химия. Реферат 1рейтинг Таырыбы Кпатомды спирттер Пні Химия Орындаан Сагиева А. С тексерген Дюсембекова А. А
Скачать 105.24 Kb.
|
Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі «Сымбат» Дизайн және Технология Академиясының колледжі. Реферат 1-рейтинг Тақырыбы:Көпатомды спирттер Пәні:Химия Орындаған:Сагиева А.С Тексерген:Дюсембекова А.А Алматы 2017 Көпатомды спирттер Көпатомды спирттер.Көп атомды спирттер көмірсутектердің құрамында бірнеше гидроксил тобы бар туындылары. Көпатомды спирттерге этиленгликоль С2Н44(ОН)2, глицерин С3Н5(ОН)3, ксилит С5Н7(ОН)5, сорбит С6Н8(ОН)6, т.б. жатады. Екі гидроксил тобы бар спирттерді гликолъдер немесе алкандиолдар деп атайды. Жалпы формуласы: СnН2n(ОН)2. Аталуы. Халықаралық атаулар жүйесі бойынша сәйкес қаныққан көмірсутек атына диол немесе триол жұрнағын қосып, гидроксил тобы байланысып тұрған көміртек атомының нөмірі көрсетіледі. Этиленгликоль Алу әдістері. 1. Көпатомды спирттерді біратомды спирттерге ұқсас жолдармен алуға болады. Мысалы, екіатомды спирттерді көмір- сутектердің дигалогентуындыларын гидролиздеп алады. Глицерин Глицерин СН2ОН — СНОН — СН2ОН — тәтті дәмі бар түссіз, қоймалжың сұйықтық. Суды жақсы сіңіретін, гигроскопиялық зат. Сумен кез келген мөлшерде араласады. Атмосфералық қысымда 290С-та қайнап, ыдырай бастайды, сондықтан оны белгілі бір қысымда айдайды. Глицеринді өнеркәсіпте пропиленнен алады. Көп мөлшерде химия және тамақ өнеркәсібінде қолданылады. Глицерин гигроскопиялық зат болғандықтан, теріні жұмсартатын қасиетіне байланысты парфюмерияда, былғары өнеркәсібінде пайдаланады. Сонымен қатар глицерин қопарылғыш заттар және дәрі-дәрмектер өндіруде медицинада қолданылады. Дикарбон қышқылдары және олардың туындыларымен глицеринді әрекеттестіріп, полимерлі қосылыс — полиэфир алады. "Глицерин" Көпатомды спирттердің құрамында екі және одан да көп гидроксил топтары болады. Маңызды өкілдері этиленгликоль СН2ОН - СН2ОН және глицерин СН2ОН - СНОН - СН2ОН. Олардың құрамында гидроксил тобы болғандықтан, қасиеттері біратомды спирттерге ұқсас. Айырмашылығы — гидроксил тобының санына байланысты. Этиленгликоль синтездік талшық алу үшін және антифриз ретінде қолданылады. Глицерин былғары өнеркәсібінде, дәрі-дәрмек, қопарылғыш зат алуға, т.б. қолданылады Көп атомды спирттердің өкілі глицериннің құрылысы және қасиеттері Құрылысы. Егер көмірсутек молекуласында сутегінің екі атомы екі гидроксил тобымен алмастын болса, екі атомды спирт түзіледі.Ондай спирттердің қарпайым өкілі –этиленгликоль: СН2 – СН2 | | ОН ОН Егер көмірсутек молекуласындағы сутегінің үш атомы үш гидроксил тобымен алмасса,үшатомды спирт түзіледі.Үшатомды спирттің қарапайым өкілі – глицерин: СН2 – СН – СН2 | | | ОН ОН ОН Молекудасында бірнеше гидроксил тобы бар көмірсутек туындылары көпатомды спирттер деп аталады. Барлық көпатомды спирттерде гидроксил топтары көміртегінің әртүрлі атомдарында орналасады. Физикалық қасиеттері. Көпатомды спирттердің ең маңызды өкілдері – этиленгликоль және глицерин – суда жақсы еритін, түссіз, тәтті дәмі бар, қоймалжың сұйықтықтар.Бұл қасиеттер басқа көпатомды спирттерге де тән. Химиялық қасиеттері. Моно- және полиатомды спирттердің химялық қасиеттері өзара ұқсас болады.Ол көбінесе натриймен: СН2 –ОН Na СН2 – ОNа Na СН2 – ОNa | | | CН2 –ОН -H2 CН2 – ОН -Н2 СН2 – ОNa сондай-ақ галогенсутектермен реакциясында көрінеді: СН2 –ОН HCl СН2 – Cl HCl СН2Cl | | | СН2 –ОН –Н2О СН2 –ОН -Н2О СН2Сl Бірақ көпатомды спирттердің өздеріне тән ерекше қасиеттеріде бар. Егер сілті ерітіндісі бар пробиркаға бірнеше тамшы мыс купорасының ерітіндісін құйып, пайда болған мыс гидроксидіне Сu(OH)2 этиленгликоль немесе глицерин қосса, мөлдір мыс гликолятының немесе ашық-көк түсті мыс глицератының ерітіндісі түзіледі.(Түзілетін заттардың құрлысы күрделі болғандықтан, олардың формулаларын келтірмейміз.) Мыс (II) гидроксидімен әрекеттескенде түзілетін ашық-көк түсті ерітінді – көпатомды спирттерге тән реакция. Көпатомды спирттер мысалында сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге айналатынына тағы да көзіміз жетті: молекуласында гидроксил топтарының жинақталуы олардың өзара әсерлесу нәтижесінде біратомды спирттермен салыстырғанда көпатомды спиттерде жаңа қасиеттер пайда болуына себеп болады. Алынуы. Біратомды спирттер тәрізді, көпатомды спирттер де өздеріне сәйкес көмірсутектердің галогентуындыларынан алынады, мысалы этиленгликольді 1,2 – дихлорэтанды гидролиздеу арқылы алады: СН2Сl – СН2Сl + 2Н2О → СН2ОН – СН2ОН + 2HCl Ең көп қолданылатын көпатомды спирт – глицеринді майларды ыдырату арқылы, ал қазіргі кезде мұнай өнімін крекингілеу кезінде түзілетін пропиленнен синтетикалық әдіспен алады. Этиленгликоль кейбір органикалық қосылыстарды, мысалы, лавсан полимерін синтездеу үшін қолданылады. Оның едәуір мөлшері антифриз – қату температурасы төмен сұйықтық жасауға пайдаланылады. Қысқы жағдайда двигательді салқындататын су мұзға айналып көлемінің ұлғаюы салдарынан оған айтарлықтай зиян тигізетіндіктен машинаны пайдалануды қиндата түсетін автоісімен таныс әр адам біледі.Егер этиленгликольдің белгілі бір көлемін суда ерітсе, онда мұндай ерітндінің қату температурасы едәуір төмендейді. Мысалы, 25 % этиленгликолі бар ерітінді -12ºC-де,ал 55% этиленгликолі бар ерітінді -40ºС-де ғана қатады. Глицерин көбінесе гигроскопиялығына байланысты пайдаланылады. Медицинада глицерин қолдың терісін жұмсартуға және дәрілік майлар жасау үшін, былғары өндіріснде – матаның созылғыштығы мен жұмсақтығын арттырып, өңдеуге, т.б. қолданылады. Глицерин синтетикалық нымдар және қопарғыш зат, мысалы, нитроглицерин алу үшін де пайдалнылады. |