Главная страница
Навигация по странице:

  • Псориаздың негізгі түрлері

  • Диагностикасы

  • Псориаз. Псориаз реферат. Псориаз Псориаз


    Скачать 0.51 Mb.
    НазваниеПсориаз Псориаз
    АнкорПсориаз
    Дата28.02.2023
    Размер0.51 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаПсориаз реферат.docx
    ТипДокументы
    #960907

    Псориаз

    Псориаз дегеніміз жынысына және жасына байланысты емес ауруларға жатады, ол әлем халқының 2-ден 4% -на дейін әсер етеді. Ауру кез-келген жаста пайда болуы мүмкін, бірақ 70% жағдайда ол 15-25 жаста көрінеді. Сондықтан псориаз жас ауруы деп аталады. Қабыршақты лишай-терінің, тырнақтардың және буындардың созылмалы ауруы, тері қабаттарында мономорфтық бөртпенің пайда болуымен сипатталады. Бөртпе-күміс-ақ түсті қабыршақпен жабылған үлкен қызғылт-қызыл құтыға бірігуге бейім түрлі көлемдегі жазық папулалар.



    Клиникасы: жедел басталады, теріде тарының дәніндей немесе одан да кішірек түйіншектер шығады. Алғашқыда олар қызыл түсті болады да тез арада бетінде ақ қабыршақтар пайда болады. Бірте-бірте үлкейіп табақшаға айналады. Бір-бірімен қосылып, қатпарлы табақша түзеді. Табықшалар шетіне қарай өсіп, ортасы жұқара бастайды да шетінде қызыл жиек көрінеді. Түйіншектің ортасында пигментті дақ пайда болады, біраз уақыттан соң жоғалады. Түйіншектің бетін тырнау арқылы псориазға тән «псориаздық үштік» феноменін көруге болады. Түйіншектің бетін тырнағанда алдымен «стеаринді дақ» белгісі көрінеді. Қабыршақтың майдаланып көбеюуін гиперкератоз дейміз. Оны әрі қарай тырнағанда астында «терминальды үлдір» (пленка) белгісін көруге болады. Үлдірді алып тастасақ астында жеке-жеке қан тамырын көреміз. Оны «Қан шығы» дейміз. Ол қылтамырлардың жарылу нәтижесінде пайда болады. Аурудың дамуы әр түрлі бастаумен сипатталады: ауру бірнеше папуланың пайда болуынан науқас үшін іс жүзінде байқаусыз басталуы мүмкін, ал бөртпенің тері жағынан тез таралуы мүмкін. Аурудың ағымы жыл мезгілімен байланысты: көбінесе " қысқы " түрі жылдың суық мезгілінде, сирек - "жазда" кездеседі. Сондай-ақ, кейде аралас түрі бар, оның асқынуы жылдың кез келген уақытында пайда болады.



    Себептері: Сіз псориазды біреуден жұқтырып ала алмайсыз және айналаңызға жұқтыра алмайсыз. Псориаз тұқымқуалау арқылы беріледі. Дәрігерлер аутоиммунды ретінде санайды. Иммундық жүйе қателесіп, ағзаның сау тіндерін бұзып қабынуын шақырады. Терінің қалыпты жасушалары терінің терең қабатында өсіп бір ай ішінде оның беткейіне көтеріледі. Псориазда бұл үрдіс өте тез жүреді. Өлген жасушалар терінің беткейінде жинақталады. Төменде көрсетілген факторлар псориаздың асқынуына немесе емінің қиындауына алып келеді:

    • Бактериалді немесе вирусты инфекция, соның ішінде жоғарғы тыныс жолдарының жіне тамақтың стрептококкты инфекциямен қабынуы

    • Құрғақ ауа және құрғақ тері

    • Тері зақымдануы соның ішінде кесіп алу, күйік, жәндіктердің шағып алу

    • Кейбір дәрілік препараттар, малярияға қарсы, бета-блокаторлар, литий препараттары

    • Стресс

    • Күн сәулесі әсерінің жеткіліксіздігі

    • Күн сәулесінің әсеріне ұшырау (күн өту)

    • Алкоголді шектен тыс пайдалану



    Псориаздың негізгі түрлері:

    • Эпидермалық- көп аймақты алып жатқан терінің өте интенсивті қызаруы;

    • Тамшытәріздес- теріде қызыл-күлгін дақтардың болуы

    • Төңерілген –терінің қызаруы және тітіркенуі қолтық асты шұңқырында орналасады. Тері қатпарларында және шап аймағында

    • Қабыршақтанған- қалыңдаған, қызыл аймақ , ақшыл-жылтыр қабыршақтармен. Бұл псориаздың ең көп таралған түрі.

    • Пустулезді-ақ күлбіреулер, терінің қызарған және тітіркенген аймақтарымен қоршалған.


    Диагностикасы: Дәрігер немесе медбике жиі жағдайда теріге қарау арқылы диагностикалай алады. Кейде терінің басқа да ауруларын жоққа шығару үшін терінің биопсиясы жасалады. Егер сізді буын аймағындағы ауырсыну мазаласа дәрігер сізге рентген зерттеуін тағайындауы мүмкін.
    Емі: Ауруды бақылау және инфекцияның алдын алу емдеу мақсаты болып табылады. Емнің қолжетімді түрлеріне жатады:

    • Теріге арналған лосьон, май, крем және шампунь. Бұл жергілікті ем деп аталады.

    • Иммундық жүйенің жұмысын жақсартатын емдік препараттар. Бұл жүйелік емдеу деп аталады.

    • Фототерапия псориазды емдеу үшін жарықты пайдалану.




    ЖЕРГІЛІКТІ (ТОПИЯЛЫҚ ЕМ)

    Көптеген жағдайда псориаз тікелей теріге немесе басқа жағылатын дәрілермен емделеді. Оларға жатады:

    • Құрамында кортизоны бар май немесе мазь;

    • Құрамында тас көмір шайыры немесе антралин бар мазь немесе май;

    • Қабыршақтануды азайтатын крем (әдетте салицил немесе сүт қышқылымен)

    • Қайызғаққа арналған шампунь

    • Ылғалдандырғыш заттар

    • Құрамында А немесе Д витаминдері бар емдік препараттар (ретиноидтар)  

    ЖҮЙЕЛІК (КОМПЛЕКСТІ) ЕМ

    • Ауыр псориаз кезінде дәрігер сізге иммунды жүйенің дұрыс емес жұмысын басатын препараттар тағайындайды. Бұл препараттарға метотрексат немесе циклоспорин жатады. Сонымен қатар ацитретин сияқты ретиноидтар тағайындауы мүмкін.

    • Егер бұл емдеу тәсілдерінің біреуі әсер етпесе, жаңа пбиопрепарат деп аталатын препараттарды тағайындайды.

    Псориазды емдеуге арналған биологиялық препараттарға жатады:

    • Адалимумаб (Хумира)

    • Этанерцепт (Энбрел)

    • Инфликсимаб (Ремикейд)

    • Стелара


    ФОТОТЕРАПИЯ

    Кейбір адамдар фототерапияны жақсырақ емдеу тәсілі ретінде санауы мүмкін.

    • Фототерапия- бұл сіздің теріңізді ультракүлгін сәуле көмегімен мұқият жарықтандыратын медициналық емдеу тәсілі

    • Фототерапия өздігінен немесе сіздің теріңізді жарыққа сезімтал ететін дәрілік препараттарды қабылдағаннан кейін жүргізілуі мүмкін

    • Псориазды емдеу үшін ультракүлгін сәулелердің А (УК А) және В (УК В) типі қолданылуы мүмкін






    написать администратору сайта