Главная страница

Асқорыту жүйесі. аскорыту. Презентация орындаан Темірбек Н. Тобы 202 А мпд абылдаан Сырманова Н. Р. Жоспар і кіріспе


Скачать 0.58 Mb.
НазваниеПрезентация орындаан Темірбек Н. Тобы 202 А мпд абылдаан Сырманова Н. Р. Жоспар і кіріспе
АнкорАсқорыту жүйес
Дата22.09.2022
Размер0.58 Mb.
Формат файлаpptx
Имя файлааскорыту.pptx
ТипПрезентация
#690104

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтикалық Академиясы

Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасы

Тақырыбы: Асқорыту мүшелеріне әсер ететін заттар өт айдайтын, іш айдайтын дәрілер, гепатопротекторлар

ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Орындаған: Темірбек Н.

Тобы: 202 «А» МПД

Қабылдаған: Сырманова Н.Р.

Жоспар:

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

1 . Ас қорыту мүшелеріне әсер ететін дәрілер

2 . Өт айдайтын дәрілер. Әсер ету механизмі

3 . Іш айдайтын дәрілер. Әсер ету механизмі

4. Гепатопротекторлар. Әсер ету механизмі

ІІІ Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Ас қорыту жолдарының сөл бөлу және қозғалыс белсенділігінің бұзылуы кқптеген аурулар мен патологиялық жағдайларда кездеседі. Асқазан – ішек жолының қызметін қалыпқа келтіру үшін дәрілердің үлкен арсеналы қолданылады. Негізінен оларға асқазан мен ішектің сөл бөлу және моторлық қызметіне тікелей әсер ететін дәрілер де жатады. Сонымен қатар, олардың қатарына тәбетті реттейтін, құсу шақыратын және құсуға қарсы дәрілер жатады.

Кіріспе

Ас қорыту жүйесінде астың соңғы өнімдерге ыдырауы, қаңға сіңірілуі, микроорганизмдерді зиянсыз ету, метаболизмі мен дәрілердің сіңірілуі процесі жүреді. Ас қорыту жолының секреторлы және қимыл белсенділігінің бұзылуы көптеген ауруларда және патологиялық жағдайларда байқалады. Асқазан-ішек жолдарының аурулары қазіргі кезде, әсіресе, балалар арасында өте көп тараған. Ол асқазан-ішек жолдарының иннервациясы, бездерінің секрециясы мен толқи жиырылуы қызметінің бұзылуы нәтижесінде байқалады. Асқазан-ішек жолдары қызметінің бұзылуында қолданылатын ас қорыту жүйесіне әсер ететін дәрілердің бірнеше тобы бар.

Жіктелуі:
  • Тәбетке әсер ететін дәрілер
  • Құстыратын және құсыққа қарсы дәрілер
  • Асқазан бездерінің секрециясы бұзылуында қолданатын дәрілер
  • Ұйқы безінің секрециясы бұзылуында қолданатын дәрілер
  • Өт айдайтын дәрілер
  • Іш жүргізетін дәрілер

Тәбетке ісер ететін дәрілерді тәбетті қуаттандыратын және тәбетті төмендететін дәрілер деп бөлінеді.

Тәбетті қуаттандыратын дәрілер:

витаминдер, анаболикалық стероидтар, Карнитин,Апилак,т.б.

Rp.:

Apilaci

0,01

Da tales doses. N 25 in tabul.

Signa. 1 таблеткадан 3 рет

Тәбетті төмендететін дәрілер:

Фепранон, Дезопимон, Дексфенфлурамин, Мазиндол,т.б.

Rp.:

Phepranoni

0,025

Da tales doses. N 50 in dragée

Signa. Ішке тамаққа дейін 30-60 минут бұрын 0,025 г. 2-3 рет күніне

Құстыратын дәрілер:

апоморфин, морфин, оймақгүл препараттары, ісікке қарсы дәрілер.

Құсық бұл – күрделі рефлекторлы акт, оның жүзеге асуына бұлшық еттер (асқазанның, аш ішектің, кеуде, құрсақ қуысы) қатысады. Сопақша мидың торлы құрылымында құсу орталығы болады.

Rp.: Sol. Apomorphini hydrochloride 1% 1ml

Da tales doses. N. 10 in ampull.

Signa. По 0,5-1 мл под кожу (взрослому как

рвотное)

Құсыққа қарсы дәрілер:

Метоклопрамид(церукал, реглан), тиэтилперазин(торекан), Аэрон, димедрол, дипразин,т.б.

Rp.: Tabulettam Mеtoclopramidi 0,01 №50  Da.Signa. 1таблеткадан 3 рет тамаққа дейін

Асқазан безі секрециясының төмендеуінде қолданылатын дәрілер: гастрин, пентагастрин, көмір қышқылды сулар, табиғи асқазан шырын, пепсин және сұйытылған тұз қышқылы, пепсидил, абомин.

Rp.:

Acidin-pepsini

0,5

Da tales doses. N 20 in tabul.

Signa. 1-2 таблеткадан күніне 2-3 рет

Асқазан безі секрециясының жоғарылауында қолданылатын дәрілер: Альмагель, Альмегель А, Фосфалюгель, Мааклокс, Мегалак, Гелюсиллак, Викалин, Викаир, Протаб, Тальцид, Тисацид, Ренни, Гастал, Гастралюгель, циметидин, ранитин, фамотидин, низатидин, роксатидин, атропин, пирензепин, мизопростол және т.б.

Rp.: Almageli 170,0 ml  Da tales doses. N 2 in lagenis  Signa. по схеме.

Rp.: Tabulettam Histodili 0,2 N. 30

Da. Signa. По 1 таблетке 2 раза в день

Rp.: Tabulettam Ranithydini 0,2 N. 20

Da. Signa. По 1 таблетке 2 раза в день.

Ұйқы безі қызметінің бұзылуында қолданылатын дәрілер:

протеаза, амилаза, липаза, өт компоненттері, гемацеллюлоза, пепсин, аминқышқылы, панкреатин, солизим, нигедаза, Мезим-форте, Трифермент, Панзинорм-форте, Дигестал, Энзистал, Фестал, Креон, Лиреаза, Панцитрат, пантрипин, ингитрил, контрикал, гордокс, антагозан және т.б.

Rp.: Dragee «Mezym-forte» N. 30

Da. Signa. По 1-3 драже в день перед приемом пищи

Rp: Solutionis. Contrykali 10 000 АТрЕ – 3 ml. №10 Da.Signa. По схеме.

Өт айдайтын дәрілер

Өттің құрамында ішектегі майлардың, майда ерігіш дәрумендердің эмульгирлеп және сіңірілуін қамтамасыз ететін өт қышқылдары бар. Оның бауыр жасушаларының түзілуінің бұзылуымен немесе өт түтіктерінің ұлтабарға шығуының қиындауымен байланысты. Осыған орай медициналық тәжірибеде өт айдаушы дәрілерді екі топқа жіктейміз:

Өт түзілуін күшейтетін дәрілер

Өт бөлінуін жеңілдететін дәрілер

Өт түзілуін күшейтетін дәрілер (Холесекретиктер- холиретиктер):
  • жануарлардан алынған: “Аллохол”, “Холензим”, “Лиобил” таблеткаларының құрамында жануарлардың құрғақ өті бар.
  • синтетикалық: оксафенамид, никодин, циквалон, гимекромон (одестон).
  • өсімдіктен алынған: құмдық салаубас гүлі (қайнатпа, құрғақ сығындысы,фламин препараты), жүгері шашағы (қайнатпа, сұйық сығынды), танацехол (түймешетен гүлінің препараттары), холосас (раушан жемісінің шырыны), берберин биосульфаты (барбарис препараттары), холагол (құрамында куркума тамырының бояғыш заттары және т.б. бар), Холагогум капс. (құрамы: куркума сығындысы, бұрыш жалбыз майы, эссенциальды фосфолипидтер және т.б.).

Холесекретиктер өт секрециясын күшейтуден басқа, оларды сұйылтуына және айдауына алып келеді, нәтижесінде инфекцияның дамуын және тастардың түзілуін жойып, өттің айдалуын жақсартып, қабыну процесін төмендетеді. Олар созылмалы гепатитте, холециститте және холангитте қолданылады. Кейбір препараттар холеретикалық әсерінен басқа спазмолитикалық әсер: оксафенамид, көптеген өсімдік препараттары, циквалон – қабынуға қарсы; никодин – микробқа қарсы әсер көрсетеді. Холесекретиктерді жіті қабыну мен бауырдың айқын дистрофиялық процестерінде және өт жолдарының тығындалуымен жүретін өт тас ауруларында қолдануға болмайды.

Rp.:

Allocholi N 50 in tabul. obd.

1,0

Da. Signa. По 1–2 таблетки 3–4 раза

в сутки после еды.

Rp.:

Nicodini

0,5

Da tales doses. N 10 in tabul.

Signa. По 1–2 таблетки 3–4 раза

в сутки до еды.

Өт бөлінуін жеңілдететін дәрілер (холекинетиктер) – өттің ағуын жеңілдетеді.

- өт бөліну жолдарының дискинезиясының гипотониялық түрінде өттің ұлтабарға өтуін жақсартатын, өт қабының тонусын жоғарылататын, одди сфинктерін босаңсытатын: магний сульфаты, ксилит, сорбит, маннит, зәйтүн немесе күнбағыс майы қолданылады. Әсер ету механизмі: ұлтабардың рецепторларының тітіркенуімен байланысты. Магний сульфаты өт түтігіне спазмолитикалық әсер көрсетеді. Осы топ препараттары өт қалтасының атониясында, өт түтігінің дискинезияларында, созылмалы холециститте және созылмалы гепатитте қолданылады. Бұларды бауыр мен асқазанның жедел қабыну ауруларында, өт-тас ауруларында қолдануға болмайды.

Rp.:

Sol. Magnesii sulfatis 25%

10,0

Da tales doses. N 10 in amp.

Signa. 10-20 ml күніне 4 реттен

- өт бөліну жолдарының дискинезиясының гипертониялық түрінде өт жолдарының біріңғай бұлшық еттерін босаңсытатын препараттар: М-холиноблокаторлар (атропин, платифиллин), миотропты спазмолитиктер (папаверин, но-шпа), өсімдіктерден алынған препараттар (холагол, олиметин) қолданылады. Бұл препараттар өт-тас ауруларында, ауырсыну түйілуін басу үшін белгіленеді.

Rp.: Sol. Atropini sulfatis 0,1 % 1 ml

Da tales doses. N. 6 in ampull.

Signa. По 0,5-1 мл вводить под

кожу 1-2 раза в день.

Холелитолитикалық дәрілер – өт қалтасындағы тастарды ерітеді: хенодезоксихол қышқылы (хенодиол, хенофальк), урсодезоксихол қышқылы (урсофальк, урсосан) - 0,25 капс. тек қана түнде қабылдау қажет, себебі өт холестеринмен түнде қанығады, ал бұл препараттар бауырда холестерин синтезін бұзып, холестеринді тастардың біртіндеп еруіне алып келеді. Препараттарды ұзақ 6 айдан 2 жылға дейін қабылдау қажет.

Rp.: Ursu ( Ursosani-Ursofalci) 0,25 №100

Da. Signa. 10 мг /кг тәулігіне 2-3-5 капсуладан

Іш жүргізетін дәрілер

а) Ішектің барлық бөлімдеріне әсер ететін қш жүргізетін дәрілер

в) Ішек құрамының көлемін үлкейтетін дәрілер

б)Тоқ ішекке әсер ететін дәрілер

г) Нәжісті жұмсартатын дәрілер

Ішектің барлық бөлімдеріне әсер ететін іш жүргізетін дәрілер. Тұзды іш жүргізетін дәрілер (ішектің осмостық қысымын жоғарлатады.): магний сульфаты, натрий сульфаты, табиғи карловар тұзы.

Әсер ету механизмі: бұл препараттар асқазан-ішек жолдарында нашр сіңіріліп, ішектің осмостық қысымын жоғарылататып, судың сіңірілуін төмендетеді. Препаратты 1-2 стакан сумен қабылдаған жөн, әсері 2-4сағ. соң байқалады. Жіті іш қатуда, жедел улануда және кейбір құрттарға қарсы дәрілермен емделуде бірге қолданылады.

Жанам әсері: магний иондары резорбивті әсер көрсетуі мүкін, әсіресе бауыр жеткіліксіздігінде және ОЖЖ-нің және жүрек жұмысының тежелуін шақыруы мүмкін, ал балаларда ағзаның сусыздануына алып келеді. Тұзды іш жүргізетін дәрілерді әрдайым қолдануға болмайды, себебі олар құнарлы заттардың сіңірілуін бұзады. Балалардың жүрек және бүйрек жеткіліксіздігінде абайлап қолдану керек.

Rp.:

Natrii sulfatis

25,0

Da. Signa. Ішке 15-30 г. үлкендерге,

балаларға 1 жастан асқандарға 1г.

Майсана майы ( касторовое масло) – үпілмәлік (клещевина) тұқымынан алынған препарат.

Әсер ету меъханизмі: майсана майы ұлтабарда рицинол қышқылы түзілуі арқылы ыдырайды. Ол ішектің рецепторларын тітіркендіреді, толқи жиырылу қызметін күшейтетін, судың және электролиттердің сіңірілуін тоқтатады. Әсері – сағ. басталады. Жіті іш қатуда, жедел улануда және кейбір құрттарға қарсы дәрілермен емделуде бірге қолданылады.

Жанама әсері: жатыр бұлшық етінің рефлекторлы жиырылуында (жиі қолдануға болмайды, өйткені астың қорытылуын бұзады. Жүктілікте, майда еритін заттармен (бензол, фосфат және т.б.) улануда қолдануға болмайды, себебі майсана майы майлардың сіңірілуін жақсартады.

Rp.:

Olei Ricini

25,0

Da. Signa. На 1 приём.

Rp.:

Olei Ricini

1,0

Da tales doses. N 15 in caps. gelat.

Signa. Принять в течение получаса.

Rp.:

Emulsionis olei Ricini

180,0

M. Da. Signa. По 2 столовые ложки на приём.

Rp.:

Olei Ricini

10,0

Spiritus vini

100,0

M. Da. Signa. Наружное (при выпадении волос).

Тоқ ішекке әсер ететін дәрілер. Әсер ету меанизмі: тоқ ішеке электролиттер мен сулардың сіңірілуін төмендетіп, ішек рецепторларын қоздырады, ал аш ішекке әсер етпейді және де қоректі заттардың қорытылуы мен сіңірілуін бұзбайды. Әсері 8-10 сағ. соң байқалады. Көбінесе таңертең немесе түнге тағайындайды. Созылмалы іш қатуда қолданылады. Жанама әсері: үйреншікті тудырады, сондықтан препаратты кезектестіру қажет. Ұзақ қолданғанда – гипокалиемия, антраценгликозидтер шырышты қабықшаның, тіпті тік ішектің бұлшық ет қабықшасының зақымдалуын, бауыр қызметінің бұзылуын, ал синтетикалық іш жүргізетін дәрілер аллергиялық реакциялар шақыруы мүмкін. Ішектің түйілуінде, іш теспесі синдромында қолдануға болмайды.

Өсімдік текті препараттар:

раушан тамырының препараттары, итшомыр, іш жүргізетін іш дәрі қара жемісінің препараты, “Сенадексин”, “Сенада”, “Глаксена”, антрасеннин, т.б.

Синтетикалық препараттар:

Фенолфталеин, изафенин, бисакодил (дульколакс), гутталакс.

Rp.:

Senadexini

0,07

Da tales doses N 20 in tabul.

Signa. Тәулігіне тамаққа дейін

30-40 минут

Rp.:

Bisacodyli

0,005

Da tales doses. N 30 in dragée

Signa.жатар немесе ұйықтар

алдында 30 минут бұрын

Ішек құрамының көлемін үлкейтетін дәрілер (толықтырғыштыр), (ішек рецепторларын механикалық тітіркендіреді).

Бұл заттар сіңірілмейді, суды сіңіріп, ісініп, механикалық әлсіздендіретін әсер көрсетеді: ламинария, ламинарид, агар (гемицеллюлоза), кебектер, жолжелкен (подорожник) препараттары: натур – кер, натурилакс, мукофальк.

Rp.: Laminaridi 50,0

Dа. Signa. По 5-10 г на прием (1-2

чайные ложки гранул), запивая 1/2

стака­на воды; принимать 1-2 раза в

день после еды.

Нәжісті жұмсартатын дәрілер. Оларға: вазелин майы, бадам майы, глицерин (суппозиторий) жатады.

Rp.:

Olei Vaselini

2,0

Da tales doses. N 10 in amp.

Signa. Ас қасықпен 1-2 рет тәулігіне

Прокинетиктер – гипотонияда және ішек атониясында қолданылатын, ішектің тонусын және толқи жиырылу қызметін қалпына келтіретін дәрілер: М-холиномиметиктер (ацеклидин), антихолинэстеразды дәрілер (прозерин), метоклопрамид (церукал) және оныі 2-буының аналогтары: мотилиум (домперидон) және цизаприд.

Rp.:

Sol. Aceclidini 0,2%

2,0

Da tales doses. N 10 in amp

Signa. 2-3 реттен

Rp.:

Sol. Proserini 0,05%

1,0

Da tales doses. N 10 in amp.

Signa.  0,01–0,015 г 2–3 раза в день.

Диареяға қарсы дәрілер (іш өтуге қарсы) : лоперамид (имодиум) – ішектің апиынды рецепторларымен байланысып, ішектің толқи жиырылу қызметін тежеп, сфинктер тонусын жоғарлатады, сұйықтықтардың сіңірілуін күшейтеді. Жұқпалы диареяда міндетті түрде химиотерапевтикалық дәрілермен қиыстырып белгіленеді. Ішектің қабыну ауруларында бырыстырғыш дәрілер (емен қабығының қайнатпасы (кора дуба), мойыл жемісі (черемуха) және т.б.) тағайындалады. Сіңіргіш дәрілерде (белсендірілген көмір, смекта, аттапульгит-реабан) диареяға қарсы әсер көрсетеді. Ішек микрофлорасын қалпына келтіру үшін микроб қоспалары (Бифидум бактерин, Колибактерин, Лактобактерин, Бификол, Бактисубтил, Линекс, хилак-форте) тағайындалады.

Rp.: Caps. Lopеramidi 0,002 №10  Da.Signa. по 2 капе. 2 р/д.

Гепатопротекторлық дәрілер

Бұл топтың дәрілері зақымдаушы ықпалдарға бауырдың төзімділігін жоғарылатады, қызметінің қалпына келуіне ықпал етеді, оның уытсыздандырғыш мүмкіндігін күшейтеді.

Гепатопротекторлық әсер гепатоциттердегі метаболиттік үрдістердің қалпына келуімен, микросомалды ферменттердің белсенділігінің жоғарлауымен, жасуша мембранасы қызметінің қалпына келуімен көрінеді. Гепатопротекторларды жедел және созылмалы гепатитте, бауырдың нәрсізденуі мен берішінде, бауырдың уытты зақымдануында, соның ішінде маскүнемдікке байланысты қолданады.

Легалон шұбарала тікен өсімдігінің жемісінен алынады. Бұл өсімдіктің құрамына гепатопротекторлық әсері бар бірқатар флавоноидтар-силибинин, силидианин және силикристин кіреді. Силибининнің белсенділігі аса жоғары. Тәжірибеде гепатоуытты әсері бар бірқатар дәрілермен бауыр уланғанда силибининнің бауырды қорғайтыны көрсетілген.

Легалон флавоноидтар қоспасынан және сол көрсетілген өсімдіктер жемісінің сығындысынан тұратын қосынды дәрі болып табылады. Драже, капсула және ішке қабылдауға арналған эмульсия түрінде шығарылады. Биосіңімділігі 20-50% құрайды. Дәрі асқазан-ішек жолынан жақсы сіңіріледі.

Rp.: Dragee Legaloni 0,035 N. 80  Da.Signa. По 1 драже 3 раза в день

после еды

ребенку 12 лет.

Липой қышқылының да гепатопротекторлық белсенділігі бар. Ол бауырдың уытсыздандырғыш қызметін күшейтеді, антиоксиданттық әсер көрсетеді, липидтер және көмірсу алмасуын реттеуге қатысады. Бауыр ауруларында (Боткин ауруы, созылмалы гепатит, бауыр беріші) уыттануларда, тәждік атеросклерозды кешенді емдеуге, диабеттік полиневропатияда қолданады.

Жанама әсерінен диспепсиялық бұзылыстар, теріде бөртпелер байқалуы мүмкі.

Кешенді дәрі эссенциалдық гепатопротекторлық әсері анықталған. Оның құрамына жасуша мембранасын қалыптастыратын фосфолипидтер, көп қанықпаған май қышқылдары және бірқатар витаминдер кіреді. Дәріні ішке және көк тамырға енгізеді.

Қорытынды

Асқазанның шырышты қабатына тікелей әсер ететін және оған қандай да бір дәрежеде химиялық немесе физикалық зақымдаушы факторлардың (қышқылдар, сілтілер, ферменттер және т.б.) әсер етуіне кедергі жасайтын препараттар тобы. Асқазанның моторикасын күшейтетін заттарға прокинетикалық заттар деп аталатындар метаклопрамид шеткі және орталық дофаминдік антагонисті, серотониндік агонистері болады.

Пайдаланған әдебиеттер:
  • Орманов Н.Ж. Фармакология ІІ
  • Орманова Л.Н. Фармакология ІІ
  • Сұлтанов М.Ә. Фармакология
  • Ербасова А.А. Фармакология
  • www.google/kz


написать администратору сайта