медиа пз7. Практикалы жмыс 7 Таырыбы Суреттерді шынайылыын тексеру. Factcheck org, Fake stop платформалары. 1тапсырма
Скачать 21.54 Kb.
|
Практикалық жұмыс №7 Тақырыбы: Суреттердің шынайылығын тексеру. Factcheck.org, Fake stop платформалары. 1-тапсырма. Жалған ақпарат мәтін, фотосурет немесе видео (не болмаса, осы аталған тәсілдердің қосындысы) түрінде таралады және ол не жаман ниеттен, не біліксіздіктен шығады. Фейктер адамның дүниені қабылдауындағы осал тұстарды – ең алдымен, жаны ашу, дүниені тұтас қабылдау қажеттігі мен көмектесу ниеті сынды қасиеттерін аңдиды. Фейк жасауда мынадай тәсілдер қолданылады: Біріншіден, эмоцияға әсер ететін тақырып қою. Мысалы, «Украин радикалдары Харьковта орысша сөйлегені үшін балаларды сабап кеткен», «Клинтон ісін тергеген ФТБ агентінің өлі денесі табылды» және т.б. Бұл тәсіл жалған ақпаратты әлеуметтік желілер платформасында тарату үшін қолданылады, өйткені мұндай тақырыптар адамның эмоциясына әсер етіп, ақпараттың қайдан шыққанын тексеру қажеттігін тұншықтырады.Эмоцияны пайдаланатын тағы бір тәсіл негатив нарратив деп аталады. Оған идеологиялар (фашизм, расизм), радикал діндерді (секталар, діни фанатизм, радикал ислам), ұлттық немесе тілдік сипатына қарай геноцид, әскери қылмыстар (терроризм, қинау, бейбіт тұрғындарға зорлық көрсету) аталатын фейктер жатады. Мысалы, «Бірінші арнаның» «Славянскіде ашаға керілген бала» туралы атақты фейк жаңалығы әлі күнге дейін насихатта негатив нарративті пайдаланудың ең жарқын көрінісі болып келеді. Фейк жасауда эмоциялық акценттен бөлек тағы екі тәсіл қолданылады: уақыт пен кеңістікті жылжытып жіберу (мысалы, Югославиядағы соғыс кезінде түсірілген фотосуреттер Донецкідегі оқиға туралы ақпарат ретінде берілуі) және материалды ұсынуда баланс болмауы (оның ішінде дәйексөздердің іріктеліп берілуі). Бұл жағдайда мәтіннің не сөйлемнің бір бөлігі жұлып алынып, белгілі бір тезистің дәлелі ретінде ұсынылады. Әлеуметтік желі платформаларындағы фейктердің көбі фотосурет болғандықтан, олардың тарихын осы құралдар көмегімен тексеруге болады. Көбінесе өзге оқиғаға қатысты фотосуреттерді жариялау етек алғандықтан, кері іздеу фотоның алғаш жарияланған нұсқасын тауып, тарихын білуге мүмкіндік береді. Фотографияның растығын тексеру кезінде мына сауалдарға мұқият жауап іздеңіз: Алдыңыздағы сурет түпнұсқа ма? Бұл фотоны/видеоны кім түсірген? Фото/видео қай жерде түсірілген? Қай кезде түсірілген? Ол неліктен және қандай жағдайда түсірілген? Шынайы оқиғаларға негізделген жаңалықтармен мыңнан астам адам бөліссе, ал ең танымал фейк ақпарттарды кейде 100 000 пайдаланушыға дейін таратқан. Әлеуметтік желілерде танымалдылыққа ие болған жалған ақпарат арасында: «Папа Франциск Президент лауазымына Трамптың кандидатурасын қолдай отырып, әлемді таңқалдырды», «Викиликс Хиллари Ислам террористеріне қару сатқанын растайды», сондай-ақ, Лас-Вегастағы жаппай кісі өлтіруден кейінгі жалған фотосуреттер мен Трамптың екі баласы бар екендігі туралы сыбыстар болды. Жоғарыда келтірілген мысалдар саяси мазмұнда таралған шоқты ақпараттар болса, күнделікті тұтынып жүрген брендтердің арасындағы бәсекелестік төңірегінде таралатын жалған ақпарттың санына жету мүмкін емес. Coca-соla-ның күдікті құрамы, KFC халал өнімді пайдалануын тоқтатты немесе жеміс-жидектің инфекциялануы, т.б. осы мазмұндағы ақпараттарды есіңізге алыңыз. Фотоның адамға әсері мықты болғандықтан, жалған ақпараттың ең кең таралған түрі фотофейктер, яғни мәтінде айтылған ойды растап, оған «дәлел» болатын жалған фотографиялар болып отыр. Әдетте сурет-дәлел шүбәсіз факті ретінде қабылданады. Психологтардың айтуынша, суреттер эмоцияны ояту құралы ретінде пайдаланылады және де логикалық ойлауды тежейді. Мысалы, сіз лаңкестердің бірнеше адамды өлтіргені туралы ақпарат оқыдыңыз. Сіз бұл ақпаратқа сенбеуіңіз мүмкін. Егер осы жаңалықпен бірге иллюстрация берілсе, мәселен онда азапталған балалар денесі бейнеленсе, сіздің күмәніңіз азаяды. Сіз теракт болғанына сенімді боласыз. Сіз саналы түрде немесе бейсаналы түрде аталған лаңкестерді жек көресіз. Фотофейктер жалған ақпарат таратын медиаға дәл осы аталған екі себеп үшін керек. Ол сурет радиодан басқа барлық медиада пайдаланыла алады. Сол себепті, әсіресе, әлеуметтік желілердің арқасында кең таралып кетеді. 2-тапсырма. Фактчекинг арқылы қазіргі қоғам, соның ішінде қазақи қоғам оқыған дүниесін сараптап, күдік, фейк, манипуляция, популизмді ажыратуға мүмкіндік алады. Көптеген қазак тілді ақпараттар өзге тілден аударылғанда мағынасы өзгеріп, тіпті дәлме - дәл тәржімаланбай автор тарапынан өз ойын қосу арқылы көп жалған ақпарлар еніп жатады, себеп қазақ тілді контенттің ақсауына әсер етпей қоймайтыны да анық. Демек медиасауаттылық пен фактчекинг тым ауқымды эрі егіз ұғым ретінде қарастырылады. Осындай салада қызмет қызмет етіп жатқандар Factcheck.kz командасы. Factcheck.kz командасы – әлеумет, экономика, мәдениет, саясат және тағы да басқа салалар бойынша тәжірибесі бар, елдегі тұңғыш фактчекинг ресурсын ашу жөнінде шешім қабылдаған кәсіби журналистер тобы. Жобаның негізгі міндеті – ақпарат құралдарында жарияланған ақпараттың, әлеуметтік желідегі жазбалардың және ел алдында жүрген тұлғалардың мәлімдемелерінің рас-өтірігін тексеру. Сайттағы мақалалар қазақ және орыс тілдерінде жарияланады. Stopfake.kz жобасы- WhatsApp-тағы хабарламалар, телеграм-арналардағы посттар, YouTube пен Тik-Ток-тағы видеолар – ақпарат өте көп, ал оған сенуге бола ма, жоқ па, оны тексеру үшін арналған. topfake.kz жобасы желіде жалған ақпараттың таралуын тоқтату және жалпы адамдарды адастыру мен шатастыруды азайту, сондай-ақ оқырмандарға сыни ойлаудың маңыздылығын жеткізу мен фейктердің қалай және неге жасалатынын түсіндіру үшін қолға алынды. Stopfake.kz қалай жұмыс істейді Дұрыс емес немесе жалған болып көрінетін хабарламаларды тауып, тексереміз. Оларды растауға, түсіндіруге немесе жоққа шығаруға болатынын анықтайды. Дереккөздерді – интернеттегі және оффлайн БАҚ-тағы жарияланымдарды, мәлімдемелерді немесе хабарламаларда есімі аталған адамдарды табады. Олардың қандай резонанс тудырғанын және оқырмандардың мұны қалай қабылдағанын анықтайды. Даулы дәлелдерді қарастырады, әртүрлі теорияларды салыстырамыз және растауларды зерттейді. Пайдаланушылар бөліскен суреттерді, фотосуреттерді және видеоларды талдайды. Сараптамалық бағалауларға жүгінеміз және ресми түсініктемелер алады. Деректерді жариялайды. |