Главная страница

Әдептілік әліппесі. әдептілік әліппесі. растыран Муратханова Асель Архашызы Семей аласыны технология колледжі мекемесі арамаындаы Немере балабашасы


Скачать 121.15 Kb.
Названиерастыран Муратханова Асель Архашызы Семей аласыны технология колледжі мекемесі арамаындаы Немере балабашасы
АнкорӘдептілік әліппес
Дата06.04.2021
Размер121.15 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаәдептілік әліппесі.docx
ТипДокументы
#191784
страница3 из 3
1   2   3




Әдептілік әлеміне саяхат.

Ойын-сауық сценарийі.

Құралдар мен атрибуттар: «Сиқырлы әлем» әні жазбасы , «Балабақшаға барамыз» және «Достар жайлы» әндерінің минусовкасы, орман ағаштары макеті, құстар макеті, ішінде үлкен жүрек пішінді гел ауасымен үрленген шары бар сандық.

Кейіпкерлер: Жүргізуші (педагог), Тентек тиін, Орманшы, Сауысқан.
Жүргізуші: Сәлеметсіңдер ме балалар!.

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Жүргізуші: Балалар, маған көмек керек болып тұр. Мен Әдептілік әлеміне барып, «Әдептілік деген не?» деген сұрақтың жауабын іздеп табуым керек. Оны таппасым болмайды. Тек, жалғыз баруға жүрексініп тұрғаным. Ол жаққа тек әдепті, сыпайы адамдар ғана бара алады екен. Өтінемін, көмектесіп жіберіңдерші. Әдепті бала деп кімді айтамыз?

Балалар: (арлы, инабатты, үлкенді сыйлайтын, сіз деп сөйлейтін, т.б.)

Жүргізуші: Ал, сендер әдептісіңдер ме?

Балалар: Әрине!

Жүргізуші: Онда сендерді Әдептілік әлеміне алып кетуіме бола ма?

Балалар: Ия, рұқсат.

Жүргізуші: Ендеше, шеңбер бойымен тұрып, қолымыздан ұстап, көзімізді бір сәтке жұмайық.

(«Сиқырлы әлем» әні қосылады, залға орман ағаштарының, құстарының макеті қойылады)

Жүргізуші: Балалар, көзімізді ашамыз. Жан-жаққа қарап: Ағаштардың көбін-ай, қандай тамаша! Балалар, біздің Әдептілік әлеміне келгенімізді ұмытпаңдар. Мұнда үнемі сыпайы сөйлеуіміз керек. Рұқсатсыз ештеңеге тиісуге болмайды (сұқ саусағын шошайтады).

(көңілді әуен ойнап, сахнаға секіріп Тентек тиін шығады)

Тентек тиін: Пай-пай-пай мында қараңдар, кімдер келген орманға! Сендерді кім шақырды мұнда?

Жүргізуші:Балалар, тиін бір нәрсені ұмытып кеткен сияқты. Кездескенде әңгімені неден бастау керек?

Балалар: Сәлеметсіз бе тиін!

Жүргізуші: Аман-есенсіз бе тиін.

Тентек тиін: Ха-ха не дейді? Сіз дейді? Оның не керегі бар?

(осы кезде дауыс шығады)

Дауыс: Қайдасың тентек тиін? Сенен-ақ көрешекті көретін болдым ғой!

(сахнаға Орманшы ағай шығады)

Қыз балалар: Сәлеметсіз бе. Аман-есенсіз бе?

Орманшы ағай: Сәлеметсіңдер ме балалар.

Ер балалар: Ассалаумағалейкүм.

Орманшы ағай: Уағалейкүмассалам!.Жарайсыңдар балалар. Мына Тентек тиінге сыпайылықты үйретіп берсеңдер, жақсы болатын еді. Әйтпесе, орманның быт-шытын шығарды. Не ешкіммен тіл табысып ойнамайды, жүрген жері лаң. Не тыныш жүрмейді, барлығына тиісіп, тіл тигізіп, енді өзі жалғыз қалды.

Тентек тиін: Қалсам қаламын жалғыз! Маған бәрі бір!

Жүргізуші: Сонда қалай болғаны? Егер саған бір нәрсе қажет болса ше?

Тентек тиін: Кімде бар содан тартып аламын!

Орманшы: Жоқ! Болмайды! Бұл тілазарды орманнан қуып жіберемін! Айттым-бітті!

Тентек тиін: Ойбай-ойбай, не қарап тұрсыңдар? Мені алып қалыңдар, тез, көмектесіңдер маған!

Жүргізуші: Тентек тиін, сен бірінші бізден көмекті сыпайы сұра. Сонда мүмкін көмектесіп қалармыз.

Тентек тиін: Мен білмеймін ғой. Ондай сөздерді білмейді екенмін.

Орманшы ағай: Балалар, айтыңдаршы бір-бірін кездестіргенде не деп айту керек:

Балалар: сәлеместіз бе, қайырлы таң, қайырлы күн, қош келдіңіз, аман-есенсіз бе,т.б.

Жүргізуші: Ал тиінжан, енді балалардан «өтінемін» сөзін қосып дұрыстап көмек сұрап көр.

Тентек тиін: Балалар, маған көмектесіңдерші, өтінемін.

Орманшы: Ендеше сен балалардың жанында жүріп, сыпайылықты үйрен. Мен сыртыңнан бақылап жүремін. Тентек болып, дөрекі сөйлесең, қуып шығамын орманнан!

Жүргізуші: Тентек тиінге көмектесеміз бе?

Балалар: ия, әрине.

(Орманшы ағай шығып кетеді)

Жүргізуші: Балалар, тиінге әдепті болу туралы айтып берейікші.

(тақпақтар оқылады)
-Біз әдепті баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Үлкендерге жол беріп,
Біз ақылды боламыз.

--------------------------

-Атам менің әманда
Әдепті жан бол деген.
Асыл сөзі санамда –
Жасы үлкенге жол берем.
Алдын орап кісінің,
Кесіп өтпей көлденең,
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп, қол берем.

------------------------------

-Атам менің әманда
Кішіпейіл бол деген.
Асыл сөзі санамда –
Мақтанбауды жөн көрем.
Өзімді мен өзгеден
Санамаймын жоғары.
Әуес боп жел сөзбенен
Көпіргенім жоқ әлі.

------------------------------

-Атам менің әманда
Бол дейтұғын тілалғыш.
Асыл сөзі санамда –
Алып жүрмін кіл алғыс.
Үлкеннің де кішінің
Айтқан тілін аламын.
Істеп бәрін ісінің,
Көңілдерін табамын.

Тентек тиін: Атам айтқан, атам айтқан деп қоймадыңдар ғой өзі.Сендер сиқырлы әлемге не үшін келдіңдер? Мен де сендерге көмектесейін.

Жүргізуші: Олай деме, тиінжан. Үлкен кісілер не айтса да біліп айтады. Тілін алып, айтқандарын санаға тоқып жүру керек. Ал, біз болсақ, мұнда бір сұраққа жауап іздеп келдік. Сұрақтың жауабы сандықта деп еді сиқыршы.

Тентек тиін: Мен ешқандай сандық көрген жоқпын. Сумақай сауысқаннан сұрау керек. Оның бармайтын жері жоқ!

Жүргізуші: Тентек тиін, оның не? Балалар, дөрекі сөйлеуге бола ма?

Балалар:жоқ.

Жүргізуші: Балалар тиінмен бірге «Мен де» ойынын ойнайықшы. Ол нені істеуге болады, нені істеуге болмайтынын есіне сақтап жүрсін.( Өздері келісетін іс туралы айтылғанда балалар «Мен де» деп айтып отырады, келіспейтін әрекет айтылғанда аяқтарын тарсылдатады)

  • Сәлемдесіп жүремін үлкенге де кішіге...

  • Сындырып ағаш көшетті, ат қып ойнап мінемін...

  • Мазақтап барлық баланы, келемеждеп күлемін...

  • Көпшілікте көлікте үнемі орнымды беремін...

  • Төкпей-шашпай ыдыстан сыйлаймын адал асымды...

  • Қызықтап көрем, ұя көрсем жұмыртқасын аламын...

  • Ешкіммен де жоқ ісім үйде ойран саламын...

  • Атам, әжем жұмсаса көп күттірмей барамын...

  • Ренжітпей ата-анамды айтқан тілді аламын....

  • Мен әдепті баламын...

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар. Ал, Тентек тиін, енді қандай болу керек екенін түсіндің бе?

Тентек тиін: Сәлемдесіп жүру керек екен, айтқан тілді алу керек екен, ешкімге қиянат жасамау қажет екен. Енді мен де әдепті болуға тырысамын.Сондай қиын емес сияқты.

Жүргізуші: Онда балалар да сенімен дос болатын болды. Қане, барлығымыз бірге «Достар жайлы» әнді орындайықшы, жол қысқарсын.

(«Достар жайлы» әнді орындайды барлығы бірге)

Тентек тиін: Жүріңіздер, мен сіздерге сумақай сауысқанға апарайын.

Жүргізуші: Әй, әттеген-ай, әттеген-ай! Сен «Сіз» деп бізді жақсы сыйлап сөйлеп келе жатыр едің. Сауысқан туралы айтқаның дұрыс болмады. Мазақтаған жақсы емес. Балалар, біз оған жылы сөйлеуді үйретейік.

Еркелетіп айт» ойынын ойнайды)

Жүргізуші: Ал, енді айтшы, Тентек тиін , сауысқанды не деп айтуға болады?

Тентек тиін: Таптым-таптым! Ол барлығын естіп, бірінші болып көріп жүретін орман тыңшысы ғой. Ендеше ол «Саққұлақ сауысқан» болсын.

Жүргізуші: Балалар, келісеміз бе, тиінмен?

Балалар: Ия.

Тентек тиін: Олай болса, менің де есіміді әдемі етіп атасаңдар қайтеді.

Жүргізуші: Дұрыс айтасың, тиінжан. Балалар тиінді де тентек емес басқа сөзбен айтайық. Қане, кім қандай сөз ұсынады?

Балалар: (балалар өз жауаптарын ұсынады, тиінді сипаттайтын сөздер айтады)

(Жауаптардың ішінен бір нұсқасы таңдалынады)

Жүргізуші: Міне, енді жарасып кетті. Сен енді тентек емессің, Ұлпа тиінсің!

(Орманнан сауысқан шығады)

Ұлпа тиін: Сәлеметсіз бе, Саққұлақ сауысқан!

Балалар: Сәлеметсіз бе, Саққұлақ сауысқан!

Сауысқан (шошып, басын көлегейлеп): Сәлеметсіңдер ме. Өңім бе, әлде түсім бе? Мен барлығын дұрыс естідім бе?

Жүргізуші: Қорықпа, Саққұлақ сауысқан. Сен дұрыс естідің. Енді тиін тентек болмайды, ол сыпайы, әдепті болады.Оны біз Ұлпа тиін деп атаймыз.

Сауысқан: Кешірім, өтінемін. Бірақ, мен әлі сене алатын емеспін.Ол үнемі тентектік жасап, дөрекі сөйлейтін.

Тиін: Мені кешріңізші , Саққұлақ сауысқан. Біз сізден көмек сұрайық деп келдік. Біздің орманда бір сандық бар көрінеді. Сіз сол сандықты көрмедіңіз бе?

Саққұлақ Сауысқан: Әрине көрдім. Егер менің бір тапсырмам бар. Сол тапсырмамды орындасаңдар, сандықты да табасыңдар.

Жүргізуші: Ендеше тапсырмаңызды айта беріңіз.

Сауысқан: Мен айтқан сөздерге қатысты сыпайы өтініш сөздер айтып беріңдер. Мына тиіннің есінде жүрсін.Оған сыпай болған сондай жарасып тұр.

Сауысқан:

  • Сәлемдесу.

  • Қоштасу

  • Дастархан басында

  • Қоғамдық көлікте

  • Көшеде

(Балалар мен тиін сөздерді естеріне түсіріп, айтып шығады)

Сауысқан: Жарайсыңдар, барлығың. Ал, ендеше, міне сандық. (Ортаға сандықты сүйреп, балалар көмектесіп алып шығады)

Сауысқан: Қандай сұраққа жауап іздеп жүр едіңдер?

Жүргізуші: «Әдептілік, имандылық, ізеттілік, кішіпейілдік қайда мекен етеді?» деген сұрақтың жауабы еді.

Тиін: Онда , сандықты ашуға бола ма?

Сауысқан: Әрине, Аша ғой.

(Тиін сандықты ашады) Сандықтан жүрек ұшып шығады.

Жүргізуші: Балалар, барлық ізгі жақсы қасиеттер қайда мекендейді екен?

Балалар: Жүректе!

Жүргізуші: Біз жауапты таптық. Енді есімізде мәңгі ұстаймыз. Олай болса «Балабақшаға барамыз» әнімен қайтайық.

(Әнді хормен орындайды)

Кейіпкерлермен қоштасады.
1   2   3


написать администратору сайта