Бөлім:
| 3-бөлім. «рython тілінде программалау»
|
Педагогтің аты-жөні:
|
|
Күні:
|
|
Сыныбы:
| Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
| 3.7. Санды енгізу және шығару
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
| 6.3.2.1 Рython тіліндегі сызықтық алгоритмдерді жазу.
|
Сабақтың мақсаты:
| Барлық оқушылар:
input және print командалары программада атқаратын қызметін біледі.
Көптеген оқушылар:
Рython тіліндегі сызықтық алгоритмдерді жазуда функцияларды пайдаланады.
Кейбір оқушылар:
Рython тіліндегі сызықтық алгоритмдерді жазады.
|
Құндылықтарға баулу:
| «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.
|
Сабақ кезеңі/Уақыты
| Педагогтің іс-әрекеті
| Оқушының іс-әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
|
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.
| І.Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі қолданылады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
|
Жаңа сабаққа кіріспе
| (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
| Төменде берілген сұрақтарға ұжым болып талқылау жасайды.
- Күнделікті өмірдегі іс-әрекеттеріңнің бірін сызықты алгоритм ретінде қалай өрнектеген болар едің?
-Математикадағы сандар осімен программалаудағы деректер типінің өзара байланысын қалай сипаттайсың?
| Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
| ҚБ:
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
| Оқулықпен жұмыс:
(Т) «Айналмалы бекет» әдісі арқылы екі топқа оқулықтағы мәтінді топта оқып, талдап, келесі топпен ой бөлісу беріледі.
| 1-топ: prіnt ()
2-топ: input ()
| Дескриптор: Жалпы – 3 балл.
Оқулықтағы ақпаратпен танысады. Топ ішінде талқылау жүргізеді. Топтар арасында таныстыру жұмыстарымен жалғастырады.
| Оқулық,
жұмыс дәптері
ДК
|
| (Т) №1 тапсырма.
Практикалық тапсырмада input() және print() функцияларының қолдануына талдау жасай отырып, төмендегі өрнектерді орындау жолдарына программа құрастырыңдар:
| 1-топ:
1) 352*985*25*3
2-топ:
2) 362+1206+215554+6957+628
| Дескриптор: Жалпы - 4 балл.
input() және print() функцияларының қолдануына талдау жасайды. Берілген есептердегі өрнектердің орындау жолдарына программа құрастырады.
| Оқулық,
жұмыс дәптері
ДК
|
| Сызықтық программаларды құруға арналған тапсырмалар
(Т) 1-топ: №2 тапсырма.
Х сандар осінде Х1 және Х2 бүтін санды нүктелері берілген (1-сурет). Осы нүктелер арасындағы қашықтықты табатын программа құрастыр.
(Т) 2-топ: №3 тапсырма.
Х -тің мәні берілген деп, төмендегі өрнектін мәнін есепте.
Дескриптор: Жалпы - 3 балл.
-берілген тапсырманы дұрыс орындайды.
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
| «Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.
Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.
| «Еркін микрофон» әдісі арқылы төменде берілген сұрақтарға жауап береді.
input() функциясындағы әдістердің қандай маңызы бар? print() функциясында end=’\n’ әдісін қандай мақсатта қолданады? Программалау кезінде input() функциясын қолдану алгоритмнің қай қасиетін орындауға мүмкіндік туғызады? input() және print() функцияларының қандай негізгі айырмашылығы бар. ‘548+895+1000+5012’ жолынан сандарды ажыратып, оларды бір-біріне қосу үшін input() функциясы қалай жазылады?
| Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.
|
|
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?
| Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
|
«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу». Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.
| «Мадақтау сөз» әдісі. 1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.
| Денсаулық сақтау технологиялары.
Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.
Осы сабақта қолданылатын
Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.
|
Жалпы бағалау
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.
1:
2:
Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?
1:
2:
|
Бөлім:
| 3-бөлім. «Рython тілінде программалау» Сабақтың тақырыбы:
|
Педагогтің аты-жөні:
|
|
Күні:
|
|
Сыныбы:
| Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
| 3.8.Сызықтық алгоритмдерді программалау
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
| 6.3.2.1 Рython тіліндегі сызықтық алгоритмдерді жазу;
|
Сабақтың мақсаты:
| Барлық оқушылар:
Программа құрастыру үшін қандай білім мен дағды қажетті екенін біледі.
Көптеген оқушылар:
Сызықтық құрылымдағы программаны құру қадамдарын пайдаланып, мысалдар келтіреді.
Кейбір оқушылар:
Сызықтық алгоритмдерге программа жазады.
|
Құндылықтарға баулу:
| Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, қарым-қатынас жасау қабілеті, жауапкершілігі артады.
1. «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идея бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығы қалыптасады.
2. Ынтымақтастық: топтық жұмыс барысында жылулық қарым- қатынастар дамиды, ынтымақтастық дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады.
3. Академиялық адалдық: өзгелердің идеялары мен ойларын құрметтейді, яғни академиялық адалдық принциптерін сақтайды.
4. Өмір бойы оқу, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдысы қалыптасады.
|