Сабақтың кезеңі/уақыты
| Педагогтің әрекеті
| Оқушының әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
|
Сабақтың басы
(Ұ)
Ұйымдастыру кезеңі:
3 минут
| Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу
І. Қызығушылықты ояту:
Оқушылар бір-біріне тілек айтып жаңа сабаққа кіріседі.
|
Жаңа білім 7 минут
| Мағынаны ашу (білімді өзектендіру үшін)
Оқулықпен жұмыс істеу. «INSERT» әдісі
Берілген мәтінді «Түртіп алу» әдісімен оқып шығу
«V»
«Білемін»
| «-»
«мен үшін түсініксіз»
| «+»
«мен үшін жаңа ақпарат»
| «?»
«мені таңғалдырады»
| INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну - ынта-зейінді қажет ететін күрделі әрекет. Сондықтан да зейіні тұрақсыз оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өз пікірін өмірдегі жайттармен ұштастыра алмау кемшіліктері жиі кездеседі. Бұл орайда үйретуші мұғалім баланы дағдыландыруға күш салады. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.
Мақсаты: Оқылған мәліметті түртіп алу жүйесі бойынша таным түсінігін қалыптастырады.
Тиімділігі: Жаңа материалмен таныса отырып, түртіп алу жүйесімен мәлімет жинайды, саралайды, бағалайды.
Scratch-те кейіпкер (спрайт) мен көрініс фондарының дайын кітапханасы бар. Енді үйреніп бастағандар үшін кітапхананы пайдалану ыңғайлы. Егер қажет спрайт кітапханада болмаса оны қолмен салуға немесе интернеттен алуға болады.
Scratch программалау ортасында түрлі анимациялық қозғалыстар, мультфильмдер жасалады. Scratch-те спрайттың костюмі деген түсінік қолданылады. Әр спрайттың кем дегенде бір костюмі болады. Scratch-те кейіпкердің костюмін өзгерту арқылы қозғалысқа келтіреді және анимациялайды.
|
Жаңа білімді бекіту
20 минут
| Жеке жұмыс
Оқулықтағы Орында бөліміндегі 8 және 9 суреттердегі жобаны орындау
| 1-тапсырма
8-інші суреттегі жобаның орындалу сәті мен скриптіне (9-сурет) талдау жасаңдар.
1) Жобаға атау беріңдер.
Не себепті бұл
атауды таңдадыңдар?
Жоба қандай мақсатта, кімдерге арнап жасалған? 1 мен 5 аралығындағы сандарды ретімен ауыстыру үшін 9 суреттегі скриптке қандай өзгеріс жасау керек?
Дескриптор
-Жобаның орындалу сәті мен скриптіне талдау жасайды.
-Тапсырма орындау барысында берілген сұрақтарға жауап береді.
| Қалыптастырушы бағалау
«Стикерлер» әдісі арқылы бағалау
| Интерактивті
тақта
Компьютер
Оқулық
|
Сергіту сәті
2 минут
| Сергіту сәті
Көзге, қол, иыққа арналған жаттығу
|
|
|
|
8 минут
| Жеке жұмыс
2 тапсырма
Алдыңғы тапсырмаға ұқсас етіп жаңадан әріптерді танып жүрген балаға алфавиттің алғашқы 5 әріпін таныстыратын жоба құру
| Дескриптор
-Жобаның орындалу сәті мен скриптіне талдау жасайды.
| Қалыптастырушы бағалау
«Стикерлер» әдісі арқылы бағалау
| Интерактивті
тақта
Компьютер
Оқулық
|
Сабақтың соңы
5 мин.
Сабақты бекіту.
Рефлексия.
| ІІІ. Ой толғаныс. Рефлексия
Жеке жұмыс. «Жетістіктер баспалдағы» әдісі «Жетістіктер баспалдағы» әдісі оқушылардың қандай білім баспалдағында және өткен материалды меңгеруде қай баспалдақта тұрғандығын анықтайды. Баспалдақ тақтаға ілінеді (ватманда, қағаз парағында), балалар өздері орындаған жұмысты магниттермен немесе стикерлермен өздері қалаған баспалдаққа орналастырады. Не үшін ондай баға қойғандарын түсіндіреді.
| Қалыптастырушы бағалау
Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігі мен тапсырмаларды орындау деңгейіне қарай «Стикерлер» әдісі арқылы бағалайды.
Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.
|