Әдептілік әліппесі. әдептілік әліппесі. растыран Муратханова Асель Архашызы Семей аласыны технология колледжі мекемесі арамаындаы Немере балабашасы
Скачать 121.15 Kb.
|
А.А.Муратханова Әдептілік әліппесі Құрастырған: Муратханова Асель Архашқызы «Семей қаласының технология колледжі» мекемесі қарамағындағы «Немере» балабақшасы. Семей-2019 жыл Түсінік хат Әр заманның , әр қоғамның өзінің өзін-өзі ұстай білу мәдениеті бар. Дегенмен, адамгершілік қағидалар мен құндылықтар барлығына ортақ және олардың негізінде әр елдің мәдениеті дамиды. Ал мәдениеттің ажырамас бір бөлігі- этикет. Ол ғасырлар бойы әр халықта қалыптасқан, тамыры адамгершілік қағидаларға тереңінен кететін ұғым. «Жаста берген тәрбие жас шыбықты игендей» деген халық даналығы мектеп жасына дейінгі балаларға ерте жастан әр нәрсені үйретудің адам өміріндегі ең тиімді кезеңі екендігін атап көрсеткен. Баланың бойына барлық игі, адамгершілік қағидаларын сіңіртуді сәби кезінен , ерте жастан бастаудың маңызы зор. Демек, баланың бойына абзал қасиеттерді қалыптастыруда осы жаста қапы қалмай, оған айрықша көңіл бөлу қажет деген сөз. Мектепке дейінгі жас ол адамның адамгершілікті тұлға болып қалыптасуының маңызды кезеңі. Сол себепті әр отбасы, әр балабақша тәлімді тәрбиенің дәнін бала бойына ерте егуге міндетті. Сонда ғана халқымыздың дәстүрін, көркем тілін , тағылымын сақтаған өркениетті ұрпақ қалыптастыра аламыз. Осы мақсатта мемлекет тарапынан да «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы қабылданып, қазақ халқының құндылықтарын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізе отырып әлеуметтік әл-ахуалы мықты ел қалыптастыруды көздейтін саяси шешім қабылданғаны белгілі. Еліміздің барлық білім беру ұйымдары атаулы бағдарламаны жүзеге асыруда ат салысуда. Бағдарлама мен ұлттық идеяны тиімді жүзеге асырудың негізгі жолы ол білім беру ұйымының даму стратегиясына, оқыту және тәрбие беру процесіне жүйелі түрде енгізу болып табылады. «Немере» балабақшасы 2016 жылдан бастап «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыруды қолға алып, жан-жақты талданған жұмыс жоспарын құрастырып, оң нәтижелерге қол жеткізе алды. «Әдептілік әліппесі» оқу әдістемелік құралының негізгі міндеттері: - дәстүрге сүйене отырып түрлі ортада өзін-өзі ұстаудың , әдепті болудың дағдыларын қалыптастыру; - айналадағы адамдармен сөйлесу мәдениетін қалыптастыру; - балалардың сөздік қорын қазақ тілінің көркем сөздерімен байыту арқылы оны қолдануды белсендіру; Бағдарлама балабақшаның ересек және мектепалды дайындық тобы жасындағы балалармен жүргізуге арналған. Бағдарламаның негізгі құрамды бөлігі: Әрекет мәдениеті Қатынас мәдениеті Әрекет мәдениеті балалардың балабақшадағы күн бойғы әрекетінде, жүріс-тұрысында, ойын кезінде құрбы-құрдастарымен әрекет кезінде, басқа да тапсырмалар мен өтініштерді орындау барысында көрініс табады. Баланың бойында әрекет мәдениетін қалыптастыру арқылы оның өзге адамдармен бірге еңбектену, бір нәрсемен тиімді айналысуы, бастаған ісін аяғына дейін жеткізу, жауапкершілікті және айналасындағы адамдарға қамқор, заттарды ұқыпты пайдалану, үнемдеу сияқты қасиеттерді әдетке айналдыруға бағытталады. Қатынас мәдениеті баланың ересектермен және өзінің айналасындағы балалармен сөйлесу, қарым-қатынасқа түсу мәдениетін қалыптастырудың маңызды құралы. Сол арқылы бала мейірімділікке, өзгелермен достық қатынаста болуға, сыйлауға , әркіммен қарым-қатынас жасау кезінде сыпайы сөздерден сөздік қорының болуын және оларды қолдану білігі болуын қамтамасыз ете алады. Сонымен қатар, бала өзін қоғамдық орындарда, көпшілік ішінде, күнделікті тұрмыста ұстау үлгілерін қатынас мәдениеті арқылы қалыптастырады. Бағдарлама оқу жылында 18 сағатты құрайды. Сонымен қатар бағдарлама мазмұны «Әлеуметтік орта» білім саласының қоршаған ортамен танысу , «Қатынас» білім саласының көркем әдебиет және сөйлеуді дамыту оқу қызметтерінде қолдануға, күннің екінші жартысында тақырыптық оқу әрекеттерінде қолдануға тиімді. Баланың әдептілік өлшемшарттары «Әдептілік әліппесі» оқу қызметінің міндеттерін шешуші шарттар мен қолданылатын әдіс-тәсілдері Бағдарламаны жүргізу үшін ең бастысы педагогтың балалармен ара қатынасында өте жылы, жағымды атмосфераның болуы шарт. Бірде бір баланы оқу қызметі кезінде назардан тыс қалдырмау, ұмытып кетпеу, ренжітіп алмау қажет. Жылы, жағымды қарым-қатынас орнату барысында педагог балалардың әрқайсысын есімімен атап, еркелете шақыруы тиіс. Оқу қызметі барысында орындаған тапсырмаларына алғыс айтып, мадақтап, түрлі қызықты және тартымды оқытудың әдістері мен тәсілдерін қолдана білуі тиіс. Балалардың бойында мәденеиетті, ізгілікті, адамгершілікті қасиеттерді дарыту педагогикалық және этикалық нормаларды сақтау арқылы әрекет етумен жүзеге асады. Тәрбиелеу принципі: балалардың дербес әрекетін, жеке ерекшеліктерін, жас ерекшеліктерін, белсенділігі мен түсініп, қабылдау деңгейлерін ескере отырып олардың әрекеті барысында педагогикалық басшылықты үйлестіре отырып тәрбиелейміз. Оқыту принципі: көрнекілік, жүйелілік, балалардың материалды түсінуі және белсенділігі, балалардың жеке даму ерекшелінің ескерілуі, оқытудың беріктігі (баланың есінде сақталуын қамтамасыз ету). Этикалық принципі: өзін-өзі ұстау ережелерінің қажеттілігі және қисынды болуы, қайырымдылық, өзін-өзі әдемі ұстау және жақсы әдеттердің тұрақты болуы, ұлттық дәстүрді құрметтеу. Балаларға педагогикалық тұрғыда әсер ету әдістері: дағдыландыру, жаттықтыру, тәрбиелеуші жағдаяттар тудыру, еліктеуге кейіпкер қолдану (ересек адам, тәрбиеші, бала, ата-ана, ертегі немесе әңгіме кейіпкерлері) , мадақтау және сөгіс беру. Мадақтау түрлі әдіспен жүзеге асады, дұрыс әдет пен әдепті таңдауға және балаларды оқуға белсендіреді. Мадақтау кезінде педагог әділетті болуы керек. Балалармен жүргізілетін этикалық әңгімелер арқылы олардың әдеп нормаларын түсіну және білу деңгейлерін анықтауға болады. Әңгімені шағын топпен бөліп (5-8 бала) жүргізу тиімді, себебі олардың әрқайсының ойын толық тыңдауға мүмкіндік болады. Бұл кезде педаогтың шеберлігі көрініс табады. Топтағы өзге балалардың әрекетін ұйымдастыру және адамгершілік пен әдеп туралы әңгімені жүргізу сұрақтарында балалардың мүмкіндігін дұрыс бағалай алуы анықталады. Әңгіме, ертегі және түсіндіру сияқты түрлі сөздік әдістер әдеп пен тәрбиеге қатысты ұғымдарды тез және жеңіл түсінуге көмектеседі. Мұндай әңгімені жүргізу кезінде тек қарабайыр баяндау мен іш пыстыратын құрғақ қағидалардан аулақ болу керек. Тақырыпты ашатын түрлі суреттер топтамасын пайдаланып, сұрақтарға жауап іздеу, бейнематериал пайдалану( мультфильм, аудиожазба, т.б.) арқылы оқу қызметін қызықты ететін құралдарды жиі пайдаланып отыру тиімді. Сонымен қатар, арнайы құрастырылған дидактикалық ойындар, тақырыпқа сай жағдаяттарды рольде ойнату да материалды балаларға жеткізуге ықпал етеді. Оқу қызметін түрлендіріп, тиімділігін арттыру мақсатында ұсынылатын әрекет түрлері: Жаттығулар. Белгілі бір әрекет бірнеше мәрте қайталанады. Жасату кезінде баланың бұл әрекетті жасаудың дұрыстығы мен қажеттігін түсінуі маңызды. Дағдыландыру. Балаларға үлгі болатын арнайы әдеп тапсырмасы беріледі және оны орындау кезінде мүлтіксіз орындауларын қадағалау қажет. Мәселелік жағдайлар шешу. Балаларды күнделікті , шынайы өмірмен байланыстырады. Балалар белгілі бір әдеп нормасын таңдауға мәжбүр болады. Мысалы: ересек адаммен кездесіп қалғанда «Сәлем» мен «Сәлеметсіз бе» деген амандасу түрінің бірін өздігінен таңдауды шешеді. Мадақтау. Балалардың дұрыс әдеппен әрекет етуге деген құлшынысын оятады. Еліктеуге үлгі болу. Өзін-өзі ұстаудың үлгісін көшіруге, қайталауға мүмкіндік береді. Әдеби шығармалар оқу. Өз іс-әрекеттеріне түсініп, баға беруіне ықпал етеді. Шынайы өмірдегі немесе ертегідегі оқиға іс-әрекет туралы эмоционалды байытылған түрде жетеді, бала әдеп ережелерін әсерлі қабылдайды. Әңгімелесу балалардың өзін-өзі әдепті ұстау нормалары мен ережелерін қаншалықты білетіндіктерін анықтауға мүмкіндік береді. Ойын әдіс-тәсілдер. Өздеріне таныс мазақтамалар, нақыл сөздер, тиым сөздер мен мақал-мәтелдер , тәрбиеші қолданған шығармадағы сипаттау, салыстыру сөздері сыпайы әрекеттер мен сыпайы сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. «Әдептілік әліппесі» оқу қызметінің перспективтік-тақырыптық оқу жоспары
|