Практикалық сабақ 20-21. Практикалы саба 2122 Таырыбы
Скачать 17.87 Kb.
|
Практикалық сабақ № 21-22 Тақырыбы: Қазақстан Республикасының энергоэкологиялық стратегиясы. Н.Ф.Реймерс бойынша табиғи ресурстарды шығу тегіне және көзіне байланысты классификациялау.
1. Экоэнергетика түсінігі. Энергия қазір ең көп талқыланатын ұғым. Оның негізгі физикалық мазмұнынан басқа, оның экономикалық, техникалық, саяси және басқа да аспектілері бар.Ғалымдар энергияны тұтынудың қазіргі өсу қарқыны кезінде зерттелген қазба отындары 50-80 жылдан кейін таусылатынын ЕСКЕРТЕДІ. Әрине, басқа энергия көздеріне ауысуға болады. Мысалы, басқарылатын термоядролық синтезді меңгеру. Бірақ планетаның тұрғындары тек таусылмайтын энергия ресурстарын пайдаланса да, экологиялық апаттан аулақ бола алмайды. Шамамен 100 жылдан кейін біздің жерімізде Күннен келетін энергияның 1% - ы өндіріледі-жылына 1,5 х 10 24 Дж. Бұл шекарадан өтуге болмайды, әйтпесе полюстерде мұздың еруі басталады, мұхиттардағы су деңгейі апатты түрде көтеріледі. Содан кейін жағалаудағы қалалар мен жағалаудағы елдерге бұдан былай энергия қажет болмайды. 2.Дәстүрлі емес экологиялық таза энергия көздері. Дәстүрлі емес экологиялық таза энергия көздері – Күннен күнге өсіп келе жатқан әлемдік энергетикалық сұранысты қанағаттандыру үшін көмірсутегі шикізатын көптеп пайдалану ауаны ластап, атмосферадағы тепе-теңдікті бұзды. Ғалымдардың пікірінше, осы жүз жылдықтың соңына таман ауаның температурасы 6,4 градус жылынып, әлемдік мұхиттардың деңгейі 58 сантиметрге көтеріледі екен. Бұл – құрлықты тұншықтыратын топан судың алғашқы белгісі. Сондықтан да қазіргі таңда әлем сарапшылары дүркін-дүркін дабыл қағып, энергетикалық қуат шикізаттарына балама табу мәселесін күн тәртібіне батыл қойып тұр. Барған сайын адамзат үшін аса үлкен қауіпке айналып бара жатқан жаһандық жылыну процесін тежеу, электр энергиясы өндірудің негізгі көзі – көмірсутегі шикізатына балама табу мәселелері былтырғы жылы өткен 19-шы Дүниежүзілік мұнай конгресінде де ерекше күн тәртібіне қойылды. Мамандардың айтуынша, қазір көмірсутегі шикізатына балама ретінде қарастырылып отырған биоотын, жел және күн қызуынан алынатын энергия әлемдегі өндірілетін электр қуатының 2 пайызын ғана құрайды. Сондықтан бұл салада Қазақстан энергетикасы мамандарының алдында тұрған міндет ұшан-теңіз. 3.Қалпына келетін энергия көздері. Қазақстанда қалпына келетін энергия көздерін пайдаланудың басты мақсаты энергетиканың қоршаған ортаға кері әсерін төмендетуӘлемдік тәжірибеде солай. Мысал үшін, бір ғана 2009 жылдың өзінде ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәліметі көрсеткендей, атмосфераға шығарылған ластаушы заттардың көлемі 3,4 млн тоннаны құрап, оның 85%-ы 43 ірі кәсіпорынға тиесілі болған. Оның үстіне, қазіргі таңда Қазақстанда жалпы өндірілетін электр энергиясы 85%-ға дейін органикалық отынды – негізінен, жергілікті көмірді және аз көлемде көмірсутекті шикізаттарды жағу жолымен алынатынын ұмытпаған жөн. Стационарлық көздерден еліміздің атмосферасына қалдықтардың 10%-ға жуығын және улы қалдықтардың басым үлесін мұнай және ілеспе газ өндіру саласында жұмыс істейтін кәсіпорындар шығарады. Осы ретте, қалпына келетін энергия көздерін қолдану арқылы энергетикадан бөлінетін парник газдарын 500 мың тоннадан 2,5 млн т СО2-ге дейін азайтуға мүмкіндік бар. Қалпына келетін энергия көздерін пайдаланудың экономикалық тиімділігі де бар. Атап айтсақ, оны электр қуатын өндіру және жеткізу үшін қолдану арқылы Қазақстанның энергияға тапшы өңірлерінде үнемділікке қол жеткізуге болады. Баламалы энергетика — энергияны дәстүрлі қазба көздерінен (көмір, мұнай, газ) емес, Күннен, геотермиялық көздерден және т.б. энергия көздерінпайдалану арқылы алу.Энергия қорларын үнемдеу бүгінгі күннің аса маңызды міндеттерінің біріне айналды. Өнеркәсібі дамыған әлемнің барлық мемлекеттерінде энергия үнемдеу шаралары дұрыс жолға қойылған. Өйткені көмірмен және көмірсутегімен жұмыс істейтін жылу электр станциялары түбі бір экологиялық проблемалардың асқынуына әкеп соқтыратыны белгілі жайт. Сондықтан әлем қайта қалпына келетін жергілікті энергия көздерін энергия үнемдеудің басты қайнар көзі ретінде қабылдап отыр. 4. G-global жобасы және энергоүнемдеу стратегиясы. G-Global – ғаламдық әлемдік құрылғы мәселелері туралы өзара сұхбаттың қосымша құралы. Саяси, әлеуметтік, экономикалық процестері пайда болатын қазіргі әлем үлкен сыртқы әртүрлілігі мен қарама-қайшылығымен сипатталады. Ілгерушіліке не көмектесетіні және не бөгет болатыны, қазіргі қоғам мен мемлекет қандай шақыру мен қауіп-қатерге тап бола алатыны – бұл әлем өркениетінің даму мақсаттары мен міндеттерін түсіну қажеттігін туғызады. «Қазақстан да жататын елдерге басқалары көңіл аудару үшін екі жыл бұрын G-GLOBAL жобасын жасалынды. Бұл G8 және G20 баламасы емес, ал инфокоммуникативті алаң сияқты жүзеге асатын ғаламдық сұхбаттың қосымша құралы» [7]. G-GLOBAL коммуникативтік Интернет-алаңы аясында бүгінгі күні оның миллиондаған пайдаланушылары ХХІ ғасырда жаңа әділ әлем құрылғысын қалыптастыру сұрақтары бойынша сұхбаттарды жүргізеді. Орталық Азиядағы тұрақтылық көкейкесті сұрақтардың бірі болып табылады. Келе жатқан дәуірдің талаптарын жекелей жеңу мүмкін емес. G-GLOBAL бойынша Н.А. Назарбаев бастамасының мәні - әділ және қауіпсіз әлем құрылғысын құру ісінде барлық күштерді біріктіру. Қазақстан танылған, динамикалық мемлекет ретінде жаңа жүз жылдықта тиімді әлем құрылғысын өз көрегендігін қалыптастырды. G-GLOBAL – бұл ең алдымен, ХХІ ғасырдың барлық әлемге ұсынылатын, ғаламдық сұхбаттың жаңа форматы, жоғары «геосаяси математикасы». Н.А. Назарбаев пікірі бойынша G-GLOBAL – бұл көп жақты шарттарда әлем құрылғысының бес қағидаты: Эволюция және саясатта төңкерістік өзгерістерден бас тарту; Әділеттілік, теңдік, бәтуаластық; Ғаламдық төзімділік пен сенімділік; Ғаламдық ашықтық; Конструктивті көп жақтылық ХХІ ғасырда көптеген ғаламдық мәселелер бойынша шешімдердің сәтті ізденімі мүмкін. |