Главная страница
Навигация по странице:

  • Тақырыбы Қысқаша мазмұны Оқыту түрі/ әдістер/технологиялары

  • Барлығы: 25 сағат

  • БИОХИМ. биохиммм. Биология жне биохимия кафедрасы


    Скачать 321.5 Kb.
    НазваниеБиология жне биохимия кафедрасы
    АнкорБИОХИМ
    Дата25.02.2021
    Размер321.5 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлабиохиммм.doc
    ТипДокументы
    #179376
    страница2 из 4
    1   2   3   4


    Тәжірибелік-зертханалық сабақтардың тақырыптық жоспары:



    Тақырыбы

    Қысқаша мазмұны

    Оқыту түрі/ әдістер/технологиялары

    Бағалаутүрлері/әдістері

    Сағат саны

    1.

    Гормондар биохимиясы. Гормондардың синтезделу орны, химиялық құрылысы және биологиялық функциялары бойынша жіктелуі. Гормондардың әсер ету механизмдері.

    Зат алмасуының нейро-эндокриндік реттелуі. Гормондардың синтезделу орны, химиялық құрылысы және биологиялық қызметтері бойынша жіктелу. Гормондардың рецепторлармен әсерлесуі және жасушада гормоналдық сигналдардың откізілу механизмдері. Гормондардың әсер ету механизмдері:

    * Мембрандық.

    * Мембрана-жасуша ішілік (жанама).

    * Цитозолдік (тікелей).

    семинар

    ауызша сұрау, тестілеу

    2

    2.

    Гипофиз және гипоталамус гормондарына сипаттама, гипо- және гипер қызметтері. Қалқанша бездері иодтирониндерінің синтезі мен әсер ету механизмдерінің зат алмасуға әсері.

    Гипофиз және гипоталамус гормондарының жіктелуі. Гипофиз және гипоталамус гормондарының әсер ету механизмдері. Гипофиз гормондарының гипо- және гипер- функциялары. Гипоталамус гормондарының гипо- және гипер- функциялары. Қалқанша безі гормондарының құрылысы және синтезі. Қалқанша безі гормондарының әсер ету механизмдері. Қалқанша безі гормондарының гипо- және гипер- функциялары.

    семинар, жағдайлық есептер


    ауызша сұрау, тестілеу, жағдайлық есептерді шешу

    2

    3.

    Асқазан асты бездерінің биохимиясы. Инсулин және глюкагон, химиялық табиғаты және зат алмасу процесіне әсері. Қант диабеті.

    Инсулиннің химиялық құрылысы, биосинтезі. Инсулин үшін нысана-жасуша, тін-жасуша. Инсулин гормонының әсер ету механизмі. Көмірсу алмасуына инсулиннің әсері. Глюкагон, химиялық табиғаты, биологиялық ролі. Глюкагон гормонының әсер ету механизмі. Көмірсу алмасуына глюкагонның әсері. Қантты диабет. Қантты диабет кезінде негізгі биохимиялық ауытқулар.

    семинар, жағдайлық есептер

    ауызша сұрау, тестілеу, жағдайлық есептер

    1

    4.

    Бүйрек үстінің минералкортикоидтары мен глюкокортикоидтары, химиялық табиғаты, өкілдері, әсер ету механизмдері.

    Бүйрек үсті безі гормондарына жалпы сипаттама. Минералокортикоидтар, химиялық табиғаты, әсер ету механизмі. Глюкокортикоидтар, химиялық табиғаты, әсер ету механизмі. Зат алмасуына кортизолдың әсері. Бүйрек үсті безі қыртысты қабаты гормондарының гипо- және гипер- функциялары.

    семинар, шағын топпен жұмыс

    ауызша сұрау, тестілеу

    2

    5.

    Тұз-су алмасуы. Гомеостаздың реттелуі. Бүйректің су-тұз алмасуындағы ролі. Бүйрек және несеп биохимиясы. Несептің қалыпты және патологиялық жағдайдағы компоненттері .

    Бүйректің химиялық құрылысы, қызметтері. Бүйректің су-тұз алмасуы реттелуіндегі ролі. Бүйректің несеп түзуші қызметі. Бүйректе заттар метаболизмінің ерекшеліктері. Қалыпті несептің химиялық құрамы, физика-химиялық қасиеттері. Патологиялық несептің құрамы (глюкоза, нәруыз, қан, кетонды денелер, билирубин). Альдостерон және вазопрессиннің диурезге әсер ету механизмдері.

    семинар, шағын топпен жұмыс

    ауызша сұрау, тестілеу

    2

    6.

    Бауыр биохимиясы, биологиялық қызметтері. Аминқышқылдары, көмірсулар және липидтер алмасуындағы бауырдың биологиялық маңызы.

    Бауырдың құрамы, құрылысы және биологиялық қызметтері. Бауырдың нәруыз, көмірсу және липид алмасуындағы биологиялық ролі. Бауырдың залалсыздандыру қызметі. Бауырда табиғи, бөгде және дәрілік заттар метаболизмі. Бауырда табиғи, бөгде және дәрілік заттардың залалсыздануы механизмдері. Бауыр қызметтері бұзылыстырының диагностикасындағы биохимиялық әдістер.

    семинар, шағын топпен жұмыс

    Ауызша сұрау, сұрақтар, тестілеу

    1

    7.

    Хромопротеиндер алмасуы, құрылысы мен қызметтері. Гемоглобиннің синтезі және оның бұзылуы. Порфирия. Гемоглобиннің ыдырауы және процесс кезіндегі өт, зәр және нәжіс пигменттерінің түзілуі. Билирубин алмасуының бұзылуы. Сары аурулар.

    Хромпротеиндерге жалпы сипаттама. Гемпротеиндердің жіктелуі (ферменттік және ферменттік емес). Гемоглобиннің синтезі кезеңдері. Гемоглобин синтезінің бұзылулары. Порфирия. Гемоглобиннің ыдырауы, өт, зәр және нәжіс пигменттерінің түзілуі. Биосұйықтықтарда билирубин концентрациясын анықтаудың диагностикалық маңызы. Сары аурулар түрлері.

    семинар, жағдайлық есептер


    Ауызшы сұрау, жағдайлық есептер, тестілеу

    2

    8.

    Қан мен зәрдегі билирубин және басқа да өт пигменттерін анықтаудың диагностикалық маңызы. Зертханалық практикум:

    Қан мен зәрдегі билирубин және басқа да өт пигменттерін анықтаудың диагностикалық маңызы. «Қан сарысуындағы сілтілік фосфатазаның белсенділігін анықтау» зертханалық жұмысын орындау. Зертханалық жұмыстың нәтижелерін талдау.

    семинар, зертханалық жұмыс

    Ауызша сұрау, бақылау сұрақтары, зертханалық жұмыс хаттамасын толтыру

    2

    9.

    Қан биохимиясы. Қан плазмасының химиялық құрамы, биологиялық функциялары. Қан плазмасының ақуыздары мен ферменттері. Қан жасушаларының алмасуының ерекшеліктері.

    Қан плазмасының химиялық құрамы, биологиялық функциялары.. Қан плазмасының ферменттері. Индикаторлық ферменттердің диагностикалық маңызы. Қан плазмасының нәруыздары. Нормо-, гипо-, гипер-, пара-, диспротеинемиялар. Қан плазмасының жеке нәруыздары, жедел фаза нәруыздары, комплемент жүйесі. Қанның нәруыз емес азоттық заттары. Азотемия. Қанның биохимиялық көрсеткіштерін анықтаудың диагностикалық маңызы. Қанмен оттегі мен көмірқышқыл газының тасымалдануы және буферлік жүйесі. Эритроциттер алмасуының ерекшеліктері.

    семинар, шағын топпен жұмыс

    ауызша сұрау, тестілеу

    1

    10.

    Қанның ұюы, гемостаздың механизмі. Фибринолиз. Қан ұюына қарсы жүйе. Зертханалық практикум:

    Гемостаз процессі. Қан ұюы факторлар. Қан ұюының сыртқы және ішкі механизмдері. Фибринолиз процессі. Қан ұюына қарсы жүйе. «Сухарев әдісі бойынша қан ұюын анықтау» зертханалық жұмысын орындау.

    семинар, зертханалық жұмыс

    Ауызша сұрау, бақылау сұрақтары, зертханалық жұмыс хаттамасын толтыру

    2

    11.

    Бұлшық ет тіндерінің биохимиясы. Бұлшық ет тіндерінің химиялық құрамы, биологиялық қызметтері. Бұлшық ет ақуыздары. Саркоплазмалық және миофибриллярлық ақуыздар.

    Бұлшық ет тіндерінің химиялық құрамы, биологиялық қызметтері. Бұлшық ет тінінің түрлері(көнделең-жолақты, жүрек бұлшық еті, тегіс бұлшық ет), құрам ерекшеліктері. Бұлшық ет нәруыздары. Саркоплазмалық және миофибриллярлық нәруыздар. Миозиндік талшықтардың құрылысы. Актиндік талшықтардың құрылысы.

    семинар

    ауызша сұрау, бақылау сұрақтары

    2

    12.

    Бұлшық еттің жиырылу және созылуының биохимиялық механизмдері. Бұлшық еттегі энергетикалық алмасудың ерекшеліктері.

    Бұлшық еттің жиырылу механизмі. Тегіс бұлшық еттің жиырылуы. Бұлшық ет тінінің босаңсуы. Бұлшық етті емес жиырылу нәруыздары. Бұлшық ет тінінің жұмысы үшін энергия көздері. Бұлшық ет дистрофиялары.

    семинар


    ауызша сұрау, тестілеу

    1

    13.

    Дәнекер тіндерінің биохимиясы, Дәнекер тіндерінің құрылыстарының ерекшеліктері және қызметтері. Сүйек және тіс тіндерінің биохимиясы. Химиялық құрамы мен құрылыстарының ерекшеліктері. Сүйек және тіс тіндерінің зат алмасудағы гормондық реттелуі.

    Дәнекр тінінің құрылым ерекшеліктері, қызметтері. Дәнекер тінінің органикалық және бейорганикалық құрамы. Жасуша аралық матрикстің биохимимясы. Коллаген, эластин. Құрамы, синтезі, құрылымдары. Дәнекер тінінің гликозамингликандары мен протеогликандары. Дәнекер тіндерінің қарттық және коллагеноздар кезіндегі өзгерістері. Дәнекер тінінің метаболизміне әсер етуші факторлар. Сүйек жане тіс тіндерінің органикалық және бейорганикалық құрамы. Сүйек және тіс тіндерінің минерализациясы және деминерализациясы. Сүйек және тіс тіндерінің метаболизміне әсер етуші факторлар. Сүйек және тіс тіндерінің метаболизмінің реттелуі.

    семинар

    ауызша сұрау, тестілеу, жағдайлық есептерді шешу

    2

    14.

    Жүйке тіндерінің және ликвордың биохимиясы. функциялары. Жүйке тіндерінің және ликвордың химиялық құрамы, биологиялық қызметтері. Жүйке импульстерінің жүру және пайда болу биохимиясы.

    Жүйке тінінің химиялық құрамы, биологиялық қызметтері. Жүйке талшығының құрылысы. Жүйке импульстерінің жүруі және пайда болуы механизмдері. Әсер потенциалы дамуының ингибиторлары. Ликвордың химиялық құрамы, биологиялық қызметтері.

    семинар, шағын топпен жұмыс

    ауызша сұрау, бақылау сұрақтары

    2

    15.

    Синаптикалық берілулердің молекулалық механизмдері. Ес және ойлау механизмдері, нейрондардағы зат алмасуы.

    Жүйке импульстарының синаптикалық берілуі. Жүйке тінінің пептидтері. Жүйке импульстарының синаптикалық берілуіне әсер етуші қосылыстар. Көру қабілеті. Ми метаболизмі.

    семинар


    ауызша сұрау, бақылау сұрақтары

    1




    Барлығы: 25 сағат
    1   2   3   4


    написать администратору сайта