Мырзахан. Мырзахан. А сроп. Реферат Азаны орарыс факторлары Орындаан Мырзахан. А курс 2 Мамандыы Жалпы медицина
Скачать 43.37 Kb.
|
«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» МЕББМ Реферат Ағзаның қорғарыс факторлары Орындаған Мырзахан.А Курс: 2 Мамандығы: Жалпы медицина Тобы: 221-A Қабылдаған: Турсын Аяжан Жоспары: I. Кіріспе. II. Негізгі бөлім. 2.1. Ағзаның қорғаныс факторлары; 2.2. Спецификалық (арнайы) қорғаныс факторы; 2.3. Бейспецификалық (арнайы емес) қорғаныс факторы; III. Қорытынды. IV. Пайдаланылған әдебиеттер. Кіріспе Ағзаның қорғаныс факторы иммунды жүйе болып табылады ол- барлық лимфоидты мүшелер мен лимфоидты жасушалардың бірлесіп қызмет етуі. Ағзаның қорғаныс факторы: спецификалық (арнайы), бейспецификалық (арнайы емес). Бейспецификалық және спецификалық иммунитет. Бейспецификалық иммунитет кез келген организмде оның бір түрі кездеседі. Ол кез-келген бөгде заттарға қарсы бағытталған және инфекциямен күресуді оның дамуының алғашқы кезеңдерінде, нақты иммунитет әлі қалыптаспаған кезде қамтамасыз етеді. Бейспецификалық иммунитет туа біткен. Ол тері мен шырышты қабаттармен қамтамасыз етіледі. Спецификалық иммунитет белгілі бір антигенді лимфоциттермен тануға және оны жоюға негізделген.Бұл иммуниттетің түрі әр адам организмінде жеке өзінікі болады.. Ол біртіндеп иммундық жүйенің организм байланысатын әртүрлі антигендерге реакциясы нәтижесінде пайда болады. Спецификалық иммунитет инфекциядан кейін немесе вакцинациядан кейін ұзақ уақыт сақталатын жад жасушалары (арнайы лимфоциттер) қамтамасыз етеді. Бұл жасушалар аурудың қоздырғышын ағзаға қайта енген кезде таниды және тез арада антиденелер шығара бастайды, бұл аурудың дамуына жол бермейді. II. Негізгі бөлім 2.1. Спецификалық (арнайы) қорғаныс факторы. Спецификалық(арнайы) фактор оған- иммунитетті жатқызамыз. Иммунитет (лат. сөзі immunitas — бірнәрседен босау) — организмдердің ауру қоздырғыштарын қабылдамауы, яғни олардың тіршілік нәтижесінде пайда болған қалдықтарын және генетикалық бөгде заттарын қабылдамау қасиеті. Атап айтқанда, иммунитет организмдердің өздерінен бөлінетін заттарды ажырата білу қасиеті. Мысалы, бөгде белокты өзінікінен ажырата біліп, оны заласыздандыру. Тұқымқуалаушылық организмдерді көптеген ұрпақтар бойы күрт өзгерістерден сақтандырса, ал иммунитет организмді жеке даму (онтогенез) кезеңінде қорғайды. Иммунды жүйенің негізгі қызметі: 1. Бөгде жасушалар мен модифицирленген жасушаның ағзаға енуінен қорғау; 2. Ағзаның дамуына қатыспайтын ескірген, ақауы бар немесезақымдалған жасушалар мен жасушалық элементтерді жою; 3. Барлық генетикалық бөгде денелерді нейтрализациялау, элиминациялау. 2.2. Иммунитеттің спецификалық (арнайы) факторы: гумаральдік және жасушалық. Иммунитеттің арнайы факторлары: гумаральдік және жасушалық. Қабыну процесінде инфекцияға алдымен ағзаның жасушалық, содан соң гумаральды иммунитетінің күштері қарсы турады. 1. Гумаральдік факторлар- вирусқа қарсы гуморальдік факторлар В- лимфоциттерге тығыз байланысты. В-лимфоциттер өзгере келіп плазматикалық жасушаларға айналады, ал ол жасушалар вирусқа қарсы антиденелерді бөліп шығарады. Адам және жануарлар қан сарысуында болатын арнайы антиденелер- иммунитеттің гуморальді факторы арқылы болуының көрсеткіші болып табылады. Сонымен бірге, көптеген вирустарға қарсы жергілікті иммунитет болады. Мысалы, тұмау ауруында, парагриппте байланысты болады, ал ішек ауруларында - ішектің кілегейлі қабықшасының иммунитетіне байланысты болады. Мұндай жағдайларда иммунитет ұзаққа созылмайды. Вирустардың көпшілігі антигендер болып табылады, сондықтан олар организмде өздеріне сәйкес иммунологиялық өзгерістер туғызады, соның нәтижесінде антиденелер -арнайы иммуноглобулиндер пайда болады. Жасушада иммуноглобулиндер ДНҚ - РНҚ әсерінен пайда болады. Осы жағдайда іске асыру үшін арнайы антигеннің әсері бар, демек, антиген организмге енген соң макрофагтардың әсеріне түседі де иммуногендік түрге енеді, содан соң макрофагтар мен Т лимфоциттер В-лимфоциттерге хабар береді, ал В - лимфоциттер плазматикалық жасушаға айналады да вирусқа қарсы тән иммуноглобулиндерді бөле бастайды. Организмде табиғи ауырған кезеде немесе еккен кезде алдымен иммуноглобулиндердің М - класы пайда болады, оларды алғашқы антиденелерге жатқызады. Содан соң иммуноглобулиндердің А класы пайда болады. Оларды кілегейлі қабықшаның В-лимфоциттері бөледі. Бұл антиденелер вирустарды тыныс жолдарының кілегейлі қабықшаларында жояды және жергілікті иммунитет тұғызады. Соңынан антиденелердің G - класы пайда болады.Олар вирусқа қарсы гуморалді жолы арқылы болатын арнайы иммунитеттің көрсеткіші болып табылады . 2. Жасушалық факторлары - вирусқа қарсы иммунитеттің жасушалық факторлары Т - лимфоциттерге, макрофагтарға байланысты болады. Т лимфоцит жасушаға жабысқан немесе цитоплазма мембранасына енген вирус ақуыздарын таниды. Вирустардың организмге енуінің арқасында Т лимфоциттердің өзгеруі басталады. Т лимфоциттер бөліп шығаратын интерлейкин - 2 арқылы Т-киллердің көбеюіне әсер етеді, ал Т - киллерлер арнайы рецепторлар арқылы вирус зақымдаған жасушаларды тауып, оларды өлтіреді . Сонымен қатар, лимфа түйіндегі макрофагтар вирусты тауып алып, оларды қорытады, ол үшін лизосомальдік ферменттер қолданылады. Осындай қорытылған иммунологиялық түрде вирус антигендерін Т-, В-лимфоцитке ұсынады. Демек, макрофагтар антигендердің түрін, санын белгілейді, содан соң оларды Т-,В-лимфоциттер танып алады. Бірақ кейбір вирустар макрофагтың ферметтеріне төзеді де, макрофагтың ішінде өсіп көбейе береді. 2.3. Бейспецификалық (арнайы емес) қорғаныс факторы. Бейспецификалық (арнайы емес)- бөгде генетикалық материалдың енуіне және жедел нейтрализациясы мен элиминациясы арқылы организмнің қорғанысына бағытталған әр түрлі мүшелер мен жүйелердің қасиеттерінің бірігуі. Бейспецификалық қорғанышты қан лейкоциттері, моноциттері, базофилдер, эозинофилдер атқарады. Иммунды жасушалар лейкоциттер және моноциттер фагоцитоз арқылы бактерияларды жояды. Моноциттер – макрофагтар – айналмалы және тіндік. Лейкоциттер – микрофагтар. Фагоцитоз (грек. рһаgos- обимын,жұтамын. суіоз - жасуша), организмді бөгде заттардан қорғауды қамтамасыз ететін негізгі ең бір қуатты фактор. Бұл фактор алғашында ішекқуыстыларда құрылған ертеде пайда болған иммундық корғаныстың бір түрі. Құбылысты И.И.Мечников ашып зерттеген. Фагоцитоз процесін арнайы мамандалған фагоцит деп аталатын жасушалар атқарады. Фагоцитоз - фагоциттердің бөгде затты обып, қорытып және залалдансыздыруына негізделген. И.И.Мечников фагоцитозды атқаратын жасушаларға макрофагтар мен микрофагтарды жатқызған Қазіргі уақытта фагоцитозды атқаратын барлық фагоциттер түрі мононуклеарлық жүйе деп аталатын топқа жинақталған. Ол топқа тін макрофагтары (альвеоларлық, перитонеалдық т.б.), Лангерганс және Гренстейн жасушалары (терінің эпидермоциттері), Купфер жасушалары (жұлдызша ретикулоэндотелио- циттер), эпителиодты жасушалар, нейтрофилдер мен қанның эозинофилдері және баска жасушалар кіреді. Фагоциттердің негізгі функциясы 1) өлген : мен олардың құрылыс құрамын ағзадан шығарады (эритроцит-тер, қатерлі ісіктің жасушалары); 2)әр жолмен еніп қорытылмаған органикалықемес заттарды тысқа шығарады (мысалы,тынысжолдарымен енген көмірдің бөлшектері,минералдық және басқадай шаң); 3) микробтарды (бактериялар, саңырауқұлақтар) олардың қалдықтарын жояды және заласыздандырады; 4) организмнің төзімділігін қамтамасыз ететін биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады (комплементтің кейбір комплементтері лизоцим, интерферон, интерлейкиндер т.б.); 5) иммундық жүйенің реттелуіне қатынасады; Фагоциттер бір жағынан ағзаны табиғатына қарамастан тегі бөгде заттардан' «сыпырындыны жыйнаушы» болса (бейспецификалық функ-циясы), екінші жағынан спецификалық иммунитетке антигендерді иммунды- компетентті жасушалар (Т-хелперлерге) танысу және белсенділігін реттеу арқылы қатынасады. Фагоцитоздың өту сатылары. Фагоцит физиологиясының ерекшеліктері Фагоциттердің қүрамына тотықтар мен ион қорытуға қатынасатын ферменттер жинағы кіреді. Иондар мен тотықтар фагоцитоз процесін кол Фагоциттердің цитоплазмалық мемебранасында комплементтермен, иммунды глобулиндердің гистамин және тағы да басқа заттармен байланысатын рецепторлар бар. Жасушаның лизосомаларында қандай да болмасын заттарды қорытатын 100-ден астам ферменттер түрі кездеседі Фагоцитоз – бөгде затты жұту және қорыту реакциясы. 5 кезеңнен тұрады. 1. Хемотаксис. 2. Адгезия. 3. Жұту. 4. Қорыту. 5. Шығару. Фагоцитоз түрлері. Аяқталған фагоцитоз – бактерия толығымен қорытылады. Аяқталмаған фагоцитоз – бактерия жұтылады, бірақ қорытылмайды. Қызба – лихорадка- эндотоксиндерге тудырады- бактерия тежеледі немесе жойылады. Қабыну фагоцитозбен бірге дамиды, қоздырғышты жоюға және ағзадан шығаруға арналған. Қоздырғыш шектеледі, қорытылады фагоциттер арқылы, сонан соң шығарылады қан және зәр арқылы. Қабынудың 3 кезеңдері бар. Организмнің бейспецификалық (арнайы емес) қорғаныс факторлары да гуморальдік және жасушалық болып екіге бөлінеді: 1. Гуморальдік факторларына - ингибиторлар жатады , оның ішінде: а-ингибиторлар - біркелкі тұрақты мукопротеидтер, вирустардың қан түйіршектерін біріктіретін қасиетін жояды; В-ингибиторлар - температураға шыдамайтын липопротеидтер, көп вирустарды жоятын қасиеті бар (тұмау вирусын , арбовирустарды); ү- жоғары температураға шыдайтын гликопротеидтер , 100 ° С сақталады. Тұмау вирусынан сақтандырады. Комплемент - антиген - антидене комплексі иммуноглобулиннің Fc фрагментімен комплементтің белгілі компоненттеріне косылып комплекс құрады. Ол комплекс фагоцитоз, иммунологиялық жабысу процестерін күшейтеді. Комплемент антиденелермен бірігіп кейбір вирустарды, вирус енген жасушаны ерітеді. 2. Жасушалық арнайы емес қорғаныс факторлары - осындай негізгі факторлардың бірі - вирус енген жасушаның интерферон бөліп шығаруы. Интерферон вирусқа қарсы арналған агент емес, ол тек жасушада вирусқа қарсы жағдай жасауға көмектеседі. Негізінде, барлық вирустар интерферон пайда болуына әсер етеді. Интерферон фагоцитозды күшейтеді, жасушаның өсіп көбеюін, яғни бөлінуін тежейді. Осы қасиеті қатерлі ісіктердің жасушалырының өсірмеу үшін қолданылады. Организмді қорғаудың жасушалық факторлары ретінде гранулоциттердің - эозинофил , базофил, нейтрофильдерді айтуға болады. Эозинофильдер антиген антидене комплексін жұтып қояды. Базофилдер - вирусқа қарсы қасиеті бар заттар - гистамин, гепарин және т.б. Иммундық жүйе-барлық лимфоидты мүшелер мен жануарлардың лимфоидты жасушаларының жиынтығы. Лимфоидты мүшелер орталық болып бөлінеді – тимус, сүйек кемігі, Фабрициус сөмкесі( құстарда), оның жануарлардағы аналогы – пейер бляшкалары; перифериялық-көкбауыр, лимфа түйіндері, қан және т.б., адамдағы салитарлық фолликулалар. Иммундық жүйенің негізгі компоненті-лимфоциттер. Лимфоциттердің екі негізгі класы бар: В лимфоциттері (бурса тәуелді) антидене түзуші жасушалардың прекурсорлары болып табылады, Т-лимфоциттер (тимусқа тәуелді лимфоциттер), олар бірнеше кластарға бөлінеді. Функционалды түрде иммундық жүйенің жасушалары екі санатқа бөлінеді: 1. реттеуші және олардың ізашарлары 2. эффектор және олардың алдындағы адамдар. Реттеуші жасушалардың функцияларын т лимфоциттері мен макрофагтар жүзеге асырады. Эффекторлық функцияларды цитотоксикалық орындайды Т-лимфоциттер, В-лимфоциттер, макрофагтар, табиғи өлтірушілер және К-өлтірушілер. В-лимфоциттердің сипаттамасы. В жасушаларының прекурсорлары (пре-в жасушалары) құстардағы зауыттық сөмкеде және сүтқоректілердегі сүйек кемігінде бағаналы жасушаларды саралау процесінде в лимфоциттеріне айналады (лат. bursa-сөмке) лимфа түйіндеріне және көкбауыр, онда олар өздерінің нақты функцияларын орындайды. Жетілген в лимфоциттерінің бетінде мембранамен байланысқан иммуноглобулин рецепторлары бар, олар белгілі бір антигендерді таниды және басқа иммунокомпетентті жасушалармен әрекеттеседі, сонымен қатар әртүрлі рецепторларға ие медиаторлар мен гормондар. Электронды микроскоптың астында в лимфоциттерінің беті көптеген виллалармен жабылған және оның үстінде қатпарлар бар, Т-лимфоциттердің беті тегіс. Т лимфоциттерінің сипаттамасы Т лимфоциттері қан түзетін тіндердің бағаналы жасушаларынан түзіледі. Т-лимфоциттердің прекурсорлары (пре-Т жасушалары) тимусқа (тимус онда дифференциациядан өтіп, өзіне тән маркерлерді (белгілерді) алып жүретін әртүрлі функциялары бар жасушалар түрінде пайда болады. Т-лимфоциттердің әртүрлі биологиялық қасиеттері бар бірқатар субпопуляциялары бар. Т-көмекші жасушалар, в-лимфоциттерді пролиферациясы мен дифференцировке да антитело жасушалары (плазматические жасушалары). Т-киллерлер (т-эффекторлар, цитоплазмалық Т-жасушалар). Бұл жасушалар иммундық жауаптың жасушалық формаларын жүзеге асырады. Олар бетінде белгілі бір организмге бөтен антигендер бар жасушаларды таниды және лизирлейді. Т-күшейткіштер (т-көмекшілер). Т-күшейткіштер иммундық реакцияны белсендіреді Т-супрессорлар-иммунитет жүйесінің ішкі өзін-өзі реттеуін қамтамасыз етеді. Олар антиденелердің өндірілуіне, кешіктірілген типтегі жоғары сезімталдықтың дамуына кедергі келтіреді, т-эффекторлардың қалыптасуы иммунологиялық төзімділіктің қалыптасуы мен сақталуын қамтамасыз етеді (иммундық жауаптың болмауы). К-лимфоциттер (киллерлер) – олар фагоциттенбейді, эритроциттерге арналған Үстірт рецепторлары жоқ. Т-және В-лимфоциттер, моноциттер, фибробласттар, эритроциттер. Табиғи өлтірушілер (табиғи–NK, табиғи), оларға әртүрлі вирустық ауруларда ісік жасушаларының кейбір түрлерін лизис ететін лимфоциттер жатады. Жасушалардың негізгі түрлерінің бірі-макрофагтар. Олар миелопоэтикалықтан дамиды, сүйек кемігінің бағаналы жасушалары. Олар В және Т жасушаларымен кооперативті өзара әрекеттесуге қатысады. Бір жағынан олар антигендерді бастапқы тануға, қайта өңдеуге және оларды К - және В-лимфоциттерге беруге, екінші жағынан, т – көмекшілерді белсендіретін интерлейкин-1 биологиялық белсенді затының түзілуіне қатысады. Макрофагтар антиденелерді қалыптастыру үшін қажет, бірақ оларды өздері синтездемейді. Осылайша, тимус пен фабриций сөмкесінде Т және В лимфоциттері бар, перифериялық лимфоидты органдарда олардың қоспасы бар, соның арқасында жасуша мен гуморальды иммунитет пайда болады инфекциялық агенттен (патогеннен) қорғауды қамтамасыз ететін организм. Қорытынды: Организмнің қорғаныс реакциялары: спецификалық (арнайы) және бейспецификалық (арнайы емес) қорғаныс реакциялары деп бөлінеді. Олардың әр қайсысы жеке тағы да гумаральдық және жасушалық деп бөлінеді. Организмге түскен инфекцияның даму сатысына алдымен бейспецификалық қорғаныс күштері осы түскен микробтарға қарсы тұрса, сосын олардың қатарына спецификалық қорғаныс күштері қосылады. Осылайша адам организмі арнайы және арнайы емес қорғаныс факторлары өздігімен реттеліп, әр түрлі патологиялық жағдайлардын алдын алады. IV. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Вирусология, иммунология, генетика, молекулалықбиология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Анатілі» баспасы, 1993 жыл. ISBN 5-630-0283-X 2. Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жәрдемкөрсету жөніндегі (Анықтамалық). Қазақ тілінеаударғандар: Айымбетов М, Бермаханов А.—Алматы:"Демалыс", "Қазақстан", 1994— 506 бет. ISBN 5-615-01453-9 3. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов,У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алужәне сақтандыру бойынша орысша-қазақшатерминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005жыл. ISBN 9965-752-06-0 |