биохимия. биохим прпк. Практикум Гликоген, биологиялы рлі
Скачать 15.91 Kb.
|
Гликогеннің алмасуы. Зертханалық практикум Гликоген, биологиялық рөлі. Гликоген — глюкоза қалдықтарынан құралған, адам мен жануарлар организмі мүшелері мен ұлпаларында қорға жиналатын күрделі көмірсу (полисахарид). Гликоген негізінен бұлшықет талшықтары мен бауыр жасушалары (гепатоциттер) цитоплазмасында дән (түйіршік) түрінде жинақталады. Организмдегі глюкоза мөлшерінің азаюына байланысты арнайы ферменттердің әсерінен гликоген глюкозаға ыдырап, қанға өтеді. Организмдегі гликогеннің түзілуі мен ыдырау процестерін жүйке жүйесі және тиісті гормондар реттеп отырады.Гликоген-глюкозаның жүздеген молекуласынан құралған полисахаридтер. Гликоген крахмалмен салыстырғанда күшті тармақталған. Оның тармақтарының қалыптасуын арнайы «гликоген тармақтаушы» фермент атқарады. Гликогеннің молекуласы «нольден» синтезделмейді, ал біртіндеп ұзаруы праймерден немесе «ұйытқыдан» басталады. Сондықтан гликогеннің ыдырауы оның молекуласының толық жұмсалуымен аяқталмайды. Гликогеногенез. Гликогеннің синтезделуі АТФ энергиясы есебінен бос глюкозаның фосфорлануы арқылы басталады, бұл реакцияны гексокиназа ферменті (М 104000) катализдейді, бұл фермент барлық жасушада кездеседі. Осы реакцияны катализдейтін екінші фермент глюкокиназа, бұл фермент организм туғаннан кейін екі жеті өтісімен пайда болады. Фосфоглюкомутаза ферментінің (М 62000) әсерімен глюкозо-6-фосфат қайтымды изомерленіп глюкозо-1-фосфатқа айналады. Гликоген синтезіндегі аса маңызды кезең уридинтри-фосфаттың (УТФ) қатысуымен глюкозаның активтенуі және глюкозаның активті формасы- уридиндифосфатглюкозаның (УДФ-глюкоза) түзілуі: Глюкозо-1-фосфат+УТФ→УДФ-глюкоза + пирофосфат. Бұл реак-цияны глюкозо-І-фосфат-уридил-трансфераза ферменті катализ-дейді. Гликоген синтезінің қорытынды кезеңінде гликоген-синтаза деп аталатын фермент реакцияға кіріседі, ол фермент глюкозаны УДФ-глюкозадан шығарып, полисахаридтердің өсіп бара жатқан тізбегіне қосады. Гликогенездің бұл сатысы өте күрделі және оның механизмі негізінен анықталған Гликогенолиз, амилолиз және фосфоролиз. Гликогеннің ыдырауы және түзілу процесстерінің өзара байланысы. Гликогеннің ыдырау реакциясы фосфоролизден басталады, бұл кезде гликогеннің шеткі глюкозасы фосфоролиздік жолмен (гидролиздік емес) ажырайды да, оған бейорганикалық фосфат қосылады. Бұл процесті гликоген-фосфорилаза ферменті катализдейді және глюкозо-1-фосфат түзіледі. Гликогеноздар мен агликогеноздар. Глюконеогенез, биологиялық маңызы. Кори айналымы маңызы. Пентозофосфаттық айналым, маңызы. Организмде көмірсу алмасуының реттелуі. Көмірсу алмасуының бұзылуына алып келетін факторлар. Көмірсу алмасуының патологиялары (гипергликемия, гипогликемия). Зертханалық жұмыс: «Қан сарысуындағы глюкозаның концентрациясын анықтау». |