|
тарих. микро. Q, яни жаа келген фирмалар салада алады
Ұзақ мерзімді тепе-теңдік орнату ерекшелігі: ұзақ мерзімді кезеңде фирма өндірістің барлық факторларын өзгерте алады немесе ол өндірістен кетеді. Ұзақ мерзімді кезеңде тұрақты шығындар болмағандықтан, тек қана «орташа шығындар» деген түсінік пайдаланады. ). Өнімге деген нарық сұранысы өсті дейік, бұл сұраныс қисық сызығын D орнынан D1 ауыстырады, ал тепе-теңдік бағасы. Р-ДАН – Р1 дейін өседі. Әр фирманың ұсынысы q1 дейін өседі, ал нарық ұсынысы – Q1 дейін. Р1 бағасы ең аз орташа ұзақ мерзімді LRACmin шығындарынан асып түседі де, бұл фирманың экономикалық пайданы алуын білдіреді. Осының арқасында салаға жаңа фирмалар тартылып, нарық сұранысы өсе түседі. Нарық сұранысы S2 деңгейге жетті дейік, оның нәтижесінде нарық бағасының LRACmin төмен Р2 деңгейге түседі. Онда өндіріс шығынды (залалды) болып, фирмалар нарықтан кете бастайды. Бұнын салдарынан баға қайта өсіп, ұсыныс та S3 деңгейге өседі. Осындай нарықтық тепе-теңдікте саладағы кез келген фирманың пайдасы дұрыс болады: п = (Р – LRACmin)Q = 0 тепе-теңдік q шығару жағдайында. Экономикалық пайданың жоғы саланы басқаларға қарағанда, тартымсыз қылады, демек, жаңа фирмалар оған кірмейді, ал ондағы фирмалар тастамайды. (Q3> Q, яғни жаңа келген фирмалар салада қалады).
LRMC
P LRAC S1
S3
P1 S2
P
P2
D D1
q q1 Q Q1 Q3
70сурет.Ұзақ мерзімді тепе-теңдік моделі (үлгісі)
Сонымен, ұзақ мерзімді тепе-теңдік қалыптасады, яғни фирмалар ең аз ұзақ мерзімді орташа шығындармен өндіріп, экономикалық пайда алмайды (түсірмейді).
Экономикалық пайда – валдық (жалпы) табыс пен экономикалық шығындар араларындағы айырма. Сонымен, экономикалық пайда бухгалтерлік пайдадан баламалы (көзге көрінбейтін) шығындар сомасына айырмашылығы бар. Мысалы, барлық саладағы фирмалар бірдей пайда алады дейік. Бұл фирмалардың нөлдік (нормалары кәдімгі) экономикалық пайдасы бар. Осындай пайданың арқасында фирма өндірісін өсіріп, инвестицияларды алып, шығындарын жабады, яғни дұрыс қызмет жасайды. Егер бағалардың күрт өсуіне байланысты пайданың деңгейі жоғарылап кетсе, фирма экономикалық пайда алуын көрсет
25. Жетілдірілмеген бәсеке нарығының шарттары. Оның барлық түрлерін сипаттау жетілдірілмеген бәсеке нарығының басты шарттары:
1) сатушылар немесе өндірушілер саны аз
2) нарыққа кіру немесе нарықтан шығу үшін кедергілер болады. . Кедергілердің түрі: патенттер, белгілі бір тауарға ұсыныстың жекеменшікте болуы, табиғи монополия ауқымынан үнемдеу.
3)Әрбір фирма нарықтағы бағаға әсер ете алады
4)Тауарлар дифференциялданған (сараланған) және стандартты болуы мүмкін
Поможем написать работу на аналогичную тему Реферат
Зақ мерзімді кезеңдегі бәсекелік фирманың тепе-теңдігін талдау. Экономикалық пайданың ролі
От 250 руб Контрольная работа
Зақ мерзімді кезеңдегі бәсекелік фирманың тепе-теңдігін талдау. Экономикалық пайданың ролі
От 250 руб Курсовая
Зақ мерзімді кезеңдегі бәсекелік фирманың тепе-теңдігін талдау. Экономикалық пайданың ролі
От 700 руб
Получить выполненную работу или консультацию специалиста по вашему учебному проекту
Узнать стоимость
Жетілдірілмеген бәсеке нарығының түрлері:
1)Монополия. Монополия д/з бір сатушының тауар нарығына жақын ауыстырушысы жоқ жеткізуші болып табылатын нарықтық жүйе, ол өзінің тауарының бағасына әсер ете алады, нарыққа жол жабық, ал сатушылар бағаны берілген деп қабылдайды.
2) монопсония. Сатып алушы монополиясы – монопсония – мұнда монополиялық билік сатып алушының қолында шоғырланады. Бірақ бұл билікті ол монополистен өзгеше пайдаланады, монополист қымбаттау сатуға тырысады, ал монопсонист – арзандау сатып алуға. Бұл монополияның монопсониядан жалғыз айырмашылығы. Монопсония мысалы – жергілікті еңбек нарығы, онда еңбекті сатып алатын жалғыз жұмыс беруші – фирма қызмет жасайды.
3)дуополия. Дуополия — белгілі тауарлардың тек екі жеткізушісі болатын нарықтық құрылым. Бұл ардың арасында баға туралы, тауарды өткізетін нарық туралы, өндірістік квота туралы келісім мүлде болмайды. Дуополия — Бұл олигополияның ең жабайы түрі. Билатералдық монополия (екі жақты монополия) — тауардың жалғыз жеткізушісі мен жалғыз (бірлескен) тұтынушысы сайыста болатын нарықтық құрылым. Бұл ар бір-бірімен қарама қарсылық сайыста болады. мұндай нарық электр қуатын, су мен газды қолданғанда пайда болады.
4) олигополия. Олигополия — Бұл да нарық құрылымының типі. Бұнда бірнеше ірі фирмалар өнімнің басым көп бөлігінің өндірісі мен сатуын монополиялап алады және бір-бірімен көбінесе бағалық емес бәсекеде болады. Олигополия жағдайында нарықтың үш түрі болуы мүмкін.
• бірсалалық сауда — өнеркәсіптік фирма әрекет ететін нарықтық құрылым;
• ешқандай келісіммен байланысты емес, бір-бірімен бәсекелес бірнеше ірі жеткізушілер болатын нарықтық құрылым;
• өндірістік өзара байланыстар егжей-тегжей мамандандыру түрінде болатын, "өндірістік пирамида" типтес корпорациялардың бірнеше топтары үстемдік ететін нарық, эдетте "олигополия" деген термин өте ірі әртараптандырылған корпорадиялар әрекет ететін нарықты сипаттау үшін қолданылады.
26. Монополия нарығында монополистің пайдасын максимизациялау шарты. Монопольді билікті өлшеу Табыс максималды болғанда шығару көлемінде шектік табыс шектік шығынға тең болғанда фирманың табысы П=TR-TC. Q өндіріс көлемінің функциясы болып табылады. Ол максимумға жетуі үшін оның туындысын айналдыру керек: П’=TR’-TC’=0. TR’=MR болғандықтан, TC’=MC, мұнда монополистің максимум шарты шығады: MR=MC. Демек, Q* өндіріс көлемі мынадай болу керек, фирманың шектік табысы оның шектік шығынына тең. Q* нүктесінде MR мен MC қисықтары қиылысуы керек. Q0, және Q дің Q* дейін өскен кезде П табысы көбейеді. Ал өндіріс көлемінде MR шектік табысы MC шектік шығындардан төмен. Демек, П’=MR-MC<0, және Q-дің Q*-ге дейін азайғандығында П табысы өседі. 8.3-сурет. Монополистің пайдасын арттыру . Монопольді билік- монополисттің өзінің тауарына бағасын орнату мүмкіндігі және сатылатын тауар көлемін өзгерту мүмкіндігі. Жоғары монопольді билік дәрежесі – жоғары пайдаға кепіл бола алмайды. Монопольді билік дәрежесі – монополия тауарының алмастырғышының болуына тәуелді. Монопольдік биліктіЛернер коэффиценті анықтайды. Лернердің монополиялық билік индексі – мына формула бойынша анықталады: IL = (PM – MC)/PM = 1/ED,
мұнда IL – Лернер индексі
РМ – монополиялық баға
МС – шекті шығындар
ED – сұраныстың бағалық икемділігі
Нағыз бәсекелес жағдайларында Р = МС болғандықтан, Лернер индексі бәсекелес фирма үшін 0 тең. Монополия жағдайларында Р>МС, Лернер индексі 0-ден – 1дейін аралықта жағымды сан болып келеді. Оның мағынасы неғұрлым 1-ге жақын, фирма соғұрлым көптеу монополиялық билікке ие. Тәжірибеде шекті шығындар шамасын есептеу оңай емес, сондықтан олардың орнына көбінесе орташа шығындарды пайдаланады, Лернер индексінің түрі келесідей көрінеді:
IL = (PM – АC)/PM
Бөлшектің алымы мен бөлгішін Q көбейтіп, алымында пайданы, бөлгішінде (валдық) жалпы табысты аламыз: IL = П/ТR. Демек, фирманың жоғары пайдасы, Лернер индексіне сәйкес, монополиялық билігі барының көрсеткіші.
27. Монополияның қоғамдық шығындары. Табиғи монополиялар. Монополияны мемлекеттік реттеу Монополияның қоғамдық шығындары – қоғамның пікірі бойынша монополияның өмір сүруінің (болуының) жағымсыз салдары немесе нарықтың монополиялық құрылымы нәтижесіндегі қоғамдық әл-ауқаттың төмендеуі. Оларға жатады: «өлі салмақ» шығындары, Харбергер үшбұрыштары мен х – нәтижесіздігі. Монополия жағдайында нағыз бәсекелестікпен салыстырғанда, тұтынушылар жоғарылау баға бойынша өнімнің аз көлемін алады. Өндірістің аз көлемі дегеніміз оған қатысатын өндіріс факторларының аз саны. Ресурстарды жартылай пайдалану салдарынан қоғам көтерген шығындар «өлі салмақ» шығындары деп аталады. Олар ММ1 Е көлеміне сәйкес (72 сурет). Жоғарылау бағаның екінші салдары – тұтынушы артығының қысқаруы (азаюы), ол РмАМ1 үшбұрышпен көрсетілген. Алайда, өндіруші артығы, керісінше, өседі – ол РмМ1, ММ1, МС қисық сызығы мен координат өсі араларындағы фигураға сәйкес. Бұл көлемдер Харбергер үшбұрыштары деп аталады. Американдық экономист А. Харбергер олардың көмегімен монополияның қоғамдық шығындарын бағалауға тырысты. Тұтастай алғанда, Харбергер үшбұрыштардың өмір сүру (бар болу) идеясынан, «өлі салмақ» шығындарынан сияқты келесі түйін шығаруға болады: бағаның монополиялық белгілеу механизмі, Парето бойынша, тепе-теңдікті бұзып, қоғамдық әл-ауқатты төмендетеді. Монополия жағдайларында нәтижеліліктің төмендеуі мына себептерден болады: бәсекелес күштердің қысымы (әсері) жоқтығынан монополистің технологияны жетілдіруге, өнімнің сапасын көтеруге ынтасы төмендейді. Х. Лейбенстайн жасаған бұл болжау Х – нәтижесіздік деп аталады. Оны Й. Шумпетер жартылай жақтады. Шумпетердің дәлелі бойынша, монополия жағдайларында өндірісті жетілдіру және өнімді жақсарту үдерістері жалғаса береді, егер бәсекелес заңы әрекетте болса, монополистің жоғары пайдасы көптеген қаражатты дамуға жіберуіне мүмкіндік береді, бірақ Х – нәтижесіздік монополияның көптеген жағдайларында өзін көрсетеді. Барлық жоғарыда айтылғандар нарықтық (монополиялық) биліктің салдары болып табылатыны мәлім, яғни сатушының (немесе сатып алушының, егер монопсония жөнінде айтылса) нарық бағасына ықпал жасау, әсер ету қабілеттілігі. Оны өлшеу үшін келесі көрсеткіштер қолданады:
1. Лернердің монополиялық билік индексі – мына формула бойынша анықталады: IL = (PM – MC)/PM = 1/ED,
мұнда IL – Лернер индексі
РМ – монополиялық баға
МС – шекті шығындар
ED – сұраныстың бағалық икемділігі
Нағыз бәсекелес жағдайларында Р = МС болғандықтан, Лернер индексі бәсекелес фирма үшін 0 тең. Монополия жағдайларында Р>МС, Лернер индексі 0-ден – 1дейін аралықта жағымды сан болып келеді. Оның мағынасы неғұрлым 1-ге жақын, фирма соғұрлым көптеу монополиялық билікке ие. Тәжірибеде шекті шығындар шамасын есептеу оңай емес, сондықтан олардың орнына көбінесе орташа шығындарды пайдаланады, Лернер индексінің түрі келесідей көрінеді:
IL = (PM – АC)/PM
Бөлшектің алымы мен бөлгішін Q көбейтіп, алымында пайданы, бөлгішінде (валдық) жалпы табысты аламыз: IL = П/ТR. Демек, фирманың жоғары пайдасы, Лернер индексіне сәйкес, монополиялық билігі барының көрсеткіші.
2. Херфиндаль – Хиршман индексі – нарықта қызмет жасайтын барлық фирмалардың нарықтық үлесін көрсетуге мүмкіндік беретін нарықтық шоғырлануының көрсеткіші. Сондықтан Херфиндаль – Хиршман индексі олигополистік нарықты талдау үшін қолданады. Ол әр фирма сатуларының үлестер төртбұрыштары сомасы ретінде есептеледі:
IHH = q12 +q22 +q32 + … +qn2 = ∑qi2 , мұнда qi – фирманың сату үлесі пайыздық білінуінде. Индекстің мағынасы неғұрлым көп, нарықтағы шоғырлану соғұрлым жоғары және фирмалардың нарықтық үлестерінің таратылуы (үлестіруі) соғұрлым бірдей болмайды. Егер нарық монополиялық болса, Херфиндаль – Хиршман индексі 10000 тең, өйткені q1= 100. егер нарықта 100 фирма болса, IHH = 100. Херфиндаль – Хиршман индексі монополияға қарсы саясаттағы тәжірибеде кең қолданады. АҚШ 1000 жетпейтін индекс шоғырланбаған деп есептеледі, 1800 жуық – орташа шоғырланған, 1800 астам – жоғары монополияланған.
3. Джини коэффициенті – фирмалардың пайыздық санына келетін нарықтың пайыздық үлесін көрсетеді де мына формула бойынша анықталады:
G = D/N, мұнда D – нарық көлемінің кумулятивті пайызы
N – нарықтағы фирмалар санының кумулятивті пайызы.
Егер Джини коэффициенті 0 тең болса, нарықтағы барлық фирмалардың үлестері бірдей, Джини коэффициенті 1 тең болса, нарықта 1 фирма ғана бар. Коэффициент 1-ге неғұрлым жақын, нарықтағы шоғырлану соғұрлым жоғары.
Монополиялардың мемлекеттік реттеуінің мақсаты: монополияның жағымсыз жақтарын шектеу, атап айтқанда – көтеріңкі бағалар мен өндірістің төмен көлемін. Ол заң және экономикалық шаралар арқылы іске асырылады.
Заң шараларына жатады: бағалар мен нарықты бөлу туралы заңнамалық тиым салу, бірігу (қосуларды бақылау, тұтыну қызмет көрсетулер жиынтығын реттеу).
Экономикалық шаралар – бағалар мен пайдалардың реттеуі: тура (бағаның жоғары және төмен шегін және пайданың шекті деңгейін реттеу) және жанама (салық салу). Енді бағаның жоғарғы шегін белгілеу ахуалын қарайық. Оның мақсаты: төменірек баға бойынша өндіріс көлемінің өсуі. Әдетте бұл шара табиғи монополия қызметтеріне қатысты. Мемлекет белгілеген баға, бір жағынан, фирмаға шығындарының жабуын қамтамасыз етіп, екіншіден, монополиялық пайдаға қол жеткізбеуін қадағалау. Монополистің ең алғашқы тепе-теңдігі РМ баға мен QМ санға сәйкес келеді (74 сурет).
P
MC
PM MR
P1
PK
D
QM Q1 QK Q
74 сурет.«Бағаның жоғарғы шегін» белгілеу
«Бағаның жоғарғы шегін» Р1 деңгейінде белгілеген соң, фирма – монополист монополиялық баға бойынша сату мүмкіндігі болмай, өзі нағыз бәсекелес сияқты өндіріс көлемін Q1 дейін өсіреді. Сонымен мемлекеттік реттеу мақсаттары жетілген болып саналады. Мұндай шараның пайдалану шегі бар: «бағаның жоғарғы шегі» бәсекелес нарықтың бағасынан төмен түспеуге тиісті (онда, өндірістің өсуі емес, керісінше – төмендеуі басталады) және де монополиялық нарық бағасынан аспау керек. Енді жанама реттеу шарасын қарайық – тауар бірлігіне салық енгізу немесе пайдаға салынатын салық. Тауар салығын енгізгенде сұраныс икемділігінің дәрежесін есептеу қажет, өйткені оның жағымсыз салдары – өндіріс шығындарының өсуі, нәтижесінде монополист бағаны жоғарылатып, өндірісті азайтады. Егер сұраныс икемді болса, бағаның өсуі салық шамасынан аздау болып, монополиялық пайда тұтынушылар пайдасына қайта үлестіріледі (осы монополистің өнімін сатып алатын тұтынушылардың). Егер сұраныс икемсіз болса, монополияны мемлекеттік реттеу шарасы ретінде тауар салығын енгізуге болмайды, себебі бұл қоғамдық әл-ауқаттың одан сайын төмендеуіне әкеледі. Пайдаға салық енгізудің мақсаты: монополистің пайдасын кәдімгі (нормалы) деңгейге түсіру (пайдасының жартысын алу нәтижесінде). Бұл салық бағалар мен өндіріс көлеміне әсер етпейді, оны толық өндіруші көтереді. Нәтижесінде алынған салық түсімдеріне барлық тұтынушылар ие болады. Алайда, мұнда шектен шығуға болмайды, себебі салық салудың нәтижелілігі түсіп, өте жоғары салықтар, бағаның өте төмен шегі сияқты, жағымсыз салдарға әкеліп соғуы мүмкін.
Табиғи монополия –тұрақты жағымды ауқым әсері. Басқаша айтқанда, бұл саладағы шығындар өте жоғары (көп), оларды тек үлкен фирма ғана жаба алады. Егер осындай фирманың өнімі өмірлік қажет болса, ол мемлекеттің қорғауына түседі, себебі, мемлекеттің басты мақсаты – тұтынушылардың құқығын қорғау (темір жол көлігі, коммуналдық шаруашылық, электр-жабдық пен телекоммуникациялар жүйелері).
28. Бағалық дискриминация және нарықты сегменттеу
Әр түрлі сатып алушыларға бір тауарды не қызметті әр түрлі бағамен сатса,бағалық дискриминация болады.Бағалық дискриминацияны жүзеге асыру үшін фирма сатушының қанша төлей алатынын анықтай білулері керек,ал сатып алушылардың алынған тауарды не қызметті басқа сатып алушыларға беру мүмкіндігі болмауы керек.
Бағалық дискриминация іс жүзінде бағаның диверсификациялау жолымен жасалынады,демек:тұтынушылардың табыстары бойынша,тауарлар категориялары бойынша,тұтыну көлемі мен сату уақыты бойынша.Мүлтіксіз бағалық дискриминация әрбір тауар бірлігі немесе қызметті сатып алушылар алғысы келетін максималды бағамен сатуды білдіреді.Мысалы,Qтауар бірлігі сатылды деп есептейік.D нарықтық сұранысының қисығына сәйкес тағы ∆q тауар бірлігін р бағасымен сата алады.Мүлтіксіз бағалық дискриминация жағдайында MR табысының шектік қисығы D нарықтық сұранысының қисығы болады.Монополистке MR=MC тепе теңдігі орындалғанға дейін өндіріс көлемін көбейту ұтымды.Демек,соңғы салынатын тауар бірлігінің бағасышектік шығындарға тең,және мүлтіксіз бағалық дискриниминацияны қолданатын фирма бәсекелік фирма болған жағдайдағы өнім көлемін шығарады.
Нарықты сегменттеу
Нарықты әдетте келесі түрде сегменттейді сатып алушыны бірнеше топқа бөледі және бір тауарлар үшін олардың әрқайсысына әр түрлі баға белгілейді.Жоғарыдағы суретте нарық екі сегментке бөлінген:І және нарық ІІ D1және D2 сұраныс қисықтарының горизонталды соммалау D нарық сұранысын береді.MR1+MR2=MC шарты екі нарықтада Q0=Q1+Q2 сату көлемінің оптималды соммасын анықтайды.Q1-мен Q2 шамасы MR1=MC және MR2=MC жағдайынан табылады.Содан кейін осы бойынша бірінші және екінші нарықтардыда p1 мен p2 бағалары анықталады.р0-бұл монополистің нарықты сегменттемегендегі бағасы.Егер нарық сегментінде сомалық табыс сегментсіз табыстан әлде қайда жоғары болса,онда фирма үшін нарықты сегменттеудің пайдалы мәні бар. |
|
|