Главная страница
Навигация по странице:

  • Реферат Тақырыбы: Радиациядан қорғану Дайындаған: Жұмажан Р.Тексерген: Аубакирова А. Астана, 2022

  • Физика Радиациядан қорғану. Радиация кп адамдар шін те орынышты термин сап сезіледі. Іс жзінде радиация деген неРадиация дегеніміз энергияны толын жне блшек (те са) трде ауаа жне денеге (физикалы дене) таралуы


    Скачать 26.77 Kb.
    НазваниеРадиация кп адамдар шін те орынышты термин сап сезіледі. Іс жзінде радиация деген неРадиация дегеніміз энергияны толын жне блшек (те са) трде ауаа жне денеге (физикалы дене) таралуы
    Дата19.10.2022
    Размер26.77 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаФизика Радиациядан қорғану.docx
    ТипДокументы
    #742184


    Радиация көп адамдар үшін өте қорқынышты термин құсап сезіледі. Іс жүзінде радиация деген не?Радиация – дегеніміз энергияның толқын және бөлшек (өте ұсақ) түрде ауаға және денеге (физикалық дене) таралуы.Радиация бірнеше топқа бөлінеді:Электромагниттік радиация, мысалы, микротолқындар (тамақ жылытатын пеште болады), инфрақызыл сәулесі (лаборатория да көп қолданылатын инструментте болады), күн сәулесі, ултракүлгін сәулесі, рентген сәулесі және гамма радиация.Бөлшекті радиация – бұған алфа радиация, бета радиация және нейтрон радиациясы жатады.Акостик радиация- ултрадыбыс толқындары, дыбыс толқындары жатады.Гравитациялық радиация – гравитациялық толқындардан пайда болады.

    Табиғи және жасанды радиоактивті изотоптарда ядролардың өздігінен ыдырау процесі үздіксіз жүріп жатады. Демек, олар сыртқы ортаға туынды белшектерді, гамма кванттарын үнемі атқылаумен болады. Радиоактивті сәулелер кейде радиация немесе иондағыш сәулелер деп аталады. Олардың кинетикалық және электромагниттік энергиялары үлкен шама құрайды. Сондықтан ондай бөлшектер жолындағы денелердің атомдары мен молекулаларының химиялық-физикалық касиеттерін өзгертіп иондайды, олардың араларындағы қалыпты байланыстарды үзеді. Сөйтіп, биологиялық денелер де, басқа табиғи денелер де өзгеріске ұшырайды. Әсіресе тірі табиғат: адам мен жан-жануарлар, өсімдіктер мен басқа да тіршілік иелері зор зардап шегеді.Атом бомбалары мен уран кеніштерін айтпағанның өзінде, атомдық реакторлар мен атомдық электр станциялары да радиацияның көзі болып табылады. Сондай-ақ Күн радиациясының, ғарыштан келетін басқа да бөлшектердің зиянды әсерін де білуіміз қажет. Ол үшін изотоптардың сәуле атқылау белсенділігін, сондай-ақ радиацияға душар болған денелердің алған сәулелерінің мөлшер-дозасын нақты білу қажет. Қандай доза шегінде жұмыс істеуге болады, қандай доза денсаулыққа зиян немесе адам өміріне қауіпті деген сұрақтарға да жауап беруіміз керек.Иондағыш сәулелерден қорғана білу үшін олардың өтімділік қасиеттерін білген жөн. Радиоактивті изотоптармен жұмыс істегенде, олардың өтімділігіне орай тиісті қауіпсіздік ережесін бұлжытпай орындау керек.Альфа-бөлшек парақ қағазға тұтылып, одан өте алмайды. Алайда адам терісінде қалып қойса немесе ішкі органдарына тыныс жолымен, яғни жеген тағамы арқылы етіп кетсе, Бета-бөлшектердің өтімділік қабілеті үлкен. Олар адам ағзасына 1—2 см тереңдеп ене алады. Алайда бірнеше миллиметр алюминий қаңылтыры оны толық жұтып алады. Гамма-сәуленің өтімділік қабілеті аса күшті. Сондықтан одан қорғану үшін корғасынның немесе бетон плиталардың калың қабаты пайдаланылады. Изотоптардың активтілігі (беменділігі) деп олардың бір секундта ыдыраған ядроларының санын айтады. Активтіліктің өлшем бірлігіне беккерель (Бк) алынды. Бұл бірлік активтілікті ашқан Беккерельдің құрметіне аталған. Мысалы, қандай да бір заттың 1 с ішінде 504 ядросы ыдыраса, оның активтілігі 504 Бк болады. Ертеректе активтілік бірлігіне кюри (Ки) алынған еді. 1 Ки = 3,7 • 1010 Бк. Тірі ағза клеткаларының радиациядан алған энергиясы мол болған сайын, олардың биофизикалық қасиеттері өзгеріп, тіпті генетикалық деңгейдегі бұзылуы арта береді. Сондықтан радиацияның ағзаға беретін энергия мөлшерін бағалай білудің маңызы зор. Радиацияның ағзаға беретін энергия мөлшері сәулелену дозасы деп аталады. "Күн өтіпті" деген халық диагностикасы мен "сәулелік ауру" деген қазіргі медицина диагностикасы арасында тура байланыс бар. Жаздың ыстық күндерінде білмеген адамға ерсі көрінгенімен, өзбек пен тәжіктің ала шапан киюінде, қырғыз бен түрікменнің ақ киіз қалпағы мен елтірі бөрігін, дала қазағының түйе жүн шекпенін тастамауында, халықтың радиациядан қорғануының ғасырлық тәжірибесі жатыр. Күні шуақты елдердегі әйелдердің бетін, денесін бүркеп жүруінің де бір сыры осында жатыр. Шынында да, Күн бетінен келетін радиация біркелкі емес. Алапат қысым, ғаламат температура жағдайында Күн төсінен ыстық плазма оқтын-оқтын буырқана атқылап, жүздеген мың километрге шапшып, төңірегіне тарайды. Осындайда өте өтімді күн радиациясынан денені қорғамау денсаулыққа зиян келтіреді. Дененің бір килограмында жұтылған радиация энергиясының мөлшері жұтылған доза деп аталады.Қоршаған ортада табиғи радиация (ғарыш сәулесі, радиоактивті элементтердің шығаратын сәулелері) әрқашан болған, бар және бола да бермек. Оны радиацияның табиғи фоны дейді. Ондай фон қоршаған ортадағы барлық денелерде, соның ішінде адамда да бар. Табиғи фонның есебінен бір адам жылына 2 • 10 3 Гр радиация алады.Радиоизотоптармен жұмыс жасайтын адамдар үшін бір жылдық шекті босатылған доза (ШБД) 0,05 Гр-ден аспауы керек. Қысқа уақытта алынған 3—10 Гр адам өміріне аса қауіпті. Елді мекен тұрғындарының бір жыл ішінде алатын шекті босатылған дозасы 5 • 10

    3 Гр = 5 мГр-ден аспауы тиіс.

    Айналадағы ортаны радиация қалдықтарымен ластау — адамға да, табиғатқа да жасалған зиянкестік. Сондықтан атомдық реакторлар мен атомдық электр станцияларын салуда, уран өндіруде, олардан шығатын радиоактивті қалдықтардан сақтануды ескеріп, жеті рет өлшеп, бір рет кескен жөн. Атом энергиясын қауіпсіз өндіру адамзатқа қойылып отырған үлкен сын, онсыз өркениеттің өрге басуы мүмкін емес. Алайда радиоактивті қалдықтарды залалсыздандыру немесе қауіп келтірместей етіп сақтау адамзат алдындағы ең күрделі мәселелердің біріне айналып отыр. Бұл мәселелерді оңтайлы шешу үшін ұлттық деңгейде арнайы радиациялық қауіпсіздік шаралары қабылданып, іске асырылуы керек. Кері жағдайда табиғатта үздіксіз жүріп жататын зат алмасулары салдарынан, радиоактивті бөлшектер жер бетіндегі тіршілік атаулыны бірте-бірте жояды. Міне, сондықтан қоршаған табиғи ортаның тазалығын сақтауда әр адамға зор жауапкершілік жүктеледі.Жыл өткен сайын адамдардың радиоактивті сәулеленумен зақымдануы көбеие түсуде. Өйткені жыл сайын атом электр станциялары салынып, олар іске қосылып жатыр. Сондай-ақ неше -түрлі тездеткіштер (ускорительдер) сыналып, атом бомбалары карылып жатады. Олардан қаншама радиоактивті сәулелер бөлініп шығып, адамзат баласына неше түрлі зиян келтірді десеңізші. Сондықтан да адамзат баласын радиоакциядан қорғау проблемасы осы кездегі кезек күттірмейтін проблемалардың біріне айналып отыр. Адамдарды радиациядан қорғау үшін неше түрлі киімдер тігуді қажет етеді. Олардың құрамында қорғасын болады. Ол гамма сәулесін тұтып қалып, адам денелеріне сәулені дартпайды.

    Космостан келетін қосмостық сәулелерден практика жүзінде адамзат баласының қорғануға ешқандай мүмкіндігі жоқ. Ол 1000 см атмосфералық қабаттан лезде өтіп кетеді де жер шарына түгелдей тарайды. Космонавтыларды да космос сәулесін қорғау оңай шаруа емес екенідігін өмірдің өзі көрсетіп отыр.Адамзат баласы Жер бетінде пайда болған кезден бастап, табиғи радиоактивті заттардан қажетті дозасын алып отырған,Әсіресе, радиоактивті сәулені жерден алады. Қалған бөлігі космос сәулесімен келеді. Жылына адам 200 мР радиация қабылдайды.

    Егер кішкентай бөлшектер ішкі органдарға өтсе, олар тез арада ағзадан шыға қоймайды. Әсіресе радий, уран, плутоний, стронций, иттрий және цирконий бөлшектері ағзаларға өтсе қауіпті ісіктер туғызуы мүмкін. Олар радиоактивті сәулелер таратады. Цезий тез еритін тұздарды түзеді. Сөйтіп адам ағзаларының жұмсақ тканьдерінде жиналады да үнемі иондалған сәулеленуді таратады. Радиоактивті стронцийдің бөлшектерін адам ағзаларынан шығару оңай емес. Стронцийді кальциймен ығыстырып шығаруға болады.

    Тез еритің цезий – 137 бөлшектерін ағзалардан ығыстырып шығару үшін көп мөлшерде су ішу керек. Радиоактивті элементтерді ағзалардан шығару үшін қымыздық сірке қышқылы мен лимон қышқылынкөп мөлшерде пайдалану керек. С, Д витаминің ішу өте пайдалы (сәбіз, редис). Арақ-шарап ішуге болмайды. Олар радияцияның әрекетін күшейтіп жіберуі мүмкін. Бірақ кейбір адамдар Уран өндіретін шахталарда істеп жүріп күніне азды- көпті арақ ішіп жүрген. Ол адам күні бүгінге тірі. Ал арақ ішпеген оның әріптестері жарық дүниемен баяғыда қоштасқаның ол жіпке тізгендей айтып беріп отырады. Біздіңше, азды-көпті арақ-шарап ішіп отырған жөн болғаны. Радиациядан қорғанудың химиялық және биологиялық жолдары. Радиацияға қарсы қолданатын препараттарды радиопротекторлар деп аталады. Олар радиоактивті элементтердің бөлшектері ағзалардан шығару үшін неше түрлі химиялық препараттарды пайдаланады. Олар ағзаларды радияциядан сақтап қалады. Иондалған сәулеленуді ем-дом ретінде пайдалануға болады. Дерттерге диагностика қою үшін де таңбаланған атомды пайдаланады. Сәуле тератиясы мен қан, ауруларын емдеуге болады. Қауіпті ісіктерді де емдеу үшін бета-сәулесін пайдаланады. Адамдарды Радиациядан қорғау Қазақстан Республикасының алдында тұрған аса күрделі мәселе. Қазақстан Республикасында адамдардың денсаулығына өте үлкен көңіл бөлінеді. Әсіресе экологиялық аппатқа ұшыраған аймақтарда да тұратын халықтардың денсаулығы қатаң бақылауға алынған. Осы айтылғандарды қорыта келе, радияция (сәуле) дертіне шалдықпау үшін халыққа, әсіресе, жеткіншіктерге радиоэкологиядан жан-жақты білім және тәрбие беру екенін естен шығармауымыз керек. Адамзат баласы осы кезде бұрын – сонды болып көрмеген орасан көп ғылыми табыстарға жетіп, техника мен технологияны дамыта түсуде. Оларды төтенше түрде дамуы биология ғылымдарына тікелей байланысты. Ол жаратылыстану ғылымдарының көрнекті салаларының бірі. Оның басты міндеттері жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуын, оның эволюциялық жолмен дамуын зерттеу. Биология жердің тіршілік иелері адамдар мен жануарлар өсімдіктер мен неше түрлі көзге көрінбетін микроорганизмдер әлемін зерттейді. Алынған мәліменттердің негізінде сигнал хабарды дәл тіркейтін сезімтал машиналар мен механизмдер шығару жұмыстарын жүргізеді. Кейінгі кезде биологиялық ғылымдар орасан зор ілгерлеп, алға басты. Осы уақыттың ішінде тіршілік дүниесі адамдар, жан-жануарлар, өсімдіктер әлемі туралы көптеген түсінігіміз бар. Тірі организмдердің пайда болу жолдарын, биохимиялық процестерін білеміз. Бірақ көптеген биологиялық көріністердің құпия сырлары әлі күнге дейін өз шешімін тапқан жоқ.

    Қоршаған ортаның адам организміне теріс әсер ететін факторларының бірі радиация болып табылады. Радиация адамның клеткалары мен органдарының түрлі функцияларына зиянды әсер етеді. Радиация әсер еткенде клеткалардың шапшаң бөлінуі, құрылымы мен құрамының өзгеруі мүмкін. Радиациялық сәулелену тұқым қуалаушылық аппаратын өзгертуге, яғни мутацияға душар етуі мүмкін.

    Соңғы он жыл ішінде радиациялық сәулеленудің табиғи фоны көтерілді. Бұл кейбір елдерде ядролық қарулардың өндірілуіне, ядролық энергетиканы пайдалануға, уран өндіруді көбейтуіне, радиация қалдықтарының дұрыс сақталмацуына байланысты болып отыр. Осыған байланысты барлық тіршілік иелеріне – өсімдіктерге, жануарларға, адамдарға нақты қауіп төнді. Мутация көлемі ұлғайды, тұқым қуалайтын әр түрлі аурулар, дамуында түрлі кемістіктері бар (қатерлі аурулары, сәлелік аурулары және тағы басқа) ауру балалар мен адамдардың саны ұлғайды. Табиғаттың барлық жерлерінде табиғи радиабелсенді сәулелері болады. Барлық тірі организмдер сияқты адамға да табиғи сәулелердің әсері тиеді. Сәулелердің артық мөлшері адам организмде ауытқуларды және әр түрлі ауруларды туғызады. Сондықтан адам радиосәулелердің мүмкіндік мөлшерін анықтай алуы тиіс. Оны дозиметр деп аталатын арнайы құралмен өлшейді. Сәулелердің артық мөлшері организмнің ауруға қарсы мүмкіндігін төмендетеді, тыныс алу, көз, тері және тағы басқа ауруларға себеп болады

    НАО «Л.Н. Гумилева атындағы Евразия ұлттық университеті» КеАҚ Колледжі

    Реферат

    Тақырыбы: Радиациядан қорғану

    Дайындаған: Жұмажан Р.

    Тексерген: Аубакирова А.

    Астана, 2022


    написать администратору сайта