_Сын есімнің шырайлары_ ашық сабақ. растыран М. С. Боранбаева Орал2015ж. рамына арай Дара
Скачать 0.83 Mb.
|
№5 орта жалпы білім беретін мектеп Сын есім шырайлары Құрастырған : М.С.Боранбаева Орал-2015ж. Құрамына қарай Дара күрделі Сын есім заттануы түрлері Синтаксистік қызметі Мағыналық ерекшелігіне қарай Жасалу тұлғасына қарай Сапалық қатыстық Негізгі туынды Шырай категориясы Шырай категориясы түрлері жай салыстырмалы күшейтпелі асырмалы педагогика Тіл білімі Машықтық жұмыстар зерттелуі Пәнаралық байланыс Әдебиет Бейнелеу өнері тест Шырай категориясы түрлері жай салыстырмалы күшейтпелі асырмалы педагогика Тіл білімі Жаттығу жұмыстары зерттелуі Пәнаралық байланыс Әдебиет Бейнелеу өнері 1- деңгей Шығармашылық тапсырма Тапсырмалар 2- деңгей 3- деңгей Сын есім Заттың түрін, түсін, салмағын, көлемін тағы сондай белгілерін білдіретін сөз табын сын есім дейміз. Сұрақтары: қандай?, қай? Мысалы: қызық, жақсы, әдемі, өнерлі т.б . Сын есім анықтауыш қызметінде тұрғанда ешқашан септелмейді, көптелмейді, тәуелденбейді. Мысалы: Соңғы жылдарда қаламызда әдемі үйлер пайда болды. Мұндағы әдемі сөзі ешқандай морфологиялық өзгеріссіз айтылып тұр. Сапалық және қатыстық сын есімдер Мағыналары мен грамматикалық ерекшеліктеріне қарай сын есім Сапалық және қатыстық деп бөлінеді. Сапалық сын есімдер – түбір күйінде тұрып , лексикалық мағынасы жағынан заттың түрін, түсін, сапа-сипатын, көлемін, салмағын білдіреді. Мысалы: сұр, сары, тәуір, нашар, ауыр, жеңіл, т.б. Қатыстық сын есім – жұрнақтар арқылы басқа сөз таптарынан жасалатын туынды сын есімдер. Мысалы: қысқы , жазғы, балалы, бойшаң жігіт, сөзшең адам, т.б. Негізгі және туынды сын есімдер Негізгі сын есімдер - түбір тұлғада тұрып –ақ заттың сындық белгілерін білдіретін сөздер . Мысалы: биік, үлкен, аласа, жылы, күрең т.б. Туынды сын есімдер - әралуан жұрнақ жалғану арқылы жасалған сөздер. Мысалы :қонымды, бастапқы, тұрғылықты, қорқақ т.б. Туынды сын есім жасайтын есім жұрнақтары : есімнен сын есім тудырушы, етістіктен сын есім тудырушы болып бөлінеді. 1 Есімнен сын есім тудырушы жұрнақтар: 1 –лы,-лі,-ды,-ді,-ты,-ті; таулы, елеулі сазды; 2 – сыз, -сіз; қайғысыз, сусыз, нусыз; 3- шек; көңілшек, 4- қы, -кі,; басқы, жазғы, соңғы; 5 –тал, -мал; өсімтал, бауырмал, сезімтал; 6- лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес; құрбылас, іргелес, ауылдас; 7-шаң, -шең; ашушаң, киімшең, сөзшең, бойшаң; 8-шыл, -шіл; Ұйқышыл, қымызшыл, көпшіл; 9-дай, -дей, -тай, -тей; таудай, түйедей, аттай, иттей; 10-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік; қалалық, аудандық; Үндестік заңына бағынбайтын кірме жұрнақтар: -Қой; әуесқой, сәнқой;, паз; өнерпаз, әсемпаз; - хор; жемқор, пәлеқор; - и; саяси, дүниәуи 2. Етістіктен сын есім тудыратын жұрнақтар: 1-қыш, -кіш, ғыш, гіш; жабысқыш, білгіш, күлдіргіш; 2-қ,-к, -ық,-ік, -ақ, -ек; ақсақ, жатық, жетік, қорқақ; 3 –қақ, -кек, -ғақ, -гек; майысқақ, тоңғақ, ұрысқақ; 4 –шақ, шек; мақтаншақ, еріншек, сүріншек; 5 -қыр, -кір, -ғыр, -гір; ұшқыр, білгір, алғыр; 6 -ма, -ме;қынама, құлама, бояма; 7 -с, -ыс, -іс; 8 - мды, -мді; қонымды, ұнамды, түсімді; 9 - улы; -улі; таңдаулы, тұсаулы, ілулі, түрулі; 10 - малы, -мелі, -палы, -пелі, -балы, --белі; ашпалы, тізбелі, таңдамалы; Дара және күрделі сын есімдер Дара сын есімдер – жеке тұрып заттың сынын сапасын білдіреді. Мысалы: қара, көк, малды, баласыз, бойшаң т.б. Күрделі сын есімдер – негізгі, туынды сын есім сөздердің қосарлануы, тіркесуі арқылы күрделі сындық мағына білдіреді. Мысалы: 1 . Тіркесуі арқылы:: көк ала, бота тірсекті, бидай өңді, тобылғы торы, қоян жонды, былғары тонды, көп балалы т.б. 2 қосарлануы арқылы:: жақсы-жаман, үлкенді-кішілі, таулы-тасты, сулы-сусыз т.б. Сын есім шырайларының зерттелуі Шырай жұрнақтары сын есімнің сәл өзгеріс сипатын білдіреді. Шырайдың мағыналық ерекшелігіне қарай, ғалым Ысқақов “Қазіргі қазақ тілі” оқулығында шырайдың 4 түрін белгілеген.1 Жай шырай 2 Салыстырмалы шырай 3 Күшейтпелі шырай 4 Асырмалы шырай Қазіргі қазақ тілінде жай шырай түрі атау септік, негізгі етіс, ашық рай секілді талас тудырып жүрген мәселелердің бірі. Профессор С. Исаев осы атауларға күмәнмен қарап, бұл формалар мен сол сөз табының арасында ешқандай да байланыс жоқ деген пікір айтады. 1967 жылы шыққан “Академиялық грамматикада”шырай түріне бәсең, шағын шырай деген түрлерін қосып, 5-ке жіктейді.. Сын есімнің шырай категориясы Шырай негізіне сапалық сын есімдерге тән категория. Шырай - заттың сынын басқа затпен салыстырып, салғастырып, теңестіріп бағдарлау арқылы оның әр түрлі дәрежесіндегі сынын білдіреді. Қазіргі қазақ тілінде сын есімнің орныққан 4 түрлі шырайы бар. 1 Жай шырай 2 Салыстырмалы шырай 3 Күшейтпелі шырай 4 Асырмалы шырай Жай шырай 1 Жай шырай - заттың түр-түсін, сапа-белгісін, көлемін, басқа да сын-сипаттарын білдіретін сапалық сын есім. 2 Салыстырмалы шырай - бір заттың сыны екінші бір заттың сынымен салыстырылып, бір-бірінен не артық, не кем екенін білдіреді. Жұрнақтары: 1 –рақ, -рек,-ырақ,-ірек; көгірек, тазарақ, жұмсағырақ, сәндірек т.б. 2 –лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу; кішілеу, таныстау, сергектеу, сараңдау, жастау т.б. 3 –қыл, --ғыл, -қылт, -ғылт,-қылтым, -ғылтым; дымқыл, бозғыл, сұлғылт, ашқылтым т.б. 4 –шыл, -шіл, -қай, -аң, -тым; ақшыл, көкшілтім, бозаң, қоңырқай т.б. Салыстырмалы шырай Күшейтпелі шырай – заттың бастапқы сындық сапасын күшейте түседі. Күшейткіш буындар арқылы жасалады:қап-қара, сап-сары, сұп-сұр т.б. Күшейтпелі шырай Асырмалы шырай – заттың сынын асыра көтеріп, не тұқырта төмендетіп көрсетеді. Күшейткіш үстеулер арқылы жасалады.(ең, өте, аса, тым, орасан,зор т.б.) Мысалы: Тым кішкене, орасан зор, өте жақсы, аса үлкен, ең қадірлі т.б. Шырай жұрнақтары бірінен соң бірі үстеліп те жұмсалады. Мыс: ақшылдау, үлкеніректеу, т.б. Асырмалы шырай Сын есімнің заттануы (субстантивтенуі) Сын есім өзінің сындық мағынасын сақтап, оның үстіне заттық мағынаға да ие бола алады. Мысалы: Жақсының жақсылығын айт , нұры тасысын. Мұндай сын есімдер заттанған сын есімдер деп аталады. Заттанған сын есімдер өзі қатысты заттың орнына жұмсалады. Мысалы:Үлкен адамға құрмет, кіші адамға ізет – Үлкенге құрмет, кішіге ізет. Заттанған сын есімдер зат есім қосымшаларын қабылдайды, зат есімше түрленеді, сөйлемде зат есім қызметін атқарады. Мысалы: Жақсының , үлкенге, кішіге – септеліп тұр. Жақсыдан – шарапат, жаманнан – кесапат. Жақсының қадірін жаманды көргенде білерсің. Сын есімнің синтаксистік қызметі Сын есімдердің сөйлемде атқаратын негізгі қызметі- анықтауыш. Мысалы: Баяндауыш : Мен жүйрікпін. Пысықтауыш : Асан сабақты жақсы оқиды. Сын есімдерге негізінен көптік, тәуелдік, септік жалғаулары жалғанбайды, Бірақ заттанған жағдайда зат есімдерше түрленеді. Сын есім сөйлемде субстантивтеніп келіп, бастауыш, толықтауыш қызметін атқарады. Бастауыш : Жақсылар сөз алды. Толықтауыш : Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, жоқ-барды , ертегіні термек үшін. Көкірегі тілі орамды Жаздым үлгі жастарға бермек үшін . Абай Жастарға – жас адамдарға Қайталауға арналған сұрақтар: 1 Морфология нені зерттейді? 2 Сөз таптары дегеніміз не? 3 Негізгі және көмекші сөздер деген не? 4 Зат есім дегеніміз не, туынды зат есім қалай жасалады? 5 Сын есім дегеніміз не, мағыналық түрлері қандай? 6 Күрделі сын есімдерге мысал келтір. 7Субстантивтену деген қандай құбылыс, Сын есімнің субстантивтенуіне мысал келтір. 1 Мәтінен сын есімдерді теріп жазып, құрамына қарай талдаңыз. Абайдың қай шығармасынан алынған? Һамма ғаламға белгілі данышпандар әлдеқашан байқаған: әрбір жалқау кісі- қорқақ, қайратсыз тартады, әрбір қайратсыз – мақтанғыш келеді, әр мақтаншақ – арсыз, надан келеді; әр ақылсыз – арсыз келеді. Әрбір арсыз Жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады. 2 Өлеңнің келесі тармағын жалғастырып жазыңыз. Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ, -- - - - - - - - - - - - - - - - - - -- - - - - - - - 3 Төмендегі Абай афоризмдерінде сын есімдер қалай қолданылып тұр? әрі қарай жалғастыр. Білімдіден шыққан сөз , 4 Мына сөйлемдегі сын есімдерді сөйлем мүшесіне талда. Естілердің сөзін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Сөздік 1.Мына түстерді ата. Шырай түрлерін ажыратып жаз.1.Күшейттпелі , жай шырай жаса 2 Салыстырмалы шырай жаса 2.Мәтінді оқып шығып, мұндағы сын есімдерді шырай түріне ажырат. Қараойға қарағанда Сұлутөбе бойшаңырақ. Ниетқабылдың отша жанған сәл кішілеу қара көзі тесіле қарады. Сол ауылда таныстау бір шал бар еді. Өзгелерінен гөрі сергектеу Ыбраш түскі ұйқыдан жеңіл оянды. Дымқыл шалғынның арасында, бозғыл тұманның ішінде барлаушы да көрінбейді. Жай шырай Салыстырмалы шырай Күшейтпелі шырай Асырмалы шырай . 3. Осы өлең жолдарынан сын есімді тауып, шырай түрлеріне ажыратып, не туралы айтылғанына түсінік бер. 1. Сұрғылт тұман дым бүркіп, барқыт бешпент сулайды. 2. Кітапты молда теріс оқыр, Дағарадай боп сәлдесі. Малқұмар көңілі бек соқыр, Бүркіттен кем бе жем жесі. 3. Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. 4. Күлдіргіштеу, күлкішіл, қалжыңға ұста, Кезеген ит тым-ақ көп біздің тұста. 5 Жұп-жұмыр ақ торғындай мойыны бар, Үлбіреген тамағын күн шалмайды Сөздік Шығармашылық тапсырмалар 1. Адамның бет әлпеті туралы сын есімдерді ата. Шырай түрлерін ажырат. Мысалы: сопақша бет , ат жақты т.б. 3 .Мына берілген жұрнақтардан сөз ойла, одан сөйлем құра. А)- ырақ,- ірек,- рақ,- рек. Ә)- лау,- леу,- дау,- деу, - тау,-теу Б)- қыл,- ғыл,- қылт,- тым, қай,- ақ. 4. Күшейтпелі шырайға сөйлем құра. 5. Күшейткіш үстеулері арқылы асырмалы шырайлы сөйлем құра. Г) тым, аса, өте, ең, бек, орасан зор. Ә.Қастеев. Жас Абай портреті. 1945 ж. Бекітуге арналған тапсырмалар Мәтінді оқып шығып, қызылмен ерекшеленген сөздерді шырайтүріне ажырат Ұлы гуманист, демократ ақын әр қилы дәуір өкілдерімен оп-оңай тіл табыса алды. Жақсылық атаулыны, адамгершілік пен азаттықты ардақтайтын әр халық , әр адал адам қазақ халқының ұлы перзенті Абайды жатырқамайды. Үстіміздегі жылы Ұлы Абайдың өмірден озғанына 100жыл толса, қазақтың маңдайына біткен асыл ұлдарының бірі , қазақтың тұңғыш кәсіби суретшісі Әбілхан Қастеевтің туғанына да 100 жыл толып отыр. 1934 жылы туғанына 90 жыл толуына орай, АлматыдаАбайдың ең үздік портретіне көрме конкурс өткізілді. Бұл өнер додасына Қазақстанда еңбек еткен көптеген суретшілер қатысты. Ә.Қастеев аталмыш байқауға үш бірдей туындысын ұсынды. 1 Ақ сөзінен салыстырмалы шырай жаса. 2 Заттың сынының әркелкі дәрежесін білдіретін сын есім түрі 3 Ажарлы сөзінің синонимі 4 жап-жарық сөзінен жай шырай жаса 5 бой ұзын адам Сөзжұмбақ Ә.Қастеев. Абай “Жаз” өлеңін шығарған Бақанас өзенінің аңғары. 1947 ж. Тапсырма. Суретке қарап “Туған жер”, “Атамекен”, “Отан” тақырыбында шығарма жаз. Сөздік Дағара – үлкен нәрсе Кезеген – кезбе, қаңғыбас ит деген мағынада –аған, -еген жұрнағы арқылы жасалған. Һамма – барлық, бүкіл араб сөзі |