Главная страница
Навигация по странице:

  • Бас айналудың жіктелуі

  • Бас айналу себептері

  • Вестибулярлы бас айналу

  • Липотимиялық бас айналу

  • Постуральды бас айналу

  • Цервикогенді бас айналу

  • Психогенді (психофизиологиялық) бас айналу

  • Бас айналуды емдеу

  • Ошанбаева Замира слайд (копия). Презентация Таырыбы Бас айналуды дифференциальды диагностикасыны алгоритмі Орындаан Ошанбаева З


    Скачать 314.58 Kb.
    НазваниеПрезентация Таырыбы Бас айналуды дифференциальды диагностикасыны алгоритмі Орындаан Ошанбаева З
    Дата09.11.2021
    Размер314.58 Kb.
    Формат файлаpptx
    Имя файлаОшанбаева Замира слайд (копия).pptx
    ТипПрезентация
    #266773
    Презентация Тақырыбы:Бас айналудың дифференциальды диагностикасының алгоритмі
    Орындаған: Ошанбаева З
    Тобы :ЖМ 509 А
    Жоспар

    1) Кіріспе
    2) Негізгі бөлім:
    -Бас айналу дегеніміз
    - Бас айналудың жіктелуі
    - Диагностикасы және емі
    3) Қорытынды

    Бас айналу

    Бас айналу – адамның өз денесінің кеңістіктегі қалпын бұрмаланған қабылдауы және денесінің немесе қоршаған заттардың бұрмаланған қозғалысы (мнимое движение). Ол клиникалық тәжірибедегі ең жиі кездесетін симптомдардың бірі және неврологиялық, соматикалық, психикалық т.б. көптеген ауруларда кездесетін симптомдар қатарына жатады.Бас айналу дәрігерге қаралудың ең жиі себептердің бірі болып табылады. Кем дегенде аурулардың 80 түрі бас айналу симптомымен көрінеді. Қазіргі күнгі диагностикалық зерттеулерге қарамастан, 40% жағдайда бас айналудың себебін анықтау мүмкін емес.Бас айналу вестибулярлы анализатордың шеткері және орталық бөліктерінің зақымдалуына негізделген.

    Бас айналудың жіктелуі

    Егер науқас бас айналуға шағымданатын болса, осы симптомды толығымен сипаттауын сұрау қажет. Бұл арқылы сипатталған шағымын бас айналудың негізгі варианттарының біріне жатқыза аламыз.
    Келесідей түрлері болады:
    -вестибулярлы
    -липотимиялық
    -постуральды
    -цервикогенді
    -психогенді

    Бас айналу себептері:

    1) 93% жағдайда 3 аурудың бір себебі болады:
    -қауіпсіз пароксизмальды позиционды бас айналу(ДППГ)
    -вестибулярлы нейронит
    -Меньер ауруы
    Бұл аурулардың барлығы перифериялық вестибулярлы аппараттың зақымдалуынан болады .


    2)Жүйелік бас айналудың сирек себептері:-Токсикалық заттар мен дәрілік препараттардың әсері (алкоголь, аминогликозидтер, фенитоин, барбитураттар, фуросемид, ацетилсалицил қышқылы)-Диуретиктер (әсіресе фуросемид), цефалоспориндер, пенициллиндер, сульфаниламидтер және СҚҚП, нефрон аминогликозидтердің элиминациясын тежейді. Олардың қан сары суындағы концентрациясын жоғарылатып нефро- және нейротоксикалығын, ототоксикалығын күшейтеді.-Бас сақинасы-Жедел лабиринтит Шашыранды склероз -Ісік Перилимфатикалық фистула

    Вестибулярлы бас айналу

    Перифериялық вестибулярлы аппараттың (ішкі құлақта, вестибулярлы нерв), орталық вегетативті құрылымдардың (ми бағанындағы вестибулярлы ядролар немесе олардың жолдары) зақымдалуымен немесе физиологиялық белсенуімен байланысты.


    Бас айналу сипаты – қозғалыс иллюзиясы:
    Айналмалы бас айналу – оңға немесе солға айналу
    Сызықтық бас айналу – жоғары не төмен айналу
    Позициялық бас айналу – бастың, дененің тек белгілі бір қалпындағы немесе позаны ауыстырғандағы бас айналуы
    Вестибулярлы бас айналу себептері:
    Афферентті импульсация ағындары арасындағы баланс бұзылуы (дененің немесе бастың кеңістіктегі қалпы немесе қозғалысы туралы мәлімет береді)
    -Вестибулярлы. Екі жақтағы вестибулярлы құрылымдар арасындағы импульсация бұзылысы (жедел бір жақты вестибулопатиялар) – оң және сол жақ вестибулярлы ядролар белсенділігінің асимметриясы
    -Көру.Нистагм (көз қозғалтқыш нерв бұзылыстары) кезінде.
    -Соматосенсорлы -шайқалыстар (укачивание).

    Липотимиялық бас айналу

    Ортостатикалық гипотензия немесе гипогликемиялық жағдаймен (инсулинді шамадан тыс енгізу немесе инсулинома) байланысты ес жоғалту алды фонында пайда болады.
    Сипаты: жағымсыз сезімдер (ощущение дурноты), бастағы «тұман» сезімі
    ОЖЖ тежеуші препараттарды (транквилизаторлар, антиэпилептикалық заттар) пайдаланғанда осы тәрізді сипаттағы бас айналу болады.


    Постуральды бас айналу – әр түрлі генезді жүріс бұзылыстарымен байланысты тұрақсыздық сезімі фонында дамиды.Қарт адамдардағы бас айналу себебі, көбінесе, мультисенсорлық жетіспеушілік салдарынан жүріс бұзылыстары болып табылады.
    Цервикогенді бас айналу – мойын құрылымдарынан келетін проприоцептивті имульсация бұрмалануымен (қалыпты жағдайда бастың денеге сәйкес қалпы туралы мәлімет береді) байланысты бас айналудың ерекше варианты. Бас айналу сипаты: омыртқаның мойын бөлімінің қозғалысы шектелуі және ауырсыну сезімі фонында пайда болады.

    Психогенді (психофизиологиялық) бас айналу

    Невроздар және тұлға бұзылыстары бар науқастарда дамиды.Ұстама тәрізді үрей және қорқыныш сезімдері фонында (гипервентиляциялық синдром немесе паникалық шабуыл фонында) немесе белгілі бір ситуацияда (дүкенге бару, қоғамдық көлікте жүру, көпірден өту, бос бөлме, концерт кезінде) дамуы мүмкін және фобиялық синдром құрамына кіреді (фобиялық бас айналу).Бас айналу сипаты: айналмалы сипат жоқ, тұрақсыздық сезімімен байланысты, жүру кезінде күшейе түседі, нистагм жоқ (қатты бас айналу болса да).
    Психогенді бас айналу кезіндегі науқастар шағымдары (нақты емес):
    Бастағы ауырлық сезімі
    Жағымсыз сезімдер (чувство дурноты)
    Масаю сезімі
    Көптеген науқастарда депрессия немесе жабысқақ ойлар анықталады.

    Диагностика Бас айналумен байланысты 3 негізгі клиникалық жағдай бар: -Бас айналудың жеке, ұзақ мерзімді эпизоды (вестибулярлы) -Бас айналудың қайталамалы эпизодтары -Созылмалы (персистирлеуші) бас айналу
    Бас айналу сипатын анықтау провокациялық сынамаларды жүргізуді жеңілдетеді:
    Вестибулярлы бас айналуды басты тез қозғалтумен немесе айналдыру сынамасымен (науқасты креслода айналдырып, тез тоқтата қалады) шақыруға болады.
    Психогенді бас айналу: форсирленген гипервентиляция сынамасы арқылы анықтауға болады.


    Жүріске назар аудару қажет! Жүріс сипаты маңызды мәлімет бере алады:
    Бір жақты вестибулярлы дисфункция: науқас зақымдалған жаққа қарай қисая береді, бірақ бірнеше күн немесе апталардан кейін тепе-теңдік қалпына келеді.
    Екі жақты вестибулярлы дисфункция: тұрақсыздық үнемі сақталады, әсіресе көзді жұмғанда және тандемді жүріс кезінде білінеді.
    Мишық зақымдалуы қосарланса: науқас аяқтарын кең басады
    Вестибулопатиялар кезінде оториноларинголог немесе отоневролог кеңесі қажет.
    Кохлеовестибулярлы нервтің есту жағдайын бағалау үшін аудиометрия қажет.
    Вестибулярлы бас айналуды анықтаған соң, перифериялық немесе орталық бұзылыс екенін анықтау қажет. Айқын бас айналу қатарында вестибулярлы бұзылыстар 25% құрайды (18-38 жаста 15%, 60 жастан асқандарда 40%).

    Бас айналуды емдеу

    Әр түрлі генезді бас айналуларды бірдей емдейтін әмбебап препараттар жоқ.
    Этиопатогенетикалық ем:
    Вестибулярлы нейронит – кортикостероидтардың қысқа курсы
    Меньер ауруы – тұзы аз диета
    Мигренозды бас айналу – антимигренозды заттар
    Липотимиялық бас айналу – ортостатикалық гипотензияны немесе басқа патологиялық жағдайларды коррекциялау шаралары
    Цервикогенді бас айналу – омыртқаның мойын бөлігінің қозғалысын қалпына келтіруге бағытталған шаралар.
    Постуральды бас айналу – жүру және тепе-теңдік сақтау дағдыларын қалыптастыру, қосарланған когнитивті дисфункцияларды коррекциялау
    Психогенді бас айналу – рациональды психотерапия, вестибулярлы жаттығулар, антидептессанттар, жұмсақ нейролептиктер (сульпирид)



    написать администратору сайта