|
Цифр сауаттылық. 08.02.23 кмж 21. Презентациялар орта таырыбы оршаан ортаны орау
Қысқа мерзімді жоспары
| Бөлім
| Презентациялар (ортақ тақырыбы: «Қоршаған ортаны қорғау»)
| Педагогтың аты-жөні
| Мамырбекова Б.Е.
| Күні
| 08.02.23
| Сынып: 4 «Б», «В»
| Қатысушылар саны
|
| Қатыспағандар саны
|
| Сабақтың тақырыбы:
| Презентацияларға арналған ақпарат.
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
| 4.2.3.1 слайд үшін макет таңдау;
4.3.1.1 ақпарат іздеу (компьютердегі файлдар мен бумалар, құжаттағы мәтін үзіндісі);
4.3.2.1 браузер параметрлерін қолдану (бетбелгілер жасау, журналды және жүктеуді көру);
| Сабақтың мақсаты:
| Барлық оқушылар:
| Презентация ұғымына анықтамасын береді
| Көптеген оқушылар:
| Интернеттен суреттерді жүктейді, слайдаттарды суреттермен толықтырады
| Кейбір оқушылар:
| презентацияға атау беріп, бумаға сақтайды
|
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезені/ уақыт
| Педагогтың әрекеті
| Оқушының әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
| Сабақтың басы
| 1.Оқушылармен амандасу.
2.Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
3.Жаңа тақырыпқа шолу.
Презентациялар көбінесе тыңдаушыға белгілі бір ақпараттын терең, ұтымды түрде жеткізу қажет болған жағдайда қолданылады.. Ақпаратты жай ауызша жеткізгенге қарағанда слайд түрінде әсемдеп көрсеткен әлдеқайда түсініктірек болады.
| 1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.
|
|
| Сабақтың ортасы
| Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Презентация- таныстырылым, баяндама, жобаны, есеп беруді қорғау, жұмыс жоспарын көрсету және дайын ақпараттармен бөлісу.
Презентацияға сурет. Мәтін, дыбыс, видеоларды да қажетімізге қарай тақырыпқа сай бейімдеп, қосуға болады. Презентацияны Power Point программасының көмегімен жасаймыз.
Іске қосу →Microsoft Office → Microsoft Power Point
Презентацияға арналған ақпараттардың кейбірін. Суреттер мен мәтіндерді көбінесе Интернеттен аламыз. Интернетке кірген кез келген жаңа қолданушы браузер ұғымымен таныс болу керек.
Браузер- «парақтау, қарау» деген сөзден шыққан атау. Интернеттегі веб-парақшаларды, мәліметтерді оқуға, іздеуге арналған программа. Браузерге бетбелгі қою үшін, Google Chrome браузерін іске қосып, қажет ақпаратты іздеу жолағына енгізіп Google Chrome-дағы Баптау және Басқару батырмасынан → Бетбелгілер (Закладки) жолынан → Бетбелгілерді қосу командасын орындаймыз. Бетбелгілер орнату қажетті ақпараттарды тез іске қосуға мүмкіндік береді.
Көрсетілім. Баптау және басқару батырмасының тағы бір мүмкіндігі тарихын көру. Сонымен қатар Интернеттен алынған ақпараттарды және жүктелген орнын бумадан көрсетеді.
Презентациядағы мәтіннің үзіндісін іздеуге, басқа сөздермен ауыстыруға болады. Құжаттағы мәтіннің ішінен қандай да бір сөзді немесе мәтіннің үзіндісін табу үшін Редакциялау тобынан Іздеу батырмасын қолданамыз.
Google Chrome браузерінде ақпараттардың тарихын қарап, жүктеулер, бетбелгі жасау үшін пернелер үйлесімін қолдануға да болады.
Ctrl+H – тарихын қарау
Ctrl+J – жүктелген файлды көрсету
Ctrl+D – бетбелгілерге қосу Жеке жұмыс.Тапсырма.
«Қоршаған ортаны қорғау» тақырыбында 3-4 слайдтан тұратын презентация жаса. Интернеттен суреттер алып, оны толықтыр. Презентацияға атау қойып, бумаға сақта. Дескриптор:
-Интернеттен суреттер жүктейді;
-слайдаттарды суреттермен толықтырады;
-презентацияға атау береді;
-бумаға сақтайды. ҚБ: «Жұлдызша» әдісі
| Мұғалімді тыңдайды
Жұмыс дәптерге командаларды жазады
Пернелер үйлесімін жұмыс дәптерге жазады Тапсырманы орындайды
|
Жұлдызша
| Интербелсенді тақта/
Компьютер
Жұмыс дәптері
| Сабақтың соңы
| 1.Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастырады.
2.Кері байланыс:
тапсырманы орындадым
тапсырманы толық орындай алмадым
тапсырманы орындай алмадым
| Өзін-өзі бағалау.
|
| Плакат слайд
| Үй тапсырмасы
| § 20, 21
|
|
|
| |
|
|