Главная страница
Навигация по странице:

  • І. Ұйымдастыру кезеңі: ІІ. Үй жұмысы

  • ІІІ. Жаңа сабақ

  • Ерекшелеу үшін керекті құралдар: Элиппистік етіп Тікбұрішті Түстер бойынша «ақылды» қайшылар

  • Сынып. Программаны негізгі пішімін жазыдар. ай жадайда оны олдануа болады


    Скачать 19.49 Kb.
    НазваниеПрограмманы негізгі пішімін жазыдар. ай жадайда оны олдануа болады
    Дата06.10.2021
    Размер19.49 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаСынып.docx
    ТипПрограмма
    #242140


    19 Сынып: 11 «А» Мерземі: 29.01.2020ж

    Сабақтың тақырыбы: Сурет салу және бояу.

    Сабақтың мақсаты:

    1. Растрлық кескінмен жұмыс жасаудың ерекшеліктерін таныстыру және олардың құрал- саймандарының басқа программаларға ұқсастығын айыру.

    2. Растрлық графика туралы ойларын дамыту.

    3. Оқушыларды жан- жақтылыққа, өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу.

    Сабақтың түрі: жаңа сабақ

    Сабақтың өту барысы:

    І. Ұйымдастыру кезеңі:

    ІІ. Үй жұмысы:

    1. Кескінді бейнелеу алгоритмін жазыңдар?

    2. Программаның «негізгі» пішімін жазыңдар. Қай жағдайда оны қолдануға болады?

    3. Растрлық кескіннің векторлық кескіннен айырмашылығын атаңдар.

    ІІІ. Жаңа сабақ

    Фотокескіндердің түстік гаммасын жақсарту, ашықтандыру немесе контрастылығын өзгерту қажет болған жағдайлар сирек кездеспейді.

    Кескіннің түстік гаммасын баптауды Түс мәзір тармағының бұйрықтары жүзеге асырады.

    Бұдан басқа, фотокескінді жақсарту үшін келесі мәзір тармағының бұйрықтарын қолдануға болады Сүзгілер- жақсарту. Мысалы, сүзгілер- жақсарту- қызыл көз эффектісін жою бұйрығын кескіннің жалған бояуын жоюға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ол үшін қажет ауданды ерекшелеп алып, оған Тондау бұйрығын қолдансақ болады.

    Онша сәтті шықпаған портретте жоғарыда қарастырылған бұйрықтарды қолдана отырып, көздің түсін өзгертуге, алдын ала фотосуреттің ашықтылығы мен контрастылығын баптап алып, қажеттіні қылқаламмен салып бітуге болады.

    Компьютерде тәжірибелік жұмыс

    Аймақтарды ерекшелеу

    Растрлық кескінмен жұмыс істеудің бірінші кезеңі нүктелер тобын, яғни, кескіннің үзіндісін ерекшелеуден тұрады. Аймақ ерекшеленгеннен кейін ғана онымен қандай да бір амалдар жасай аласыңдар: кішірейту немесе үлкейту, бұру, түсін өзгерту және т.с.с.

    Ерекшелеу үшін керекті құралдар:

    • Элиппистік етіп

    • Тікбұрішті

    • Түстер бойынша

    • «ақылды» қайшылар

    • Лассо

    • Сиқырлы таяқша

    • Алдыңғы планды

    Ерекшелеудің бірінші екі құралы бұл бізге өте таныс құралдар. Бұл- тікбұрышты аймақты ерекшелеу және эллипстік аймақты ерекшелеу. Олар дұрыс формадағы аймақты ерекшелеу қажет болғанда қолданылады. Кейбір аймақтыерекшелеу үшін лассоны пайдаланамыз. Біз растрлық кескіндер нүктелерден тұрамыз. Сондай кескіндерді ерекшлеу үшін бізге сиқырлы таяқша және түс бойынша ерекшелеу құралдарын

    Әр түстің ұқсастық межелерін өздерің берулеріңе болады. Сиқырлы таяқша өткір жиектері бар аймақтарды ерекшелеуге жарайды. Кескін терезесіндегі қандай да бір түстің реңін шертіңдер. Сонда тек бір- біріне түс бойынша жақын пиксельдерде ғана ерекшелеу болады.

    ІҮ. Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:

    1. Кескіннің ерекшеленген аймағымен қандай іс- әрекет істеуге болады

    2. Кескіннің бір түсті пиксельдерін ерекшеленген аймаққа бөлетін құралды атаңдар?

    3. Сиқырлы таяқша және Түс бойынша ерекшелеу құралдарының айырмашылығы неде?

    4. Қай жағдайда Алдыңғы планды ерекшелеуді қолданған жөн?

    Ү. Үйге тапсырма:

    ҮІ. Оқушыларды бағалау

    Практикалық сабақ. Практикалық сабақ тақырыбы: «Күннің батуы» Өлшемі  640x200px. болатын жаңа бейне терезесін ашамыз. Негізгі түске #ff6c00, а фонаға - #ffc662 түсін береміз.  «Градиент»  құралын пайдаланып,  Ctrl пернесін басып тұрып жоғарыдан төмен жүргіземіз. Жаңа қабатты құрып, оған «Перекрытие» режиміне қоямыз. Құрал саймандар терезесінен «Эллиптическое выделение» құралын алып,  төмендегі суреттегідей эллипс саламыз. Эллипс ішіне ақ түсті құямыз. Белгілеуді алып тастаймыз  (Выделение — Снять). Қабатқа  Гауссово размывание командасының көмегімен шаю жұмысын жүргіземіз мәні 100px. (Фильтры — Размывание — Гауссово размывание) Күн жасаймыз. Жаңа қабат құрамыз.  «Эллиптическое выделение»  құралымен ( Shift пернесін басып тұрып) шеңбер жасаймыз. Шеңбердің ішін ақ түспен бояймыз да, белгілеуді алып тастаймыз. Қабатқа  Гауссово размывание командасының көмегімен шаю жұмысын жүргіземіз мәні 50 px. (Фильтры — Размывание — Гауссово размывание) Бейнеге шөптер саламыз.Жаңа қабат құрамыз. Астына  «Circle Fuzzy (17)»  кистпенен  масштабын 7 қылып, түзу жүргіземіз.   My_Grass_Brushes_by_Archeleron.abr.  қылқаламын  пайдаланып , ағаш, шөптер және т.б бейнелерді түсіруге болады. Шыққан суреттегі түстерді өзгертуге де болады.   GIMP графикалық редакторының мүмкіндіктері  пайдаланушының қиялына шектеу қойылмайды. ІV. Үйге тапсырама. Тарауды қайталау V. Бекіту. Оқушыларды бағалау.  VI.Сабақты қортындылау. Растрлық бейне қандай бейнелерді қамтиды? Кезкелген сурет, фотосуреттер растрлық бейнені білдіреді. Растрлық редактор ескі суреттің сапасын жақсартады, ұсақ кемшіліктерді жояды, ақ – қара түсті бейнені түрлі түсті суретке айналдырады, цифрлық суреттерді өңдейді. Сізге қандай растрлық бейнелерді өңдейтін бағдарламалар белгілі? Paint, Photoshop, Gimp Gimp бағдарламасының интерфейсін сипаттаңыз? Бағдарлама іске қосылғаннан кейін экранда екі терезе орналасады: бас құралдар тақтасы және бейнелер терезесі. Құралдар тақтасындағы құралдарды атаңыз? Қарандаш, қылқалам, аэрограф, қалам, тегіс құю, градиент, өшіргіш, штамп, емдік қылқалам, шайып кету – ашықтық, саусақ, ағарту – қарайту. Қандай командалар арқылы бейненің жалпы түстік гаммасын жақсартуға болады? Бейненің түстік гаммасын баптау үшін Түс мәзірінің командасы көмектеседі. Түсті автоматты түрде баптау командасы Түс (Цвет) Авто мәзірінде орналасқан. Түстік баланс – түстік деңгейлерді баптауға мүмкіндік береді. Контраст – ашықтық – бейненің ашықтығы мен қанықтығын баптау. Тонерлеу (тонирование), Табалдырық (Порог), Қисықтар (Кривые), Постеризация, Өңсіздендіру (Обесцвечивать) командалары көбінесе фотосуреттің арнайы эффектілеріне арналған Контраст деген не? Оны қалай баптауға болады? Контраст – ашықтық – бейненің ашықтығы мен қанықтығын баптау. Барлық ерекшелеу құралын атаңыз. Сиқырлы таяқша, лассо, сопақ ерекшелеу, тікбұрышты ерекшелеу, Алдыңғы жақты ерекшелеу, «Ақылды қайшылар», Түс бойынша ерекшелеу Трансформация құралдары қызметі? Трансформация құралдары арқылы бейне немесе ерекшеленген аймақтың пішінін өзгертуге болады. 1. Айналдыру құралы. 2. Масштабтау. 3.Қисаю. 4.келешекті өзгерту. Қабат деген не? Қабаттар – бір – біріне беттеске бейнелер. Қабаттар бейненің жеке элементтерінің бір біріне тәуелсіз редакциялау мүмкіндігін береді. Басқа қабатта орналасқан обьектілерді қозғамай кез келген қабаттың ішіндегісін өзгерте  және орын ауыстыра аламыз


    написать администратору сайта