Әдептілік әліппесі. әдептілік әліппесі. растыран Муратханова Асель Архашызы Семей аласыны технология колледжі мекемесі арамаындаы Немере балабашасы
Скачать 121.15 Kb.
|
Бағдарламада қолданылатын дидактикалық материалдармен жұмыс жасау үлгілері Әңгіме, ертегі және басқа халық ауыз әдебиеті үлгілерін қолдану Балалар үшін көркем шығарманың алатын орны зор. Бірақ, ауызша оқып берген шығармадан мектеп жасындағы бала қажетті ойды түсіне бермейді. Олар тек орын алған жағдайды есіне сақтайды. Сондықтан да қажетті ойды шығармадан бөліп алып, ойын, дидактикалық тапсырмалар арқылы тыңдаған шығарманы жандандырып отыру қажет. Педагог шығармамен жұмыс барысында келесідегідей алгоритммен жұмыс жасай алады: Шығарманы оқып беру Шығармада болған кейіпкер болып: ойнау, эмоциясын беру, дауысын келтіру, ісін келтіру, т.б. (ситаутивтік желелі ойындар). Педагог сұрақтар қою арқылы балалардан шығарманың негізгі ойын бөліп алуға көмектеседі.(Мысалы: Не ұнады? Не ұнамады? Неліктен? Мұнда не туралы айтылды? т.б.) Дидактикалық ойындар. Көбінесе сөздік ойындар барысында балаларда оқу қызметінің мазмұнын меңгеру тиімдірек жүреді. Ойындар мен арнайы тапсырмалар арқылы берілген ойды, әдеп нормаларын белсендіру, бекіту жүзеге асады. («Болады,болмайды», «Жақсы, жаман» т.б.) Оқу қызметін қортындылау кезінде балалардың өз тәжірибесіне сүйену, естеріне ұқсас жағдайларды түсіруді сұрау арқылы айналасындағы өздеріне таныс, күнделіктегі өмірдегі жасалып жатқан қателіктерді анықтауға, іс-әрекеттерін бағалау дағдыларын қалыптастыруға болады. Мысалы: Кімнің әрекеті ұнады?\кімнің әрекеті ұнамады? Осындай жағдайды бұрын көрдіңдер ме? Осындайды бұрын кездестірдіңдер ме? Кейіпкердің орнында болсаң қайтер едің? Негізгі ойды түсінген кезде балаларға тақырыпқа сай тиым сөздер немесе мақал-мәтел, нақыл сөз жаттату. Суреттермен жұмыс жүргізу әдістері Педагог оқу қызметіне жекелеме суреттер немесе сюжеттік суреттер де қолдана алады. Суреттер анық, негізгі ойды нақты жеткізетін шығарма үлгілерін таңдап алуы тиіс. Барынша көлемді болғаны дұрыс. Педагог ең бірінші балалардың назарын суретке аударып, онда не бейнеленгендігін балалармен бірге анықтайды (жетекші сұрақтар қояды, қызықты әдістер қолданады) Суреттің қандай тақырыпқа сай келетіндігін айтады. Балаларға педагог сурет бойынша тақырыпқа сай нақты, қысқа сұрақтар қояды(мысалы: Қанаттың шынтағы қайда тұр? Айнаштың көйлегі қандай? т.б) Сурет бойынша әңгіме құрап айтқызу (Раунд Роббин әдісін қолдану, «Шын, өтірік» дидактикалық ойыны) Балалар кезектесіп бір сөйлемнен айтып шығады. 5-6 сөйлемнен тұратын әңгіме құрастырылады. Құрылған әңгімеге тақырып қою.(Балалардың ұсыныстарын тыңдау, мазмұнын беретін тақырыпты таңдау) Суретке қатысты, тақырыптың мазмұнына сай шағын әңгіме, өлең оқып беру.Шағын тақпақ, мақал жаттату. Өз тәжірибелерімен бөлістіру, естіген тиым сөздерді, нақыл сөздерін айтқызу. Мультфильммен жұмыс жасау алгоритмі Педагог балаларға бағдарлама мазмұнына сай мультфильм таңдайды. Мультфильмнің ұзақтығы 5-7 минутты құрауы тиіс. Тым ұзақ бейнематериал көру кезінде негізгі ойды еске сақтау қиын болады. Балалардың ойы бөлініп, басқа да жағдайлар туралы ойлап кететіндіктен олардың назарын жинақтау қиынға соғады.Материал бала жасына сай, аннимациялық эффекттермен түсірілген, кейіпкерлердің сөздері анық естілетін(артық шуы аз немесе фондағы музыкасы ақырын дыбысталатын) болуы тиіс. Педагог балаларға таныс, жиі айтылатын тақырыпқа сай тиым сөздердерді айтады, кімдерден естігендерін анықтайды. Себебін түсіну үшін мультфильм көруді ұсынады. Мультфильмді көру барысында оқиғаның шиеленіскен жерінде уақытша тоқтатады. Балаларға тапсырмалар немесе сұрақтар қояды. Мысалы: Кім не істеді? Нені істеген жоқ? Не айтты? Не өтінді? т.б. Енді не болады деп ойлайсыңдар? Ол не істейді? Сен ол болсаң енді істейсің? Балалардың жауабын тыңдап болған соң оқиғаны тамашалауды жалғастырады. Мультфильм көріп болған соң кейіпкерлердің әрекетін талдау жүреді. Арнайы педагогикалық әдістер қолдануға болады( «Шын,өтірік», «Жағымды, жағымсыз», «Болады,болмайды»). Сұрақтар қоя отырып, өздері білетін нақыл сөздер мен осыған ұқсас шығармаларды атауды өтіну.Арнайы жағдаяттар ойнатуға болады. Әдептілік әліппесі оқу қызметінде қолданылатын шығармалар «Сіз» бен «Сен» Әдібай Табылдиев «Сіз» -сыпайы, «Сен» -оның анайы түрі. Сөз қолданыста «сіздің» орнына «сен» қолданылса, ол сөз айтушының анайылығын, яғни мәдениетсіздігін көрсетеді. Айтжан бала дастархан басында шешесіне: -Сен, осы , шайды көп ішесің,-деп кінә тақты. - «Сен» деме, «сіз» деп сөйле- деп, оған әкесі Асхат кейіді. - Менің досым Сергей әке-шешесіне «сен» деп сөйлейді ғой... «Сен» деген сөз ең жақын адамдарға айтылады емес пе? -Әрбір халықтың өз дәстүрі бар,- деді оған әкесі, - үлкен кісіге , ата-анаға «сіз» деп, инабат көрсету қажет. «Сіз» деген сөз сыйласымды білдіреді. Кез келген үлкен кісіге «сіз» деп сөйлемесең , ол сені әдепсіз деп, жек көреді. - Ал, өзбек халқында үлкен болсын, кіші болсын кез келген адамға «сіз» деп сөйлеу – ұлттық дәстүр, -деді аңқылдақ ақкөңіл ана. -«Жаңылмас жан, сүрінбес тұяқ болмайды» деп, мақал айтушы едіңіз ғой, кешіріңіз!-деп, Айтжан әкесіне күлімдей қарады. - Сөз қадірін біл,балам!- деді Асхат баласына. Ағаштар неге ашуланды? Б.Соқбақбаев Жадырап көктем туды. Қар қауырт еріді де, аз күнде төңірек қарайып, құрғап шыға келді. Мектептерде көшелерді көгертіп, ағаш отырғызу апталығы басталды. Оқушыларды түгел қызықтырған бұл бастама тек Алмабекке ұнамады. Орман болса тап іргеде тиіп тұр. Көшеге ағаш отырғызып, әуреленудің керегі қанша деп ойлады ол. Бірақ жұрт бір кісідей жұмылып кіріскен істен Алмабек шетте қала алмады. Өз кластастарымен бірге тоғайға ол да барды. Бірнеше жас тал, терек, қайық әкеліп, басқалардың үлгісімен терезе тұсына тізіп отырғызды. Алмабек осымен істі тындыға санады. Өзгелер отырғызған ағаштарын суарып, түбін қопсытып, мәпелеп, күтумен болса, бұл онын бірін де істемеді. Жаз шықты. Көктемде отырғызған ағаштар жапырақтары желкілдеп, бойлап өсе бастады. Солардын арасында Алмабек отырғызған ағаштар ешбір күтім көрмеген соң тамырланып кете алмай, шөгіп, шала-жансар жұтап тұрды. Орманнан өздерімен бірге әкеліп отырғызған басқа ағаштардың айнала жамырап, жайнап өсіп келе жатқанын көргенде қуқыл тартқан ағаштар қапаланып, қайғыға батты. Ертелі-кеш самал желмен тербелген ормандағы кешегі еркін өмірлерін аңсап, бір-біріне мұңын шағып жылады. «Бұл халде тұра берсек, біраз күнде тамырымыз суалап, құритын шығармыз», – деп уайым шекті. Бұл қайғылы хәлді самал жел өзен бойындағы орманға жеткізді. «Осындай да осындай, Алмабек деген алып барып отырғызған сіздердің туысқан шыбықтарыңыздың хәлі мүшкіл екен», – деп сыбдырлап, бұталарға айтып еді, ауыздарына сөз тұрмайтын бұталар оны сыбыр қағып талдарға, талдар қайыңдарға, қайыңдар дереу теректерге жеткізді. Сөйтіп, кең алқапты жалпағынан алып жатқан ну орман Алмабектің қылығын түгел естіді. Бір күні Алмабек жолдастарымен бірге өзенге шомылуға келді. Олар шешініп те үлгірмеп еді, ауа райы күрт бұзылып, аспанды қара бұлт басып кетті. Азынап жел тұрды. Балалар сасқалақтап, үйлеріне қарай жүгіре жөнелісті. Алмабек те жүгіріп келе жатыр еді, ағаштың жыландай ысылдап, майысқан бұтақтарының бірі кенет оның басынан кепкасын қағып, ұшырып жіберді. Ол жалт бұрылып, кепкасын ұстап алмақ болып еді, жолдастарынан адасып қалды. Ал кепка тоқтар емес. Ағаштын қалың ішіне қарай домалап барады. Алмабек әне жетем, міне жетем деп қуа берді. Балалар бұл кезде ұзап кетті. Дәл сол уақытта адам айтса нанғысыз ғажап оқиға болды. Орман іші азан-қазан жаңғырып кетті. Түйе беліндей жуан бәйтерек майысып келіп, Алмабекті баса жаздап, жолына көлденеңнен тосқауыл бола қалды. Алмабек қорыққанынан шыңғырып жіберіп, кейін қарай жалт берді. Сол кезде тұс-тұстан: – Ә, бәлем, Алмабек, қолымызға түстің бе? – деген ашулы дауыстар жамырап естілді. Алмабекте ес қалмады. Ағашы аздау жермен жүгіріп өтпекші болып еді, ұзын ақ қайың жапырақтары жалпылдап, алдын тағы бөгей қалды. Алмабек кейін қарай жалт берді. Маңайдағы ағаштар су-су етіп, төніп келіп қалғанын көрді. Бірнеше солқылдақ көк шыбық жотадан шып-шып еткізіп, шарпып өтті. – Сендерге мен не жаздым?! – деп Алмабек жылап жіберді. Сол кезде төбесі көк тіреген, көпті көріп, көп жасаған орман атасы кәрі еменнің гүжілдеген жуан даусы естілді: – Сенің жазығың сол: біздің бірнеше жас шыбығымызды үйіңнің қасына отырғызбақ болып, қазып әкетіп едің, нағыз азап хәлге салып қойыпсың. Түбі босатылмай, қатып қалыпты. Тамыры суарып, қурап бара жатқан көрінеді. Осы қылығың адамшылыққа жата А? Ағаштан көрген не жамандығың бар? Жайқалып өсіп тұрсақ, қыстақтың көркі емеспіз бе? Жаздыгүні ми қайнатқан ыстықта саямызда паналайсың. Қыстыгүні азынаған бораннан қорғаймыз. Астындағы орындығы мен алдындағы столын, қалам-қағазыңа дейін – бәрі ағаштан істеледі. Үйіңе қабырға болып та қаланамыз. Сен осыны неге түсінбейсің, неге бағаламайсың?– еді қарт емен. Істің мәң-жайы Алмабекке әбден түсінікті болды. – Кешіріңіздер. Кешіре көріңіздер! – деді Алмабек. – Кешіруге болмайды! – Солқылдақ көк шыбық тағы да төніп қалып еді, қарт емен оны бұтағымен қағып тоқтатты. – Жә, шошаңдамай, тұра тұр. Бала сөзін айтып болсын, – деді. – Кешіріңіздер. Мен отырғызған ағаштарымды бүгіннен бастап мәпелеп, күтуге уәде беремін, – деді Алмабек. – Жарайды, – деді қарт емен. – Олай болса, бар үйіңе! Ағаштар түзеліп, бойларын жазды, Алмабекке жол ашты. Алмабек үйіне келді. Дереу күрек алып, ағаштардың түбін қопсытты. Арықтан су әкеп құйды. Құрт түспес үшін ағаш діңінің түп жағын әкпен ақтап қойды. Аз күнде ағаштар қайтадан жанданды. Күзге салым кәдімгідей жапырақтары жайқалып, жетіліп қалды. Бұл үшін өзен бойындағы ну орман Алмабекке ризашылық білдіріп, ол келгенде саясын тосып, шаттана сыбдырласып тұратын болды. Жадырап көктем туды. Қар қауырт еріді де, аз күнде төңірек қарайып, құрғап шыға келді. Мектептерде көшелерді көгертіп, ағаш отырғызу апталығы басталды. Оқушыларды түгел қызықтырған бұл бастама тек Алмабекке ұнамады. Орман болса тап іргеде тиіп тұр. Көшеге ағаш отырғызып, әуреленудің керегі қанша деп ойлады ол. Бірақ жұрт бір кісідей жұмылып кіріскен істен Алмабек шетте қала алмады. Өз кластастарымен бірге тоғайға ол да барды. Бірнеше жас тал, терек, қайық әкеліп, басқалардың үлгісімен терезе тұсына тізіп отырғызды. Алмабек осымен істі тындыға санады. Өзгелер отырғызған ағаштарын суарып, түбін қопсытып, мәпелеп, күтумен болса, бұл онын бірін де істемеді. Жаз шықты. Көктемде отырғызған ағаштар жапырақтары желкілдеп, бойлап өсе бастады. Солардын арасында Алмабек отырғызған ағаштар ешбір күтім көрмеген соң тамырланып кете алмай, шөгіп, шала-жансар жұтап тұрды. Орманнан өздерімен бірге әкеліп отырғызған басқа ағаштардың айнала жамырап, жайнап өсіп келе жатқанын көргенде қуқыл тартқан ағаштар қапаланып, қайғыға батты. Ертелі-кеш самал желмен тербелген ормандағы кешегі еркін өмірлерін аңсап, бір-біріне мұңын шағып жылады. «Бұл халде тұра берсек, біраз күнде тамырымыз суалап, құритын шығармыз», – деп уайым шекті. Бұл қайғылы хәлді самал жел өзен бойындағы орманға жеткізді. «Осындай да осындай, Алмабек деген алып барып отырғызған сіздердің туысқан шыбықтарыңыздың хәлі мүшкіл екен», – деп сыбдырлап, бұталарға айтып еді, ауыздарына сөз тұрмайтын бұталар оны сыбыр қағып талдарға, талдар қайыңдарға, қайыңдар дереу теректерге жеткізді. Сөйтіп, кең алқапты жалпағынан алып жатқан ну орман Алмабектің қылығын түгел естіді. Бір күні Алмабек жолдастарымен бірге өзенге шомылуға келді. Олар шешініп те үлгірмеп еді, ауа райы күрт бұзылып, аспанды қара бұлт басып кетті. Азынап жел тұрды. Балалар сасқалақтап, үйлеріне қарай жүгіре жөнелісті. Алмабек те жүгіріп келе жатыр еді, ағаштың жыландай ысылдап, майысқан бұтақтарының бірі кенет оның басынан кепкасын қағып, ұшырып жіберді. Ол жалт бұрылып, кепкасын ұстап алмақ болып еді, жолдастарынан адасып қалды. Ал кепка тоқтар емес. Ағаштын қалың ішіне қарай домалап барады. Алмабек әне жетем, міне жетем деп қуа берді. Балалар бұл кезде ұзап кетті. Дәл сол уақытта адам айтса нанғысыз ғажап оқиға болды. Орман іші азан-қазан жаңғырып кетті. Түйе беліндей жуан бәйтерек майысып келіп, Алмабекті баса жаздап, жолына көлденеңнен тосқауыл бола қалды. Алмабек қорыққанынан шыңғырып жіберіп, кейін қарай жалт берді. Сол кезде тұс-тұстан: – Ә, бәлем, Алмабек, қолымызға түстің бе? – деген ашулы дауыстар жамырап естілді. Алмабекте ес қалмады. Ағашы аздау жермен жүгіріп өтпекші болып еді, ұзын ақ қайың жапырақтары жалпылдап, алдын тағы бөгей қалды. Алмабек кейін қарай жалт берді. Маңайдағы ағаштар су-су етіп, төніп келіп қалғанын көрді. Бірнеше солқылдақ көк шыбық жотадан шып-шып еткізіп, шарпып өтті. – Сендерге мен не жаздым?! – деп Алмабек жылап жіберді. Сол кезде төбесі көк тіреген, көпті көріп, көп жасаған орман атасы кәрі еменнің гүжілдеген жуан даусы естілді: – Сенің жазығың сол: біздің бірнеше жас шыбығымызды үйіңнің қасына отырғызбақ болып, қазып әкетіп едің, нағыз азап хәлге салып қойыпсың. Түбі босатылмай, қатып қалыпты. Тамыры суарып, қурап бара жатқан көрінеді. Осы қылығың адамшылыққа жата А? Ағаштан көрген не жамандығың бар? Жайқалып өсіп тұрсақ, қыстақтың көркі емеспіз бе? Жаздыгүні ми қайнатқан ыстықта саямызда паналайсың. Қыстыгүні азынаған бораннан қорғаймыз. Астындағы орындығы мен алдындағы столын, қалам-қағазыңа дейін – бәрі ағаштан істеледі. Үйіңе қабырға болып та қаланамыз. Сен осыны неге түсінбейсің, неге бағаламайсың? – деді қарт емен. Істің мәң-жайы Алмабекке әбден түсінікті болды. – Кешіріңіздер. Кешіре көріңіздер! – деді Алмабек. – Кешіруге болмайды! – Солқылдақ көк шыбық тағы да төніп қалып еді, қарт емен оны бұтағымен қағып тоқтатты. – Жә, шошаңдамай, тұра тұр. Бала сөзін айтып болсын, – деді. – Кешіріңіздер. Мен отырғызған ағаштарымды бүгіннен бастап мәпелеп, күтуге уәде беремін, – деді Алмабек. – Жарайды, – деді қарт емен. – Олай болса, бар үйіңе! Ағаштар түзеліп, бойларын жазды, Алмабекке жол ашты. Алмабек үйіне келді. Дереу күрек алып, ағаштардың түбін қопсытты. Арықтан су әкеп құйды. Құрт түспес үшін ағаш діңінің түп жағын әкпен ақтап қойды. Аз күнде ағаштар қайтадан жанданды. Күзге салым кәдімгідей жапырақтары жайқалып, жетіліп қалды. Бұл үшін өзен бойындағы ну орман Алмабекке ризашылық білдіріп, ол келгенде саясын тосып, шаттана сыбдырласып тұратын болды. Жақсы деген немене, жаман деген немене? В.Маяковский Бөбек келіп әкеге, қозғады бір мәселе. -«Жақсы деген немене, жаман деген немене?» -«Құлақ қойып тыңдасаң, мұның сырын қозғайын»- Әкенің бұл жауабын кітапқа мынау жазайын. «Егер беті былғанып, болса бейне қара түн. Өте жаман бұл деген, мұны балам сен түсін. Егер бала ұнатса, сабын мен тіс ұнтағын. Байқатады бұл істер оның жақсы болғанын… …Мына бала балшықта, көйлегі оның кір, сатпақ. Жаман дейді ондайды, оны кімдер ұнатпақ? Мынау байпақ тазалап, гәлөшін өзі жуыпты. Болсын мейлі кішкентай, жақсы бала ұқыпты. Ұмытпасын әрбір ұл, білсін мұны бар бала: шошқа болып өседі торай болған әр бала» Кетті бала қуана, шешім жасап толайым: «Жақсы істер жасаймын, жаман бала болмаймын» Сыпайы қоян Мексика халық ертегісі Бір күні мейірімді және сыпайы қоян көрші бақшада қырыққабатқа тойып алып, үйіне жиналып жатқанда, кенеттен түлкіні көріп қалады. Қоянның жүрегі дір етті. Қашу керек, бірақ қайда. Ойлан бастан бір үңгірге кіріп кетті.Қоян өте сыпайы, тәрбиелі еді. Үңгірге рұқсатсыз кіргеніне ыңғайсызданып, амандасу қажет екендігін түсінеді. - Сәлеметсіз бе, мейірімді үңгір. Сенің кеңдігің және тыныштығың жанға рақат сезім сыйлағандай. Маған кіруге рұқсат етші, - дейді. Ал үңгірдің түпкірінде жылан мекендейтін. Ол қоянның дауысын естіп, оны шақырады.Жыланның дауысынан оның жегісі келіп тұрғанын сезген қоян: - Сізді мазалағаныма кешіріңіз, мені Ана-қоян күтіп отыр. Сау болыңыз, - деп қаша жөнеледі. Осы бір сиқырлы сөздер-ай! Қоян маған жақсы сөз айтпағанда, мен оны ұстап алар едім, - деп өкінді жылан. Әжем келді, алақай Әдібай Табылдиев
Жақсы болу өзіңнен А.Асылбеков Жақсы болу өзіңнен Жаман болу өзіңнен Өзіңді өзің ая да, Өзің үйрен өзіңнен. Жамандық көрсең біреуден Мен қандаймын деп ойла. Жақсылық көрсең біреуден Мен қандаймын деп ойла! Жақсылық пен жамандық Қазақ халық ертегісі Бұрынғы өткен заманда Жақсылық, Жамандық атты екі адам болыпты. Бір күні Жамандық жаяу жүріп келе жатса, артынан бір атты кісі жетіпті. Екеуі жөн сұрасып, қайда бара жатқанын білісіпті. Ол келген Жақсылық екен. Сонда Жамандық тұрып: - Жақсылық, сен мені артыңа мінгестіре кетші, - депті. Жақсылық: - Олай болса, сен қазір мына атқа мін де, біраз жер жүріп барып, түсіп, атыңды байла да өзің жаяу кете бер. Cодан соң мен жетіп, атпен біраз жерге жүріп, саған тағы байлап кетермін. Сөйтіп, баратын жерімізге кезек мініп жетейік. Екеуміз мінгессек атқа қиын соғар, - депті. Сонан соң Жамандық атқа мініп алып, сол кеткеннен Жақсылықты есіне алмастан, кете беріпті. Жақсылық шаршап, арып-ашып, кешке жақын бір күркеге келеді. Ішіне кірсе, жан жоқ. Бірақ ортада бір үлкен қазан асулы тұр екен. «Айдалада қайнап тұрған не қылған тамақ? Дәм татайын», - деп, бір саусағының ұшын батырып, дәм татады да, күрке төбесіне шығып жатады. Бір уақытта қасқыр, түлкі, арыстан – үшеуі келіп, күркеге кіріпті. Түлкі тамақты көре сала: - Ойбай, мына тамақтан біреу жепті! – деп, байбалам салады. Қасқыр мен арыстан екеуі: - Кім жеуші еді? Адам келетін жер ме, бұл жер? – деп, кейіген соң, түлкі сөзді доғарып, үшеуі отырып тамақ ішіп, әңгімеге кіріседі. Арыстан, қасқыр, түлкі – үшеуі көрген-білгендерін айтысады. Арыстан мен қасқыр түлкіге: - Түлкі, сен не көрдің, не естіп, не білдің? – дейді. Сонда түлкі тұрып: - Мен бір жерден бір алтын көрдім. Пәлен деген байдың қыстауының қасындағы жаман қыстаудың ортасында, бір сүйем жердің астында жатқан бір құмыра алтынды күнде қарауылдап, қарап келемін, - дейді. Сонда қасқыр тұрып: - Мен күнде пәлен деген байдың қойының арасында үлкен ала тоқтыны қарауылдап келемін. Себебі: ол байдың ауырып жатқан бойжеткен қызы бар, қандай ем қылса да жазылмайды және оның емін ешкім білмейді. Бірақ мен білемін: ол қызды жазатын ала тоқты. Ала тоқтыны сойып, өкпесін жегізсе, жазылады. Тағы да ол бай жар салған: «Кімде-кім осы қызымды емдеп жазса, соған осы қызымды беремін», - деп. Бірақ оның емін әлі ешкім тауып айтқан жоқ, тауып айта алмайды да, - дейді. Кезек келген соң, арыстан тұрып: - Мен де түнде барып, түген байдың жылқысының біреуін жеп келіп жүрмін. Ол бай мені еш уақытта ұстай алмайды және маған оның ешбір жылқысы қуып жете алмайды. Жететін бір-ақ тайы бар. Ол тай пәлен тоғайдағы жылқының ішінде. Сол тайдан басқасынан мен құтылып кетемін. Және ол байдың жар салғаны бар: «Кімде-кім менің жылқымды жеп жүрген арыстанды ұстап берсе, соған бір үйір жылқымды беремін», - деп. Олар әңгімелерін аяқтап, ұйықтап қалады да, азаннан тұрып, бет-бетіне кетеді. Жақсылық олардың барлық әңгімелерін естіп алып, адам емдеуші боп, байдікіне келеді. Бай оның түріне қарап: «Осы емші шығар», - деп ойлап: - Жоғары шық! – дейді. Жақсылық отырған соң, бай: - Қызыма бал ашып бер! – дейді. Жақсылық: «Мақұл», - дейді де, қызды қарап: - Баланы емдетпей, босқа қинапсыңдар ғой! Әкел анау үлкен ала тоқтыны. Мұның ауруы соның өкпесінде, - дейді. Бай дереу, қойшыларды жіберіп, тоқтыны алдыртады. Жақсылық қызға тоқтының өкпесін жегізіп, емдейді. Жазылған соң, қызды өзі алады. Бұдан кейін Жақсылық бағанағы жаман қыстауға келеді. Қораның ортасын бір сүйемдей қазса, бір құмыра алтын шығады. Оны алып, арыстанның айтқан жеріне барады. Барса, бай бір арыстанды ұстай алмай жүр екен. Мұны білген соң Жақсылық байға: - Мен сол арыстанды ұстап берсем, сен маған не бересің? – дейді. Бай: - Егер ұстап берсең, саған бір үйір жылқы беремін, - дейді. Жақсылық: «Жарар», - деп, тоғайдағы жылқылардың ішінен ала тайды ұстап алып, арыстанды күтіп тұрады. Арыстан келіп, жылқыны алып қаша бергенде, Жақсылық әлгі ала таймен қуып жетіп, арыстанды ұрып жығып, байдың бір үйір жылқысын алып, келген жолына түседі. Неше ай, неше жылдар өткенде, бір күні бұған Жамандық келіпті. Жақсылық Жамандыққа қараса, үсті-басында түк жоқ, қайыршы, дуана секілді екен. Ол Жақсылықты көріп: - Жақсылықжан! Мен саған жамандық қыламын деп, мұндай күйге ұшырадым. Енді сен мені адам қыл. Сен бұл мал-мүліктерді қай жақтан таптың? – дейді. Сонда Жақсылық: - Не де болса, адамзатсың ғой! Сен жамандық істегенмен, мен саған жақсылық істейін, - деп, өзінің бастан кешкен оқиғасын айтыпты. Сонан соң тұрып: - Пәлен төбеде бір үй бар. Сен қазір соған жет. Оның ішінде асулы бір қазан ет бар. Бірақ оның ішіндегі еттен тек бір саусағыңды батырып, дәмін көр де үйдің төбесіне шығып жат. Сонда түлкі, қасқыр, арыстан келеді. Сен олардың әңгімесін тыңдай бер. Олар кеткеннен кейін естіген сөздеріңді істесең, сен осындай боласың, - дейді. Жамандық: «Жарайды,» - дейді де, баяғы күркеге барып кіреді. Жақсылық айтқандай, қазан толы ет асулы тұр екен, қызығып кетіп, шыдай алмай: «Мына бір жілігін жейінші» - деп, еттен жеп, сорпасынан да, бес-алты рет ұрттап алыпты. Сөйтіпті де, үйдің төбесіне шығып жатыпты. Бір уақытта түлкі, арыстан, қасқыр – үшеуі күркеге кіреді. Түлкі тамақты көре сала: - Ойбай, мына еттің тоқпақ жілігі жоқ, омыртқасы жоқ, сорпасы жоқ, біреу жепті! – дейді. Оған арыстан мен қасқыр: - Кім жеуші еді? Бұл жерге адам келуші ме еді? – деп, көнбейді. - Жоқ! Бір бәле бар! Мен түс көрейінші, - деп, түлкі жата қалыпты да, аздан соң қайта тұрып: - Осы күрке үстіне шығайықшы, сонда бір пәле бар секілді, - депті. Бұл сөзін қасқыр мен арыстан да мақұл көріп, түлкі төбеге шықса, Жамандық жатыр екен. Үшеуі Жамандықты бас салып жеп қойыпты. Сөйтіп, Жақсылық жақсылығынан өмір сүріп, мұрат-мақсатына жетіпті. Жамандық жамандығынан ит-құсқа жем болыпты. Екі көзің не үшін керек? Қадір Мырзалиев — Екі көзің не үшін керек? — Жақсыларды көру үшін! — Екі қолың не үшін керек? — Елге көмек беру үшін! — Құлақ деген не үшін керек? — Ақыл-кеңес тыңдау үшін! — Жүрек деген не үшін керек? — Жауларымнан қыңбау үшін! — Тіл мен жағың не үшін керек? — Ақиқатты айту үшін! — Ал аяғың?.. — Шетте жүрсем, Туған жерге қайту үшін! Ата, бізге келіңіз! Әдібай Табылдиев
Өсиет әңгіме Қазақ халқының аңызы Бір күні Ар, Ұят, Намыс үшеуі бас қосады. Олар өткен – кеткенді әңгіме етеді. Әңгіме арасында үшеуі өздерінің өмірдегі пайдалары туралы айта бастайды. Мен адам бойына кішкентай бөбек күнінен әдептіліктің нәрін себемін, — деді Ұят. Ал мен болсам адам баласына өзінің ғана емес, досының, туысының басқа адамдардың ағаттық істеріне жауапкершілікті сезіндіремін – дейді Ар. Сонда Намыс тұрып: Мен болсам, адамға өзі, досы, туысымен қоса бүкіл отбасы, балабақшасы, сыныпты, мектебі, ауылы, тіпті елі үшін жауапкершілігін сезіндіремін, - дейді. Осылардың айтқанын сырттарынан бақылап, тыңдап тұрған Әдеп: -О, достарым, мен сендердің сөздеріңе толық қосыламын, үшеуіңнің де өмірдегі пайдаларың – адамды әдепті ету. Өйткені ұятты, арлы, намысшыл адам – нағыз адам. Үшеуің де адам баласына ауадай қажетсіңдер, біріңді – бірің толықтырасыңдар. Сондықтан да мәңгілікке ажырамастай туыс болыңдар деп бата беріпті. Содан бері намыс – ағасы, ар – інісі, ұят – кіші інісі болып, бірге өмір сүреді екен. Сондықтан да «ұяты бар бала арлы бала болып, арлы бала намысшыл бала болып өседі» деген осыдан қалған екен. Амандаса білейік! Амандасып жүрейік! Нұртөре Жүсіп «Сәлем – сөздің анасы» дейді біздің қазақ. Үлкенге сәлем беріп, алғысын алу – қазақ салт-дәстүрінің ең озық түрі. Сәлемі түзу балаға үлкендер «Көсегең көгерсін, жүз жаса, бақытты бол» деп алғыс айтқан. Дұрыс амандаспаса, «үлкенді сыйлай білмейді, көргенсіздің баласы» деп ата-анасын кінәлаған. Осылай баласына қарап, ата-анасына баға берген. «Атаңа сәлем бер», «Әжеңмен амандас», «Оң қолыңды беріп амандас» деп жастайынан үйреткен. Амандасу – адамгершілік қасиеттің бір белгісі. Қазақтың қанға сіңген дәстүрі бойынша екі кісі жолыға қалғанда алдымен жасы кішісі «Ассалаумағалейкүм!» деп бірінші болып сәлем береді. Жасы үлкені «Уағалайкүмассалам!» деп сәлем алады. Содан соң мал-жан амандығы сұралады. Амандасу – салт-дәстүрімізде ерекше орын алатын құндылық. Жасы кіші – үлкенге, атты кісі – жаяуға, келе жатқан адам отырғанға сәлем беруі ежелден қалыптасқан. Алайда «алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы адам барып сәлем береді» деген қағида тағы бар. Мұның бәрі – халықтың өзара ізет пен құрмет әдебі. Қазақ бір-бірімен жолыққанда «Мал-жан аман ба?» деп сұрасқан. Бірінші кезекте «Мал аман ба?» деп сұрауы тегін емес. Мал – тіршілік өзегі. Сосын барып – жан. Қазақтың тірлігі төрт түлікпен тікелей қатысты болған. Соған байланысты мал және отбасы туралы жөн сұрасу қалыбы қалыптасқан. Кім болса да кездескен адамға сәлем беру қажет. Бұл үшін оң қолымызды кеуде тұсымызға қоямыз. Басымызды сәл иіп ізет білдіреміз. «Ассалаумағалейкүм» дегенді әр адам өз қалауына қарай айтады. Ішінен айтуына да болады. Амандасу дағдымыз қалай? Подъезде, лифтіде, көшеде қарсы ұшырасқан адамға сәлем бермей өте шығатынымыз рас қой. Осы мәдениетке, әдепке жата ма? Жұмысқа, сабаққа бара жатқанда, жолда, дүкенде немесе басқа ортада жиі кездестіретін адамдармен амандасасыз ба? Қоғамдық орындарға (дәмханаға, асханаға) кіріп келе жатқан таныс не бейтаныс адамдармен қалай амандасасыз? Бұқар жырау бабамыз былай деген екен: Өзек қуа ағады, Өзен судың сағасы. Алыстан сәлем береді, Әдепті елдің баласы, – деген екен бір заманда (әңгіме алынды: https://egemen.kz/article/232060-amandas-zamandas!) Қазақтың тиым сөздері мен нақыл сөздері Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі – тыйым сөздер. Бұл сөздер есі кірген балаларды жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған. Көбінесе ересектер балаларға бір әрекетті жасауға тиым салғанда «жаман болады» деп тиым жасап жатады. «Жаман болады» сөзінің мәнісін түсінбеген бала, қанша ескертіп жатса да жаман істі қайталай береді, ақыр соңында ол әдетке айналады. Сондықтан да педагог балабақшада балаларға әр айтылған тиым сөздің мағынасын ашып, балаларға түсіндіріп отыруы және жас отбасылар, ата-аналарға кеңес беріп отыруы тиіс. Мысалы: тізені құшақтау – жалғыз қалудың, қолды төбеге қою – ел-жұрттан безінудің, үлкеннің жолын кесу – әдепсіздіктің, асты төгу – ысыраптың белгісі деп танылған және ондай ерсі істерге қатаң тыйым салынғандығын балаларға түсіндіріп беру. 1.Тұрмыстық- шаруашылыққа байланысты ырым тыйымдар: 1. Нан үстіне зат қойма. 2. Нанды бір қолыңмен үзбе. 3. Нанды лақтырма. 4. Сүтті төкпе. 5. Сыпырғышты тік қойма. 6. Отқа түкірме. 7. Тұзды баспа. 8. Дастарханды, тамақты баспа. 9. Асты үрлеме, асты жамандама. 10. Тамақты сораптап ішпе. 11. Түрегеп тұрып немесе жатып тамақ ішпе 2. Мәдени-гигиеналық мағынаны қалыптастыратын ырымдар мен тыйымдар: 1.Шелектегі суға аузыңды салма. 2. Саусағыңды аузыңа салма . 3. Бас киіммен ойнама. 4. Таңдайыңды қақпа. 5.Басыңды шайқама. 6. Екі езуіңді керме. 7. Шашыңды аяқ астына тастама. 8. Жағыңды таянба. 9. Саусағыңды аузыңа салма. 10.Шашыңды, тырнағыңды өсірме. 3.Экологиялық тәрбие беретін тыйым сөздердің түрлері: 1.Жалғыз ағашты жұлма 2. Көкті жұлма. 3. Малды теппе. 4.Суға дәрет сындырма. 5.Құстың ұясын бұзба 6.Су шашып ойнама. 7. Құстың ұясын бұзба. 8. Құмырсқаның ұясын баспа. 4.Әдеп мәдениетіне тәрбиелейтін ырымдар мен тыйым сөздер: 1. Үлкеннің алдын кеспе 2. Адамды айналма 3. Кемтар адамға күлме. 4. Адамға қарап түкірме. 5. Жаман бұзақы сөзге ерме. 6. Кісіге қару кеземе. 7. Үлкеннің жолын кеспе. 8. Жақсыдан тәбәрік ал, жақсылығы тиеді. 9. Анаға зекіме, азабын тартасың. 10. Барды жоқ деме, барың жоқ болады. 11. Аманатқа қиянат жасама. 12.Ант ішпе, әбес сөйлеме. 13. Өтірік куәлік жасама. 14. Кісі мініне күлме, кемтарға күлме. 15. Үлкеннен бұрын сөйлеме. 16. Үлкеннен бұрын тамақ жеме. 17. Үлкеннен бұрын отырма, жатпа. 18. Үлкеннің бетінен алма. 19. Жұрт көзінше кекірме, қасынба. 20. Жұрт алдында құлағыңды қасыма, мұрныңды шұқыма. 21. Жерді сабама, жерді тепкілеме. Төрт түлік туралы өлеңдер
Сыпайы сөздер сөздігі Сәлемдесу сөздері Қайырлы таң! Қайырлы күн! Қайырлы кеш! Деніңіз сау болсын! Ассалаумағалейкүм!/Уағаликүмассалам! Қалыңыз қалай! Сәлеметсіз бе! Амансыз ба! Сізді көргеніме қуаныштымын. Сізді кездестіргеніме қуаныштымын. Сізбен қауышқаныма қуаныштымын. Кешірім сұрау сөздері Кешіріңіз. Кешірім өтінемін. Ғафу етіңіз. Мені сөге көрмеңіз. Менен қате кетті, кешіріңіз. Мен қателескен екенмін. Алғыс білдіру сөздері Сізге деген алғысым шексіз! Көп рақмет. Сізге ризамын. Маған көп көмектестіңіз, рақмет. Көмегіңізге алғыс білдіремін. Телефонмен сөйлескенде қолданылатын сөздер Алло? Сізді тыңдап тұрмын. Сіздің сөйлесуге уақытыңыз бар ма? Маған уақыт бөлесіз бе? Кешіріңіз, кіммен сөйлесіп тұр екенмін? Сізді мазалауға бола ма? Сәл күте тұрсаңыз. Қиын болмаса, қайта айтсаңыз. Сізден сұрайын деп едім. Сізді жақсы естіп тұрмын/ Сізді дұрыс ести алмай тұрмын. Қайта хабарласыңыз. Сізді естігеніме/сізбен сөйлескеніме қуаныштымын. Сізге қазір сөйлесу қолайлы ма? Не деп айтайын. Кешіріңіз, номерді қате тердіңіз. Кешіріңіз, сәлден кейін сөйлессек бола ма? Қоштасу сөздері Сау болыңыз! Сау-саламатта болыңыз! Кездескенше аман тұрыңыз. Сапарыңыз оң болсын! Сапарыңыз сәтті болсын! Жақсылықта кездесейік. Аман-сау кездесейік! Қайырлы кеш. Қайырлы түн. Жолыңыз болсын Жақсылықпен оралыңыз. Аман-есен болыңыз! Өтініш білдіру сөздері Кешіріңіз,... көмектесесіз бе? Өткізіп жіберіңізші. Өтінемін, ... Сізден өтінемін... Рұқсат етіңіз Егер қиын болмаса... Қоғамдық көлікте қолданылатын сөздер Сіз шыққалы тұрсыз ба? Қатты сөйлемеңізші, өтінемін. Бұл орын бос па екен? Өтіп кетіңіз, өтінемін. Абай болыңыз! Көмектесіп жіберіңізші, өтінемін Өтіп кетсем бола ма? Өткізіп жіберіңізші Орын беріңізші, өтінемін. ....аялдаманы айтып жіберіңізші. Танысу сөздері Таныс болайық. Танысқаныма қуаныштымын. Сізбен танысқаныма өте қуаныштымын. Таныстыруға рұқсат етіңіз. Сізбен танысуға бола ма? Құттықтау мен тілек сөздер Туған күніңізбен! Құттықтаймын! Құтты болсын! Жақсылық тілеймін Ұзағынан сүйіндірсін. Бақытты болыңыз Түннің тыныштығын берсін. Ісіңіз сәтті болсын! Күніңіз берекелі болсын! Баталы болыңыз. Көрер қызығыңыз таусылмасын. Қоғамдық орындарда қолданылатын сөздер Үзілісте сөйлесейік Отыруға бола ма? Сізге ұнады деп ойлаймын. Өткізіп жіберіңізші. Көрсетесіз бе? Ұстап көруге бола ма? Сіз не ұсынасыз? Таңдауға көмек бере аласыз ба? Қандай кеңес бере аласыз? Кеңес беріп жібересіз бе, өтінемін. Асханадағы ереже Өтепберген Ақыпбеков Сорпа көже кеспені іш Сорпылдатпай еппен іш Алып жәймен алдыңа Үгітпей же нанды да. Асты төкпей шашпай іш Алақ-жұлақ етпей іш Жаман әдет білгенге Шайды ыстық деп үрлеме. Келген асты алдыңа Тауысып іш қалдырма. Құмырсқа мен көгершін Спандияр Көбеев Бір қүмырсқа сусап, су ішуге өзенге түсті. Бейшараны толқын соғып, суға кетіп қала жаздады. Сол мезгілде аузында тістеген бір бұтағы бар көгершін суға кетіп бара жатқан құмырсқаны көреді-дағы аяп, бұтағын оның үстіне тастай берді. Құмырсқа бұтаққа мініп, толқынмен судың жиегіне шығып, қазадан құтылды. Мұның артынан манағы айтылмыш көгершін өзеннің жағасына қонып, бір аңшының құс аулауға құрып қойған ауының астындағы бидайды теріп жей бастады. Аңшы ауды басып қалып көгершінді ұстап алуға даярланып жатқанын құмырсқа көрді-дағы, өрмелеп келіп, аңшының аяғын қатты шағып алды. Аңшы ауды қоя бергенде көгершін көтеріліп ұшып кетеді. Кірпішек Надежда Подлесова Шурик әкесіне еріп орманда саңырауқұлақ теріп жүріп, кірпішешешннің баласын тауып алды. -Әке, мен кірпішекті үйіге алып кетейінші,-деді Шурик. - Болмайдыб-деді әкесі.- Орманға жүре берсін. -Оған біздің үйде ұнайтын болады. Алып кетейікші енді,-деп өтініп сұрады Шурик. Әкесі келісті де олар кірпіні үйге алып келді. Бөлменің бұрышына Шурик шөп жұлып, төсеп қойды. Ормандағыдай болсын. Ыдысқа сүт құйып қойды. Кірпінің жанында қалып, оның қашан ішетінін күте бастады. Ал кірпі болса жиырылып алып, ұйықтаған кейіп танытып жатты. Тек барлығы ұйқыға жатып, шамды сөндіргенде ғана, кірпі бөлменің ішінде жүгіре бастады. Шурик қуанып кетті. Кірпі үйреніп кетеді де онымен ойнайтын болады. Бірақ, келесі күні Шурик қанша күтіп отырса да, ол кешегідей бұрышта тыныш жатып алды. Шурик әкесінің қолғабын киіп алды да оны қолына алып сипады. -Кірпішек,кірпішек,- деді Шурик.-Қорықпа. Жүгір. Бірақ, кірпішешен не жүгірмеді, не ойнамады, тұмсығын тығып алды. Келесі күні де дәл осы қайталанды. -Қызықсың сен,кірпішек,-деді Шурик. –Біртүрлі ұялшақсың. Ал, Жұмсақ болса ондай емес. Тамақ жегісі келсе: Мя-а-у!Егер ойнағысы немесе қыдырғысы келсе есікке тақап, тағы да :- М-я-ау! Егер оған көңілді болса пырылдап ән салады. Ал, сен болсаң, түсініксізсің, саған не керегі белгісіз. Осылайша Кірпішек Шуриктің үйінде бір аптадай болды. Күні бойы жиналып алып, бұрышта қозғалмай жатады. Бір күні анасы жұмыстан келді де былай деді: -Шурик, қарашы, менің саған қандай кітап алып келгенімді. Шурик қарап еді, кітаптың мұқабасында үш кірпінің суреті салынған екен. -Жұмыстың барлығын болып, кітапты оқимыз,-деді анасы.Төсекке жатқан кезде анасы Шуриктің жанына отырып, орманда үш кірпінің қалай өмір сүргендері туралы оқи бастады. Әке кірпі, ана кірпі және бала кірпі. Шурик тыңдап жатыр, ал өзі өзінің кірпісі туралы ойлап кетті. Оның да анасы мен әкесі бар ғой.Олар орманда.Ал ол болса жалғыз, бұрышта жатыр. Мүмкін жылап жатқан болар? Әке кірпі мен ана кірпі де жылап жүрген болар? Олар оны күнде іздейтін шығар. Шурик мұңайып қалды. Анасы ұйықтауға кетті. Ал, Шурик орнынан тұрды да, кірпіге келді. -Кірпішек,-деп сыбырлады Шурик.-Менің не айтатынымды тыңда. Бүрсікүні әкемнің демалысы. Біз сені орманға апарамыз. Сен қайтадан анаңмен бірге өмір сүретін боласың. Шын екен. Демалыс күні олар кірпіні орманға алып барды. Шурик оны өзі алғаш тауып алған алаңқайға жібере салды. Кірпі басында ерсілі-қарсылы жүгірді. Бірдеңені тұмсығымен иіскеледі. Содан кейін сенімді түрде бұталардың арасына жүгіре жөнелді. -Есіне түсірді!Әке, кірпі үйіне баратын жолды есіне түсірді! Сау бол, Кірпішек!-деп қуанып айғайлады Шурик. Ғылым таппай мақтанба (үзінді) Абай Құнанбаев Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба, Құмарланып шаттанба, Ойнап босқа күлуге. Бес нәрседен қашық ябол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз. Тілеуің, өмірің алдыңда, Оған қайғы жесеңіз. Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ Бес дұшпаның, білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым, ойлап қой Бес асыл іс, көнсеңіз. Тілазар Қадыр Мырзалиев -Тазалашы, мұз болған, Есік алды тайғанақ! -Жата берсін,біз оған Теуіп жүрміз сырғанақ! Шыға беріп Жалтақбай Ұшып түсті қалпақтай! «Қайырымдылық» Д.Данабеков Сәулет пен Келбет далада ойнап жүр. Ыстықтан тершігендеріне қарайтын емес. Келбет допты Сәулетке қарай лақтыра беріп тоқтай қалды. Екі көзі қалықтай ұшып жүрген қарлығаштарда. -Ананы қарашы, әне! Сәулет жоғары қарады. Қарлығаштар төмендеп ұшып, қайта көтерілді. Екі бала қарап тұрды. Қарлығаштар шырылдап айнала ұшып жүр. -Ой, - деді сүрініп кеткен Сәулет тізесін сипалап. – Әне, ана балапанды қарашы! -Кәне, қайсы? Қай жерде? -Әне! Байқа, басып кетпе! Келбет келіп қарады. Кіп – кішкентай тұмсығын жерге тіреп, қызылшақа балапан жатыр. Көздерін ашып – жұмып, дір – дір етеді. Сәулет балапанды абайлап көріп: -Ұядан ұшып түскен ғой, - деді. -Тірі ме? -Иә, тірі сияқты. -Бізден қорқып тұрған шығар? -Онда ұясына салайық, - деді де сатыны әкеліп, үйдің қабырғасына сүйеді. Балалар балапанды ұясына салды. Қарлығаштар енді көңілді. Олар көкке көтеріліп, балалардың төбесінен екі – үш айналып өтті. Не деу керек? Әнуарбек Дүйсенбиев
Қонақ келгенде Қастек Баянбаев
Меймандос Әдібай Табылдиев Алақай, келіңіз, Дайын тұр төріміз. Пальтоны ілейін, Шешіңіз,беріңіз. Тамақтар дап-дайын, Таңдайсыз қандайын? Тағамның не түрін, Тағы да қамдаймын... Келіңіз, келіңіз, Сый-сияпат көріңіз! Жақсы әдет пен әдепті қалыптастырушы дидактикалық ойындар «Сыпайы жеткіз» Мақсаты: сыпайы сөздер мен өтініштерді белсендіру. Шарты: Педагог басқа дөрекі айтылған сөздерді қолданып, бірнеше өтініштерді, жағдайларды ауызша жеткізеді. Балалар ол өтініштерді сыпайы формаға келтіріп өзгертіп айтады. Мысалы: «Ой, мына жер қандай сасық!»- «Мына жерден жаман иіс шығып тұр». «Фуу, мен ол ботқаны жемеймін, ол жаман»- «Рахмет, ботқа жегім келмей тұр» «Ана допты алғым кеп тұр»- «Доппен ойнауға бола ма?» «Шын, өтірік» Мақсаты: шығармадағы әрекеттерді еске түсіру. Шарты: Педагог шығарманың мазмұнына қатысты бірнеше сөйлемдер мен ой айтады. Оның кей бірі шындық, ал кейбіреуі өтірік уәждер. Балаларға әр айтылған ойдан соң педагог «шын ба, әлде өтірік пе?», деп сұрап отырады. Балалар «шын» немес «өтірік» деп жауап береді. «Өзіңді ата» Мақсаты: өзін құрдастарының арасында таныстыра білуге үйрету. Шарты:Балаға өзін өзгелер қалай атағанын қалайды солай таныстыру ұсынылады. Кейде бала өзін үйдегідей еркелетіп атауы мүмкін. «Еркелетіп шақыр» Мақсаты: балаларды арасында бір-біріне достық қарым-қатынасты орнату Шарты: Балалардың біріне қолына доп не басқа бір ойыншық ұстатылады. Оған ол затты өз қалауы бойынша басқа балаға есімін еркелетіп атап беру ұсынылады. «Сиқырлы сөздер тауып аламыз»Мақсаты: Сыпайы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру Шарты: Орындыққа бір баланы басқаларына арқасымен қаратып отырғызып қояды. Балалардың ішінен біреуі оған көрінбей, тақап, оған сыпайы түрде бір өтініш айтады. Отырған баланы еркелетіп айту ұсынылады. Мысалы: «Есікті ашып жібересің бе, Айзатай». Отырған бала сөйлеп тұрған дауыс иесін табуы тиіс. «Құпия»Мақсаты: әдеп әдеттерін қолдана отырып, өзге балалармен қарым-қатынасқа түсу білігін қалыптастыру. Құралы: ішінде ұсақ (баланың алақанына сиятын)ойыншықтар мен заттары бар сандық не қоржын. Шарты: Ойынды жүргізуші әр баланың қолына жасырып бір заттан(түйме,ұсақ ойыншық, конструктор бөлшегі, т.б.) таратып шығады. Балалар шеңбер бойында отырады, жүргізуші алақандарын ашып, затты салып алақандарын жабады.Ойыншылар бір- бірінен қолында не зат барын көрсетуін өтініп, айтқызуға тырысады. Жүргізуші балалардың сыпайы өтінулерін қадағалап жүреді. «Понтомимо» Мақсаты : тиым сөздер, мақал-мәтелдерді белсендіру, есте сақтау қабілетін жақсарту. Шарты: балалардың бірі таңдалынып алынады. Педагог ол балаға нақыл сөзді немесе тиым сөзді басқаларға естірмей айтады. Бала қимыл-әрекетпен оны орындап көрсетеді. Отырған балалар оның әрекетіне қарап, сөздерді естеріне түсіріп айтады(мысалы «есікті керме, жаман болады», «малды теппе, жаман болады, т.б.) «Қырсықтықпен қалай күресеміз?» Мақсаты: Шиеленіс сәттерден шығуға, жанжалды болдырмауға үйрету. Шарты: Педагог балаларға «Қырсық лақтар» деген өзбек ертегісін оқып береді. Педагог балаларға ертегіні керісінше ойнап шығуға ұсыныс етеді.балалар ертегіге керісінше тақырып ойлап табады («Сыпайы лақтар», «Көңілді лақтар», т.б.). Екі лақтың тар көпірдің үстінде келіп қалған жерде не істейтіндерін шешеді. Олар не істеуі керек? Не айтулары керек? Балалар мен бірге педагог ең жақсы нұсқасын таңдайды. Рольде ойнап көрсетеді. «Жылы жүз сыйла» Мақсаты: мейірімді жымиюға дағдыландыру, өзгелерге жылы қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру. Шарты: Балалар шеңбер бойымен отырады. Педагог та шеңбер бойында отырады. Педагог өзінің жымиятындығын және оны біреуге сыйлайтынын айтады. «Мен Айзатқа жымиямын».(Аты аталған балаға қарап жымияды.) ойынды аты аталған бала әрі қарай жалғастырады. Бұл ойынды күнде әр бас қосқанда ойнатып отыруға болады. «Мұқият тыңда!» Мақсаты: сыпайы өтініш жасауға дағдыландыру. Шарты: Балалардың бірін жүргізуші етіп сайлайды, ол бірнеше өтініштер білдіреді. Балалар оның айтқанын орындайды. Тек сыпайы сұраған өтініштерін ғана орындаулары тиіс. Мысалы: «айналыңдар, өтінемін», «Маған қолдарыңды бұлғайсыңдар ма», «Егер қиын болмаса, бір орында секіріңдерші, өтінемін» «Эмоция сыйла» Мақсаты: адамдардың түрлі эмоцияларын ажырата білуге үйрету. Шарты: балаға сөз айтпай, өзіне ғана айтылған сезімді басқаларға бет-әлпетті өзгертіп, қимылмен, мимикамен жеткізу тапсырылады. Соңында балалар өздері алған әсерлерімен бөліседі. «Түрлі-түсті гүлдесте» Мақсаты:жағымды сөз айтуға үйрету. Шарты: Әр бала өзін бір гүлге теңейді. Гүлдесте болу үшін өзіне гүлдердің ішінен біреуін таңдайды. Өзінің таңдауын түсіндіреді. Соңында барлық гүлдермен бірігіп, айналып өздері білетін әнді орындайды. Желелі ойындар «Сатушы мен сатып алушы»- сатушы мен сатып алушы рольінде сыпайы сөздер қолданып диалог құрастырады. Олар қалай өтіну керектігін, не деу керектігін көрсетеді. «Екі дос» - Олар бірінші бір-бірін көреді. Содан кейін бірге серуендеуге кетеді. Соңында қоштасып, үйлерін қайтады. Олар кездескенде, серуенде, қоштасқанда қандай сөздер айтады? «Екі көрші» -Балалардың бірі көршінің бірі. Ол өзінің көршісінен ет тартқыш сұрап алды да оны абайсызда сындырып алды. Екінші бала -еттартқыштың иесі, көршісі. Еттартқышты сындырып алған көрші қандай сөздер қолданады, не дейді, кешірім қалай сұрайды? Мәселелік жағдайлар мен сұрақтар «Егер сен өтініш білдіріп, оған сенің досың дөрекі жауап қайтарса, сен не істейсің? Сен оған не деп айтар едің?» Дастан стол басында роботтармен ойнап отыр. Сен оған қызығып кеттің. Сен не істейсің? Кешкі уақытта сен үйіңе келе жатырсың. Жолда аула сыпырушыны көрдің. Сен не істейсің? Балабақшада екі тәрбиеші сөйлесіп тұр. Біреу сенің тәрбиеші апайың. Сенің одан бір нәрсе туралы сұрап, білгің келді. Сен не істейсің? Мұхаммед конфет алып келіпті. Ол біреуін саған үнсіз ұсынды. Сен не істейсің? Айдар машиналармен ойнап отыр. Ештеңені байқамай, қызыққа беріліп кетіпті. Қасында тұрған Дәрияның аяғын басып кетті. Айдар не істейді? Дәрия не істейді? Сурет салып отырғанда карандашың сынып қалды. Ал саған көк түстісі шұғыл қажет. Сен не істейсің? Басқалардан сұрау үшін қандай сөздер айтасың? «Егер бір ұл баланың екінші баланың қолынан ойыншығын тартып алғанын көрсеңдер, қайтесіңдер? Көшеде бір әйел келе жатты. Қолында бірнеше заты бар. Ол бір буманы түсіріп алды. Оны өзі көрмеді, байқамады. Бірақ, оны оның соңында келе жатқан Самат көрді. Саматтың не істеуі мүмкін? Ол буманы жерден көтеріп алып, иесіне берді. Ол айғайлап тоқтатып, затының түсіп қалғанын айтты. Ол ештеңе демей өтіп кетті. Саматтың не деп айтуына болады? Өз ойыңды түсіндір. Егер сенде сағат жоқ болса, онда сен уақытты басқа біреуден сұрап білуіңе болады. Жауаптардың бірін таңда да, таңдау себебіңді басқаларға түсіндір. -Уақыттың қанша екенін айтып жібермейсіз бе? -Кешіріңіз, өтінемін, уақыттың қанша екенін айтып жібересіз бе? -Әй, сағатың бар ма? Сен автобуста отырсың. Бір аялдамадан жасы үлкен әйел кірді де сенің жаныңа келіп тұрды. Сен не істейсің: -Үнсіз орныңнан тұрып, теріс айналып кетесің. Сен кішкентайсың ғой. Тез шаршайсың, сондықтан отыра бересің. Орныңнан тұрып: «Отырыңыз, өтінемін»-дейсің. Орныңнан тұрып, күлімсіреп «Отырыңыз, өтінемін»-дейсің. Мына сәлемдесудің қайсымен амандасуға болатынын анықта: -ересектермен(мысалы, тәрбиешімен, көрші ағаймен) -балабақшадағы немесе есік алдындағы балалармен. Сәлеметсіз бе. Қайырлы күн.Сәлем, қайырлы таң. Есік көзінде тәрбиеші мен бір бала соқтығысып қалды. Бала не істеуі керек? Педагог күнделікті балаларда сыпайы әрекеттерге дағдыландыру үшін арнайы тапсырмалар беріп отырады. Мысалы: сыпай сөйлемейтін, тентек немесе ерке баланы қажет болғанда көрші топқа , белгілі бір адамға жұмсайды. Оған міндетті түрде қалай өтіну керектігін, қалай сұрау керектігін ескертеді. Соңынан көрсетілген көмекке алғыс білдіруді де ескертеді. Бала тапсырманы орындап келген соң тәрбиеші одан сұрайды: - «Менің тапсырмамды қалай орындадың?Не дедің? Сен сыпайы болдың ба? Неге олай дейсің? Саған не деп жауап берді? |