Реферат дайындау. М.уезовті ертегі теориясына осан лесі
Скачать 23.76 Kb.
|
Телеубай Назерке Шәріпқызы СӨЖ 1(тақырып) «М.Әуезовтің ертегі теориясына қосқан үлесі» және «Махамбет поэзиясы – қазақ әдебиеті дамуындағы жаңа белес» тақырыбына реферат дайындау. «М.Әуезовтің ертегі теориясына қосқан үлесі» Мұхтар Әуезов балалар әдебиетін дамыту саласында да көп еңбек етті.Ол өзінің «Ертегілер» деген еңбегінде халықтық шығармалар ішінде балалар әдебиеті мұрасына қандай топтары жататыны жайында соның жігін ашып, саралап айтып берді.Балалар әдебиетінің арғы төркіні халықтық шығармалардан туатыны әңгіме етіледі.Хайуанаттар жайындағы ертегілер тобына ғылыми талдаулар жасай келіп, М.Әуезов: «...Хайуанат жайында бір алуаны – «Күшік пен мысық», «Қотыр торғай» сияқты кішкене жануарлар жайындағы ертегілер.Ақылсыз күшік, айлакер мысық, балаға жәндікті, әр кейіпті танытушы бірге баланың өз мінезіндей ойнақы күйде күлкілі, көңілді әңгімеленеді,»-дейді. Мұқаңды қазақ балалар әдебиетінің бірінші зертеушісі деуімізге болады.Ол балалар әдебиетінің мұрасына қандай шығармалар енетінін айқындап айтып берумен қатар, «Әр жылдар ойлары» деген ғылыми еңбегінде жастар мен жасөспірімдердің оқитын кітаптары тобына жататын шығармаларды да атап көрсеткен: «Абайдың жас буынға арнап айтқан көптен – көп өлеңдерінің бәрі де жоғарыда біз айтқан бір жайға үлкен дәлелді бір куәлік береді.» Қазақ балалар әдебиетінің ғылыми тұрғыда зерттелуіне зор көңіл бөлген М.Әуезов балаларға деп повесттер мен әңгімелер жазды.1926 жылы М.Әуезрв жазған «Сұр» деген повесть қазақ балларының аса қызығып оқитын, ең сүйікті кітаптарының бірі болды.М.Әуезов бұдан соң 1928 жылы аса көркем жазылған «Көксерек» атты әңгімесін жазып ұсынды. М.Әуезов өзінің аса шебер жазылған атақты «Көксерек» атты әңгімесінде, алдымен әралуан жабайы жыртқыш азулы аңдардың мекен ететін жерлерін суреттеуден бастайды.Енді оқиғаның композициясы мен сюжетіне келсек, оқиға ары қарай шапшаң дамиды.Яғни оқиғаның шапшаң дамуы тыңдаушыны қызықтырып, енді не болар деген ойға қалдырады.Жаңа ғана екі інді мекен еткен екі қасқырдың енді бір сәтте балаларын қоректендіру үшін қозы әкеліп жеп жатқаны суреттелген.Мұның өзі жоғарыда айтқанымыздай оқиғадан оқиғаның тууын байқатады.Автор жыртқыш аңдар мекенін қалай әсерлі суреттесе, олардың ашқарақ қомағайлығын одан да әрі әсерлендіре түскен.Яғни, қасқырлар тек қана қозыға емес, өрістегі бұзаулар, жылқыларға шабады.Сонымен «Көксерек» әңгімесі жыртқыш аңдар оқиғасына байланысты туғаны айқындала береді. Әңгіме кейіпкері – кішкентай Құрмаш. Құрмаш Көксеректі қалай жақсы көріп, мәпелеп өсірсе де, ол безіп кетеді, қолға үйренбейді.Осы кезде оқушылар ойында бір сұрақ туындайды.Тек қана жақсылық жасаған Құрмашқа Көксерек тиіспесе деген.Яғни оқушылар Көксеректің алдағы тағдыры немен аяқталуына одан бетер қызыға береді.Бірақ бұл қызығу көпке созылмайды, зор өкінішпен, қайғымен жалғасып Құрмаштың трагедиялық өлімімен аяқталады. «Көксерек» әңгімесі жас өспірімдерге өмір танытарлық осындай оқиғаларды суреттеп берумен қатар, оларға қазақ халқының ана тіліндегі бай мұра мен оның сұлу да, өркем құрылысымен таныстырады, олардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттырады. М.Әуезовтың балалар әдебиетіне қосқан тағы бір зор үлесі - «Жетім» әңгімесі. Бұл шығарма да оқушы назарын аударарлықтай әсерлі туынды.Яғни, бұл әңгімені оқып отырған оқушы шығарма желісіне үңіліп кетеді.10 жасар жетім Қасымның тағдыры оларды бейжай қалдырмайды.Яғни, оқушылар Қасым соңында бақытты өмір сүреді деген үмітпен әңгімені қызығып оқиды.Бірақ та бұл шығарма да трагедиямен аяқталады.Күн көрсетпеген туысқандарынан қашқан Қасым орманда жүрегі жарылып өледі. М.Әуезов осы шығармалары арқылы жас оқушыны тыңдатумен қатар, олардың ой – қиялының, өз пікірлерінің дамуына жол ашады. «Махамбет поэзиясы – қазақ әдебиеті дамуындағы жаңа белес» Өлді деуге бола ма, ойландаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған- деп, ұлы Абай айтып кеткендей ерлігімен, жалынды жырларымен халықтың көкірегінде қалған ардақты ұлылардың бірі-Махамбет Өтемісұлы өзінің өнегелі істерімен,отты жырларымен халықтың жүрегінде мәңгі сақталған. Махамбет шығармашылығы- қазақ сөзінің қайталанбас құдіреті. Әрбір буыны мен бунағы, тармағы мен шумағы мұншалық тап-таза қорғасыннан құйылған ауыр асыл сөз қазақтан басқа жер бетіндегі ешбір елдің өлең- жырында жоқ. Бұл-Махамбеттің тағдырын тануға керек тарихи дерек. Өнерге келсек, қазақ поэзиясының ғасырлар бойғы дамуына шешуші себеп болған қозғаушы күш-ешқашан үзілмеген, толастамаған,барған сайын үдей түскен азаттық идеясы. Махамбет поэзиясы-көтерілістің үні, ол өмір сүрген кезеңдегі саяси- әлеуметтік жағдайға,ақын жасаған дәуірдегі елдің тіршілігіне, өмірге, поэзияға көзқарастарына әдеби ағымдары жатады. Махамбеттің ең басты нысаны-ол тек көтеріліс басшысы ғана емес,ол - ақын, қарумен де, жалынды сөзімен де халқына қызмет еткен, Исатайдың оң қолы, көтерілістің дем берушісі, отаншылдық, азаматтық қасиетті мол,орыс отаршылдары мен империяның жергілікті қол шоқпарларының озбырлығын,барынша әшкерлеуші жақтарын басатын асыл тұлға. Егер батыр ақынның өмірдеректеріне үңілсек;Махамбет жасынан дарын иесі, шешендігімен,ақындығымен ел аузына іліккен екен. Оның осы таланттын естіп-білген Жәңгір хан Махамбетті қарғы бау тағып, сарай ақыны етпекті ойлайды. Жаны жасық пенде болса сарай төңірегінде хан сарқытын ішкенге мәз болып жүрер еді, ал Махамбет оған көнбеген. Ханның елге істеп отырған жәбірлігіне қаны қайнаған ол "Хан емессің, қасқырсың,"- деп, іргесін одан аулақ салады. Бірақ хан тұқымдары осы әрекетіне өкпелемей,қайта:-Бұлайша айтпаса, Махамбет батыр бола ма? Батырдың сөзін көтермесем,мен хан болам ба?-деседі. Бұл аңыз болса да Махамбетке берілген әділ баға еді. Аңыз болсын, ақиқат болсын, бәрбір, Исатай мен Жәңгір, Жәңгір мен Махамбет-ағайыншылдықтан ажырамаған адамдар. Жәңгір ел басқарған хан болса, Исатай сол ортадағы ақылды көсем би, Махамбет от ауызды, орақ тісті шешен болған. Соңғы екеуі: бірі-батыр, бірі-ақын. Махамбет поэзиясы екі обрыз жасады, - дейді академик Қ.Жұмалиев. Бірі-Исатай образы, екіншісі-Махамбеттің өз образы. Махамбет бейнелеуінде Исатай-үстем тап өкілдеріне жаны қас,ел үшін күрескен ер, халыққа қамқоршы патриот. Исатай оның тек серігі,досы ғана емес. ол көтеріліс басшысы,халық қамы үшін алысқан-батыр азамат. Ақын поэзиямында Исатай-халық бейнесі. Халық батырлығы,халық ерлігінің, халық махаббатының, халық үшін опат болған ерлер бейнесі. "Тарланым", "Мінгені Исатайдың Ақтабан-ай", "Соғыс" т.б. өлеңдерінде Исатай бейнесін жан-жақты, әр қырынан көрінеді. Исатайға арнаған классикалық өлеңдерінің бірі-"Тарланым" өлеңі. Бұл өлеңде Исатай батыр бейнесі барлық бітімімен көрінген. Таудан мұнартып ұшқан тарланым! Саған ұсынсам қолым жетер ме? Арызым айтсам өтер ме? Арыстаным,көп болды-ау. Саған да менің арманым! Кермиығым, кербезім, Керіскедей шандозым! Құландай ащы дауыстым! Құлжадай айбар мүйіздім! Қырмызыдай ажарлым, Хиуадай базарлым, Теңіздей терең ақылдым, Тебіренбес ауыр мінездім! - деген өлең жолдарынан алуан сөз образдарын қолдана отырып батырдың сом тұлғасын жасаған. Махамбет өлеңдерін оқи отырып ақынның Исатайға деген махаббатының шексіз екені, оны ерекше құрметтегені айқын сезіледі, сондықтан менің ойымша,мұндай асыра сілтеуге, дәріптеуге ардақтауға тұратын қос батыр деп есептеймін. Махамбет жыры туған еліне, атамекеніне деген сүйіспеншілікке толы.Ол еңбекшіл халық мұңын жырлады, елінің елдігін, халықтың бүтіндігін сақтауды армандады. Ұлы арманының орындалуы жолындасоқпағы мол, шытырманы көп болатындығын айта келе, ер ұлдардың неге де болса шыдап, төзе білуін талап етеді. Сөйтіп, жақсылықты болашағынан күткен, келешек ұрпағында халық үшін күреске шақырған оптимист-ақын. Қорыта келгенде, Махамбет поэзиясы-қазақ әдебиеті дамуындағы жаңа белес, өшпес мұра. Ол қазақ жырауларының жақсы дәстүрін жалғастырды, оны әрі қарай дамытты. Махамбет поэзиясы найза мен қылыш, садақ пен сүңгі үстінде туып, лаулаған жалын үстінде шыңдалған. Халықтың азаттығы, теңдігі жолында ақ найзасымен де, азаткер асқақ жырымен де нағыз азаматша орасан үлкен қызмет еткен, осы жолда қасық қанын қиған Махамбет Өтемісов халықтың осындай патриот адамы еді. Елбасы Н.Ә. Назарбаев Махамбет-ұлттық тұлға, оның батырлығын, ақындығын, күйшілігін, азаттық жолындағы күрескерлігін болашақ ұрпақтың санасына сіңіретіндей етіп кеңірек дәріптеу керек -дейді. Махамбет аңсаған азаматтыққа қол жеткізген халқымыз үшін енді ақын мұрат еткен азат ойдың биігіне ұмтылу шынайы демократиялық қоғам орнату-басты парыз. Бір кезде керемет ерліктің үлгісі боп көтерілген Махамбет бүгінде егемен елдіктің өшпейтін рухымен астасып жатыр. |