Президент (1). Президент республикалы елдердегі мемлекет басшысы. Латын тілінде
Скачать 16.58 Kb.
|
Президент - республикалық елдердегі мемлекет басшысы. Латын тілінде praesіdens — басшы мағынасын білдіреді. Президент конституциялық талаптарға (жас мөлшері, өмірбаян тазалығы, мемлекеттік тілді білуі, т.б.) сәйкес келетін азаматтар арасынан белгілі бір мерзімге , яғни 3 жылдан 7 жылға дейін сайланады. Президент өкілеттігі ішкі және сыртқы саясатты анықтау, үкімет мүшелерін тағайындау, заң күші бар құқықтық құжат шығару, бас қолбасшылық, т.б. сияқты қызметтер атқарады. 1-желтоқсан – «Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күні» мемлекеттік мерекесі болып тағайындалып, жыл сайын атап өтіліп келеді. Бұл мейрамның аталуының негізі және алғышарты болып 1 желтоқсан күні болған президент сайлауы болды. Н.Ә.Назарбаев 88,2% дауыс берушілердің 98,7% дауысына ие болған еді. Алғашқы бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде 1991 жылы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев алғашқы президент атанды. Ол- Қазақстан елінің дамып, жетілуіне үлкен үлес қосқан дара тұлға. Нұрсұлтан Назарбаев -өте көреген, ақылды, әділ, әр қадамын аңдып басатын айбарлы адам. 1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүние есігін ашқан. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев- елбасы болып сайланған соң, қазақ халқы тәуелсіздік алды. Елбасы егемендігіміздің алғашқы күнінен бастап, жатса- тұрса ойлайтыны да, айтатыны да еліміздің тыныштығы мен бірлігін сақтап қалу болды. Бар уайымы, халықты аштыққа, жалаңаштыққа ұрындырмау болды. Қазақстанның тәуелсіз мемлекетке айналар жолында, не қилы қиындықтар кезінде халқын қолдап, рух-жігерін көтерді. Қазақ халқының құлаған іргесін қайтадан көтеру оңай болған жоқ. Алайда, елбасымыз бар күш-жігерін елінің аяғына нық тұруына бағыттады. Елбасымыздың арқасында біз көп жетістіктерге қол жеткіздік. Мысал келтірер болсақ, байтақ еліміз, тұңғыш Президентіміздің басшылығымен әлем мойындаған, жаһанға аты жеткен мемлекетке айналды. Сонымен қатар, еліміздің экономикасын жақсартып, халқымыздың әл ауқатын көтерді. 30 жыл елді басқарған кемеңгер Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев президенттік сайлауға түспейтінін өзі мәлім етіп, 2019 жылдың 19 наурызында мемлекет басшысы ретіндегі өкілеттігін тоқтату туралы шешімімен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев парламент спикері ретінде келесі президенттік сайлауға дейін мемлекет басшысы міндетін ақаруға кіріскен болатын. Бүгінде Парламенттің бірлескен отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев ант беріп, ресми түрде Қазақстан Президенті қызметіне кірісті. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 1953 жылы, 17 мамырда, Алматы қаласында дүниеге келген. Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, саяси ғылымдар докторы, Қазақстан Республикасының бұрынғы премьер-министрі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы болып қызмет атқарған. 2019 жылдың 9 маусымында көптеген заңсыздықпен өткен сайлауда 71% дауыспен жеңді. 2020 жылы 15 наурызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустың таралуына байланысты Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Төтенше жағдай режимі 16 наурыз бен 11 мамыр аралығын қамтиды. 2020 жылы 16 наурызда Қ.Тоқаев Қазақстан халқына жолдаған үндеуінде әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету шаралары туралы арнайы Жарлыққа қол қойғаны жөнінде мәлімдеді. Аталған құжаттар биліктің және мемлекеттік органдардың ұтымды жұмыс істеуіне, қажетті шешімдерді жедел түрде қабылдауға мүмкіндік береді. Қ.Тоқаев "Мен үшін әр азаматтың өмірінен қымбат ештеңе жоқ." деп мәлім етті. Оның пайымдауынша, «халықсыз экономика болмайды», сондықтан азаматтардың денсаулығы - үкімет жұмысының басым бағыты болып табылады. Санаулы күндер бұрын ғана алғашқы кезекті Қазақстан Халқына Жолдауын жолдады. Оның қазақстандықтардың көңілінен шыққаны белгілі. Біз осындай ел еңсесін тіктеп, көш алдына салып, жетелей білетін көреген, үлгі тұтарлық тұлғалардың бар екенін мақтан етеміз! |