Главная страница

сит задач. Психопатологиялы синдромдарды немесе симптомды крсетііз


Скачать 21.82 Kb.
НазваниеПсихопатологиялы синдромдарды немесе симптомды крсетііз
Дата30.11.2020
Размер21.82 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файласит задач.docx
ТипДокументы
#155457

1. 45 жастағы әйел кісі, ұзақ жылдан бері қант диабетімен ауырады. Жолдасы қайтыс болғаннан соң 1 жылдан кейін дәрігерге көрінуге келген. Шағымдары: тез шаршайды, есте сақтау қабілеті нашарлаған, басы айналады, ашушаң, жұмысқа қабілеті төмендеген.

Сұрақтар.

  1. Психопатологиялық синдромдарды немесе симптомды көрсетіңіз

  2. Нозологиялық диагноз құрастырыңыз

  3. Тексеру әдісін және интерпретациясынтлабораториялық мәліметтерді негіздеңіз

  4. Емдеу тактикасын таңдаңыз, терапиялық тағайындамаларыңызды негіздеңіз

  5. Болжамын анықтаңыз және еңбек қабілетін бағалаңыз

2.Науқас ішімдікті пайдаланғанына 5 жыл болған. Өзін спиттік ішідіктен тыю кезінде, көңіл күйінің төмендеуі,ішімдікке қатты құмарту сезімі пайда болады.”Қанығу” дәрежесіне жету үшін ол ішімдіктің ең үлкен дозаларын талап етеді,компанияларда ішімдікті қолданудың бастамасы болып табылады.Ішімдікті қабылдауды жиілете отырып, тосттарды өзі айтуға құмартады.Алдыңғы отырыста болған оқиғаларды жиі ұмытады.

Сұрақтар.

  1. Психопатологиялық синдромдарды немесе симптомды көрсетіңіз

  2. Нозологиялық диагноз құрастырыңыз

  3. Тексеру әдісін және интерпретациясынтлабораториялық мәліметтерді негіздеңіз

  4. Емдеу тактикасын таңдаңыз, терапиялық тағайындамаларыңызды негіздеңіз

  5. Болжамын анықтаңыз және еңбек қабілетін бағалаңыз

3. 25 жастағы науқас әйел психиатрға келген. 1 ай бұрын анасы жүрек ауруынан қайтыс болған. Туыстары психикалық сырқаттармен ауырмаған. Шағымдары: көңіл-күйі төмен, ашушаң, ұйқысы бұзылған, бұрын жасап жүрген жұмыстарын орындай алмайды, зейіні төмендеген.

Сұрақтар.

  1. Психопатологиялық синдромдарды немесе симптомды көрсетіңіз

  2. Нозологиялық диагноз құрастырыңыз

  3. Тексеру әдісін және интерпретациясынтлабораториялық мәліметтерді негіздеңіз

  4. Емдеу тактикасын таңдаңыз, терапиялық тағайындамаларыңызды негіздеңіз

  5. Болжамын анықтаңыз және еңбек қабілетін бағалаңыз

4. Науқас Ф, 72 жаста. Әкесі алкоголь сусындарын жиі пайдаланған. Анасы қарттық шағында деменция белгілерімен қайтыс болған. Өмір анамнезі ерекшеліксіз. Қазіргі ауруы мезглінен бұрын қартаюдан, жұмысқа қабілетінің жоғалуынан,көру нашарлауынан,есту төмендеуінен басталған. Тітіркенгіш, жылауық, күйгелек болып кеткен. Нақты сеебепсіз айғайлап, төбелеседі. Есте сақтауы төмендеген,ұрлау сандырағы пайда болған. Апта күндерін,соңғы күндердегі оқиғаларды шатастырады. Кейіннен жан жағына бағдары нашарлай бастайды, өзін ауылда жүргендей сезінеді, жас кезіндегі құрбыларын іздей бастайды. Бөлімдегі науқастар мен қызметкерлерді өзінің туысқандары ретінде қабылдаған. Күйгелек, көп сөйлегіш, ақкөңіл. Бұрынғы жасай алған іс-әрекеттері жайлы, үй шаруасы, жасөспірімдік кезеңі жайлы нақты әңгімелерге белсенді кіріседі. Жиі қызметкерлерді,науқастарды өзінің киімдерін,заттарын ұрлағандары туралы кінәләйді. Заттарын матрац астына,киімінің астына тығып қояды. Қоқыстарды: үй шаруасына керек болады деген оймен түсіндіріп жинайды. Өзіне қызмет ете алмайды. Салақ. Мазасыз, тынымсыз. Қазіргі кездегі жағдайдарға қарағанда, өткен оқиғаларға есте сақтауы жақсы. Соматикалық жағдайы: кәрілік белгілер анық байқалады: сирек ақ шаштар, тісі жоқ, терісінің барлығына әжім түскен, құрғақ, әлсіз, жұқарған. Жүрек шекаралары ұлғайған, тондары тұйық. Екі өкпеде эмфизематозды тыныс. Неврологиялық статус. Көз қарашықтарының жарыққа әлсіз реакциясы, терілік және сіңірлік рефлекстертер төмендеген, терінің трофикалық өзгерістері.

Сұрақтар.

  1. Психопатологиялық синдромдарды немесе симптомды көрсетіңіз

  2. Нозологиялық диагноз құрастырыңыз

  3. Тексеру әдісін және интерпретациясынтлабораториялық мәліметтерді негіздеңіз

  4. Емдеу тактикасын таңдаңыз, терапиялық тағайындамаларыңызды негіздеңіз

  5. Болжамын анықтаңыз және еңбек қабілетін бағалаңыз

5. Науқас С., 30 жаста. Психиатриялық ауруханаға туғаннан кеиін түсті. Науқас жүдеу, бозарған, еріндері құрғақ, куйген. Психикалық жағдайы аздап өзгерген. Науқас қозған, төсекте аунай береді, өзінің киімдерін лақтырады, әр түрлі сексуальды позада тұрады. Бет әлпеті үрейлі, бос, назары кездейсоқ заттарға түседі. «сендер менің баламды алып қойдыңдар...Ұят...Сендер Ванямен тұрғыларың келеді, бірақ Құдаймен тұру керек,..Мен Құдай емес шайтанмын.. Сендер бәрің естеріңнен адасқансыңдар.. Менде тежелу..Аминазин, сосын магазинге..» т.с.с. Бөлімшедегі науқастың сөздерінен жоғарыдан немесе төменнен естілетін туысқандарының дауысын, айқайын, баланың жылағанын еститінін түсінуге болады. Көңіл күйі құбылмалы: терең депрессиядан эйфориялық қуануға дейін. Сонымен қатар тез ашуланады, көзіңді ойып аламын деп қорқытады. Қозу жағдайы кенеттен терең прострацияға ауысады. Науқас үнсіз, әлсіз, басын жастыққа қояды. Мұңмен және түсінбестікпен жан жағына қарайды. Осы уакытта науқаспен контактке түсуге болады. Қойылған жай сұрақтарға жауап ала аласыз. Науқас өзінің қайда тұрғанын білмейді, бүгінгі күнді, айды айта алмайды, жыл мезгілін шатастырады, өзі және отбасы туралы дұрыс ақпарат бермейді. Қысқа уакыттық әңгімелесуде тез шаршайды және сұрақтарға жауап беруді тоқтатады.

Сұрақтар

1.Психопатологиялық синдромдарды немесе симптомды көрсетіңіз.

2.Нозологиялық диагноз құрастырыңыз.

3.Тексеру әдісін және интерпретациясын лабораториялық мәліметтерді негіздеңіз.

4.Емдеу тактикасын таңдаңыз,терапиялық тағайындамаларыңызды негіздеңіз.

5.Болжамын анықтаңыз және еңбек қабілетін бағалаңыз.

6. Науқас Р., 21 жаста. 1-ші топтағы мүгедек. Көптеген жылдар бойы, үздіксіз дерлік психиатриялық стационарда. Бөлімшеде мүлдем пассивті, көп уақытын босқа өткізеді, орындықта отырып бір нүктеге қарап отырады. Бет әлпеті түтіккен, бей жай, аузы жартылай ашық. Кейде басқа науқастардың шақыруымен шахмат ойнауға отырады. Бірақ қызығушылықсыз, ойнайды, барлық уақытта жеңіледі, тұрып өз орнына кетіп қалады. Ұқыпсыз, өзінің сырт келбетіне қарамайды, медбикенің айтуымен ғана жуынып, киінеді. Анасымен кездесуге құлшыныссыз шығады. Амандаспай, сөмкесіне қолын салып, әкелген тамағын алады және басын изеп палатасына кетіп қалады. Тамақты сараңдықпен және көп жейді, қышқылды, тәттіні-ащыны бәрін бірге жейді. Бір күні науқас психиатрия бойынша лекцияға студенттер үшін алынды. Аудиторияға толық енжарсыз(безразличия) кірді, айналаға қарамай отырды. Сұрақтарға зауықсыз(неохотно), бірыңғай, жан-жағына қарап жауап берді.

Мұнда пациентпен әңгімеден үлгі алынған.

Профессор: өзіңізді қалай сезінесіз? Сізді бір нәрсе мазалай ма?

Науқас: жоқ, ештеңе. Менің денім сау.

Профессор: Онда неге сіз ауруханадасыз?

Науқас: білмеймін... емдеу аяқталған жоқ.

Профессор: егер деніңіз сау болса, қандай ем туралы айтып отырсыз?

Науқас үндемейді, сұраққа жауап бермейді.

Профессор: мен сіздің бірнеше жыл бұрын 3-ші этаждың терезесінен секіріп аяғыңызды сындырып алғаныңызды естідім. Оны неге жасадыңыз?

Науқас: жай...соны қаладым.

Профессор: сіз көптеген жылдар бойы ауруханада жатырсыз. Сіздің үйге қайтып бір нәрсемен айналысқыңыз келмей ме?

Науқас: жоқ келмейді... Мен осында қалам.

Сұрақтар

1.Психопатологиялық синдромдарды немесе симптомды көрсетіңіз.

2.Нозологиялық диагноз құрастырыңыз.

3.Тексеру әдісін және интерпретациясын лабораториялық мәліметтерді негіздеңіз.

4.Емдеу тактикасын таңдаңыз,терапиялық тағайындамаларыңызды негіздеңіз.

5.Болжамын анықтаңыз және еңбек қабілетін бағалаңыз.
7. Науқас Б., 23 жаста. Математика пәнінің мұғалімі. Дәрігерге мына шағымдармен: оймен жасалатын жұмыста күшейетін, периодты түрде басының ауыруына, үнемі шаршағыштыққа, әлсіздікке шағымданып келді. Әдеттегі жұмыстар үлкен кернеулікті, рухани және дене күшін талап етеді. Таңертең төсектен тұру, жұмысқа кірісу қиындады. Кітап оқуға отырады, бірақ бр бетін оқып болған соң ойының бәрі басқа жақта екенін, тек сөйлемдерді көзбен оқып жатқанын түсінеді. Күннің екінші жартысында басы тыныққан секілді болады, бірақ кешке қарай өзін әлсіз сезінеді. Соңғы уақытта тітіркенгіш болды, әдеттегі ұстамдылығын жоғалтты. Сабақ барысында оқушыға айғайлады, содан кейін іштей өкініп, ұзақ уақыт бойы сабыр сақтай алмай, бұл іс әректінің мүмкін деген жағымсыз жақтарын ойлады. Үйде барлық нәрсе ашуына тиеді, радионың дауысы, тіпті 5 жасар қызының шулағаны да. Бір кездері қызын ұрып жіберген, сосын өкініп қызынан кешірім сұраған. Тіпті киімінің денесіне тигені де тітіркендіреді. «Өзімді үстіме бір нәрсе мініп алғандай сезінемін». Дәрігермен әңгімелесу кезінде науқас қобалжулы, бетін қызыл дақ басады, даусы дірілдейді, көзіне жас толады. Ұялып, қобалжығанын жасырғысы келеді. Болашақтағы емге писсимисттік көзқараспен қарайды.

Сұрақтар

1.Психопатологиялық синдромдарды немесе симптомды көрсетіңіз.

2.Нозологиялық диагноз құрастырыңыз.

3.Тексеру әдісін және интерпретациясын лабораториялық мәліметтерді негіздеңіз.

4.Емдеу тактикасын таңдаңыз,терапиялық тағайындамаларыңызды негіздеңіз.

5.Болжамын анықтаңыз және еңбек қабілетін бағалаңыз.
8. Науқас К 33жаста,. Цех мастері. Сырқаты жұмысындағы мәселеге байланысты пайда болды. Әр түрлі инстанцияға өзінің әріптестері үстінен шағым жазады. Оларда «антимемлекеттік саясат» деп аморальды мінез құлық деп кінәлады. Өзінің әйелі некеге дейін компания директорымен байланыста болған деп ой туындады. Оның директорға сөзі өтетіні сондай ол шет елдегі сапарларға қызметкерлерді жіберуге, барлық мәселелерді шеше алады деп ойлады. Басқа уақытша жұмысқа ауыстырылған қызметкерлерді өтініші бойынша қайта жұмысқа алғанын есіне алады. Жұмыс уақтысында тексеру кезінде директор қасына жақындап, қолын қысты. Науқастың айтуы бойынша бұның бәрі директордың әйелімен байланысты екнін білдіреді деді. Директор қылмысы ашылып қалад ма деп науқасты жұмыстан шығарғысы келеді. Оның бұйрығы бойынша қызметкерлер науқастың жұмыстан шығуы керек екендігін айтады, көршілері науқастың әйелімен әңгімесін жазып алып, директорға алып барады, емдеуші дәрігеріне әдейі дұрыс емес ақпарат береді және с.с. Науқастың ойының бәрі «аңду». Кез келген әңгіме өзінің қорғанысы үшін қандай шара қолданғанына, қайда жазғанына алып келеді. Күресті жалғастырмақшы ойда.

Сұрақтар

1.Психопатологиялық синдромдарды немесе симптомды көрсетіңіз.

2.Нозологиялық диагноз құрастырыңыз.

3.Тексеру әдісін және интерпретациясын лабораториялық мәліметтерді негіздеңіз.

4.Емдеу тактикасын таңдаңыз,терапиялық тағайындамаларыңызды негіздеңіз.

5.Болжамын анықтаңыз және еңбек қабілетін бағалаңыз.

9. Науқас Е.И., 54 жаста, психикалық аурулармен тұқымқуалаушылық ауырлығы анықталмаған. Ауылда туылған, мектепке дейінгі кезеңін өте бұлыңғыр есіне алады. Мектепке 7 жасында барған. Оқуға ешқандай қызуғушылық болмаған. Мінез – құлқы салмақты, аз араласатын болған, бос кезінде үй шаруасымен айналысқанды жақсы көрген. 20 жасында Мәскеуге көшіп келген, машинистка болып жұмысқа орналасқан. Тұрмысқа шыққан. Некеден ұл мен қызы бар. Мінез – құлқы бойынша сол салмақты, томаға күйінде қалған, үй шаруасымен, күйеуі мен балаларын күтіп бағуды ұнатқан. 1965 жылы (науқас 46 жаста) қатты жақсы көрген ағасының өлімінен кейін науқастың көңіл – күйі бірден төмендеп, еш нәрсе істей алмай қалған, ұйқысы бұзылған, қорқыныш сезімі пайда болған, төсінің артында ауырлық сезімі пайда болған, тәбеті төмендеп, бір айдың ішінде 5 кг-ға азып кеткен. Көңіл – күйінің тәуліктік тербелісі байқалып, таңертеңгі мезгілде өзін аса нашар сезінген. Сол кезде психиатрға алғаш рет көрініп, психиатриялық ауруханада 45 күн емделген. Ауруханадан шығар кезеңінде көңіл – күйі толық тұрақталды, ұйқысы жақсарды, тәбеті дұрысталып, қорқыныш сезімі жойылып, төс артындағы ауырлық сезімі басылған. Ауруханадан шыққанан кейін қызметіне оралып, көңіл – күйі қалпына келді. Күйеуі мен балаларына қамқор болып, уақытының көп бөлігін үй шаруасына бөлген. Кейіннен 2 – 3 жылда бір рет түрлі психиатриялық ауруханаларда көңіл – күйінің төмендеуі, қорқыныш сезімінің пайда болуы, ұйқысы мен тәбетінің нашарлауына байланысты жатып ем қабылдап тұрған. Стационарда орташа болу мерзімі 1,5 – 2 ай. 15 жылдық бақылауда науқас тұлғасында ешқандай өзгеріс байқалмаған. Профессиональды міндеттерін дұрыс атқарып, үй шаруасымен жеңіл айналысқан, әрдайым күйеуі мен балаларына қамқор болып жүрген. Өзінің сырқатына сын көзқарас толық. Көңіл – күйінің қашан төмендеп басталғанын анық атап береді. «Дерт» кезеңдері мен «сауығу» кезеңдерін анық айыра біледі.

Сырқатының соңғы ұстамасы ешқандай себепсіз дамыған. Немқұрайдылық, селқостық, суицидальды ойлар пайда болған.

Ауруханаға жеткізген кезіндегі психикалық күйі: орын мен уақыт бойынша бағдары дұрыс, бет-әлпеті мұңлы, қимылы мен сөйлеуі баяулаған, кеуде тұсындағы ауырлық пен қысымға шағымданады. Науқас ағасының қайтыс болғанына өзін кінәлімін деп есептейді, оның өлімінің алдын-алғанымда бұлай болмас еді дейді. Өлім жазасына тартылуым керек деп мәлімдейді. «Жақындарына туыстық сезімін» жоғалттым деп өзін кінәлайды. Тамақты мәжбүрлеумен ішеді.

Сұрақтар

1.Психопатологиялық синдромдарды немесе симптомды көрсетіңіз.

2.Нозологиялық диагноз құрастырыңыз.

3.Тексеру әдісін және интерпретациясын лабораториялық мәліметтерді негіздеңіз.

4.Емдеу тактикасын таңдаңыз,терапиялық тағайындамаларыңызды негіздеңіз.

5.Болжамын анықтаңыз және еңбек қабілетін бағалаңыз.

10. Науқас П., 28 жаста, слесарь. Алғашқы жүктіліктен дүниеге келген. Өз жасына сай дамып, өскен. Балалық шағында балалар инфекциясымен ауырған. Психикалық аурулармен тұқымқуалаушылық ауырлығы жоқ. Әкесі мінезі бойынша жұмсақ, анасы-ұялшақ, көңілшең, ренжігіш. Науқас мінезі бойынша педант, ұқыпты, қарым-қатынаста ашық, бір істен екінші іске ауысуы қиын. Мектепке 7 жасында барған, жақсы оқыған. Сабақ кезінде өзінің шешімдерінің дұрыстығына күмәнді болған. 10-сыныпты бітіріп, слесарь болып жұмысқа орналасқан. Жұмысына жоғары жауапкершілікпен қараған. Кезекті жиналыста цех бастығы, жұмысқа деген жауапсыздық нәтижесінде көрші цехта төтенше оқиға болғанын айтқан. Артынан ол адамдардың қатаң жаза алатындығын айтқан. Жұмыстан кейін науқаста, станокты сөндірдім бе жоқ па деген сезікті ой пайда болады. Үйіне жете бере, ол станокты тексеру үшін, жұмысқа қайта оралуға мәжбүр болған. Осындай ойлар күнде қайталанып отырған, ол онымен күресуге тырысқан, бірақ нәтижесіз. Кей уақыттарда аса тітіркенгіштік, ашушаңдық танытқан.

Стацианарға түскенде науқаста аздап үрейшілдік байқалды. Жұмыс орны, жанұясы туралы көп күйзеліп, ойланады. Науқас өзінің істеген істерінің дұрыстығына үнемі күмәнданатындығына, одан арыла алмайтындығына шағымданады. Өз күмәнінің негізсіздігін біле тұра бірнеше рет оларды тексеруге мәжбүр екендігін айтады. Науқас өз күйіне сын көзқараспен қарайды, оның қажу жағдайына байланысты екендігін түсінеді. Дәрілік және психотерапиялық емнен кейін жағдайы жақсарды. Жұмысына шығарылды.

Сұрақтар

1.Психопатологиялық синдромдарды немесе симптомды көрсетіңіз.

2.Нозологиялық диагноз құрастырыңыз.

3.Тексеру әдісін және интерпретациясын лабораториялық мәліметтерді негіздеңіз.

4.Емдеу тактикасын таңдаңыз,терапиялық тағайындамаларыңызды негіздеңіз.

5.Болжамын анықтаңыз және еңбек қабілетін бағалаңыз.


написать администратору сайта