Главная страница
Навигация по странице:

  • Д. СЕРІКБАЕВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Ф1 Н ШҚМТУ 701.01- II

  • Сапалы мен еджмент жүйесі Модульдік жұмыс оқу бағдарламасы және силлабус 1 2

  • Ландшафтардың классификациясы.

  • Бірінші классификациялық деңгей.

  • Екінші классификациялық деңгей.

  • Төртінші классификациялық деңгей.

  • Бесінші классификациялық деңгей.

  • Жетінші классификациялық деңгей.

  • Сегізінші классификациялық деңгей.

  • геохимия. Геохимия++дәріс+(10). Д. серікбаев атындаы шыыс азастан мемлекеттік техникалы университеті


    Скачать 254.5 Kb.
    НазваниеД. серікбаев атындаы шыыс азастан мемлекеттік техникалы университеті
    Анкоргеохимия
    Дата13.04.2023
    Размер254.5 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаГеохимия++дәріс+(10).doc
    ТипДокументы
    #1059811




    Д. СЕРІКБАЕВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК

    ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

    Ф1 Н ШҚМТУ 701.01-II


    Сапалы менеджмент жүйесі

    Модульдік жұмыс оқу бағдарламасы және силлабус


    12 беттің




    10. Геохимиялық ландшафтар. Ландшафтардың классификациялары. Геохимиялық түсірулер (мақсаты, міндеттері, жүргізу жағдайлары).

    Мазмұны: Пайдалы қазбалар кенорындарын геохимиялық іздеу жұмыстары жер үстінде, химиялық элементтердің активті қазіргі механикалық, тұзды және биогенді миграциясы жағдайында, литғосфераның атмосфера және гидросферамен мүшелену (сочленение) облысында жүргізіледі.

    Нәтижесінде осы геохимиялық іздеулердің методикасы және анықталған лито-, гидро-, атмо-, және биогеохимиялық аномалияларды бағалау элементтердің гипергенді миграциясының заңдылықтарымен анықталады.

    Геохимиялық ландшафт – бұл өзара байланысты және өзара тәуелді табиғи факторлардың және процестердің кешендерімен шартталған, химиялық элементтер миграциясының ерекшеліктерімен өзгешелентін жер үстінің бөлігі.

    Табиғи жағдайларда ландшафтар әртүрлі категориялармен көрсетілген: үлкен белдемдермен (тайга, дала, шөл дала), тектоникалық жарылымдармен және бедер мінезімен сипатталаған ірі облыстармен, жергілікті ареалдармен және т.б. Топырақтың әртүрлі генетикалық типтері және әртүрлері геохимиялық ландшафтарды өте жақсы көрсетеді, себебі топырақтың біртектілігі нақты бір өсінділердің құрамына, топырақ түзуші жыныстардың біртекті құрамына, нақты бір макро- және микроклиматқа сәйкес келуі керек.Топырақтарда және табиғи суларда белсенді миграцияланатын және сол облыстағы, аудандағы және бөлікшедегі ландшафтың өзіне тән ерекше белгісін анықтайтын элементтер типоморфты деп аталады. Негізгі типоморфты элементтерге және иондарға мыналар жатады: Si, Al, Fe, H, Ca, Na, Mg, Cl, SO4 және басқалары. Бұлардың миграциялары ландшафтарда топыраққа, табиғи суларға, өсінді жамылғыға өзінің таңбасын қояды және ландшафтардың барлық мінездерін байланыстың мықты себептерімен байланыстырады. Далалы белдемдерде ландшафтар үшін карбонаттар түзетін келесі элементтердің тіркестері тән - Ca, Mg, көмір қышқылы, аз дәрежеде - Na, Cl, H, сульфатты анион. Шөл далалы белдемдерде лагдшафтарда басты мигранттарға катиондар мен аниондар жатады. Олар хлоритті, сульфатты, және аз дәрежеде карбонатты тұздардың жаралуына алып келеді.

    Ландшафтардың келесідей геохимиялық көрсеткіштері бөлінеді:

    1) Ландшафта жыл сайын продуцирленетін тірі заттардың саны;

    2) Ландшафт құрамындағы тірі заттардың жалпы саны;

    3) Тірі заттың сапасы, яғни организмдердің жеке түрлерінің және органогенді қосындылардың спецификасы (ақ уыздар, көмірсулары, лигнин және т.б.);

    4) Өлі органикалық қалдықтардың ыдырауының интенсивтілігі;

    5) Ландшафта жинақталатын өлі органикалық заттардың (гумус, торф және т.б.) саны және сапасы;

    6) Жыл сайын биологиялық айналымға түсетін топырақтағы минералды элементтердің саны;

    7) Биологиялық жұтылудың қатарлары (элементтерді жұтуға организмдердің таңдау қабілеттері);

    8) Элементтер миграциясының коэфициенттері;

    9) Типоморфты химиялық элементтер және иондар;

    10) Табиғи сулардың геохимиялық ерекшеліктері;

    11) Топырақтарда немесе морылу қыртысында жинақталатын минералды қосындылар;

    12) Топырақтың, тұнбаның, морылу қыртысының маңызды ауыстырушы катиондар;

    13) Сирек және шашыранды элементтер;

    14) Кеңістікте және уақытта ландшафтардың геохимиялық контрастылығы және геохимиялық кездесулер.

    Осы геохимиялық көрсеткіштердің жиынтығы аз-маз ғана: 1) нақты бір ландшафтағы элементтердің және олардың қосындыларының құрамы жайлы; 2) ландшафтарда, морылу қыртыстарында элементтердің миграциясы, шашырауы және концентрациясы жайлы; 3) организмдердің биологиялық және биогеохимиялық белсенділігі жайлы; 4) геохимиялық процестердің, содан кейін геохимиялық іздеулердің тенденциясы және бағыттылығы жайлы ұсыныстарды бере алады.

    Ландшафтардың 3 негізгі типтері бөлінеді: элементарлы, геохимиялық, барьераралық.

    Элементарлы ландшафт (Б.Б.Полынов бойынша) «ол бір жыныспен немесе тосқындармен (нанос) құралған және өзінің әрбір тіршілік ету сәтінде өсінді қоғамдармен көмкерілген бір нақты бедерді көрсету керек. Осы барлық жағдайлар топырақтың нақты әркелкілігін құрайды және элементарлы ландшафтағы таужыныстар мен организмдер арасындағы арақатынастардың бірдей екенін дәлелдейді». Элементарлы ландшафтың бір ерекшелігі олардың таралу алаңын шектейтін ішкі себептердің жоқтығы. Яғни, сордың дағын элементарлы ландшафт деуге болады, ал болоталы төмпешіктерді және құмырсқаның илеуін элементарлы ландшафт деуге болмайды. Бірдей элементарлы ландшафтарда ұқсас геоморфологиялық шарттар, топырақтың бірдей түрлері, бірдей тақырлар (растительность), грунтты сулардың бірдей құрамы, бірдей түпкі таужыныстар болуы керек.

    Элементарлы ландшафтарды сипаттау үшін ашылу алаңы және ландшафт қалыңдығы деген түсініктер қолданылады. Ашылу алаңы деп элементарлы ландшафтың барлық бөлігі көрсетілген алаңды айтамыз. Ал ландшафтың қалыңдығы топосферадағы шаңның таралу белдемінен грунтты сулардың горизонтының арасындағы қашықтықпен анықталады. Тік бағытта элементарлы ландшафтар бір текті емес және жеке ярустарға бөлінеді.

    Геохимиялық ландшафт – А.И. Перельман бойынша, «бұл өзара элементтер миграциясымен байланысқан, жанасқан элементарлы ландшафтардың парагенетикалық ассоциациясы». Біркелкі геохимиялық ландшафт құрайтын, элементарлы ландшафтар арасындағы байланысты жүзеге асыру үшін жерүсті және жерасты ағымдар маңызды рольді атқарады. Геохимиялық ландшафтарды сипаттау үшін қалыңдық және ашылу алаңы терминдерінен басқа жергілікті ландшафт және геохимиялық жанасу (сопряжение) терминдері енгізілген. Геохимиялық жанасу әрбір геохимиялық ландшафт үшін өзін түзетін элементарлы ландшафтардың заңды түрде тіркесін сипаттайды. Геохимиялық ландшафтың нақты геоморфологиялық құрылымына тән элементарлы ландшафтардың жиынтығы жергілікті ландшафт деп аталады. Элементарлы ландшафтарды жергіліктіге жинақтайтын геоморфологиялық құрылымдарға суайрық, қапталдар (склон), террасалар және т.б. жатады.

    Барьераралық ландшафт деп элементтер миграциясының бірдей түрімен сипатталатын және бір класстағы екі геохимиялық барьер арасында орналасқан элементарлы ландшафтардың жиынтығын айтамыз. Бұндай ландшафтарды бөлу миграцияның нақты бір түрімен және миграциялық ағымдағы элементтерді анықтаудың нақты түрімен байланысты болады. Яғни, механикалық барьерлер арасындағы барьераралық ландшафтарды құрайтын элементарлы ландшафтарды бір топқа жинақтау миграциялық ағымдағы минералды формадағы элементтердің механикалық миграция процесімен сипатталады (өзендердегі сулар). Күкіртсутекті барьерлер арасында орналасқан элементарлы ландшафтар, күкіртсутекті барьерлерде аяқталатын, сулы ерітінділер түрінде орналасқан элементтер миграциясын біріктіреді (қиын еритін сульфидтерге).

    Көбінесе элементтердің миграциясы бір уақытта бірнеше әртүрлі формаларда өтеді және бір бөлікшеде өзара сәйкестікпен бір-бірін жабатын бірнеше барьераралық ландшафтарды бөлуге болады. Барьераралық ландшафтарды бөлу кенорынның жағдайын немесе нақты элементтермен қоршаған ортаны ластаушылардың жағдайын анықтау үшін қажет. Бұл үшін геохимиялық барьерлерді көрсететін бөлікшелерде дәлдікті сынамалау жұмыстары жүргізіледі.

    Ландшафтардың классификациясы. Деңгейлер бойынша классификациялау қоршаған орта туралы көптеген мәліметтерді жүйелеуге, әртүрлі масштабта геохимиялық ландшафтардың картасын құрастыруға мүмкіндік береді және қоршаған ортаның және пайдалы қазбалар кенорындарын іздеу проблемаларымен байланысты маңызды қолданбалы тапсырмаларды шешуге мүмкіндік береді.

    Бірінші классификациялық деңгей. Ландшафтар олардағы миграцияның негізгі түрінің көптігіне байланысты абиогенді, биогенді және техногенді болып біріктіріледі.

    Екінші классификациялық деңгей. Бұл жерде ландшафтардың біріктірілуі элементтер миграциясының басты түрінің ерекшеліктерімен сипатталады.

    Үшінші классификациялық деңгей. Биогенді ландшафтар жағдайға (оттекті, глеевті (глеевая), күкіртсутекті), рН ортаға және геохимиялық процестер көп байқалатын, элементтердің сулы миграциясы негізгі рольді атқаратын ландшафтардың бөліктерінде типоморфты элементтердің жинақталуына байланысты біріктіріледі.

    Төртінші классификациялық деңгей. Бұл классификациялық деңгейде жеке геохимиялық ландшафтарды біріктірген кезде жерасты сулы ерітінділерді химиялық элементтердің миграциясының және концентрациясының ерекшеліктері ескеріледі.

    Бесінші классификациялық деңгей. Биогенді және техногенді ландшафтар элементтердің ауадағы миграциясының есебінен біріктіріледі.

    Алтыншы классификациялық деңгей. Бұл классификациялық деңгейде көп жылыд тоңданумен анықталатын миграция факторлары ескеріледі.

    Жетінші классификациялық деңгей. Биогенді және техногенді ландшафтардың біріктірілуі ауданның геоморфологиялық ерекшеліктері арқылы жүргізіледі, сонымен қатар элювиалды (суайрықты), супераквалды (суүсті), субаквалды (суасты) облыстарды бөледі.

    Сегізінші классификациялық деңгей. Биогенді және техногенді ландшафтарды біріктірудің негізіне осы ландшафтқа олардың тұрақты табиғи көздеріне түсетін миграцияның заңдылығы және элементтер арасындағы арақатынасы жатады.
    Негізгі әдебиет: [1], 81-110 б. [2] 68-88 б., [3]

    Қосымша әдебиет: [11], [12], [15]
    Бақылау сұрақтары:

    1) Геохимиялық ландшафтқа сипаттама берініз.

    2) Ландшафтар қалай бөлінеді?

    3) Ландшафтардың классификациясын берініз.

    4) Геохимиялық іздеу әдістеріндегі негізгі ережелер қандай?

    5) Өндіріс жағдайы бойынша геохимиялық түсірулер қалай бөлінеді?

    6) Мақсатты тапсырмалар бойынша геохимиялық түсірулер қалай бөлінеді?


    написать администратору сайта