Главная страница

Документ. Реферат Орындаан Еркін Сымбат


Скачать 1.13 Mb.
НазваниеРеферат Орындаан Еркін Сымбат
Дата21.06.2020
Размер1.13 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаДокумент.docx
ТипРеферат
#131715


Реферат

Орындаған: Еркін Сымбат

Сынып кезіндегі хирургиялық көмек

Барлық хирургиялық аурулардың арасында сынықтардың алар орны ерекше, олар травматологиялық науқастардың 39-50% құрайды.

Сынық – дегеніміз патологиялық үрдістің (ісік, остеомиелит) немесе жылдам әсер етуші механикалық күштің ықпалынан болған сүйек тұтастығының бұзылуы.

Сынықтар ашық және жабық деп, толық және толық емес деп бөлінеді. Сынықтардың жалпы белгілері: ауыру сезімі, ісік, патологиялық қозғалыс, сықырлау, деформация- дене мүшесінің формасының өзгеруі, сынған дене мүшесі қызметінің бұзылуы, сынған қол – аяқтың салыстырмалы қысқаруы.




Жабық сынық дегеніміз – сынған жерде тері бүтін, жара жоқ - яғни инфекция үшін кедергі бар.

Ашық сынық кезінде жара бар, яғни сынған жер сыртқы ортамен қатынаста болады, сондықтан ашық сынық қауіптірек. Сынықтың қай түрінде болмасын - қан жоғалту орын алады.

Сынықтар кезіндегі алғашқы медициналық көмек:

Ең алдымен жарақат алған адамды тыныштандыру керек, жылы сөз айтып, оған көмек көрсетілетінін, оның жалғыз еместігін сездіру қажет.

О
нан соң ауыру сезімін басатын дәрі беру керек. Мүмкіншілік болса дәріні екпе түрінде қолданған жөн. Тіпті дәрі іше алмайтын адамға таблетканы ұнтаққа айналдырып ұнтақты тілінің астына сеуіп, сол жерге жарты шай қасық жылы су кұю да ұсынылады. Келесі қадам - сынған жерді қозғалмайтындай етіп таңу. Ол үшін кез келген затты, атап айтқанда, әр түрлі тақтайшалар, бүктелген қатты картон қағаз, бұтақтар, оқтау, шаңғы, шаңғы таяқтары,т.с.с. қолданылады. Тіпті еш нәрсе болмаған жағдайда сынған аяқты сау аяққа, сынған қолды денеге ыңғайлы жағдайда таңу қажет. Таңғыш заттар денені қажамас үшін - таңып байлар алдында, шығыңқы буын сүйектері тұсына жұмсақтап дәке немесе мақта салған жөн. Мынандай ережені есте ұстаған дұрыс: кемінде сынған жерден төмен және жоғары орналасқан екі буын қамтылуы керек, мысалы, шынтақ және балтыр сүйектері сынғанда, шынтақ және білезік буындары, тізе және тобық буындары, ал білек және сан сүйектері сынғанда үш буын, атап айтсақ білезік, шынтақ, иық буындары немесе тобық, тізе, жамбас буындары қамтылуы керек. Омыртқа сүйектерінің сынуына күдік болса, зақымданушыны қатты зембілге жатқызып тасымалдау керек, мойын омыртқаларының сынуына күдік болса міндетті түрде мойынды қозғалмайтындай етіп таңу қажет. Қабырғалар сынған жағдайда көрсетілген көмектен кейін науқасты отырған күйде тасымалдаған жөн.
Ашық сынық кезінде жараға асептикалық танғыш салынады. Егер қан кету орын алса бірінші кезекте қан тоқтату керек. Көмек көрсетілген соң, зақымданушыны ыңғайлы жағдайда жақын медициналық мекемеге жеткізу қажет. Мүмкін болса жедел жәрдемді оқыс оқиға орын алған жерге шақырған жөн. Барлық жағдайда да зақымданушының жалпы халі – қан қысымы, пульсі, тыныс алуы, ақыл е
сі әр уақытта назарда болуы шарт.





написать администратору сайта