауқымдарын тағайындау, кеме жүргізетін габаритпен реттеу құрылыстарын жобалау жайында мәселелер шешіледі. Көпір өтпесі бар учаскесінде автомобиль жолының бойлық бейнесін сипаттау учаскілеріндегі жолдың көлденең қималарын жобалау.

    Екінші бөлім – «Қатты емес жол төсемелерді жобалау». Бөлімде қатты емес жол төсемелерді құрастыру және құрамындағы материалдары мен жер төсеме топырақтарының есептік сипаттамаларын тағайындау. Жол төсемелерді серпімділік иілуге, аязға төзімділігіне, сырғу мен иілудегі созылуын есептейді.
    3.3.3 Пән бойынша білімді өзіндік тексеру бақылау сұрақтарының тізімі
    1. Жобалау- іздену жұмыстары шешетін мәселелер.

    2. Іздену жұмыстарының түрлері.

    3. Жобалау сатылығы деген, не?

    4. Кешендік экономикалық тексеру мен ізденулердің және титулдылар араларындағы айырмашылықтар.

    5. Толық техникалық ізденулердің мәні қандай?

    6. Жол жобасын өндеуіне бастапқы берілгендер.

    7. Жобалау сатылары.

    8. Экономикалық ізденулерінің құрамы және оларды үйымдастыру.

    9.Көліктік байланыс, тасымалдауды жинақтайтын аудан, жүкті шығаратын және жүкті қабылдап алатын пункттер ұғымдары.

    10. (көліктік байланыс сұлбасы) Қандай берілгендер негізінде және не үшін өнделеді?

    11. Салмақкернеулері мен көліктердің қозғалу жиілігі эпюралары туралы ұғымдар.

    12. Техникалық-экономикалық берілгендер құрамына не кіреді.

    13. Құрылыстың экономикалық тиімділігін анықтайтын, негізгі көрсеткіштер.

    14. Толық техникалық ізденулердің құрамы мен қажеттілігі.

    15. Топографиялық –геодезиялық ізденулер.

    16. Инженерлік-геологиялық ізденулер.

    17. Гидрогеологиялық ізденулер.

    18. Жолдық-климаттық зоналарды атап бер.

    19. Ылғалдану дәрежесі мен ылғалдану бастаулары бойынша жер беті түрлерін атап бер, оларды сипатта.

    20. «Жол конструкциясының» сулы-жылы тәртіп түрлерін ата.

    21. «Жол конструкциясының» сулы-жылы тәртіптерінің есептік схемаларын сызып бер.

    22. Жер төсемесі топырақтары есептік ылғалдануын анықтау тәсілдерін ата.

    23. «Жол конструкциясының» сулы-жылы тәртібін реттеу шараларының классификациясы.

    24. Жер беті суларын ағызу жүйесінің негізгі элементтері.

    25. Тігінен жоспарлау не үшін қажет, жоспарлау тәсілдері атап бер.

    26. Жол арықтарының классификациясы, олардың қажеттілігі.

    27. Жол арықтарының негізгі элементтері.

    28. Буға айландыратын бассейндер, резервтер мен суды жинайтын құдықтар не үшін қажет, оларды қолдану аймақтарын атап бер.

    29. Жол арықтарының гидравликалық есептері нені анықтайды.

    30. Жер төсемеде топырақ қабаттарының орналасуы.

    31. Жер төсемеде топырақ қабаттарының орналасуы мен «жол конструкциясының» сулану-жылу тәртібі араларындағы байланысты түсіндір.

    32. Жер төсеме биіктігі неменеге байланысты алынады.

    33. Топырақ сулары орналасу жағдайы мен жер бетіндегі суларының ұзақтығына байланысты үйінді биіктігін анықтау есептік схемасы.

    34. «Гидроизогипстар» ұғымы.

    35. Дренаждар классификациясы.

    36. Топырақ сулары деңгейлерінің ауысып түру заңдылықтары.

    37. Құбырлық дреналы жабық тәрізді тік дренаның конструктивтік схемасын сызып бер.

    38. Тік дренаждың есебі.

    39. Дренаждың қандай элементтері гидравликалық есеппен есептеледі.

    40. Жер төсеме деформацияларының түрлері.

    41. Жер төсемеге қойылатын талаптар.

    42. Жер төсеменің беріктігі мен тұрақтылығын орындау.

    43. Тау жиегіндегі үйінді тұрақтылығының есептік схемасын сызып көрсет.

    44. Биік үйінді жайылуының беріктік есептеу схемасын сызып көрсет.

    45. Бір келкі топырақтағы үйінді мен қазынды құламаларының беріктік есептеу схемасын сызып көрсет.

    46. Жол төсеме классификациясын атап бер.

    47. Жол төсемедегі негізгі құрылымдық қабаттарды атап бер.

    48. Жол төсемені құрастыру принциптары мен шешетін мәселелері.

    49. Жергілікті құрылыс материалдарды қалай және қайсыларын қатты емес жол төсемесінің құрамында қолданады.

    50. Жол төсемесінің беріктігін есептеу критерийлері.

    51. Қатты емес жол төсемелерін есептеу схемасы.

    52. Қатты емес жол төсемесін иілудегі созылуын есептеу схемасы.

    53. Қатты емес жол төсемені сырғуына есептеу схемасы.

    54. Қатты емес жол төсемесін аязға төзімділігін есептеу схемасы.

    55. Жол төсемедегі дреналық қабаттарды жобалау принциптары.

    56. Жол төсемедегі дреналық қабаттарды есептеу.

    57. Қатаң жол төсемелерді қолданатын аймақтарды атап бер.

    58. Жол төсемелерді жобалау принциптары.

    59. Қатты жол төсемелерді есептеу бастапқы берілгендерді атап бер.

    60. Цемент-бетондық тақтада қандай күштемелерді есептейді.

    61. Тақталардың қалыңдықтырын есептеу принциптары.

    62. Жол төсеме тәріздерін таңдау техникалық- экономикалық негіздеуінің принципі.

    63. Жауын суларының есептік шығынын анықтауына қандай бастапқы берілгендері қажет.

    64. Еріген суларының есептік шығынын анықтауына қандай бастапқы берілгендері қажет.

    65. Құбыр ауқымын есептеуде қандай гидравликалық тәртіп қолданылады.

    66. Гидравликалық тәртіптерінің қандай түрлері бар.

    67. Кішкентай көпірауқымын есептеудегі судың ағу схемасы.

    68. Су аккумуляциясы тұралы ұғым.

    69. Құбырлар ауқымдарын анықтаудағы гидравликалық есебінің принциптарын көрсет.

    70. Құбырлар бетіндегі үйінділер жол жиегінің минималдық белгілерін қалай анықтайды.

    71. Құбырдың ұзындығы қалай анықталады.

    72. Кішентай көпірдің ұзындығын анықтау.

    73. Көпір өтпесінің негізгі элементтерін атап бер.

    74. Өзеннің негізгі элементтерін атап бер.

    75. Өзендердің қөректенуіне байланысты классификациясын атап бер.

    76. Табиғи арналық процесстері мен деформацияларын атап бер.

    77. Көпір өтпесінің орналастыру орнын таңдау принципі.

    78. Гидрометриялық жұмыстар арқылы, анықтайды.

    79. Өзендегі судың сипатталған деңгейлерін атап бер.

    80. Өзендегі судың ағу жылдамдықтарын анықтау тәсілдерін атап бер.

    81. Өзендегі су шығындары эпюраларын тұрғызу принциптарын көрсет.

    82. Көпір өтпесінде инженерлік-геологиялық ізденулердің қажеттілігі.

    83. Есептік шығындарды анықтаудағы математикалық статистика тәсілінің негізі.

    84. Ықтималдық торын қолданып шығынды графоаналитикалық тәсілімен анықтау алгоритмі.

    85. Шығын қисығының ұғымы; шығын қисығы көмегімен не анықталады.

    86. Морфометриялық есеп және оны орындау мақсаты.

    87. Шайу коэффициент ұғымы мен оны нормылау.

    88. Көпір астындағы кез-келген тікте шайылуды есептеу.

    89. Көпір өтпесін жобалауында арнадағы табиғи деформациялары қалай ескеріледі.

    90. Геологиялық жағдайы бойынша шайылуды шектеу ұғымы.

    91. Көпір ауқымдарын есептеу меншік жағдайлары.

    92. Ұзындығы ең қысқа көпір тұралы ұғым.

    93. Арнасы кеңейтілген көпір тұралы ұғым.

    94. Жайылма учаскесі сақталған көпір тұралы ұғым.

    95. Адасқан өзендегі көпір ауқымын есептеу.

    96. Жайылмадары кең өзендердегі көпір өтпелері.

    97. Күрделі емес тәрізді су бөгеттерінен төмен орналасқан көпір өтпелері.

    98. Көпір алдындағы су тіреуі туралы ұғым.

    99. Жайылмадағы үйінділердің қызмет ерекшеліктері.

    100. Жайылмадағы үйінділер жол жиегінің минималдық белгілерін бекіту.

    101. Есептік кемелерді жүргізу деңгейді анықтау.

    102. Көпір астындағы габариттер.

    103. Көпір схемасын тағайындау.

    104. Кеме жүргізетін және жүргізбейтін өзендердегі көпірлерде жүру бөлігінің белгілірін анықтау (көпірдің биіктігін).

    105. Көпір өтпелерінің реттеу құрылыстарын атап бер.

    106. Реттеу құрылыстарының пішіні мен өлшемдерін тағайындау принциптары.

    4 ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



    1. Автомобильные дороги: примеры проектирования. Под ред. канд. техн. наук В.С. Порожняков. – М.: Транспорт, 1983. – 304 с.


    2. Андреев О.В. Проектирование мостовых переходов – М.: Транспорт, 1980. – 215 с.


    3. Бабков В.Ф., Андреев О.В. проектирование автомобильных дорог. – М.: Транспорт, 1989 –ч.І и ІІ, 368 с,415 с.


    4. СН РК 303-19-2006 Проектирование дорожных одежд нежесткого типа. – Астана. 2004 -25 с.


    5. СН РК 3.03-34-2006 Проектирование дорожных одежд жесткого типа – Астана. 2006 – 25 с.


    6. Горецкий Л.И. Теория и расчет цементобетонных покрытий на температурные воздействия. – М.: Транспорт, 1967 -284 с.


    7. Дорожные одежды автомобильных дорог общего пользования. Серия 3.503-7. –М.: Союздорпроект, 1986г.


    8. Евгеньев И.Е., Казарновский В.Д., Земляное полотно автомобильных дорог на слабых грунтах. – М.: Транспорт,1976. -271 с.


    9. ГОСТ 2.320-82 Единая система конструкторской документации. Общие правила выполнения чертежей. – М.: Изд-во стандартов,1984.-238 с.


    10. Изыскания и проектироание автомобильных дорог: Справочник инженера-дорожника /Под. Ред.д-ра техн наук Г.А.Федотова. – М.: Транспорт,1989. - 500с.


    11. Сажин В.В. Проектирование мостового перехода: Методические указания к выполнению курсовой работы и дипломного проекта для студентов спец. 4310,4311/ВКГТУ, -Усть-Каменогорск, 2002-22 с.


    12. СНиП РК 3.03-09-2006 Автомобильные дороги: Нормы проектирования. –Астана, 2007 -49 с.


    13. СНиП 2.05.02-84. Мосты и трубы. –М.: ЦИТП, 1985


    14. СНиП РК 2.04.-01.-2001. Строительная климатология. – Астана, 2002. –И4с.


    15. СНиП 2.01.14-83. Определение расчетных гидрологических характеристик. М.: Госстрой СССР, 1983.-86 с.


    16. Технико-экономическое обоснование при проектировании автомобильных дорог и мостовых переходов: Справочное пособие/ Под. Ред. Е.В. Болдакова – М.: Транспорт, 1986.- 200с


    17. Трубы водопропускные круглые железобетонные сборные для железных и автомобильных дорог. Серия 3.501.1-144. – Ленгипротрансмост, 1988 г.


    18. Унифицированные косогорные водопропускные трубы для железных и автомобильных дорог. Серия 501-96, - М.: Главтранспроект, 1988 г.


    написать администратору сайта