Пән бағдарламасы типтік немесе оқу бағдарламасы «___»______ 2022 ж.) негізінде құрастырылды.
Құрастырушылар:
1. Пән оқытушысы: ________ Исатаева Б.Б.
Кафедра мәжілісінде қарастырылды № хаттама, «_____» ______________________ 2022 ж. Кафеда меңгерушісі _________________ Туребаева К.Ж.
Факультеттің Әдістемелік кеңесі мәжілісінде мақұлданды № хаттама, «_____» ______________________ 2022 ж.
1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
Оқытушы: Исатаева Б.Б. BBI_73@mail.ru
Zoom ID 7547033602 пароль - 777777
Пәннің қысқаша сипаттамасы: Жалпы психология- өзінің ұзақ даму тарихы,зерттеу әдістері мен пәні бар психология ғылымының фундаменталды салаларының бірі болып саналады.
Жалпы психология аналитикалық уақыттан бастап психологиялық зерттеулердің саласы ретінде барлық ғылымдарды туғызушы философия аясында қалыптасты. Өз беттілі тәуелсіз ғылым ретінде ХІХ ғасырда дүниеге келді және Лийпцингте әлемдегі бірінші эксперименттік психология лабораториясы құрылып,1879 жылы ғылымда мойындалған мәртебеге ие болды.
Жалпы психологияның пәні туралы жалпы бекітілген түсінік әлі күнге дейін жоқ. Психологиялық феномендер мен заңдылықтарды интегралды табиғатымен, жүйелілігімен, жоғары күрделілігімен шарттанады. Алайда осы күндері тұжырымдалған ықпалдар аясында, отандық ғылымда жалпы психологияның пәніне адмдардың іс-әрекеті, қарым қатынасы мен мінез-құлқының психологиялық механизмдері мен фундаменталды фактілерін зерттеу мойындалған.
Курс мақсаты: жалпы психология курсынан алған білімдерді зерттеу мен меңгеру негізінде студенттердің психологиялық ойлауын дамыту, семинар және практикалық сабақтарда психологиялық құбылыстарды жүйелік талдаудың ептіліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту мақсаты: Әлемдік және отандық психологиялық ғылымдардың бағыттарымен, негізгі принцптерімен,ұғымдарымен,әдістерімен, пәнімен,тарихымен студенттерді таныстыру;
Оқыту нәтижелері
А. Психология саласындағы табиғат пен қоғам арасындағы өзара әрекеттестіктің негізгі заңдарын көрсетеді; В. Психолог оқу-тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыру барысында құзыретті шешімдерді әзірлеу үшін білім беру саласында фундаменталды білім мен дағдыларды қолданады; С. Гуманитарлық, әлеуметтік және саяси ғылымдар саласындағы жаңа білім, біліктерді кешенді пайдаланады; D. Кәсіптік қызметте жалпы психология ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың әр түрін өзара үйлесімділікте, шебер қолданады; Е. Оқытудың замануи және қолданбалы, стандартты әдістерін қолдану дағдыларына ие болады және оқу процесін жоспарлаудың мақсат міндеттеріне сәйкес психологиялық пәндердің креативті технологияларын қолдана біледі. Пререквизиттері:Биологиядан мектеп курсы, адам анатомиясы.
Постреквизиттері: Психологиялық кеңес беру негіздері, Коррекциялық психология.
2. ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР
№ апта
| Модуль атауы
| Сабақ тақырыптары және қысқаша мазмұны
| Сабақ түрлері бойынша аптадағы сағат саны
| Пайдаланатын әдебиеттер
(мыс: №1 15-45 б.)
Ақпарат көздеріне сілтеме
Видеодәрістердің веб мекенжайы
| дәріс
| сем.-практ.
| зерт-лық
| БОӨЖ және БӨЖ
| 1
| Психология ғылымы ,қалыптасуы
| Тақырып: Психология ғылымы мен практикасының пәні, салалары және міндеттері
Қарастырылатын сұрақтар: Жалпы психологияның пәні мен объектісі. Ғылыми және тұрмыстық психологияның негізгі айырмашылықтары және салыстырмалы талдау. Психологиялық білімдердің ерекшеліктері.
Психология табиғи және гуманитарлық ғылыми пән ретінде. Психологияның пәнаралық байланыстары. Психологияның салалары және психологиялық практиканың міндеттері. Жалпы психология зерттеулерiнiң нəтижесi психология ғылымының салалары мен бөлiмдерiнiң iргетасы қызметi. Жалпы психология ғылымының теориялық принциптерi мен маңызды əдiстерi жөнiнде таным берiлiп, оның негiзгi пəндiк түсiнiктерi
| 1
| 2
| -
| 7
|
№3 17-24 бет
№6 5-9 бет
№8 4-6 бет
№10 3-5 бет
№11 5-6 бет
№16 5-8 бет
| 2
| Тақырып: Психология ғылым ретінде қалыптасуы.
Қарастырылатын сұрақтар Жалпы психологияның пәні жайлы түсініктердің дамуының негізгі сатылары. Жалпы психология тарихының периодизациясы. Философия аясындағы психологияның дамуы Жалпы психологияның биологиялық негізі (Ламарк, Спенсер). Жалпы психологияның өзбеттілігі ғылым ретінде дамуы. Психология ғылымының даму тарихы бірнеше этаптарға бөлінуі Психология жан туралы ғылым, Психология сана туралы ғылым.
Психология жүріс-тұрыс туралы ғылым. Психология психика туралы ғылым.
| 1
| 2
| -
| 7
|
№6 12-78 бет
№8 7-8 бет
№ 10 5-10 бет
| 1-модуль бойынша бақылау жұмысы (максималды балл – 30)
| 3
| Зерттеу әдістері , іс-әрекет теориялары
| Тақырып: Психологияның зерттеу әдістері
Қарастырылатын сұрақтар Ғылымның әдіснама түсінігі, оның функциялары мен деңгейлері. Психология ғылымының категориялары мен негізгі принциптері, ұғымдары. Психологиядағы әдіснамалық парадигмалардың даму тарихы.
Психологиядағы жүйелік ықпал (В.А.Ганзен).
Қазіргі заманауи психологиядағы теория мен практикадағы жүйелік ықпалдың маңыздылығы. Психологияның әдістері. Б.Г.Ананьев бойынша психологияның әдістерінің жіктемесі. Психикалық құбылыстарды зерттеудің объективті әдістері.
* Бақылау әдісі
* Эксперимент әдісі
* Әңгімелесу әдісі
* Қызмет нәтижелерін зерттеу әдісі
* Анкета әдісі
* Тест әдісі
* Модельдеу әдісі
* Егіздерді зерттеу әдісі
* Социометрия.
| 1
| 2
| -
| 7
|
№8 15-18 бет
№9 13-90 бет
№10 16-18 бет
| 4
| Тақырып: Тұлға психологиясы
Қарастырылатын сұрақтар: Тұлға – барлық психикалық құбылыстардың интеграторы ретінде. Индивид, тұлға, субъект, индивидуалдылық. Адамдағы биологиялық пен әлеуметтіліктің арақатынасы мәселесіне қатысты негізгі ықпалдар. Генотип және фенотип. Тұлғаны зерттеу теориялары. Отандық және шетел зерттеулеріндегі тұлға теориялары.
| 1
| 2
| -
| 7
|
№5 22-187 бет
№7 121-160 бет
№8 61-64 бет
№10 92-102 бет
№18 3-8 бет
№19 56-69 бет
| 5
| Тақырып: Іс әрекетті психологиялық талдау.
Қарастырылатын сұрақтар: Іс-әрекет туралы жалпы түсінік. Іс-әрекеттің психологиялық құрылымы. Іс-әрекеттің заттылығы. Практикалық іс-әрекет адам іс-әрекетінің алғашқы және негізгі формасы ретінде. Сыртқы және ішкі іс-әрекет. Бағдарлаушы және орындаушы, индивидуалды және бірлескен, творчестволық және творчестволық емес іс-әрекет. Іс-әрекеттің субъектісі мен пәні. Қажеттіліктер мен мотивтер. Іс-әрекеттің мақсаттары мен мотивтері. Іс-әрекет және психикалық процестер
| 1
| 2
| -
| 7
| №8 67-73 бет
№10 107-116 бет
№11 124-136 бет
| 2-модуль бойынша бақылау жұмысы (максималды балл – 30)
| 6
| Психикалық процестер
| Тақырып: Психиканың туындауы мен эволюциясы. Адам психикасының пайда болуы мен дамуы. Қарастырылатын сұрақтар: Психология тарихында психиканың белгілерін іздеу. Психиканың барлығы туралы объективті және субъективті белгілері. Психиканың элементтер формасы ретінде сезгіштік ұғымы (А.Н.Леонтевтің гипотезасы). Тітіркендіргіштік психиканың элементар формасы ретінде (В.А.Вагнердің гипотезасы). Іс-әрекет пен психиканың даму сатылары. Туылған және индивидуалды- өзгергіш мінез-құлық.
| 1
| 2
|
| 7
| №8 48-50 бет
№10 31-41 бет
| 7
| Тақырып: Психологиядағы сана мәселесі
Қарастырылатын сұрақтар: Сана психикалық бейнелеу мен өзіндік реттелудің жоғарғы деңгейі ретінде. Белсенділік және интенционалдылық. Сананың қасиеттері мен функциялары. Сана және ұғынылмаған психикалық процестер. Ұғынылмаған психикалық процестердің мәселелерінің жалпы сипаттамасы. Ұғынылмаған процестердің жіктемесі. Д.Н.Узнадзенің ұғынылмаған ішкі дайындалу концепциясы ұғынылмаған процестерді З.Фрейдтің зерттеуі. Адам санасының күйі. Ұйқының физиологиясы. Іс-әрекетті реттеудегі ұғынылған және ұгынылмаған процестердің арақатынасы.Психология мен философиядағы сана мәселесі.
| 1
| 2
|
| 7
|
№8 57-60 бет
№10 43-52 бет
№16 65-80 бет
| 8
| Тақырып: Түйсіну мен қабылдау психикалық процестер
Қарастырылатын сұрақтар: Түйсіну мен қабылдау психикалық процестер жүйесінің бірінші деңгейі ретінде.Түйсіну – қоршаған болмысты шынайы танып білу мен бейнелеудің негізгі процесі. Түйсінудің қозғалысты реттеудегі рөлі. Түйсіну - психикалық дамудың негізгі көзі. Сенсуализм және оның психология тарихындағы аралуандығы.Түйсінудің негізгі қасиеттері: модальдылығы, интенсивтилігі, кеңістіктік-уақыттық құрылымы. Түйсінулердің жіктемесі.
| 1
| 2
|
| 7
| №8 114-145 бет
№10 161-194 бет
| 3-модуль бойынша бақылау жұмысы (максималды балл – 40)
| 1-3 модульдердің қорытындысы бойынша максималды 100 балл шегінде 1-межелік бақылау балы жинақталады
|
|
| 9
| Ес,зейін
| Тақырып: Зейін
Қарастырылатын сұрақтар: Зейін түсінігінің анықтамасы. Зейін анықтамасының көпмағыналығы. Зейіннің физиологиялық негіздері.Зейіннің негізгі қасиеттері және оның эксперименттік зерттеулері. Еріксіз зейінді шарттандырушы факторлар. Зейін алды процестер, объектіні қабылдауға ішкі дайындық. Эмоция және зейін.Ерікті, белсенді зейін. Ерікті зейінді ұстап тұру және пайда болу шарты, ерекшеліктері. Ерікті зейіннін психологиялық механизмдері. Ерік және зейін. Еріктіден кейінгі зейін. Оны тудыру шарттары. Ерікті зейіннен кейінгі практикалық және педагогикалық мәніндегі маңыздылығы.
| 1
| 2
|
| 7
| №8 182-191 бет
№10 149-158 бет
| 10
| Тақырып: Ес психикалық процес
Қарастырылатын сұрақтар: Ес бұрыңғы тәжірибені қайта жаңғырту, еске түсіру, сақтау ретінде. Ес өткен, және келер шақ арасындағы байланыс жүйесі ретінде ( С.Л.Рубинштейн). Ес құбылыстарының аясы. Феноменалды ес үлгілері. (А.Р.Лурия). Естің есте қалдыратын материал мазмұны мен оны қайта жаңғырту формасына тәуелділігі (Ф. Бартлетт, П. Жане, П.П. Блонский). Эйдетикалық ес және персеверация. Бейнелік ес (көру, есту, бөгде іс-әрекет). Үлгі-елестер және үлгі-әрекет. Моторлық ес қимыл үйрену шарты ретінде (өз әрекетін есте қалдыру). Эмоциялық ес және оның аффектілі мазмұны. Сөздік-логикалық ес, оның сөйлеу және ойлаумен байланысы. Естің жеке даралық-психологиялық ерекшеліктері.
| 1
| 2
|
| 7
| №8 172-181 бет
№10 199-217 бет
| 11
| Тақырып: Ойлау ақпараттарды қайта өңдеудің жоғары деңгейі ретінде
Қарастырылатын сұрақтар: Ойлау туралы түсінік. Тікелей сезімдік танымның ойлаудан айырмашылығы. Ойлау және заттық-практикалық іс-әрекет. Ойлау мен таным мен әлемді түрлендірудегі рөлі. Ойлауды зерттейтін ғылымдардың арақатынасы. Ойлау психологиясы туралы қазіргі түсініктер және тарихы. Вюрцбург мектебі ұсынған негізгі заңдылықтар. Ойлау туралы гештальпсихологиядағы ұсынымдар. Ойлау психологиясына психоаналитикалық ықпал. Бихевиоризм ойлау туралы. Ойлау когнитивті психологияда ақпараттық процесс ретінде. Ойлау процестерінің ұғымға дейінгі және ұғымдық деңгейлерінің эмпирикалық сипаттамалары. Ойлау процесі құрылымындағы бейнелік және логикалық ойлаудың үздіксіз өзара әрекеті – ойлаудың ерекше қасиеті. Мағына тудырушы процестер мен түсіну феномены. Ойлауды зерттеу әдістері. Творчество өнімдерін талдау. Ойлауды зерттеудегі клиникалық әдістердің мүмкіндіктері. Қалыптастырушы эксперимент және ақыл-әрекетінің табиғатын зерттеу. Ойлау түрлері.
| 1
| 2
|
| 7
| №8 147-153 бет
№10 220-238 бет
| 4-модуль бойынша бақылау жұмысы (максималды балл – 40)
| 12
| Сөйлеу және еслес
| Тақырып: Сөйлеу іс-әрекеттің психологиялық мәселелері
Қарастырылатын сұрақтар: Сөйлеудің психологиялық талдауы. Психологиядағы сөйлеуді зерттеу ерекшелігі. Сөйлеу процесінің 4 түрі: айту, тыңдау, оқу, жазу. Психолингвистиканың негізгі мәселелері мен әдістері, сөйлеу іс-әрекеті мен сөйлеу әрекеті түсінігі. Сөйлеу түрлері мен функциялары. Грамматикалық деңгейде сөйлеудің туындау теориясы.Стохастикалық модель және оның Чарльз Осгуд модификациясы. Н.Хомскийдің трансформациялық моделі.Сөйлеуді қабылдау теориясы: акустикалық, моторлы, синтез арқылы анализ.
| 1
| 2
|
| 7
|
№8 155-161 бет
№10 126-130 бет
| 13
| Тақырып: Елестер мен қиял
Қарастырылатын сұрақтар: Елестер және қиял өткен мен мүмкін деген болашақ бейнесі ретінде. Елестердің эмпирикалық сипаттамалары: жалпылық, бұлыңғырлық, толымсыз, панорамдылық. Елестердің сезімдік-заттық сипаты. Көру, есту, сипап сезу, иіс сезу елестері және басқа да модальдылықтар. Дәйекті бірізділікті бейнелер. Теориялық және схемалық елестер. Елестегі кеңістік пен уақыттың шағылысуы. Тануға елестің қатысуы. Сенсорлық және перцептивті эталондар. Ойлау міндеттерін шешудегі елестің рөлі. Тұлғаның ішкі өмір диеамикасындағы елес.
| 1
| 2
|
| 7
| № 8 163-171 бет
№10 244-258 бет
| 5-модуль бойынша бақылау жұмысы (максималды балл – 30)
| 14
| Эмоция
| Тақырып: Эмоция және мотивация психологиясы
Қарастырылатын сұрақтар: Эмоция психологиясының жалпы сипаттамасы. Эмоцияның биологиялық мақсатқа сәйкестілігі. Эмоцияның заттылығы. Эмоция іс-әрекеттің ішкі регуляторы ретінде. Эмоцияның функциялары. Тұлғаның эмоциялық күйлерінің түрлері. А.Н.Леонтьев бойынша эмоциялық құбылыстардың жіктемелері: аффектілер, эмоциялар, сезім. Стресс. Көңіл күй. Эмоциялар теориясы. Афектілер жайлы Спинозаның ілімі. В.Вундттың сезімдердің үш өлшемді концепциясы. П.К.Анохиннің биологиялық теориясы. Эмоцияның көрінуі жайлы Ч.Дарвиннің түсініктері. Джеймс-Лангенің эмоцияның физиологиялық теориясы. С.Шехтердің екі компонентті теориясы.
| 1
| 2
|
| 7
|
№2 143-182 бет
№3 13-123 бет
№10 263-271 бет
| 15
| Тақырып: Тұлға адамның психологиялық қасиеттерінің жүйесі ретінде. Қабілет психологиясы. Темперамент және мінез.
Қарастырылатын сұрақтар: Қабілеттер мен нышандардың анықамасы. Нышандар қабілеттердің биофизиологиялық негізі ретінде. Қабілетті психологиялық анықтау мәселесі. Қабілеттерді дамыту мен қалыптастыру процесіндегі іс-әрекеттің әртүрлі түрлерінің рөлі. Псевдо бірлескен іс-әрекет нышандардың қабілеттерге өзгеру шарты ретінде. Псевдоиндивидуалды практикалық іс-әрекет қабілеттерді дамыту шарты ретінде (М.С.Жақыпов). Дарындылық – қабілеттердің жүйелі көріну нәтижесі. Ұғымдардың арақатынасы: қабілеттер, дарындылық, талант, генилік. Қабілет теориялары. Дарынды балалардың айрықша ерекшеліктері. Темперамент және мінез. Темперамент жайлы жалпы түсінік. Темперамент жайлы жалпы түсінік
| 1
| 2
|
| 7
| №7 9-43 бет
№8 92-107 бет
№10 302-351 бет
№ 17 53-61 бет
| 6-модуль бойынша бақылау жұмысы (максималды балл – 30)
| 4-6 модульдердің қорытындысы бойынша максималды 100 балл шегінде 2-межелік бақылау балы жинақталады
|
3. АҒЫМДЫҚ БАҒАЛАУ
Білім алушы «Univer» жүйесі арқылы модуль бойынша әр аптаға жүктелген тақырыптармен жұмыс жасайды. Білім алушының оқу жетістіктері силлабустағы әр модуль бойынша көрсетілген балл шегінде 2-қосымшадағы бағалау критерийлері негізінде жалпы бағаланады. Бақылау модульдер аяқталған апталарда жүргізіліп, сол аптада оқытушылар «Univer» жүйесіндегі «семинар/практикалық» журналына тиісті балдарын енгізеді.
Оқытушы БӨЖ тапсырмалары бойынша білім алушының жұмысын тақырыбына сәйкес сол модульге белгіленген балл мөлшерінің белгілі-бір үлесі деңгейінде бағалайды. БӨЖ бойынша балдың үлесін тапсырмалардың күрделілігіне қарай оқытушы өзі дербес белгілейді. (мысалы: модульге 30 балл болса, 10 балы БӨЖ тапсырмасын орындаудан қралады, сондай-ақ әр модульде әр түрлі болуы мүмкін және курс саясатында әр модуль бойынша нақты көрсетіледі) Тапсырманы орындағаннан кейін модульге берілген апта ішінде оқытушы білім алушының тиісті балын «Univer» жүйесіндегі «ОСӨЖ» журналына енгізеді.
4. АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ ФОРМАТЫ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ Аралық бақылау әрқайсысы 50 сұрақтан тұратын тест тапсырмасы 2-нұсқада дайындалады. Әр дұрыс жауап 2 баллмен бағаланады.
АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ (емтихан) https://univer.arsu.kz/
6. КУРСТЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТЫ (оқытушының талабы мен университеттің академиялық адалдық кодексі принциптері сақталуы тиіс). http://zhubanov.edu.kz/ru/pages/bilim/universitettin-akademiyalyk-sayasaty/akademiyalyk-adaldyk-erezhesi.php
Білім алушы, сабақтан кешікпеңіз және дәлелсіз сабақтан қалмаңыз; силлабуста көрсетілген әр модульдегі тапсырмаларды уақытында орындаңыз; тапсырманы уақытынан кешіктіріп тапсырған жағдайда балл төмендетіледі; дәріс материалдары «Univer» жүйесіне енгізілгендіктен алдын-ала оқып танысыңыз. Дәріс сабағында материалды талдауға, пікір алмасуға дайын болыңыз; практикалық сабақта берілген сұрақтарды толық қарастырыңыз. Ұсынылған әдебиеттермен жұмыс жасаңыз; БОӨЖ және БӨЖ тапсырмаларын орындағанда әртүрлі дерек көздерін пайдаланыңыз және өз көзқарасыңызды білдіріңіз; өз жұмысыңызды басқа білім алушының көшіріп алуына жол бермеңіз. Егер көшіріп алған жағдайда ешкімге балл қойылмайды; емтихан кезінде телефон немесе шпаргалка пайдалануға болмайды. Егер осы талапты орындамаған жағдайда аудиториядан шығарыласыз немесе қойылған бағаның күші жойылады; оқу үрдісі кезінде тәртіп бұзуға және басқа білім алушыларға кедергі жасауға болмайды; силлабустағы әр модульге белгіленген балл мөлшері бойынша баға модульге берілген апта ішінде ағымдық бағалау критерийлеріне сәйкес қойылады. Айталық, модульде 30 балл болса, дәрістегі белсенділігіңізге 5 балл, практикалық сабақтағы тапсырмаларды дұрыс түсініп, талдай білгеніңізге 15 балл, БОӨЖ және БӨЖ тапсырмаларын орындағаныңыз үшін 10 балл қойылады. Егер модульде 40 балл болса, дәрістегі белсенділігіңізге 5 балл, практикалық сабақтағы тапсырмаларды дұрыс түсініп, талдай білгеніңізге 20 балл, БОӨЖ және БӨЖ тапсырмаларын орындағаныңыз үшін 15 балл қойылады.
7. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР Негізгі әдебиеттер
Л.Хьелл Д.Зиглер Теория личности Питер 2020 ж Е.П.Ильин Мотивация и мотивы Питер 2013ж. Пол Экман Психология эмоций Питер 2013 ж. Дайана Шульц,Сидни Шульц Қазіргі психология тарихы. Питир 2015 г. Әбеуова И.А. Тұлға психологиясы Алматы-2014 ж А.Т. Акажанова Қазіргі психология тарихының дамуы,жағдайы,беталысы. Алматы 2012 ж Базарбаева К.Қ Студент жастардағы тұлғаның базалық қабілеттерін қалыптастыру және дамыту .Алматы 2017ж Нығметова Б. Жалпы психология Алматы 2014 ж Жақан Молдабеков Өзіндік таным Алматы 2014 ж Қ.Сейталиев Жалпы психология Алматы 2012 ж Р.Б. Үсембаева Психология Алматы 2019 ж
Қосымша әдебиеттер
12. Куклина Н.М.. Сборник ситуационных задач по общей психологии:
Учебное пособие - Алматы 2015
13. Жарықбаев Қ.Б. Қазақтың психологиялық ой-пікірлерінің қалыптасумен дамуы оқулық 1-том 2017
14. Төлебаева Ж.А. Жалпы психология дәрістер жинағы ИЦ АРГУ им Жубанова 2017
15. Карабалина А.А. Этнопсихология курс лекции Ақтобе АРГУ им Жубанова 2017
16. Эллиот Көпке ұмтылған жалғыз Әлеуметтік психологияға кіріспе Астана 2018 ж
17.Стивен П,Роббинс Ұйымдық мінез-құлық негіздірі. Астана 2019
18. Мандықаева А.Р. Тұлғаралық қарым-қатынастың психологиялық аспектілері. Алматы 2019
19. А.Ш.Тұрдалиева Әлеуметтік психология Алматы 2015
20.А.Е. Агумбаева ,М.Ш.Бауэр Ұйымдық тәрбіп және ұйымдық мәдениет Алматы 2020 ж Электронды ресурстар: 21. http://fictionbook.ru/author/n_yu_dmitrieva/obshaya_psihologiya_konspekt_lekciyi/read_online.
http://psihologija.org/stati/maklakov-obshhaya-psixologiya.htmlhttp://dou4sun.ru/files/File/biblioteka_andreeva-soc-psy.pdf
22. https://library.atu.kz/flgl/40962.pdf
23.https://library.atu.kz/flgl/40962.pdf
24.https://litportal.ru/avtory/raznoe-4340152/kniga-obschaya-psihologiya-339463.html
Академиялық сапаны арттыру департаментінің әдіскерінің қолы ______________________
1-қосымша
Бағалау шкаласы
Әріптік жүйе бойынша баға
| Баллдардың сандық эквиваленті
| Пайыздық көрсеткіші
| Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
| А
| 4,0
| 95-100
| Өте жақсы
| А-
| 3,67
| 90-94
| В+
| 3,33
| 85-89
| Жақсы
| В
| 3,0
| 80-84
| В-
| 2,67
| 75-79
| С+
| 2,33
| 70-74
| С
| 2,0
| 65-69
| Қанағаттанарлық
| С-
| 1,67
| 60-64
| D+
| 1,33
| 55-59
| D-
| 1,0
| 50-54
| FX
| 0,5
| 25-49
| Қанағаттанарлықсыз
| F
| 0
| 0-24
|
2-қосымша Модульдер бойынша ағымдық бағалау критерийлері:
Баға
| Критерий
| 10 б
| 20 б
| 30 б
| 40 б
| 50 б
| 60 б
| А
| Оқытылған материал бойынша терең әрі толық білімді; қарастырылып жатқан ұғымдардың, құбылыстар мен заңдылықтардың, теориялардың, олардың өзара бйланысының мәнін толық түсінуді көрсете біледі. Оқытылған материал негізінде толық әрі дұрыс жауапты құрастыра біледі; негізгі ережелерді белгілеп, жауапты нақты мысалдармен және деректермен толықтыра алады; қорытындыны жалпылау, дәлелді талдау жасай алады. Пәнаралық және пән ішіндегі (бұрын алынған білім негізінде) байланыстарды орната біледі. Түсіндіруде шығармашылық қабілетін танытады.
| 10
| 19-20
| 29-30
| 38-40
| 48-50
| 58-60
| А-
| Сұрақтың мазмұны бағдарламаның талаптарына сәйкес толық, жүйелі түрде баяндай алады. Бағдарламада ұсынылған негізгі және қосымша әдебиетті терең игерген, өз ойын жеңіл түрде мазмұндай біледі. Талқыланып жатқан мәселеге кең, әрі жан-жақты талдау жасай біледі. Елеулі нақты қателердің болмауы. Қорытындысы дәлелді және нақты материалға негізделген. Жауап беру кезінде білім алушының өздігінен түзетілген, сұраққа байланысты тақырыптан 1-2 жеңіл-желпі үйлеспеушілік пен қателердің бар болуы.
| 9
| 18
| 27-28
| 36-37
| 45-47
| 54-57
| В+
| Оқытылған материалды толық біледі. Оқытылған теориялар негізінде толық әрі дұрыс жауаптың болуы; оқытылған материалды баяндауда, ұғымдарға анықтама беруде, ғылыми терминдерді қолдануда немесе қорытынды жасауда кейбір үйлеспеушілік пен қателердің болуы. Студент жіберген қателерін оқытушының көмегімен түзете алады. Жалпы оқытылған материалды меңгеріп, нақты мысалдармен дәлелдей алады.
| 8
| 17
| 26
| 34-35
| 43-44
| 51-53
| В
| Оқытылған материалдардан негізгі ережелерді өз бетімен атап көрсете біледі; негізгі ережелердің мағынасын аша алады, жауабында логикалық, жүйелі бірізділік бар. Дәлелдер мен мысалдар негізінде жалпылау, қорытынды жасай білу, пән ішіндегі байланыстарды орната білу. Практикада алған білімді, ғылыми терминдерді қолдана білу. Бірақ әдебиетпен, оқулықпен жұмыс істеуде жеткілікті дағдысы жоқ. Баяндау кезінде кейбір жіберген қателерін оқытушының жетекші сұрақтарына жауап беру арқылы өз жауабын түзей алады.
| 7
| 16
| 24-25
| 32-33
| 40-42
| 48-50
| В-
| Жалпы студент берілген сұраққа дұрыс жауап береді, бірақ жауап беру үдерісінде маңызды басты деректердің жоқтығы, негізгі материалды меңгергенімен, оны саралай талдауда қиналып, мысалдармен нақты дәлелдей алмайды. Баяндау кезінде кейбір жіберген қателерін оқытушының жетекші сұрақтарына жауап беру арқылы өз жауабын түзей алады.
| 6
| 15
| 23
| 31-32
| 38-39
| 45-47
| С+
| Жауабы толық, бірақ жүйелі емес. Жауабында тақырыпқа байланысты елеулі ауытқулар бар. Негізгі ұғымдарды анықтауда жіберген қателерін түзетуге қиналған жағдайда қойылады.
| 5
| 14
| 21-22
| 28-30
| 35-37
| 42-44
| С
| Студент берілген сұраққа толық жауап бермейді, тақырыптың, негізгі ережелердің мағынасын кеңінен аша алмайды. Қосымша сұрақтарға жауап бере алмайды
| 4
| 13
| 20
| 26-27
| 33-34
| 39-41
| С-
| Студент берілген сұраққа толық жауап бермейді, жауабында негізгі ережелерді ерекшелей алмайды, сұрақтың басты идеялары ашылмайды. Сөздік қорының жеткіліксіздігі, материалды толық меңгермегендігі байқалады.
| 3
| 12
| 18-19
| 24-25
| 30-32
| 36-38
| D+
| Көптеген маңызды фактілер келтірілмейді, қорытынды жасалмайды; фактілер қарастырылып жатқан мәселеге сәйкес келмейді, олар салыстырып қарастырылмайды; негізгі мәселені көрсете алмау (қате болса да). Көп елеулі қателер бар. Студент жауабында талқыланып жатқан мәселенің іргелі, әрі негізгі мәселелермен байланыс түсінігінің жоқтығы. Білім алушы оқытушының көмегінен кейін ғана жауабын түзетуі.
| 2
| 11
| 17
| 22-23
| 28-29
| 33-35
| D-
| Студент нашар жауап береді, тақырыпты толық меңгермеген, жауаптарында елеулі қателер байқалады. Қосымша сұрақтарға жауап бере алмайды.
| 1
| 10
| 15-16
| 20-21
| 25-27
| 30-32
| FХ
| Қанағаттанарлық бағалауды қайтадан өткізу мүмкіндігі
| 0
| 5-9
| 8-14
| 10-19
| 13-24
| 15-29
| F
| Студент өте нашар жауап береді, сұрақтың мағынасын түсінбейді. сөйлеу мәнері төмен, көптеген қателер байқалады. Оқытушының жетекші сұрақтарын түсінбейді. Оқу материалын меңгермеген жағдайда қойылады.
| 0
| 0-5
| 0-7
| 0-9
| 0-12
| 0-14
| |