биттер. маман 7,1. Презентация студент Арипов Б. С. Тобы вжмБ0822 абылдаан мбетлі Т.. Таырыбы Биттеу. Биттер трлері
Скачать 0.98 Mb.
|
Клиникаға кіріспе кафедрасы ПРЕЗЕНТАЦИЯ Студент: Арипов Б.С. Тобы : В-ЖМҚБ-08-22 Қабылдаған : Үмбетәлі Т.Ү. Тақырыбы: Биттеу. Биттер түрлері. Шымкент 2022 Жоспары Тақырыпқа кіріспе Биттеу жалпы мәлімет. Биттер түрлері Тақырыпқа жалпы қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер және деректер тізімі. Жалпы мәліметБит (лат. Anoplura) — адамның және сүтқоректілердің қанын сорып тіршілік ететін ұсақ жәндіктер отряды. Қылтанақты түтікшенің ішінде орналасқан ауыз мүшесі шаншып-соруға бейімделіп тұмсықшаға айналған. Қылтанақтарының жәрдемімен, тұмсықша жабын қабықты тесіп, теріге енеді. Басы мен көкірегі кішкене, құрсақ бөлімі жалпақтау. Көкірегінде үш жұп келте аяқтары бар, олардың ұшында матаға немесе шашқа жабысуға бейімделген имек тырнақтары жақсы жетілген. Биттің жануарлардың түгіне немесе адамның киіміне, шашына жабысқан жұмыртқасынан (сіркесінен) дернәсіл шығып, ол 3 рет түлеп, ересек битке айналады.Биттің 300-ге жуық түрі бар: Олар 3 тұқымдасқа бөлінген: Гематопид тұқымдасына (лат. Hacmatopііdae) жылқы, сиыр, қоян, бұғы, шошқа, т.б. жануарлар биті жатады; Тікенекті биттер: суда тіршілік ететін омыртқалы жануарларда кездеседі, мысалы, итбалық биті; Педикулиттер тұқымдасына жататын биттер: тек адамдар мен маймылдарда масылдық тіршілік етеді. Адамда биттің 3 түрі кездеседі: бас биті (лат. Pedіculus capіtіs) киім биті (лат. P. vestіmentі) шап биті (лат. Phthіrus pubіs фтриаз) Биттің түрлері: Бас биті: Аналық ұзындығы: 2-3,5мм Аталық ұзындығы: 2-3мм Орналасауы: самай, шүйде, төбе Жұмыртқа (гнида): 0,7-0,8мм Аналықтың өмір сүру ұзақтығы- орташа 27 күн, мах 38 күн Киім биті: Көлемі жағынан үлкен Аналығы 3,8-5мм Аталығы 3,3-3,5мм Жұмыртқа өлшемі 0,9-1мм Орналасуы: киімдердің қыртысында Шап биті: Көлемі ұсақ, қозғалмалығы төмен 0,6- 0,7мм, алмұрттәрізді формалы 50градуста 30 минуттан кейін өледі Клиникалық белгілері: Қышыну, экскориациялар және қанды қабықтар; Розеола, папулалар, сирек эритема; Дерматит және экзаматизация; Регионарлы лимфаденит; Диагностика: Визуалбды қарап тексеру; Тарау; Вуд лампасын қолдану; Дерматоскопия; Салыстырмалы диагностикасы: Қотыр; Флеботодермия; Пиодермия; Аллергиялық дерматит; Емі: Физикалық Химиялық Механикалық Бас биті: 10% сабынды керосинді сулы эмульсия; 0,15% сулы эмульсия карбофоспен; 0,5% перметрин ерітіндісі («Ниттифор», «Лонцид»); 20% сулы сабынды эмульсия немесе бензил-бензоат жақпа майы; шампунь "'Анти-бит"; лосьон «Валитен». Киім биті: Сабынмен жуыну Киімдерді ауыстыру Киімдерді қайнату, үтіктеу Қышыну кезінде 4% карбол немесе 1% ментол спиртімен сүртеміз Шап биті: 5% дегтярлы жақпа майы, аэрозоль «Пара - плюс». Қасағадағы түктерді қырып, сабынмен жуу |