тіл туралы кітапша. растырушыдан
Скачать 297 Kb.
|
СӨЗ АНАСЫ НЕ? Сырым Үргеніштің ханына барып жүз көріс қылған. Хан Сырымның атағына сырттай қанық: “Қазақтың өзі шешен, өзі батыр кісісі”, - деп естиді екен. Хан Үргеніш шешені мен Сырымды айтыстырыпты: Үргеніш шешені: - Сөз анасы не? Су анасы не? Жол анасы не? – деп сұрайды. Сырым батыр: - Сөз анасы – құлақ, Су анасы – бұлақ, Жол анасы – тұяқ! – деп жауап береді. ҚОНАҚ НЕШЕ ТҮРЛІ БОЛАДЫ? Есентемір Бөленді Асау шешен қонаққа шақырып отырып: - Е, Бөлен! Сізден бір-екі ауыз сөз сұрайын, рұқсат па? – депті. - Е-е, шырағым, сұра! – депті Бөлен. - Құдайдың бергені, үйден қонақ кетпейді. Бірі кетсе, бірі келеді. Біреулері бір келмейді, бірнеше келеді. Осыларды келініңіз көріп: “Мынау тағы келе жатыр ма?” – дейді. Бұл неткені? – депті Асау. - Ол келіннің ырысы кеткені, - дейді Бөлен. - Ауылдың жас балалары кәрі қонақты жақтырмайды, соны күтуден ерінеді. “Осы шалдарға не жоқ, қыдырды, жеді, бірсыпыра қызықты көрді, енді үйлерінде жатса қайтеді?” - дейді. Бұл неткені? - Ол балалардан ерік кеткені. - Бөлен! “Қонақ-қоңсы” дейді қазақ. Қонақ деген кім, қоңсы деген кім? - Қонақ деген мына мен, жылына бір рет шақырумен келемін. Қоңсы деген мыналар, - деп айналадағы кісілерді көрсетеді. Пәленнің үйіне келіпті, барып амандасайық деп келеді. - Ал, Бөлен! Қонақ неше түрлі болады? - Қонақ төрт түрлі болады: Арнайы қонақ, Құдайы қонақ, Қыдырма қонақ, Қылғыма қонақ. Енді Бөлен Асаудан: - Жігіттің неше жұрты бар? – деп сұрайды. - Жігіттің үш жұрты бар деп ойлаймын, - дейді Асау. Қайын жұрты – міншіл, Өз жұрты – күншіл, Нағашы жұрты – сыншыл. Сонда Бөлен: - Жігіттің төрт жұрты болатын еді, біреуін тастап кеттіңіз. Ол – елінің азаматы. Бәрінен де артық сол еді-ау! – депті. БАЛДАН ТӘТТІ НЕ БАР? Бауадат дейтін жігіттің сұрақтарына Назым деген қыздың берген жауаптары: - Балдан тәтті не бар, қылыштан өткір не бар? - Балдан тәтті бала бар, қылыштан өткір тіл бар. Удан ащы - әдепсіз адамның аузынан шыққан сөз бар. АТА ТҰРЫП ҰЛ СӨЙЛЕСЕ ЕРЖЕТКЕНІ БОЛАР Сырым жиырма алты жасында бір жолдасымен Нұралы ханның үйіне барса, хан Қараман тана Малайсарымен сөйлесіп отыр екен. - Балалар, аман ба? – депті де, елемей өздері сөйлесе беріпті. Сырым жолдасына дауыстап: - Жүр, кетейік, бұлар бізді адам деп отырған жоқ қой! – дейді. Малайсары жалт қарап: - Ата тұрып ұл сөйлегеннен без, Ана тұрып қыз сөйлегеннен без. Сырнайдай сарнаған мына бала кім еді? – дейді. - Ата тұрып ұл сөйлесе, ер жеткені болар, Ана тұрып қыз сөйлесе, бойжеткені болар, - дейді Сырым. - Сен толған екенсің, мен тозған екенмін, - деп Малайсары сонда Сырымды қасына шақырған екен. АЛЫСТА НЕ АЛЫС? Байдалы қартайып үйден шықпай, күндіз-түні төсекте жататын болды дегенді естіп Мұса мырза іздеп келіпті. Байдалы шешен қараша үйінде бөстекке оранып жатыр екен. Мұсаның қолын алып, жөнін сұрап амандасыпты да, кәріліктің жайын айта беріпті. - Ой, кәрілік-ай, сөздің өзі бала, тербетсе оянады, тербетпесе оянбайды, заманым өтті ғой! – дей беріпті. Мұса қонып, қонақасын жеп, таңертең жүрмек болады. - Е, шырағым, еліңе не айтып барасың? – депті Байдалы. - Мен не айтайын, ел ағасы болған Байдалы еді, енді кәрілікпен алысып жатыр екен деймін-дағы, - депті Мұса. - Шырағым, оның рас. Үш ауыз сөз сұрайын, соны шешіп беріп кетші! – дейді қарт. Мұса “айтыңыз” деп тыңдайды. Байдалы қарт сонда: - Алыста не алыс? Жақында не жақын? Тәтті де не тәтті? – дейді. Мұса ойланып: - Жер мен көктің арасы алыс, Кісіге туыс жақын, Бала тәтті, - депті. Сонда Байдалы қарт басын көтеріп: - Балам, ақылың әлі алқымыңнан асқан жоқ екен. Білімді мен білімсіздің арасынан алыс жоқ, жаннан тәтті жоқ. Бала қанша жақсы болса да, шығарда адамның өз жанынан тәтті жоқ. Жақында ажал жақын, - депті. ЖИРЕНШЕ ШЕШЕН Бір күні хан нөкерлерін ертіп, серуенге аттаныпты. Еріккен ханға ермек керек, қасына Жиреншені шақырып алып, сампылдап әңгімені соғып келеді. Күн желдеу болса керек. Бір адырдан аса бергенде, ханның алдынан жел қуған бір түп қаңбақ домалап, ұшып бара жатады. - Уа, Жиренше, анау қаңбақ қайдан келеді, қайда барады екен? Сұрап келші! - дейді хан. Жиренше шауып ала жөнеледі: жетіп барып, қаңбақты қамшымен ұрып тоқтатып, біраз бөгеледі де, аздан кейін қоя беріп, ханға қайтып келеді. Жел қуған қаңбақ бөгелсін бе, домалай жөнеледі. - Ау, Жиренше, сөйлестің бе, не айтты қаңбақ? Қайдан келеді екен, қайда барады екен дөңгеленіп? – дейді хан. - Сөйлестім, тақсыр! Сөгіп салды өзімді! – деп жауап береді Жиренше. - Ал, айт, қаңбақтың не дегенін? - Тақсыр, соны сұрап не қыласыз. “Желдің өтінен шықтым, ығына қарай ығып барам: желге ұшам, сайға қонам, оның несін сұрайсың? Білмеуші ме едіңдер? Ұшарымды жел біледі, қонарымды сай біледі. Осыны сұрата жіберген хан ақымақ па, сұрай келген сен ақымақ па?” деді де, қаңбақ ұша жөнелді, тақсыр, – дейді Жиренше. Хан ұялғаннан ешнәрсе дей алмай қалыпты. * * * Сырым батыр елден сырғып Хиуа хандығында жүрсе, бір той үстінде мақтанған Хиуа ханы Сырымға: - Қазақта ас-мас, ет-мет, жігіт-мігіт деген жалғама сөздер көп көрінеді, солардың мәнісі не? – деп сұрайды. - Сұрауыңызға тойдан кейін жауап берейін, - дейді Сырым батыр. Тойда Сырымның аты бәйгеден келеді. Жолдасы палуан күресінде жығып, бәйге алады. Тойдың ойын-қызығы бітіп, жұрт тарқар алдында Сырым ханның манағы сұрауына былай деп жауап қайырады: - Бізде той жасағанда жұртқа қой сойып – құйрық, жылқы сойып – қазы тартады. Сусынға қымыз береді. Соны “ас” дейді. Ал мынадай тастабаққа салып тартқан шөп-шалам мен сусынға берген шайды “мас” дейді. Сәйгүлікті сынайтын жарыста озып келген жүйрікті “ат” дейді, артында қалған тұғырды “мат” дейді. Алқа топтың алдында палуанға түсіп, алып ұрған ерді “жігіт” дейді, жер қауып, жығылған еркекті “мігіт” дейді. Қазақтың “ас-мас”, “ат-мат”, “жігіт-мігіт” дейтін жалғас сөздерінің мағынасы осы, хан. ҚАРЫЗ БЕН ПАРЫЗ Кезінде талай адамға жақсылық істеп едім. Не керек, соның бірде-бірінен қайыр-жақсылығымның қарызы қайтпады, - деп налыған бір адамға досы отырып: - Онда өкінетін ештемең жоқ екен, достым. Өйткені, біреуге қылған қайыр-жақсылық әлдебір алаяқ саудагердің несиеге беретін қарызы емес, адамшылықтың парызы ғой, - депті. Досының бұл сөзінен ұялған әлгі адам содан былай өзгеге істеген жақсылығы жайында жұмған аузын ашпайтын болыпты. ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ БАЙ ҚАЗЫНАСЫ Жұмбақтар Секунды жоқ “Тық-тық” еткен, Есесіне “Қыт-қыт” еткен, Қанаты бар, Сағатым бар. (Әтеш) Бір елдің атында, Бір елдің аты бар тағы да. (Иордания-Дания) Ашатын, Жабатын, Есігі болмайтын, Кілтін салатын, Құлпысын қоймайтын, Сонда да ел көзінше Бір қақпа бар қорғайтын. (Футбол қақпасы) Логогрифтер Алдына ап, Табаққа сап, Жеді асап, Палау жасап Артуға бармас ар, Көтере алмас нар, Мейіз, алма, анар, Қанар-қанар. Үй иесіне қатаң, Тапсырып, дедік: “Атаң, Оятсын атпай таң, Шығамыз аулап аң”. Омонимдер Жеміс өскен бақты, Күзетіп бақты. Түс ауа, Салқындады ауа. Малға бай, Бұл бір бай. Ағарып таң атты, Суғарып кел, атты. Ең үлкен ата, Атын ата. Анаграммалар “Б” – дан бастасаң – Жейтін тамақ, “Б” –ны алып тастасаң – Байтақ аймақ. (Бөлке - өлке) “Б” – дан бастасаң – Киім киетін, “Б” алып тастасаң – Жеміс теретін. (Бөрік - өрік) Метаграммалар Түп нұсқа – Лас жер сасық. Екі шеткі әрпін қысқартсаң – Қырынан тұрған асық. (Шалшық – Алшы) Түп нұсқа – Мезгіл жарық. Екі шеткі әрпін қысқартсаң – Мұхит алып ... (Күндіз – Үнді) Омофондар Сіріңке шағып, Шамды жағып, Есікті жауып, Дем ал жатып. Үйде Санақ, Болмай салақ, Есептеп, санап, Оқыды сабақ. Шарадалар Алғашқы түбір сөз – Малдың түрі, Екінші түбір сөз – Жыл аттарының бірі, Екеуін қосып оқысаң – Үй құсы ірі. (Түйе + тауық =Түйетауық) Алғашқы түбір сөз – Қай сан? Тап. Екінші түбір сөз – Сұйық зат, Екеуін қосып оқысаң Жерге қойған ат. (Жеті + Су = Жетісу) Алғашқы буыны – Ұя ішіне жиған, Екінші буыны – Шөпке тұнған, Екеуін қосып оқысаң – Илеп, кірпіш құйған. (Бал + Шық = Балшық) Әріп жұмбақтар Санда бар, Сапада жоқ. Хаңда бар, Қарада жоқ. (Н) Иекте бар, Бетте жоқ. Сүйекте бар, Етте жоқ. (К) Тауда бар, Таста жоқ. Жауда бар, Доста жоқ. (У) Тазыда бар, Итте жоқ. Қазыда бар, Сүтте жоқ. (З) Жаңылтпаштар Мына мұнаралар Мына мұнаралардан Биік мұнаралар Мұнараларға шығар жол Мың бұралар. Мұнараларды бұлар Мың аралар. * * * Шыңға шынар өскен Шынар сыңар өскен. Сыңар шынар-шымыр шынар Сыңар шынар деме, сынар. ТІЛ ӨНЕРІ МЕН СӨЗ ҚҰДІРЕТІ ТУРАЛЫ /Мақал-мәтелдер/ Өнер алды – қызыл тіл. Тіл тас жарады, Тас жармаса, бас жарады. Ат жүйрігі асқа, Тіл жүйрігі басқа. Шешеннің сөзі мерген, Шебердің көзі мерген. Бір тәуекел бұзады, Мың қайғының қаласын. Бір жақсы сөз бітірер, Мың көңілдің жарасын. Тіл буынсыз, ой түпсіз. Шешеннің тілі, Шебердің бізі. Тіземнен сүріндірсең, сүріндір, Тілімнен сүріндірме. Тіл қылыштан өткір. Бас кеспек болса да, Тіл кеспек жоқ. Адам көңілінен азады, Тілінен жазады. Қотыр қолдан жұғады, Пәле тілден жұғады. Ашуың келсе қолың тарт, Айтпас жерде тілің тарт. Тіл жүйрік емес, Шын жүйрік. Аузы құлып сандықты, Тіс ашпаса, тіл ашар. Түйін-түйін сырыңды, Түбінде келіп шын ашар. Тілдің майын тамызып, Сөздің балын ағызып, Қас шешендер сөз айтар. От ауызды, орақ тілді. Адам көңілінен азады, Тілінен жазады. Аяққа кісен салуға болар, Тілге кісен салынбас. Сөз тапқанға қолқа жоқ. Ұлт қасиеті – тілінде, Құс қасиеті – қанатында. Тіл палуаннан жығылмайды. Тілі өлген ел – тірі өлген ел. Тіл байлығы – ақыл байлығы. Тілдің анасы – халық. Басы – көсем, тілі – шешен, қолы – шебер. Тіл - алтын қазына. Тіліңді биіктет, Өзгеге сүйікті ет. Барам десең болашаққа, Тіліңді таза сақта. ТЫЙЫМ СӨЗДЕР Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі – тыйым сөздер. Бұл сөздер есі кірген балаларды жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған. Тізені құшақтау – жалғыз қалудың, қолды төбеге қою – жұрттан безінудің, үлкеннің жолын кесу - әдепсіздіктің, асты төгу – ысыраптың белгісі деп таныған және ондай ерсі істерге қатаң тыйым салған. Мұндай тыйым сөздер ел ішінде көп. Оның бәрін қамти алмағанмен, кейбір үлгілерін беруді жөн көрдім. Дастарханды, тамақты баспа. Малды, ыдысты, тамақты теппе. Түнде үй сыпырма, тырнағыңды алма. Үлкендердің жолын кеспе, сөзін бөлме. Бүйіріңді таянба, жер таянба, иегіңді таянба. Бетіңді баспа. Тізеңді құшақтама. Өтірік жылама. Қолыңды қусырма. Жақын адамға пышақ сыйлама. Аққуды атпа. Нанды жерге тастама, үстіне басқа зат қойма. Мойныңа белбеу жіп салма. Бейуақытта жылама, ұйықтама. Адамға қарап түкірме, есінеме. Нанды бір қолыңмен үзбе. Тамақты сораптап ішпе. Қолыңды төбеңе, желкеңе қойма. Өтірік күлме, өтірік ауырма, өтірік сөйлеме. Түрегеп тұрып немесе жатып тамақ ішпе. Көп ішінде қатты сөйлеме, қатты күлме. Жұрт алдында құлағыңды, мұрныңды шұқыма. Мақтаншақ болма, тәкәппар болма. Әйелге күш көрсетпе. Тәңертеңгі асты тастама. Бала бетіне үрлеме. Тырнағыңды тістеме. Пышақты шалқасынан қойма. Таңдайыңды қақпа, басыңды шайқама. Көп сөйлеме. Ата-анаңа қарсы келме. Дініңді сатпа, ұлтыңды сатпа, арыңды сатпа. Ұрлық қылма, зорлық қылма. Әдепсіз сөзді айтпа, өтірік айтпа. Кісі төсегіне отырма. Шақырмаған жерге барма. Саусағыңды аузыңа салма. Үлкеннен бұрын отырма, жатпа. Жұлдызды, адамды санама. ӘН-ЖЫР ШАШУ АНА ТІЛІ Сөзі Т.Молдағалиевтікі Әні Қадырбай Аманжоловтікі Бір ауыз сөз үйреніпсің бүгін де, Менің ана тілімде. Қазақ болып туғаннан соң, бөбегім, Қазақ болып өлген жақсы түбінде. Барлық тілді үйренесің сен әлі, Жігіт болып саналы. Қайда жүрсең өз еліңді ұмытпа, Өз еліңнің туын көтер жоғары. Мен анамды ұғындым деп мақтанам, Тілін білдім, жырын білдім сақтаған. Өз анасын сыйламаған пақырлар Отанын да сыйлап көрген жоқ, балам. Ұлым менің, бұл сөзіме бағарсың, Жанар кезде өзің де от боп жанарсың. Менің қазақ жүрегімді ал, тілімді ұқ, Ал басқасын өзің тауып аларсың. ҚАЗАҚ ТІЛІ – ҒАЖАП ТІЛ! Сөзі: Сайлаубай Тойлыбаевтікі Әні:Гүлмира Қаналиеванікі Жанымды, әттең, қажап тұр Көңіл бөл, тілге аз-ақ бір Жүрекпен ұғып, тыңдасаң Қазақтың тілі – ғажап тіл. Қайырмасы Әуені қандай “саз” мұңды Түсіреді еске наз күнді. Атадан қалған қазақтың Мақалы қандай мазмұнды. Өткір тіл, отты жалынды Тербетер мынау жаныңды Қазақтың шешен сөздері-ай Қозғайтын жүрек, қаныңды! Қайырмасы Көкейге нақыл ілінген Іздеймін терең білімнен Қазақтың даңқын көтерген Айналдым қазақ тілімнен. АНАМНЫҢ ТІЛІ – АЯУЛЫ ҮНІ Сөзі Шона Смаханұлынікі Өмірге келдім, Анамды көрдім, Деді ол: “Жаным”, Арайлы таңым. Самал боп желпіп, Жырымен ертіп, Үйретті тынбай, Сол тілін, әнін Қайырмасы: Анамның тілі – Айбыным менің, Анамның тілі – Ай, Күнім менің. Сүйемін байтақ елімді туған, Сүйемін мәңгі өмірді думан. Мектепке келдім, Ұстазды көрдім. Тыңдадым сөзін, Табынып, сүйіп. Анамның тілі – Аяулы үні. Жүрекке нұрын Жіберді құйып. Қайырмасы: Көңілге көрік, Өмірге серік. Әсем ән-жыр, Қайрат, қуатым. Сөйлесем мыңға, Өрлесем шыңға. Анамның тілі- Асыл мұратым. СҮЙЕМ ӨЗ ТІЛІМДІ Сүйсем өз тілімді, Боламын білімді: Өз тілім үйретер, Өнерді, ғылымды. Сүйем өз тілімді. Әдібай Табылды АНА ТІЛІ САБАҒЫНДА -Ана тілі тым оңай! Деп Күлдірген тыңдамай Терезеге қарады, Теректерді санады. Оны көріп мұғалім, Қойды кенет сұрағын: -Айтшы, тұрып сен енді Анықтауыш дегенді. -Анықтауыш ... Әрине ... Анықтайды бәрін де ... Күбір сөзі ұзарып, Күлдірген тұр қызарып. Ана тілін білмесең, Аһ ұрасың күнде сен. Әдібай Табылды АНА ТІЛІҢ – АРЫҢ БҰЛ Ана тілің біліп қой, Еркіндігің, теңдігің. Ана тілің біліп қой, Мақтанышың, елдігің. Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте! Қ.Мырзалиев АНА ТІЛІНЕ ТАҒЗЫМ Ана тілі – біздің туған анамыз! Анамыздай сыйлап, бағып-қағамыз. Ана тілін бағаласақ, қалай біз Өзіміздің сондай болмақ бағамыз. Ана тілін кім аялай білмесе, “Анасынан безген ұл!” – деп қараңыз. М.Әлімбаев АНА ТІЛІ Ақыл-ойын адамның Ана тілден аламын. Ана тілім ардақты, Ақ сүтіндей анамның. Өсірген ой білімді, Сүйем туған тілімді. Мақсат етем әр сөздің Мәнін терең білуді. Ә.Табылды АНА ТІЛІМ Ана тілім – ұраным, Ана тілім – құралым, Ана тілім – болмаса Мықты болмас тұрағым. Ана тілім – елдігім, Ана тілім – ерлігім. Ана тілім – болмаса Бүтінделмес кемдігім. С.Кәттебайұлы АНА ТІЛІ Мейірі мол балаға Барлық, барлық анаға, Басымызды иеміз, Бабамыздың тілі деп. Даламыздың үні деп, Ана тілін, Ана тілін, Ана тілін сүйеміз. Ш.Сариев Туған тілім – бабам тілі - өз тілім. Туған тілім – анам тілі - өз тілім. Туған тілім – далам тілі - өз тілім. Туған тілім – адам тілі - өз тілім. Д.Әбілев АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ РУХЫНА Қасиет атаулының барлығы да Халықтың кірігеді нарлығына ... Өзіңді ұйпаса да өрттей тағдыр, Артыңда тот шалмайтын қалды мұра. Ана тіл ғылымының Абайысың, Туғандай ұрпақтардың талайы үшін. Сақтаған жүрегінің күмбезінде Туған ел сені өлімге қалай қисын?! Ғұлама, халық жанды ғазиз бабам! Халқыңнан бір сәтің жоқ ажыраған. Келесің өлмей жасап, шырақшы боп, Ана тілі – асыл жиған қазынаға. Алуан алыс-жақын көршіміз де Сыйлаған, қызыққан да өршіл ізге: Сен – Адам-Академия! Сахарада Тарихтың бұйырғаны еншімізге! Аққудай қайта қондың Ақкөліңе, Қазақтың қайта отырсың қақ төрінде! Бірінші кластықтар жазып жатыр: “Әділдік”, “Ақиқат” деп дәптеріне! М.Әлімбаев АНА ТІЛІМ, КҮМБІРЛЕ САРАЙЫМДА! Тілін білген Абылай, Абайым да, Құдырет берген ана тіл талай ұлға. Қасиетті сол тілдің арқасында Ерікті ел боп алысқа қарайын да. Ана тілім, күмбірле сарайымда! Тағдырым, даралама тілден мені, Тіл – елмен қауыштырар іргемдегі. Тіл – елмен табыстырар алыстағы, Аспандатар жердегі жүрген мені. Тілмен өрлер мерейім өрлесе де, |