Презентация биология жне биохимия кафедрасы
Скачать 3.74 Mb.
|
ПРЕЗЕНТАЦИЯ Биология және биохимия кафедрасы Тақырып: Мембрана арқылы заттардың тасымалдануы: төмен молекулярлы заттардың транс мембраналы өткізуі Жоспар Ι. Кіріспе ΙΙ. Негізгі бөлім. 2.1 Мембраналық тасымалдау түрлері 2.2 Пассивті тасымалдау 2.3 Активті тасымалдау ΙΙΙ. Қорытынды IV. Пайдаланылған әдебиеттер Биологиялық мембрана — жасушаның және жасуша ішіндегі бөлшектердің (ядро, митохондрии, хлоропластар, пластидтер) бетінде орналасқан молекулалық мөлшердегі (қалыңдығы 5 — 10 нм), ақуызды-липидтік құрылымды жұқа қабықша. Кіріспе ТарихыЕң алғаш мембрана құрылысының гипотезасын 1935 ж. Дж.Даниелли мен Х.Давсон ұсынды. Ол гипотеза бойынша мембрана липидтік қос қабат белоктардың екі қабатының арасында орналасқан делінді. 1959 жылы Д. Робертсон организмдегі барлық мембраналар бір принцип бойынша құрылған, яғни элементар мембрана гипотезасын ұсынды 1972 ж. Дж. Сингер мен Г.Л.Николсон биологиялық мембрананың сұйық-мозайкалы моделін ұсынды. Бұл модель қазіргі уақытқа дейін қолданыста жүріп келе жатыр Барлық жасушалар плазмалема деп аталатын қабатпен жабылғанЛипидтер(фосфолипидтер) қос қабаты. Фосфолипидтің гидрофобты құйрықтары ішке қарай, ал гиброфильді бөлігі сыртқа қарай бағытталған Белоктар (60%-ға дейін): Интегралды белоктар Жартылай интегралды белоктар Шеткейлік белоктар Плазмалемма құрылысы (цитоплазмалық мембрана) Мембраналық тасымалӨмірдің элементар ұяшығы – клетка ашық жүйе болып келеді. Сол себепті, биологиялық мембрана арқылы тасымалдау өмірдің маңызды шарты болып келеді Мембраналық тасымалдаумен клетка метаболизмі, биоэнергетикалық процесстер, биопотенциалдар қалыптасуы, жүйке импульсінің генерациясы және т.б. процесстер байланысты 2.1Мембраналық тасымалдау ТүрлеріТасымалдау түрлері Пассивті тасымалдау Активті тасымалдау Энергияны шығынысыз өтетін тасымал түрі Энергия шығынымен өтетін тасымал түрі Пассивті тасымалПассивті тасымал негізінде концентрация мен зарядтардың айырмашылығы жатыр Пассивті тасымал кезінде заттар әрқашан концентрациясы көп аймақтан концентрациясы аз аймаққа өтеді, яғни концентрация градиенті бойынша жүреді. Егерде молекула зарядталған болса, онда тасымалға электрлік градиент әсер етеді Сол себепті екі градиентті біріктіріп электрохимиялық градиент туралы айтады 2.2 Пассивті тасымалдау түрлеріҚарапайым диффузия(липидтік биқабат арқылы тасымалдау) Жеңілдетілген диффузия (арнайы тасымалдаушы белоктар арқылы тасымалдау) Мембраналық каналдар арқылы тасымалдау Қарапайым диффузияДифффузия деп, зат молекулаларының хаостық жылулық қозғалысы нәтижесінде, өз беттерінше концентрациясы көп ортадан аз ортаға қарай тасымалдануын айтамыз. Мембрана липид қабаты арқылы жүретін тасымалдану концентрациялық градиент есебінен жүреді Мембраналық каналдар арқылы тасымалдау – диффузия есебінен арнайы ақуызды құрылыстар (мембраналық каналдар) арқылы заттардың тасымалдануы Мембраналық каналдар арқылы енеді: Зарядталған молекулалар мен иондар (Na+,K+ және т.б.) Жеңілдетілген диффузияЖеңілдетілген диффузия – арнайы тасымалдаушы белоктар көмегімен заттың тасымалдануы. Әрбір тасымалдаушы белок белгілі бір молекулалар мен молекула топтарына жауап береді Олар тасымалданатын заттың молекуласымен әрекеттесіп, өздігінен мембрана арқылы өткізеді Женілдетілген диффузия арқылы клеткаға енеді: Қанттар Аминқышлқылдар Нуклеотидтер Полярлы молекулалар 2.3Активті тасымалдауАктивті тасымалдау қажеттілігі электрохимиялық градиентке қарсы затты тасымалдауын қамтамасыз ету кезінде туындайды Бұл тасымалдау түрі таратушы-белок арқылы іске асырылады. Олардың қызмет етуі энергия шығынымен өтеді Энергия көзі ретінде АТФ молекулалары қолданылады Активті тасымалдау түрлеріК+, Na+—«насосы» Экзоцитоз Эндоцитоз К+, Na+—«насосы»Клетканың қалыпты жұмыс істеуі үшін:K+ клетканың сыртына қарағанда, ішінде көп болуы тиіс Na+ клетканың ішіне қарағанда, сыртында көп болуы тиіс Бұл жағдай K+ және Na+ иондарын концентрация градиентіне қарсы тасымалдағанда мүмкін болады. Ол K+,Na+-”насосы” көмегімен іске асады.ЭкзоцитозЭкзоцитоз – әртүрлі заттардың клеткадан шығару процесі Везикуланың ішіндегі заттар сыртқа шығарылып, оның мембранасы сыртқы цитоплазмалық мембранамен бірігіп кетеді ЭндоцитозЭндоцитоз – клетканың макромолекулаларды жұту процесі Түрлері: Фагоцитоз Пиноцитоз |