І-бөлім
Программалау (ортақ тақырыптары: «Жабайы табиғат», «Жақсы» деген немене? «Жаман» деген немене?»)
| Мектеп:
|
Күні:
| Мұғалімнің аты-жөні: Хаметова А.М.
|
Пәні: Цифрлық сауаттылық
| Сынып: 3
| Қатысқандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
| Өміріміздегі қайталаулар
|
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
| 3. 4. 1. 1 қайталауды қолданатын алгоритмдер құрастыру (цикл);
|
Сабақтың мақсаты
| Барлығы: Қайталауды қолданатын алгоритмдер құрастыру
Көбісі: Қайталанатын алгоритмдерді көрсету
Кейбірі: Цикл алгоритімін программалауда қолдану
|
Бағалау критерийлері
| Қайталауды қолданатын алгоритмдер құрастырады
Қайталанатын алгоритмдерді көрсетеді
Цикл алгоритімін программалауда қолданады
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың кезеңі/ уақыт
| Педагогтің әрекеті
| Оқушының әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
|
Басы
5 минут
| Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім оқушылармен амандасады, сабаққа дайындығын қадағалайды, оқушыларды іскелік ырғаққа бейімдейді.
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме оқушылар! Біз бүгінгі сабағымызды бастаймыз. Сабақ тақырыбына жетелеу. Оқулық бойынша сабақ тақырыбын ашу
| Мұғаліммен амандасады. Жаңа сабаққа дайындалады.
|
| Оқулық, презентация
|
Негізгі бөлім
Тақырыпты ашу
10-15 мин
| Жаңа білімді меңгеру.
Цикл – белгілі бір құбылыс немесе іс-әрекеттердің тұрақты қайталануы.
Циклдік алгоритм – белгілі бір санда немесе көрсетілген шарт орындалғанша қайталанатын іс-әрекеттердің реті.
Цикл денесі – қайталанатын әрекеттер тізімі.
| Сұрақтарға жауап береді. Жаңа сабақты меңгереді.
|
| Презентация
|
Сабақтың ортасы
Тапсырмалар орындау
15-20 мин
| Топтық жұмыс.
«Бірлескен жұмыс дағдысын қалыптастыру» әдісі.
Сыныптастарды бағалау оқушылардан бірлесе жұмыс істей білуді талап етеді. Әрине, ОҮБның өзі бірлескен жұмысты білдіреді, сондықтан бірлескен жұмыс дағдысын айқын және анық қалыптастыру қажет. Ол үшін топпен бірлесе оқулықтағы тапсырманы орындайды.
| 1-тапсырма
«Көмір тасудың» сөзбен сипатталған циклдік алгоритміне блок-сызба құрастырыңдар. Блоксызбаны құрастыру үшін төмендегі суреттегі циклдік құрылымды қолданыңдар.
Дескриптор:
Cуреттегі циклдік құрылымды қолданады. Циклдік алгоритмге блоксызба құрастырады.
| Қалыптастырушы
бағалау
| Презентация, стикер
|
| Жұптық жұмыс
«Көршіңе
әңгімелеп бер» әдісі
Бұл әдіс оқушылар өз ойларын дауыстап айтып беру үшін пайдаланылады: - сұрақ қойыңыз,
ойластыруға уақыт беріңіз;
- одан кейін оқушылардан өз
ойларын көршілерімен бөлісуді сұраңыз.
| 2-тапсырма
Қанаттың үйіне әкелінген көмірдің салмағы 500кг, ал көмір таситын шелекке 10 кг көмір сыяды. Осы деректерді пайдаланып анықтаңдар:
«Көмір тасудың» циклдік алгоритмі (цикл денесі) неше рет жұмыс істейді? Ал 2 шелекпен тасылса ше?
Цикл саны анықталған «Көмір тасу» алгоритмінің блок-сызбасы қалай өзгереді?
Дескриптор
«Көмір тасудың» циклдік алгоритмі (цикл денесі) мен 2 шелекпен тасылса
неше рет жұмыс істейтінін анықтайды.
Цикл саны анықталған «Көмір тасу» алгоритмінің блок-сызбасын сызады.
| Қалыптастырушы бағалау
|
|
| Жеке жұмыс
«Еркін микрофон»
әдісі
Оқушылар өзіндік ой тұжырымдайды. 3-тапсырма бойынша берілген сұрақтарға өзінің жеке пікірін ұсынып, жауап береді.
| 3-тапсырма Ребустың жауабын тауып көр
| Қалыптастырушы
бағалау
|
|
Соңы
5 мин
|
|
|
|
|
Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
| Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Саралау іріктелген тапсырмалар, бар оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету жұмыстары.
| Тапсырманы толық дұрыс орындаған оқушыларды марапаттау
| Нұсқаулықпен жүргізіледі.
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
| Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі( оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады(оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|