БИОХИМ. биохиммм. Биология жне биохимия кафедрасы
Скачать 321.5 Kb.
|
Пәннің атауы: «Медициналық биохимия-2» Пәннің коды: МВ 2202-2БББ атауы: 6В10101 «Жалпы медицина»Оқу сағаттары: 90 сағат (3 кредит) Оқытылатын курс және семестр: 2 курс, 4-семестр Шымкент – 2020 ж Силлабус «Жалпы медицина» модулдік оқу бағдарламасына сәйкес әзірленді және «Биология және биохимия» кафедрасы мәжілісінде талқыланды. « » 2020ж хаттама № Кафедра меңгерушісі, PhD ___________Ташмухамбетов Б.Г. Оқытушылар туралы мәлімет
Байланыс ақпараты: Кафедраның орналасқан жері: Аль-Фараби алаңы – 1, №1 бас ғимараты, 4 қабат biology_biochemistry@mail.ru, ішкі: Пән саясаты Студенттерге қойылатын талаптар: кафедра аумағында болған кезде кіре берісте ілінген тәртіптік тлапқа бағыну; түзілген кестеге сәйкес, міндетті түрде дәріс және тәжірибе сабақтарына қатысу; сабаққа кешікпеу; сабаққа арнайы киімді кию (халат, қалпак); сабақты жібермеу, ауырған жағдайда анықтаманы көрсету; жіберілген сабақтар оқытушының өтем сабақтарын қабылдау кестесі бойынша қабылданады; оқу процесіне белсенді араласу; академия ішкі тәртібіне бағыну және орындау; үй тапсырмалары мен СӨЖ жұмыстарын өз уақытында және нақты орындау; тапсырмалар орындалмаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі; оқытушымен және курстастармен байсалды, ашық және сабырлы ара қатынас сақтау; кафедра мүлкіне ұқыппен қарау; Дәріс сабақтарына себепсіз қатыспаған жағдайда, әр жіберген сабақ үшін 1 балл шегеріледі. ОСӨЖ сабақтарына себепсіз қатыспаған жағдайда, әр жіберген сабақ үшін 2 балл шегеріледі студент аралық бақылаудан қанағаттанарлықсыз баға (0-49 балл) алған жағдайда қорытынды бақылауға жіберілмейді. Студент ОҚТЕ-нан қанағаттанғысыз баға алған жағдайда қорытынды бақылауға жіберілмейді. 2. Бағдарлама 1. Кіріспе «Медициналық биохимия» пәні медициналық ЖОО-ның «Жалпы медицина» білім беру бағдарламасына арналған. Медициналық биохимия пәні болашақ дәрігерлерге биологиялық макромолекулалар мен супрамолекулалық құрылымдардағы құрылыстық-функционалдық байланыстарды, сондай-ақ организмдегі метаболиттік процесстерді, олардың реттелуі мен интеграцияларын молекулалық және жасушалық деңгейде түсіну үшін қажет. Пәнді оқу барысында алынған білім болашақ дәрігерлерге патологиялық жасушалық және жүйелік жағдайларда олардың бұзылу себептерін түсінуге, едәуір ақпаратты биохимиялық әдістерді таңдай білуге, ауруды диагностикалауда және емдеуді әсерлі бақылауда сауатты интерпретация жасай алуға мүмкіндік береді. 2. Пәннің мақсаты: Студенттерде негізгі метаболиттік процесстердің адам организміндегі және ұлпадағы ерекшеліктері мен олардың реттелуі, молекулалық механизмдері, ауруға диагноз қою үшін және оны тиімді емдеуде биохимиялық көрсеткіштерді қолдану туралы түсінік қалыптастыру. 3. Пәннің міндеті: дәрігерлерді дайындауда биологиялық химияның маңызы туралы ұғым қалыптастыру; тірі организмдегі ақуыздардың, көмірсулардың, липидтердің және басқа да биологиялық белсенді қосылыстардың биологиялық қызметтері, қасиеттері және химиялық құрылысы туралы білімді қалыптастыру; зат алмасу, энергия алмасу және метаболиттік процесстердің реттелуінің биохимиялық заңдылықтары туралы түсініктерді қалыптастыру. организмнің маңызды мүшелері мен ұлпаларындағы метаболизм ерекшеліктері туралы түсінікті қалыптастыру; ауруға диагноз қоюға және метаболизм ауытқуларына түзетулер енгізуде қазіргі заманғы биохимиялық әдістер туралы түсінік қалыптастыру. 4. Қорытынды оқу нәтижелері: * Көмірсулардың, липидтердің, жай және күрделі белоктардың, витаминдердің және т.б. биоорганикалық қосылыстардың негізгі өкілдерінің құрылысы, қызметі және қасиеттері туралы білімді көрсетеді. Метаболиттік процесстер және олардың мүмкін болатын бұзылыстарының молекулалық механизмдерін түсінеді. Қалыпты және патологиялық жағдайдағы биологиялық сұйықтықтардың негізгі бохимиялық константаларын біледі. * Адам ағзасындағы көмірсулар, липидтер және азотты алмасулардағы биологиялық сұйықтықтарды анықтау бойынша биохимиялық зерттеу жүргізеді; қан сары суында арнайы ферменттер белсенділігін анықтайды. * Негізгі биохимиялық зерттеулер нәтижесін интерпретациялайды; метаболизм кестесін, биологиялық белсенді заттар (витаминдер, ферменттер, гормондар) дефициті кезінде биохимиялық процесстер бұзылыстарының ерекшеліктерін болжауда арнайы анықтамалық материалдарын пайдаланады. * шағын топта, жұп-жұппен және командада жұмыс жасай алады, өз зерттеуін немесе әдебиеттер іздеу нәтижесін көрсете алады; өз бетінше үйрену арқылы жаңа аймақтарды зерттеуді жасай алады; биохимиялық зерттеулерді пайдалану мүмкіндігі жөнінде кәсіби кеңес бере алады. Пререквизиттер: химия, молекулалық биология және медициналық генетика, морфология және физиология негіздері. Постреквизиттер: «Органдар мен жүйелер», «Фармакология», «Балалар аурулары пропедевтикасы», «Ішкі аурулар пропедевтикасы» модулдері. 5. Пәннің қысқаша мазмұны Организмдегі зат алмасудың нейро-эндокринді реттелуі. Гормондар туралы т.сінік және олардың жіктелуі. Гормондардың әсер ету механизмдері. Су-тұз алмасуы. Гомеостаздың реттелуі. Бауыр биохимиясы. Микросомалді тотығу. Хромопротеиндер туралы түсінік. Гемпротеиндер алмасуы: синтезі, ыдырауы. Қан биохимиясы.. Қан плазмасының ферменттері. Гемостаз, сатылары. Қан қюына қарсы жүйе. Бұлшы ет биохимиясы. Дәнекер ұлпасының биохимиясы. Сүйек үлпасы, қызмттері. Сүйек ұлпасы алмасуының реттелуі. Тіс ұлпасының биохимиясы. Жүйке қлпасы құрылысы мен қызметтерінің негізі. Жүйке ұлпасының биохимиясы. Тақырыптық_жоспары:_Дәрістің_тақырыптық_жоспары'>6. Тақырыптық жоспары: Дәрістің тақырыптық жоспары:
|