Главная страница
Навигация по странице:

  • Ұйымдастыру кезеңі: (Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі

  • Тиімділігі

  • Мақсаты

  • Саралау

  • Оқулықпен жұмыс. (Т) Постер қорғау.

  • Дескриптор: Жалпы – 3 балл.

  • Практикалық жұмыстар. (Ж) №1тапсырма

  • Дескриптор: Жалпы - 3 балл.

  • Мысалы Нәтиже

  • Мысалы Нәтиже Түсініктеме

  • Дескриптор: Жалпы -2 балл.

  • (Ұ) «Конверт - сұрақ» әдісі

  • Қысқамерзімді жоспар Сабақтың тақырыбы: 3.4. Арифметикалық өрнектердің жазылу ережелері №4-сабақ.

  • Бөлім: 3-бөлім. «рython тілінде программалау»

  • 3.4. Арифметикалық өрнектердің жазылу ережелері

  • Барлық оқушылар

  • ктп. 6 сынып 3 токсан. Программалар руды интеграцияланан ортасы интерфейсімен танысады. Кптеген оушылар


    Скачать 0.52 Mb.
    НазваниеПрограммалар руды интеграцияланан ортасы интерфейсімен танысады. Кптеген оушылар
    Дата02.05.2023
    Размер0.52 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла6 сынып 3 токсан.docx
    ТипПрограмма
    #1101776
    страница3 из 8
    1   2   3   4   5   6   7   8

    Сабақтың барысы:

    Сабақ кезеңі/Уақыты

    Педагогтің іс-әрекеті

    Оқушының іс-әрекеті

    Бағалау

    Ресурстар

    Сабақтың басы

    Қызығушылықты ояту

    7 мин.

    Ұйымдастыру кезеңі:

    (Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.

    Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

    Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

    Жаңа сабаққа кіріспе




    (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты  байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

    Өз ойымен бөліседі.

    Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

    (Ұ) «Конверт - сұрақ» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты  байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Сыныпқа төмендегі сұрақтар конвертте беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

    • Ақпараттың  ұсыну  түріне қарай қалай бөлінеді? Есіңе түсір (1-сурет).

    • Программалау тілінің командаларымен 1-суреттегі  ақпарат түрлерінің қайсысын  өңдеуге болады?

    • Математикада сандар осіндегі сандарды  қандай түрлерге  ажыратады (2-сурет). 

    • Айнымалы қабылдайтын мәдердің типі дегенді қалай түсінесің? (3-сурет)

    • рython  тілінде айнымалылар қабылдайтын деректерді қандай  түрлерге  жіктеуге болады?

    Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. 

    Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

    Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады. 

    ҚБ:: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.  

    Сабақтың ортасы

    Мағынаны ашу.

    31 мин.

    Оқулықпен жұмыс.

    (Т) Постер қорғау.  Оқулықтағы жаңа тақырып бойынша екі топқа тақырыпшалар бөліп беріледі. Әр топ өз тақырыбы бойынша топ ішінде ақылдасып, өз ойларын, нақты ақпаратты плакатқа түсіреді. Топтар арасында бір-біріне түсіндіру жұмыстары жүреді.

    1- топ: «Деректердің типі»

    2- топ:  «Айнымалылардың типі»


    Дескриптор:              Жалпы – 3 балл.

    • Оқулықтағы ақпаратпен танысады.

    • Топтық талқылау жүргізеді.

    •  Постер қорғайды. 

    5-сынып оқулығы

    Жұмыс дәптерлері





    Практикалық жұмыстар.
     (Ж) №1тапсырма: Берілген айнымалыларға type() функциясын қолдансаң  қандай деректер типін аласың?

    a=156.78; b=’ata’; c=True; ppp=’stl’; max=-25; min=False; h=0; res=’k’;

    r=100; tc=’True’;  maxs=’-25’; mins=’False12’; p=101.0; tes=’1500’;


    Дескриптор:              Жалпы - 3 балл.

    • Берілген айнымалыларға type() функциясын қолданады;

    • Деректер типін анықтайды.

    5-сынып оқулығы

    Жұмыс дәптерлері




    (Ж) №2 тапсырма: Ұзындық L миллиметрде берілген.  Берілген ұзындықты километр,  метр, сантиметр және миллиметрде өрнектейтін программа жаз. 




    Мысалы__Нәтиже'>Мысалы

    Нәтиже

    1012552

    1 km 12 m 5 cm52 mm

    Дескриптор:              Жалпы - 2 балл.

    - Берілген ұзындықты километрде өрнектейтін;

    - Берілген ұзындықты метрде өрнектейтін;

    - Берілген ұзындықты сантиметрде өрнектейтін;

    - Берілген ұзындықты миллиметрде өрнектейтін программа жазады.





    (Ж) №3 тапсырма: Екі таңбалы санның цифрларының қосындысы мен көбейтіндісін табатын программа құрастыр




    Мысалы

    Нәтиже

    Түсініктеме

    89

    17

    72

    8+9=17

    8*9=72

    Дескриптор: Жалпы -2 балл.

    • Екі таңбалы санның цифрларының қосындысын табады.

    • Екі санның цифрларының көбейтіндісін табады.

    • Программасын құрады.




    Сабақтың соңы

    Ой толғаныс.

    Рефлексия

    7 мин.



    (Ұ) «Конверт - сұрақ» әдісі арқылы оқушылар дайындалған сабақты бекіту сұрақтарына жауап береді.

    Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

    Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

    Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

    1. Деректердің типі туралы қандай мәліметтер білдің? 

    2. Программалау барысында сандық деректерді емес, айнымалыларды қолддану алгоритмнің қайсы қасиетімен байланысты де ойлайсың?

    3. 12 және 25 бүтін сандарынан 1258 санын құрастырудың ауызша алгоритмін қалай сипаттаған болар едің?

    4. float(input()) қолдауда  мақсат не?




    Мұғалім оқушыларды  «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

    Жақсы!

    Талпын!
    Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.




    Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? 

    Бағалау.  Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

    Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

    «Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».
    Саралау тапсырмаларды  іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

    «Мадақтау сөз» әдісі. 1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.

    Денсаулық сақтау технологиялары.

    Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

    Осы сабақта қолданылатын 

    Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

    Жалпы бағалау

    Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

    1:

    Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

    1: 

    Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені  анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

    1:

      2:


    Қысқамерзімді жоспар

    Сабақтың тақырыбы: 3.4. Арифметикалық өрнектердің жазылу ережелері

    4-сабақ.

    Бөлім: 

    3-бөлім.  «рython тілінде программалау» 

    Педагогтің аты-жөні:




    Күні:




    Сыныбы:

    Қатысушылар саны:                   Қатыспағандар саны:

    Сабақтың тақырыбы:

    3.4. Арифметикалық өрнектердің жазылу ережелері

    Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

    6.3.2.1  Рython тіліндегі сызықтық алгоритмдерді жазу;

    Сабақтың мақсаты:

    Барлық оқушылар:

    Рython тілінде арифметикалық амалдарды қолданып, өрнектерді  жазады.

    Көптеген  оқушылар:

    Рython  тілінде айнымалылар қабылдайтын деректердің түрлерін біледі.

    Кейбір оқушылар:

    Программалар құрастыру барысында деректердің түрлерін жіктейді.

    Құндылықтарға баулу:

    «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке  деген дағдысы қалыптасады.
    1   2   3   4   5   6   7   8


    написать администратору сайта