Главная страница
Навигация по странице:

  • ЖОСПАР I. Кіріспе II. Негізгі бөлім

  • Логопедияның зерттеу нысаны - сөйлеу тілінің бұзылуынан зардап шеккен адам.

  • II. Негізгі бөлім 1.Логопедияның мақсаты мен міндеттері Логопедияның мақсаты мен міндеттері: Логопедияның негізгі мақсаты

  • 2.Логопедияның принциптері және әдістері Логопедияның негізгі принциптеріне

  • 3.Сөйлеу тілінің бұзылу түрлері

  • Сөйлеудің бұзылуының себептерін бірнеше топқа бөледі

  • Сөйлеудің бұзылу түрлері

  • сөйлеуі бұзылған балалар. Реферат пн Дефектология Таырыбы Сйлеуі бзылан балалар. Орындаан Бекболатова М. С


    Скачать 30.04 Kb.
    НазваниеРеферат пн Дефектология Таырыбы Сйлеуі бзылан балалар. Орындаан Бекболатова М. С
    Анкорсөйлеуі бұзылған балалар
    Дата06.02.2021
    Размер30.04 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файласөйлеуі бұзылған балалар.docx
    ТипРеферат
    #174332

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

    Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

    РЕФЕРАТ

    Пән:Дефектология

    Тақырыбы: Сөйлеуі бұзылған балалар.

    Орындаған: Бекболатова М.С.

    Тексерген:Кульдеева Г.

    Ақтөбе 2020 ж.

    ЖОСПАР


    I. Кіріспе

    II. Негізгі бөлім
    1.Логопедияның мақсаты мен міндеттері

    2.Логопедияның принциптері және әдістері

    3.Сөйлеу тілінің бұзылу түрлері
    III. Қорытынды
    Қолданылған әдебиеттер

    I. Кіріспе


    Логопедия дегеніміз - сөйлеу тілінің кемістіктерін, оның бұзылу себептерін, болдырмау жолдарын, сонымен бірге осындай кемістіктерді әртүрлі жолдармен түзетіп жоюдың тәсілдерін зерттейтін арнайы педагогикалық ғылым.

    «Логопедия»-logos (сөз) және paideia (тәрбиелеймін, үйретемін) деген грек сөзінің түбірінен алынған. Логопедия арнайы педагогиканың (дефектологияның) бір бөлігі болып есептеледі.

    Сөйлеу тілі бұзылуының түрлері және оған көрсететін көмек жайында баршамызга ежелден белгілі. Сөйлеу тілінің бұзылуы жөнінде алғашқы мәліметтерді ежелгі Греция, Үндістан ескерткіштерінен (папирустер, аюрветтер) кездестіруге болады.

    Мысалы, Ресейде логопедия жеке педагогикалық ғылым ретінде бірден қалыптасқан жоқ. Алғашқыда (17ғ.) логопедия сурдопедагогика құрамында болған. 19 ғасырдан бастап логопедия жеке дара ғылым боп бөлінген, бірақ ол медициналық бағытта болды. Тек 20 –ші ғасырдың 30-ші жылдарында Дефектология Ғылыми Зерттеу Институтының құрылуына байланысты логопедия педагогикалық ғылым болып танылды.

    Казіргі логопедия мектеп жасына дейінгі, мектептегі логопедия және жеткіншектер мен ересектер логопедиясы деген бөлімдерден тұрады.
    Логопедияның зерттеу нысаны- сөйлеу тілінің бұзылуынан зардап шеккен адам.

    Сөйлеу тіл бұзылыстарын физиологтар, невропатологтар, психологтар, лингвистер және т.б. зерттеп, қарастырады. Бұл ретте олар сөйлеу тіл кемістігін өз ғылымдарының мақсатына байланысты қарастырады. Логопедия болса сөйлеу тіл кемістігін арнайы ұйымдастырылған құралдар,тәсілдер арқылы алдын алу және түзету тұрғысынан қарастырады, сондықтан ол арнайы педагогикаға жатады.

    II. Негізгі бөлім

    1.Логопедияның мақсаты мен міндеттері


    Логопедияның мақсаты мен міндеттері:

    Логопедияның негізгі мақсаты сөйлеу тілі бұзылған адамды оқытуды, тәрбиелеуді және қайта тәрбиелеуді, сонымен бірге сөйлеу тілі кемістіктерінің алдын алу жолдарын ғылыми негізде жете зерттеу болып табылады.

    Логопедияның ғылым ретіндегі анықтамасына байланысты төмендегідей міндеттерді белгілеуге болады:

    -сөйлеу тілі бұзылуының таралуын, оның симптоматикалық белгілерін анықтау;

    - қазақ тілді қалыпты дамыған және әр түрлі тіл бұзылыстары бар балалардың сөйлеу іс-әрекетінің онтогенезін зерттеу;

    - дамуында әр түрлі ауытқуы бар қазақ тілді балалардың (зияты, естуі, көруі, тірек-қимылы бұзылған) сөйлеу тілінің қалыптасу ерекшеліктерін анықтау;

    -сөйлеу тілі бұзылған баланың сөйлеу қабілетінің өздігінеy белгілі бір бағытпен дамуын, сөйлеу кемістіктерінің адамның жеке басының қалыптасуына, психикасының дамуына тигізетін әсерін анықтау;

    -сөйлеу тілінің бұзылу себептерін, белгілерін, механизмдерін анықтау;

    -сөйлеу тіл бұзылыстарының педагогикалық диагностикасының әдістерін өңдеу, құрастыру;

    - отандық және шетелдік логопедиялық теориясы мен тәжірибесіндегі жетістіктерді талдау;

    - сөйлеу тіл кемістіктерін жүйелеу;

    - қазақ тілінің фонетикалық – грамматикалық ерекшеліктерін ескере отырып сөйлеу тілінің кемістіктерін түзету, жою, әдістерін жетілдіру;

    - сөйлеу тілі кемістіктерінің алдын алу тәсілдерін толық жетілдіру;

    - Қазақстанда логопедиялық көмек беруді ұйымдастыру мәселесін зерттеу, жетілдіру;

    - логопедиялық оқу үрдісіне жаңа технологиялар мен компьютерлік техниканы еңгізу, қолдану.

    Көрсетілген міндеттерден логопедияның теориялық және практикалық бағыттылығы анықталады. Теориялық аспектісі – сөйлеу тіл кемістіктерін зерттеу, оларды анықтау, жою және тіл кемістігін алдын алудың ғылыми тұрғыдан дәлелденген әдістерін зерттеу. Практикалық аспектісі-тіл кемістіктерін алдын алу, анықтау және түзету. Теориялық және практикалық міндеттер бір-бірімен тығыз байланысты.

    Алдыға қойылған міндеттерді шешу үшін:

    -пәнаралық байланысты пайдалану, сөйлеу тілі және оның бұзылыстары бойынша зерттеу жұмысына қатысты көптеген мамандарды (психолог, нейропсихолог, нейрофизиолог, лингвист, педагог, әр түрлі профильдегі дәрігерлер, т.б.) қызметтестікке тарту;

    -теория мен практиканың өзара байланысын, ғылымның заманауи жетістіктерін практикаға еңгізу мақсатымен ғылыми және практикалық мекемелердің байланысын қамтамасыз ету;

    -сөйлеу тілі бұзылыстарын ерте анықтау және оларды жою, түзету принципін жүзеге асыру;

    -сөйлеу тілі бұзылыстарын алдын алу мақсатымен халық арасында

    логопедиялық білімді насихаттау.

    Логопедиялық жұмыстың барысы бұл міндеттерді шешуді белгілейді.

    Логопедиялық ықпалдың негізгі бағыты сөйлеу тілін дамыту, түзету және алдын алу болып табылады. Логопедиялық жұмыс үрдісінде сенсорлы функцияларын дамыту; моторикасын, әсіресе сөйлеу моторикасын дамыту; танымдық процестерін, алдымен ес, зейін, ойлау процестерін дамыту; бала тұлғасын, әлеуметтік қатынасын реттеу және түзетуімен қатар қалыптастыру; әлеуметтік ортаға ықпал ету ескеріледі.


    2.Логопедияның принциптері және әдістері


    Логопедияның негізгі принциптеріне: жүйелік, кешендік, жанжақтылық, онтогенетикалық, сөйлеу тілі бұзылыстарының этиологиясы мен механизмін ескеру (этиопатогенетикалық принцип), бұзылыстың симтоматикасын, сөйлеу тілі ақаулығының құрылымын ескеру принципі, дамытушылық, т.б. жатады.

    Логопедияда жалпы педагогиканың принциптері мен тәсілдері кеңінен пайдаланылады. Кейбір принциптерді қарастырайық:

        • Жүйелік принципі.Сөйлеу тілі күрделі функционалды жүйе, оның құрылу компоненттері бір бірімен тығыз байланысты. Сондықтан, сөйлеу тілін және оның дамуын зерттеу, түзету сөйлеу тілінің барлық компонеттеріне ықпал етуді болжайды.

        • Жанжақтылық принципі. Логопедиялық жұмыс логопаттың тұтас тұлғасына ықпал ету арқылы жүргізілуі керек. Оның қайта тәрбиелетін жағымсыз жағы және компенсация процесінде пайдаланатын жағымды жағын ескеру қажет (бұзылған анализатор орнына сақтаулы анализаторды қолдану).

        • Кешенді принципі.Логопедиялық қорытынды жасау, сөйлеу тілінің бұзылуын ұқсас формаларынан ажырату үшін сөйлеу және сөзсіз симптомдарына, медициналық, психологиялық және логопедиялық тексеру нәтижелеріне талдау жасау керек. Сонымен қатар баланың сөйлеу тілінің даму денгейі мен танымдық әрекеттерінің даму денгейін салыстыру керек болады.

    Көптеген жағдайда сөйлеу тіл бұзылыстары әр түрлі жүйке және психикалық-жүйке аурулардың сиптомдарына қосылады (дизартрия, алалия, тұтықпа, т.б.). Бұндай жағдайда сөйлеу тіл бұзылыстарын түзету жұмысы кешенді түрде өтуі керек, яғни медициналық-психологиялық- педагогикалық көмек көрсетілуі керек. Сонымен, сөйлеу тілі бұзылыстарын зерттеу және түзету барысында кешенді принцип маңызды орын алады.

    • Дамытушылық принципі. Сөйлеу тілі бұзылыстарын зерттеуде және түзетуде нормадан ауытқыған бала дамуының ерекшеліктерін және жалпы даму заңдылықтарын ескерген жөн. Дамытушылық принцип логопедиялық жұмыс барысында баланың «жақын» даму аймағына байланысты міндеттерді, қиыншылықтарды, кезендерін ажыратуды болжайды. Сөйлеу тілі кемістігі бар балаларды зерттеу, олармен логопедиялық жұмысты ұйымдастыру баланың негізгі іс -әрекетін (заттық-тәжірибелік, ойын, оқу) ескере отырып жүзеге асырылады.

    • Онтогенетикалық принципі.Логопедиялық түзету жұмысы баланың сөйлеу тілінің түрлері мен функцияларының шығу реттілігін және баланың онтогенездегі іс-әрекетінің түрлерін ескеруді талап етеді.

    • Динамикалық принципі. Баланың даму барысында ауытқушылықтың байқалуы.

    Сөйлеу тілі бұзылуын зерттеу және түзетуде келесі дидактикалық принциптер маңызды орын алады: көрнекілік, қолжетімділік, саналылық, даралап тіл табу және т.б.

    Логопедия әдістерін бірнеше топқа бөлуге болады:

    1 топ – ұйымдастыру әдістері: салыстыру, лонгитюдиналды (даму барысында зерттеу), кешенді.

    2 топ –эмпирикалық әдістер: обсервациялық (бақылау), экспериментальді (зертханалық, табиғи, қалыптастырушы, психологиялық –педагогикалық), психологиялық –диагностикалық (тесттер, анкеталар, сұқбаттасу), биографиялық (анамнез бойынша мәліметтер жинау және оларға анализ жасау).

    3 топ – жинаған мәліметтерді ЭЕМ қолдану арқылы сапалық және сандық (математика –статистикалық) талдау.

    4 топ- интерпретациялық әдістер, зерттеу құбылыстары арасындағы байланысты теория жүзінде зерттеу тәсілдері (тұтас пен бөлшектердің, жалпы құбылыс пен жеке параметрлердің, тұлға мен функциялар арасындағы байланыс).

    Зерттеудің шынайылығын қамтамасыз ету үшін техникалық құралдар кеңінен қолданылады: интонографтар, спектографтар, назометрлер, бейнесөз, фонографтар, спирометрлер және басқа да құралдар, сонымен қатар біртұтас сөйлеу әрекетінің және оның бөлшектерінің динамикасын зерттеуге мүмкіндік беретін рентгенокиносуреттер, глоттография, кинематография, электромиография.

    3.Сөйлеу тілінің бұзылу түрлері
    Сөйлеудің дұрыс қалыптасуы үшін мидың бүкіл құрылымдарының сақталып, мүлтіксіз қызмет атқаруы қажет. Сөйлеудегі ең маңызды элементтер - есту, көру, моторика жүйесі. Ауызекі сөйлеу перифериялық сөйлеу аппаратының негізгі үш бөлімінің - дем алу, дауыс және артикуляция, бұлшық еттерінің үйлесімді жұмыс атқаруы нәтижесінде іске асырылады.

    Сөйлеу қызметінде негізгі рөлді мидың доминантты жарты шарында (оңақайларда сол жақ, солақайларда оң жақ жарты шар) орналасқан сөйлеу - есту және сөйлеу - қимыл зоналары атқарады. Сөйлеу баланың психофизикалық жалпы дамуы процесінде қалыптасады.

    Сөйлеудің бұзылуының себептерін бірнеше топқа бөледі:

    -  Биологиялық себептерге көбінесе баланың жатырда жатқан кезіндегі, толғақ кезіндегі (гипоксия, жарақаттар) және туылғаннан кейінгі алғашқы айлардағы (ми инфекциялары. жаракаттар, т.б.) патогендік факторлар жатады.

    -   Әлеуметтік - психологиялық қауіпті факторлар бірінші кезекте психикалық депривациямен байланысты. Депривация дегеніміз - ұзақ уақыт аралығында және жеткілікті түрде субъектінің негізгі «өмірлік және психикалық қажеттіліктерінің қанағаттандырылуына кедергі келтіретін өмірлік ахуалдар нәтижесінде пайда болатын психикалық көңіл күй.

    -   Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуына дұрыс қалыптаспаған таңдай құрылысы да зиян тигізеді. Көбіне жас аналар нәрестеге емізік беруге құмар. Дұрысы, емізікке үйретпеген жөн. Себебі, емізікті жиі емгеннен сәбидің таңдайы тереңдеп кетуі әбден мүмкін. Таңдай тереңдесе, артикуляциялық қозғалысы нашарлайды. Соның салдарынан әріптер дұрыс дыбысталмайды.

    -    Ата-аналардың көпшілігі баласының тілі дұрыс шығып, шықпағанына, даму ерекшеліктеріне жете мән бермейді. Баланың былдырлап сөйлегеніне мәз болып, соны қызық көретіндер де жетерлік. Олар мұны еркелік деп түсінеді. Кейбір ата-аналар 3-4 жастағы баланың тілі түсініксіз болса, «мүлде сөйлей алмайтын жағдайда емес қой, мектепке барғанша, әйтеуір сөйлер» деп бейжай қарайды. Мұндай түсінік мүлде дұрыс емес. 1 жасар бала кем дегенде 10 сөз айтуға тиіс. 2 жаста сөздік қоры  300-ге жуықтайды. Ал 3 жасар сәби күрделі сөйлем құрауға қабілетті болады. Сондықтан кез келген ата-ана бала 1 жасқа толысымен, онымен көбірек сөйлесуі керек. Онда да баланың былдырына еріп, соның «тілімен» емес, түсінікті тілде сөйлеуге үйретуі тиіс.

    -   Сақаулық еліктеуден де болуы мүмкін. Балаға сөйлеу тілі әлі дұрыс қалыптаспаған сәбидің қасында үнемі бірге ойнау зиян. Сонымен қатар баланың тілі мүкіс немесе өте жылдам сөйлейтін адамдардың қасында болуы да дұрыс емес.

    -    Баламен бір тілде ғана, ана тілінде сөйлесу керек. Бірде қазақша, бірде орысша сөйлеген сәби еркін сөйлеу қабілетінен айырылады. Әрі тілі мүкістенеді. Соның кесірінен, дыбысталуы ұқсас әріптерді ажырата алмайды. Мұндайда сәбиге жаңылтпаштар айтқызған дұрыс.

    -  Тілдің мүкістігі дыбыс шығарудағы сөйлеу мүшелері: тілдің, еріннің, төменгі жақ сүйектерінің нашар қимылдауларынан, тістің құрылысынан да болуы мүмкін. Тілдің қалыпты деңгейден нашар қимылдауы себебінен өте қысқа тіл асты желбезегі оның жоғары көтерілуіне мүмкіндік бермейді. Тілдің өте үлкендігінен, жөнді бұрыла алмауынан да, сөйлеу тілі бұзылады. Сонымен қатар тістердің арасының алшақтығынан және ретсіздігінен сөйлегенде тілдің ұшы сыртқа шығып кетіп, сөздің анықтығы бұзылады. Стоматолог-дәрігерлер арнайы құрал қою арқылы тістерді және жақ сүйектерін реттейді. Сүйегі әлі қатаймаған 5-6 жасар балаға қойылған шинаның ықпалы өте күшті болады. Еріннің қалыңдығы, астыңғы еріннің салпиып тұруы ерін және ерінтісті дыбыстарының анық айтылуына кедергі келтіреді.

    -         Психикалық, физикалық жарақаттану. Отбасындағы қолайсыз жағдайлар да баланың сөйлеуіне кері әсерін тигізбей қоймайды.

    Сөйлеудің бұзылу түрлері:

      Дислалия -  дыбысты дауыстап айтудың бұзылуы. Дислалиялық дыбыстық бұзылулар артикулярлық аппарат құрылымының ақауларымен, сондай - ақ сөздік тәрбиенің ерекшеліктерімен түсіндіріледі.

    Ринолалия - артикулялық аппарат құрылысының туа біткен анатомиялық дефектілерімен байланысты пайда болатын дыбыс шығарудың және дауыс тембрінің кемістіктері.

    Дауыстың бұзылуы - Бұл деффект дауыс аппаратындағы патологиялық өзгерістер нәтижесінде пайда болады. Дауыс бұзылуының екі түрі бар:

    - Дисфония яғни дауыстың ішінара бұзылуы (дауыстың жоғарылық деңгейі, күші, тембрі бұзылады);

    - Афония – дауыстың мүлдем жойылып кетуі.

    Дизартрия- сөйлеу аппаратының иннервациялық жетіспеушіліктерінен болатын дыбыс шығарудың және сөйлеудің мелодиялық және интонациялық тұрғыдан бұзылуы.

    III. Қорытынды

    Балалардың сөйлеу қабілетінің бұзылуын емдеу кезінде тәрбиелеу шарттарын өзгерту ғана емес, сонымен қатар дәрігерлерден кеңес алу, түзетулік сабақ жүргізілуі қажет. Бұл бұзылыстарды түзету үшін ұзақ уақыт және көп күш жұмсау керек болады. Балалардың сөйлеу қабілетінің бұзылуын түзетудің негізгі бағыттары кешенді ықпал ету  болып табылады: балаға және оның отбасына логопедиялық, психологиялық-педагогикалық, психотерапевтикалық көмек көрсету, сонымен қатар медикаментоздық емдеу.Балалардың сөйлеу қабілетінің бұзылуын түзету әрбір балаға жеке құрылған жоспарлар бойынша жоспарланады және жүргізіледі. Айта кету қажет, баланың сөйлеу қабілетінің бұзылуы неғұрлым ерте анықталып, оны арнайы мамандар емдей бастаса, сол кезде жақсы нәтижелерге жылдам жетуге болады, өйткені, балалардың миы бала өмірінің алғашқы жылдары жақсы жетіледі.

    Қолданылған әдебиеттер


    написать администратору сайта