Главная страница
Навигация по странице:

  • Кіріспе. Адам құқығы

  • Азаматтық алу Азаматтық

  • Азаматтық туралы”

  • Азаматтықты тоқтату. Азаматтықты жоғалту және тоқтату

  • адам құқығы. Адам құқығы түсінігі реферат. Реферат адам ытары тсінігі. Азаматты алу жне тотату Пні азастан Республикасында адам ытарын орауды механизмі


    Скачать 25.62 Kb.
    НазваниеРеферат адам ытары тсінігі. Азаматты алу жне тотату Пні азастан Республикасында адам ытарын орауды механизмі
    Анкорадам құқығы
    Дата30.01.2023
    Размер25.62 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАдам құқығы түсінігі реферат.docx
    ТипРеферат
    #912555

    Д.Қонаев атындағы Еуразиялық Заң Академиясы


    РЕФЕРАТ


    Адам құқықтары түсінігі. Азаматтық алу және тоқтату

    Пәні: Қазақстан Республикасында адам құқықтарын қорғаудың механизмі.

    Орындаған: Жолдасбаев Б

    Тексерген: Сұлтан Ж.А

    Алматы қаласы 2022ж

    Жоспары:

    I.Кіріспе

    II.Негізгі бөлім

    1. Адам құқықтары туралы түсінік беру

    2. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы

    3. Азаматтық алудың жолдары және оны тоқтату

    III.Қорытынды

    IV.Пайдаланылған әдебиеттер

    Кіріспе.

    Адам құқығы - конституциялық құқықтың маңызды институты. Мемлекет ішіндегі құқық, сондай-ақ халықаралық құқық саласын да ол ХХ-ғасырдың екінші жартысында ерекше дамып, бұл адамзат құқығының дамуындағы елеулі қорытындыларының бірі болып табылды.

    Адам құқықтары - адам жарық дүниеге, өмірге шырылдап келген сәттен бастап пайда болады. Адам құқықтары - адамның өз мүдделерін заң шеңберінде жүзеге асыру мүмкіндігі. Адам құқылары табиғи және әлеуметтік болып екіге бөлінеді.

    Табиғи құқықтар дегеніміз - адамның тіршілік етуінен туындайтын (мысалы; өмір сүру, еркіндікке жету, жеке басына тиіспеушілік т. б.) құқылары. Әлеуметтік құқылар дегеніміз - адамның мемлекетпен өзара әрекеті процесінде пайда болатын (мысалы; білім алуға, еңбек етуге, байқуатты өмір сүруге, азаматтық алуға, сот әділдігіне жүгінуге, еркін жүріп-тұруға, мүліктерді иеленуге т.б.) құқықтары.

    Негізгі бөлім

    Адам құқыларының жалпыға бірдей Декларациясының 8-бабында бекітілген, тәуелсіз және әділ сот арқылы істің әділ және ашық қаралуын талап етуге құқығы, Қазақстан Республикасының Конституциясының 12-бабымен да кепілдік берілген, онда: «Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар» делінген.

    БҰҰ Бас Ассамблеясында қабылданған. Осы күн “Адам құқықтары күнi ” деп тағайындады. Осы аталған декларцияда маңызды мән-жайлар көрсетiлген:

    1-бап: “Барлық адамдар туғанда еркiндiкте және өзiнiң беделiне, ар-намысына сай болады.” Адамдар бiр –бiрiмен сана-сезiмiн және ар-намысын сақтай отырып аға-iнiлiк қатынасты сақтау керек болады;

    2-бап: Барлық адамдар оның нәсiлiне, ұлтына, тегiне,тiлiне, әлеуметтiк жағдайына және басқа да мән-жағдайына қарамастан жалпы құқыққа және еркiндiкке ие болады.

    3-бап: Әрбiр адам өмiр сүруге, өзiнiң жеке басына қолсұқпаушылық пен еркiндiгiне құқылы болады.

    4-бап: Құлдыққа, құлдыққа сатуға және басқа да әр-түрлi ерiксiз мәжбiрлеу жұмысына салуға ешкiмде тартылуға тиiстi емес.

    5-бап: Ешкiмде және ешқашанда айуандыққа, аяусыз азапқа тартылуыға мүмкiн емес.

    6-бап:Әрбiр адам қайда жүрсе де өзiн құқық субъектiсi деп тануға құқылы.

    7-бап:Заң алдында барлық адамдар тең және өзiн қорғауға тең құқықта болады.

    Азаматтық алу

    Азаматтық — тұлғаның нақты мемлекетпен берік құқықтық байланысы. Мемлекетпен оның қарамағындағы тұлғалардың арасындағы өзара қарым-қатынас ретінде көрінеді: мемлекет адамның құқығына және бостандығына кепілдеме береді, оларды шет елдерде қорғайды. Азамат мемлекеттің орнатылған заңдарын және мемлекетпен орнатылған міндеттерді мүлтіксіз орындауы қажет.

    Азаматтық:

    а) туған кезде;

    б) халықаралық келісімшарт негізінде натурализация әдісімен;

    в) шағымдану және қайта қалпына келтіру жолдарымен алынады.

    Туғаны бойынша азаматтыққа ие болу. Көптеген мемлекеттердің заңнамаларын зерттеу мынаны көрсетіп отыр: туғаны бойынша азаматтықты алу 2 қағидаға негізделетіндігін:

    1) қан құқығы қағидасы- тұлғаның азаматтығы ата-анасының азаматтығына байланысты және туған жеріне байланыссыз ие болуы.Европаның көптеген мемлекеттері осы қағиданы ұстанады, мысалы, Австрия, Норвегия, Италия, Финляндия және т.б.

    2) топырақ құқығы қағидасы –бастапқы сәт болып мемлекететрдің территориясы болып табылады, қай мемлекеттің территориясында адам туса; бұл кезде ата-аналарының азаматтығы маңызды емес, мысалы, Бразилия мен Аргентинаның заңдары, егер осы мемлекеттердің территориясында бала туса, ата-аналарының азаматтығына байланыссыз, сәйкесінше Бразилияның немесе Аргентинаның азаматы болып табылады деп саналады. Бұл қағиданы көбінесе Латын Америкасы елдері ұстанады.Бірқатар елдердің заңдары 2 қағиданың әрекетінен тұрады, яғни аралас қағиданы ұстанады, мысалы, АҚШ, Франция, Англия, Үндістан және т.б.

    Азаматтық туралы” ҚР заңының 10 бабына сәйкес Қазақстан Республикасы қан құқығы қағидасын ұстанады.

    Азаматтыққа қабылдау немесе натурализация-бұл азаматтығы жоқ немесе басқа мемлекеттің азаматтығы бар тұлғаның нақты мемлекеттің азаматтығын алуы.

    “Азаматтық туралы” ҚР заңының 10 б. сәйкес азаматтыққа қабылдау немесе натурализация мынадай жағдайларда қарастырылған:

    1) тұлғаның оған азаматтық беру туралы өтініші;

    2) бір мемлекеттің азаматының басқа мемлекеттің азаматымен некеге отыруы;

    3) өзге мемлекеттің азаматтығы бар тұлғалардың баласын асырап алуы.

    Азаматтыққа қабылданатын тұлға қанағаттандыруы қажетті әртүрлі талаптар мен негіздер бар, соның ішінде ең көр тараған шарты – “елде тұру мерзімі”

    Халықаралық келісімшарт негізінде азаматтықты алу немесе өзгерту-бұл бірнеше мемлекеттердің бір мемлекетке бірігуі кезінде немесе цессия кезінде бір мемлекеттің бірнеше мемлекеттерге бөлінуі нәтижесінде, яғни мемлекет территориясының бөлігінің басқа мемлекетке өткен кезде, сонымен қатар, көрші мемлекеттер кейбір территорияларын айырбастаған кезге қатысты халықаралық келісімшарт, келісімдер болған жағдайда орын алады.

    Азаматтықты жоғалтумынадай негіздерде болуы мүмкін:

    а) басқа мемлекетте натурализация жасаған жағдайда азаматтықтан ерікті түрде шыққанда;

    б) территорияның мәртебесі өзгергенде;

    в) азаматтықтан айырғанда.

    Қазақстанда азаматтықты жоғалту осындай аталған негіздер бойынша жүзеге асырылады, бірақ Қазақстанның заңнамасында тағы да қосымша негіздер де бар:

    а) шет мемлекеттердің қауіпсіздік, полиция органдарына, әділет мекемелеріне, өзге де мемлекеттік билік пен мемлекеттік басқару органдарына тұлғаның орналасуы;

    б) жалған мәліметтер немесе құрастырылған құжаттарды беру негізінде ҚР азаматтығын алған жағдайда.

    Азаматтықты тоқтату.

    Азаматтықты жоғалту және тоқтату әртүрлі ұғымдар, біріншісі екіншісінен тар ұғым.

    ҚР азаматтығы мынадай жағдайлар тоқтатылады:

    1) ҚР азаматтығынан шыққанда;

    2) ҚР азаматтығын жоғалтқанда;

    Азаматтықтан шығу тұлғаның өтінішінің негізінде ғана жүзеге асырылып қоймайды. Шығу туралы өтініш қанағаттаныдырылмайды, егерде ҚР алдында орындамаған мінддетрі болса немесе Қазақстанның жеке тұлғасының немесе заңды тұлғасының мүддесіне елеулі түрде мүліктік мінддетері болса. ҚР азаматтығынан шығу туралы өтініш қанағаттаныдырылмайды, егерде осындай өтініш берген тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылған болса немесе қылмыстық жазасын өтеп жүрсе.

    Қазақстанның азаматы басқа мемлекетке берілмейді, егер де осындай ҚР мемлекет аралық келісімдерімен қарастырылған жағдайдан басқа. ҚР азаматтығын мынадай негіздерде алуға болады:

    а) туғаны бойынша;

    б) натурализация нәтижесінде, яғни Республиканың азаматтығына тұлғаларды қабылдау;

    в) ҚР келісімдерімен және халықаралық келісшарттарымен қарастырылған негіздер бойынша.

    Негізгі әдебиеттер:

    1. Халықаралық құқық. Дәрістер курсы./Г.Б.Хан және т.б. редак. –Алматы: ҚазГЗУ, 2003.-472 б.

    2. Кулжабаева Ж.О. Межународное публичное право.- Алматы,2002.-467 с.

    3. Сарсенбаев М.А. Международное право. – Алматы: Жеті Жарғы, 1996.

    4. Досжанова Г.С. Халықаралық құқық бойынша терминдердің түсіндірме сөздігі.-Алматы: Заң әдебиеті, 2003.-67 б.

    5. Садыканова Ж.Е. Халықаралық бұқаралық құқық. Электрондық оқулық. - Өскемен, 2008.


    написать администратору сайта