ситуац задачи психиатрия каз. ситуационные задачи 5. Психиатрия 1
Скачать 28.5 Kb.
|
ПСИХИАТРИЯ 1. Ауыр жұқпалы аурумен науқастанған 30 жасар ер адамда, улану нәтижесінде, кеңістік пен уақыт бойынша бағдары бұзылды. Кешкі уақытқа қарай үрей, мазасыздық күшейе түседі, науқастың жүріс-тұрысына әсер ететін сахна тәрізді галлюцинациялар ағыны байқалады Ұйықтамайды, мазасыз, медициналық персоналдың үнемі бақылауын қажет етеді. Күндізгі уақытта жүріс-тұрысы түзеледі, бірақ кешке қарай қайта мазасызданады. 1. Негізгі симптом 2. Дәрігердің тактикасы ПСИХИАТРИЯ 2. 27 жастағы ер адамда иісті газбен уланғаннан кейін фиксациялық және ретроградты амнезия түріндегі ес бұзылысының формасы анықталды. Науқас естен шығарған жағдайларды жалған ойлармен толтырып, болмаған жағдайларды еске алады және әңгімелесу кезінде болып жатқан оқиғаны бұрмалап, уақытына немесе болған жеріне сәйкес емес қылып айтады. Бұл бұзылыс нейропатиямен бірге жүреді. 1. Негізгі симптом 2. Дәрігердің тактикасы ПСИХИАТРИЯ 3. 30 жастағы ер адамда даулы жағдайдан кейін қарқынды қозғалыстық және вазо-вегетативті көріністермен, сананың күрт тарылуымен, артынан күңгірттенуімен, автоматты әлеуметтік қауіпті әрекеттер сипатын алған жүріс-тұрыс мақсаттылығының жоғалуымен эмоциональді реакция дамыды. Аталған реакция шамамен жарты сағатқа созылып, терең ұйқымен аяқталды. Оянғаннан кейін қозу кезеңінің толық амнезиясы бақыланды. 1. Негізгі симптом 2. Дәрігердің тактикасы |