Главная страница

Кейіпкердің костюмін өзгерту. Программалау орта таырыптарыМені Отаным азастан, Адами ндылытар


Скачать 328.5 Kb.
НазваниеПрограммалау орта таырыптарыМені Отаным азастан, Адами ндылытар
Дата14.03.2023
Размер328.5 Kb.
Формат файлаdoc
Имя файлаКейіпкердің костюмін өзгерту.doc
ТипПрограмма
#989926

«Бекітемін» Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.Мұратбайқызы

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы:

1-бөлім. Программалау

(ортақ тақырыптары:«Менің Отаным - Қазақстан», «Адами құндылықтар»)

Мектеп:

51 М.Қаратаев атындағы жалпы орта мектебі

Күні: 2/02/2023

Мұғалімнің аты-жөні: Кенжебекова Ләззат

Сыныбы: 6в

Қатысқандар:

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы

Кейіпкердің костюмін өзгерту

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.4.1.1 кірістірілген циклды жүзеге асыру;

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

Scratch программалау ортасында кірістірілген циклды жүзеге асыру жолдары арқылы кейіпкердің костюмін өзгерте алады.


Бағалау критерийлері

Scratch программалау ортасында кірістірілген циклды құруды үйренеді.


Тілдік мақсаттар


Пәндік лексика және терминология:

Костюм- Костюм-Suit,

Ауыстыру-Замена-Replacement

Диалогтар мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:

Елімізде тұратын қандай ұлт өкілдерін білесің?

Цикл дегеніміз не? Оның қандай түрлерін айта аласің?

Құндылықтарға баулу

1. “Мәңгілік ел” идеясы бойынша “Жалпыға бірдей еңбек қоғамы”, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі және Астана» құндылығы қалыптасады.

2. Ынтымақтастық: топтық жұмыс барысында жылулық қарым- қатынастар дамиды, ынтымақтастық дағдылары қалыптасады және сындарлы көзқарас дамиды, қарым-қатынастарды қалыптастыру кезінде сыни ойлау қабілеті дағдыланады.

3. Академиялық адалдық: өзгелердің идеялары мен ойларын құрметтейді, яғни академиялық адалдық принциптерін сақтайды.

4. Өмір бойы оқу, Қазастандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік дағдысы қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар

Ағылшын тілі, орыс тілі, сурет.

Алдыңғы білім

Айнымалылар

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар


Сабақтың басы
2 мин.

3 мин.

2 мин.


5 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, психологиялық ахуал туғызу.

«Гүлмен тілек» (сергіту және топқа біріктіру).

Мақсаты: Оқушылар гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің астына жазылған сөздер бойынша топқа біріктіріледі.

І – топ – «Scratch»

ІІ – топ – «Скрипт»
(Ұ) “Миға шабуыл” әдісі бойынша өткен тақырыптарды еске түсіру:

1. Елімізде тұратын қандай ұлт өкілдерін білесің?

2. Цикл дегеніміз не? Оның қандай түрлерін айта аласің?

3. Түрлі ұлт өкілдерінің өзіңе таныс салт дәстүрлері жайлы әңгімелеп бер (1-сурет).

4. Цикл көмегімен «Ұлттық костю-мдер көрсетілімі» жобасын қалай дайындауға болады?
Мақсаты: уақытты үнемді пайдалана отырып барлық оқушыларды бір мезетте проблеманы шешуге жұмылдыру.

Тиімділігі: Оқушылардың шығармашылық ойлауына, жаңа идея табуы мен оның шешімін іздеуіне түрткі жасайды

Саралау: уақытты тиімді пайдалана отырып, әр оқушы өз ақпараттарымен бөлісіп, тақырып материалын қайталау.

Бағалау: Оқушылар бір – бірінің жауаптарын интерактивді тақтадағы жауаптар арқылы “жауаптарға келісемін”,”жауаптарға келіспеймін”, ”ұсынысым бар” сөздері арқылы тексеріп «Бағдаршам» әдісімен топ ішінде бірін – бірі бағалайды.
(Ұ) Сөздікпен жұмыс:

Жаңа сабақта кездесетін сөздіктермен танысып, дәптерге жазып, ауызша қайталайды.

  • Костюм- Костюм-Suit,

  • Ауыстыру-Замена-Replacement


(Ж). Білу, түсіну «Жұптас, ойлан, бөліс» әдісі.

Мақсаты: Жұптаса, ынтымақтаса отырып, өз ойларын еркін, дәлелді түрде жеткізе білуге ықпал ету, жаңа білімді түсіну.

Оқулықтағы «Жаңа білім» бөліміндегі жаңа ақпаратты әр оқушыға оқуға нұсқау беремін.

Оқушылар оқып болған соң жұбымен талқылап бір-біріне түсіндіреді.

Бағалау: Оқушылар бір – бірінің жауаптарын оқулықтағы жауаптар арқылы “жауаптарға келісемін”,”жауаптарға келіспеймін”, ”ұсынысым бар” сөздері арқылы тексеріп «Бағдаршам» әдісімен жұптар бірін – бірі бағалайды.


Қағаздан жасалған ГҮЛ

АКТ, тақта

Жұмыс дәптерлері

Оқулық

Сабақтың ортасы
10 мин.

6 мин.

7 мин.


«Ортақ тұжырым» әдісі. Әр топ берілген тапсырма бойынша постер дайындайды, қорғайды.

Топтықжұмыс

Мақсаты: оқушыларды топтық жұмыс жасауға баулу, өз ойларын ашық жеткізе білуге үйренеді.

1-топ: Жобаны орындауға қажетті ұлттық костюмдердегі(киім) спрайттарды қалай дайындауға болады?.

2-топ: «Ұлттық костюмдар» жобасының скриптерін қалай құрастыруға болады?.
Топпен жұмыс нәтижесін “Бағдаршам” әдісі арқылы оқушылар өзара бағалайды.


Бағалау критерийі

Дескриптор

Қалыптастырушы бағалау

Топ мүшелері тапсырмасын өз деңгейінде қорғайды.

-Тапсырманы өз деңгейінде орындайды.

-Өз идеяларымен бөліседі.


“Бағдаршам” әдісі

Компьютермен жұмыс. Жеке жұмыс.

(Д). «Мен білемін» әдісі арқылы әр оқушыға жеке тапсырмалар беріледі.

Компьютерде орындауға практикалық тапсырма беріледі.

Тапсырма:

«Ұлттық костюмдер көрсетілімі» жобасы

Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Елімізде 100 ден аса ұлт өкілдері достық пен татулықта өмір сүруде. Scratch программалау ортасында еліміздегі ұлттардың ұлттық костюмдерінің көрестілімін Р рет қайталап көрсететін жобаны құрастыр (бұл жерде Р айнымалаы, мәндері: 1 мен 10 аралығында).


Бағалау критерийі

Дескриптор

Қалыптастырушы бағалау

Жобаны кірісірілген циклдар көмегімен орындайды.

-Жобаның фонына Қазақстан картасын орналастырады.


“Бағдаршам” әдісі


(Т) Компьютермен жұмыс.

Төмендегі циклдар жазылған скриптердің нәтижесінде экранда пайда болатын Z айнымалысының мәндерін тап.




Айнымалыны пайдаланып өздеріңе математикада таныс бір мысалға кірістірілген циклдарды қолдануға байланысты жобаның жоспарын ұсыныңдар. Жобаны орындауға қажетті фон, спрайттарды анықтаңдар

Бағалау: Оқушылар бір – бірінің жауаптарын интерактивді тақтадағы жауаптар арқылы тексеріп, «Бағдаршам» әдісімен топтар бірін – бірі бағалайды.


Бағалау критерийі

Дескриптор

Қалыптастырушы бағалау

Берілген тапсырманы толық орындай алады.

-1 тапсырманы орындайды

2-тапсырманы орындайды

3-тапсырманы орындай

“Бағдаршам” әдісі




Пакат, маркер,т.б.





АКТ







Сабақтың соңы
5 мин.


(Д) Рефлексия

«Еркін микрофон» әдісі арқыоы оқушылар төменде берілген сұрақтар бойынша өз ойларымен бөліседі.


  • Scratch программалау ортасында кірістірілген циклдердің қандай маңызы бар?

  • Кірістірілген циклдарды пайдаланып қандай жобалар құруға болады?


Мақсаты: қазіргі заманауи құралдардың үлгісінде жасалған, яғни микрофонның көмегімен жекелей оқушылардың сабақта алған білімдерін бақылау, талдау, жинақтау, бекіту үшін қолданамын.

Тиімділігі: Мұнда оқушы өз ойын еркін жеткізуге, сараланып айтуға мүмкіндік беріледі.

Бағалау: «Мадақ сөз» әдісі бойынша кері байланыс беру арқылы бағаланады.
Үй тапсырмасы:

«Кірістірілген циклдарды пайдаланып 1 мен 5 аралығындағы сандардың көбейтіндісін экранда көрсетеін жоба скриптін құрастыр».

Микрофон





Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау





Диалог және қолдау көрсету

Тапсырма

Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.


«Бағдаршам» әдісі

«Мадақ сөз» әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын:

“Гүлмен тілек” әдісі

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау
Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді (оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ кезінде, мен сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда неге назар аудару қажет?

1:

2:


написать администратору сайта