Главная страница
Навигация по странице:

  • Сабақтардағы тәртіп ережелері

  • Оқу процессінің ұйымдастырылуы

  • Көтермелеу

  • Практикалық сабақтарды жіберген кездегі сабақты өтеу критерийлері

  • Емтиханға жібермеу критерийлері және т. б.

  • Айыппұл санкциялары

  • 2. Пәннің мақсаты

  • 3. Оқытудың соңғы нәтижелері

  • 4. Пререквизиттер

  • Постреквизиттер

  • 5. Сабақ жоспары

  • Пән

  • Оның ішінде

  • ВП ОМ каз. Пропедевтикасы кафедрасы


    Скачать 32.63 Kb.
    НазваниеПропедевтикасы кафедрасы
    Дата06.10.2021
    Размер32.63 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаВП ОМ каз.docx
    ТипДокументы
    #242153
    страница2 из 4
    1   2   3   4
    Сыртқы келбеті:

    -клиникалық бөлімшеде киімнің түрі мен формасы сақталады: ұзын тырнақтар және ашық макияж, хош иістің болуына жол берілмейді; халат, ұзын шаш жиналады; ауа райына қарамастан ауыстырылатын аяқ киім (бахилалар мен сланцтерге жол берілмейді), маска (әрбір сабақта);

    - сыртқы түріне (тырнақ, шаш, хош иіс, макияж) қойылатын талаптарды сақтамайтын, ауысымды аяқ киімсіз және/немесе маскасыз (Маска режимін жариялаған кезде) студенттер практикалық сабаққа жіберілмейді, тиісті деканатқа рапорт беріледі. Сабақтарды өтеуге студент жіберілмейді;

    • Сабақтардағы тәртіп ережелері:

    - аудиториялық сабақтардың барлық түрлеріне қатысу міндетті;

    - практикалық сабақтар (күндізгі және қашықтықтан) қатаң кесте бойынша басталады;

    - сабаққа 25 минуттан артық кешігу сабақты өткізіп жіберу ретінде есептеледі.

    - әр сабақта өзіңізбен бірге дәптер, қалам болуы керек;

    - студенттер ЖМКА жертөлесіндегі киім шешетін бөлмеде заттар мен тәртіптің сақталуына жауап береді, ол үшін әрбір топ киім шешетін бөлмеде кезекшіні практикалық сабақ уақытына қалдырады. Киім шешетін бөлмеде тағайындалған кезекші болмаған жағдайда практикалық сабақ есептелмейді;

    • Оқу процессінің ұйымдастырылуы:

    - кафедра оқу процесін ұйымдастырады, оны өткізу формасын және оқу кестесінің сапасын жетілдіреді.

    - кафедра клиникалық базамен тығыз байланыста жұмыс істейді және тақырыптық науқастармен практикалық сабақтарын қамтамасыз етеді;

    - кафедра ПДО-мен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді және практикалық дағдыларды меңгеруді әдістемелік қамтамасыз етеді;

    - ТС-ның бағасы бастапқы бақылаудан( тест, сұрақтар ) сабақ уақытында көрсеткен белсенділігінен және қорытынды бақылаудан ( тесттер, сұрақтар, есептер ) құралады.

    - ОБӨЖ оқу уақытында орындалады, ағымдағы бақылауды бағалауға кіреді, студенттің өз бетінше практикалық дағдыларды дамыту түрінде өткізіледі, қажет болған жағдайда оқытушы кеңес береді және практикалық сабақта бірге бағалайды.

    - БӨЖ оқудан тыс уақытта студенттің таңдауы бойынша кез келген уақытта орындалады, АБ және аралық бақылау кезінде бағаланады, практикалық дағдыларды өтеу түрінде жүргізіледі.

    - Аралық бақылау мереке күндерімен сәйкес келген жағдайда, оны өткізу

    өткен аптада академиялық күнтізбеге сәйкес жоспарланған

    - қызметкерлер мен студенттердің ҒЗЖ жүзеге асыру үшін жағдай жасайды;

    - аралық бақылау жүргізіледі:

    • күндізгі оқу кезінде-билеттер бойынша ауызша сұрау және/немесе ситуациялық есепті шешу және/немесе аудиториялық уақытта практикалық дағдыларды бағалау түрінде.

    • қашықтықтан оқыту кезінде-клиникалық міндеттерді шешу және/немесе меңгерілген практикалық дағдылары бар бейнероликтерді түсіру түрінде;

    • күндізгі оқу кезінде ОСКЭ түрінде (кафедрада немесе ПДО-да бір кезеңді);

    • қашықтықтан оқыту кезінде - клиникалық міндеттерді шешу және / немесе Moodle және Platonus платформаларында меңгерген практикалық дағдыларын көрсететін бейнеролик түсіру.

    • Барлық пән бойынша қорытынды баға: 60% РД және 40% аралық бақылау (электронды журнал автоматты түрде есептейді);

    • Көтермелеу:

    Кафедра студенттердің ғылыми жұмыстарға, халықаралық конференцияларға, бағдарламаларға, жобаларға жәнет.ббелсендіқатысуыжағдай жасап,қатысуына ықпалетеді.

    • Практикалық сабақтарды жіберген кездегі сабақты өтеу критерийлері,:

    - Дәлелсіз себептермен өткізіпалынған сабақтар өтелмейді. Тиісті құжаттармен (іссапар, науқастануы бойынша, жарыстарғ ақатысужәне т. б.) расталған дәлелді себеппен қалыпқойған сабақтар деканаттың рұқсатымен аралық бақылауға дейін пысықталады( М. Оспанов атындағы БҚМУ академиялық саясаты 2020 ж)

    • Емтиханға жібермеу критерийлері және т. б.

    - Емтиханға жіберу рейтингі 50 %-ден төмен студенттер жіберілмейді.

    • Айыппұл санкциялары:

    Академиялық адалдыққа ғидаларын бұзғаны, Ар – намыс Кодексінің тармақтарын бұзғаны үшін студент кафедра отырысында -М.Оспанов атындағы БҚМУ академиялық саясаты мен академиялық адалдық саясатынасәйкес айыппұл шараларын қарастырады.



    1. Кіріспе

    Мамандыққа кіріспе – пән алғаш рет студентті практикалық денсаулық сақтау ұйымының, емдеу мекемесі жұмысын ұйымдастырумен, олардың санитарлық эпидемияға қарсы тәртібін қамтамасыз ету, науқастың күтімі және бақылауын жүргізетін білімдерімен және әдістерімен таныстырады.

    2. Пәннің мақсаты:

    Емдеу-профилактикалық үдерісті ұйымдастыру және кәсіби медициналық ортада медициналық қызметкерлер жұмысын атқару жағдайлары туралы пікір қалыптастыру; мейірбикелік үдерісті ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру және мейірбикелік үдерісті орындау.

    3. Оқытудың соңғы нәтижелері:

    Қалыптастырылатын құзырлылық (дублин дескрипторы)

    Пән бойынша оқытудың соңғы нәтижелері

    Білу және түсіну


    - Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауындағы негізгі

    басты бағыттарды;

    - емдеу мекемелері түрлері және олардың қызметін ұйымдастыру

    негіздері;

    - емдеу мекмелерінде санитарлық-эпидемиологиялық кестені

    қамтамасыз ету ережелері;

    - науқастар күтімінің негізгі ережелері;

    - пациенттер мен медицина қызметкерлері қарым-қатынас

    ережелері;

    - жанұяның медициналық көмекке қажеттілігін анықтау

    ережелері;

    - мейірбикелік істі ұйымдастырудың теориялық негіздерін білу;

    -орта буынды медициналық қыметкерлердің жұмысын

    ұйымдастыру негіздерін білу;

    -емдек мекемелерінің түріне байланысты орта буынды медицина қызметкерлерінің еңбек ету ерекшеліктерін білу.

    Білім мен түсінікті қолдану


    - бөлмелерді, шаруашылық заттарды санитарлық тазартудан

    өткізу;

    - ауруларды санитарлық тазартудан өткізу;

    - аураларды тасымалдау;

    - ауруларды, оның ішінде ауыр сыратты адамдарды

    тамақтандыру;

    - аурулардың функциональды жағдайын бағалау (термометрия,

    пульсті, тыныс қимылдарын санау, қан қысымын өлшеу,

    диурезді бақылау);

    - ауыр сырқаттарды, оның ішінде қызулап жатқан науқастарды

    күту, науқас денесінің ойылуын алдын алу;

    - пероральды қабылданатын дәрілерді үлестіру және оларды

    науқастардың қабылдауын бақылау;

    - кейде науқас жағдайына мониторинг жүргізу;

    - дәрілік заттарды парентеральды жолмен (тері астына, бұлшық

    етке, көк тамырға тамшылатып не бірден) енгізуді игеру;

    - алғашқы жүрек-өкпе реанимациясы шараларын игеру.

    Өзіндік пікірлерін қалыптастыруы

    - мониторинг барыснда, мейірбикелік шараларды орындау кезінде пациенттің кейбір қажеттіліктерін таба білу.

    Коммуникативті қабілеттіліктер

    - пациентпен қарым-қатынаста базалық коммуникативті дағдыларын қолдану.

    Оқыту дағдылары не оқуға қабілеттілігі

    - практикалық сабақтарға дайындалу үшін және БӨЖ тапсырма-

    ларын орындау үшін қолжетімді барлық ақпарат көздерін тиімді

    пайдалану;

    - өз қызметі нәтижелерін тиімді көрсете білу (мәнжазбалар, эссе,

    презентация және басқ.).


    4. Пререквизиттер: морфология мен физиология негіздері (қалыпты анатомия, қалыпты физиология, гистология негіздері), мінез құлық ғылымдары.

    Постреквизиттер: ішкі аурулар пропедевтикасы, жалпы хирургия, «Қаупсіз күтім» (науқастарға күтім) ОТ.
    5. Сабақ жоспары

    Пән

    Кредит-тер саны

    Сағат-

    тар

    Оның ішінде

    Бақылау түрі

    Д/ПС

    БӨЖ

    ОБӨЖ

    Мамандыққа кіріспе

    3

    90

    0/30

    30

    30

    ОҚКЕ

    емтихан
    1   2   3   4


    написать администратору сайта