Жамбас пат. Реферат таырыбы Жамбас паталогиясы. Орындаан алдыбай Аружан 20222023ж
Скачать 134.1 Kb.
|
“Көкшетау жоғары медициналық колледжі” РЕФЕРАТ Тақырыбы: Жамбас паталогиясы.Орындаған:Қалдыбай Аружан 2022-2023ж. Жамбас сүйектерінің сынулары.Жамбас сүйектерінің сынулары жамбас сүйектері қысылғанд,ал және де апатшылықтарда ұрылудан пайда болады. Жамбас астауының бүтіндігі бұзылмайтын сынықтар: 1)сегізкөздің қиғаш сынуы; 2)құйымшақтың сынуы; 3)ұршық ойпаңының сынуы; 4)мықын сүйегінің қалқанының көлденең сынуы; 5)шат немесе отырғыш сүйектері бұтағының біреуінің сынуы; 6)мықын сүйегі айдарының сынуы; 7)мықын сүйектерінің мүйістерінің сынуы (айрылып кетуі ); 8)отырғыш сүйегінің төмпегінің сынуы. Жамбас астауының бүтіндігі бұзылатын сынықтар: 1)алдыңғы жарты астаудың тік сынуы: а)шат сүйегінің екі бұтағының сынуы; б)шат және отырғыш сүйектерінің сынулары ( бір және екі жақтан); 2)артқы жарты дөңгелектің тік сынулары: а)мықын сүйегінің қалқанының сынуы; бсегізкөздің қиғаш және тік сынулары; 3)артқы және алдыңғы жарты астауларының Мальген түріндегі қосарланып тік сынулары; 4)жамбас астауының көп сынық болып сынуы; 5)жамбас сүйектерінің сынуы және шығулары. Клиникалық көрінісі.Бұнда көбірек айырылатын, сүйек бөлектерінің таюы, сықырлауының орналасқан жері анықталады. Жамбас сүйектерінің қанаттарына және үлкен өсіктерге басып, қарсы қысу жолымен және де жамбас сүйектерінің айдарын, қалқанын ұстап, тарту жолымен жамбас астауы, шығыршығы ашып тексеріледі. Тексерудің бұл тәсілдері мықты бұлшық еттер қабаты астына біраз теріде орналасқан сынықтарды анықтауға көмектеседі. Мықын сүйектері жоғары алдыңғы қалқаны және тізе үсті аралықтары екі жағының да салыстырылып өлшенуі қажет. Қосымша іштен (тік ішектен) тексеріледі, бұнда ұршық ойығының түбі, сегізкөз, құйымшақ және шаттың біріккен жерлері сипап көріледі. Жамбс сүйектерінің рентген суреттері жасалуы шарт. Жамбас сүйектерінің ауыр жарақаттары бар науқастарда жарақат шогінің клиникалық көрінісі бірінші орын алады. Сегізкөз және құйымшақ сынықтарында сәйкес жергілікті жерде ауыр білінеді. Тік ішек арқылы тексергенде сынық тұсы және сынық бөліктерінің таюын анықтауға болады. Ұршық ойпанының сынығында жүрген уақытта жамбас буынында едәуірауыру пайда болады. Аяқтың осы бойынша басылғанда, жамбас буыны ауырады. Бұндай науқастар аяғын басып жүре алмайды. Мықын сүйегінің қалқаны сынғанда,ол жоғары қарай таяды. Осыған байланысты науқастың ауыру сезімінен басқа кіндік пен мықынның алдыңғы жоғарғы мүйісі аралығы жақындағаны анықталады. Шат сүйегінің бұтақтары сынғанда өзіне тән сипаты, сау жерімен салыстырғанда қанды ісік пайда болудың нәтижесінде сан артериясы соғуының бәсеңдеуі болып есептеледі. Құйымшақ сүйегі сынғанда науқас отыра алмайды. Сипап көргенде сынған жердің өзгеріске ұшырауы анықталады. Мықын сүйегінің айдары сынуы,осы жердің ісінуі қанды ісіктің пайда болуы,және жергілікті ауырумен сипатталады. Мықынның алдыңғы жоғарғы мүйісінің үзілуінде, ажыруында ауырған жерде кіндік және тізе үстінің аралығы ұзарады және де мүйіс және тізе үстінің сау жермен салыстаырғанда қысқарады ( мүйіз төмен түседі). Шат сүйегі бұтақтары екеуі де сынса, оның бір бұтақшасы сынуынан айырмашылығы: жамбастың төменгі тесігі ( аппертура) кеңейіп, шат арасы аймағында тұратын қанды ісік пайда болады. Шат және отырғыш сүйектерінің сынуында клиникалық көрінісі өткендегідей айырмашылығы болмайды, қанды ісік құйымшақ аймағына тарайды. Артқы жарты астаудың артқы сынықтары бар науқастарда ( мықын сүйегі және сегізкөз жамбастың артқы бөлімі кеңейіп, жамбас алды тарылады,сынық аймағында көп мөлшерде қанды ісік болады. Емі. Жамбас сүйектері сынықтарындағы бірінші көмек – бұл ауыру шогінің алдын алу. Науқас шалқасынан жатқызылады, тізелері бүгіледі, тақым астына жұмыр жастық қойылады және ауыруын азайтатын дәрілер жіберіледі. Емдеу тәсілінің негізгі, жамбас астауының анатомиялық бүтіндігін дұрыс қалпына келтіру қағидасы жатады. Жамбас астауының бүтіндігі бұзылмаған науқастарды қалқаны бар кереуетке жатқызылады, тізе астына жұмыр жастық қойылады (бақа тәрізді жағдай). Сүйек сынықтары орнына қатты тайғанда операция жолымен емделеді, сүйектері бір-біріне бекітіледі. Сегізкөз және құйымшақ сынықтарында, егер сүйек сынықтары орнынан тайған болсабір сәтте салынады, онан кейін 3-4 апта қозғалмай жатқызылады. Жамбас дөңгелегінің бүтіндігі бұзылғанда сүйек бөлшектері бұлшық еттердің тартуы әсері бойынша жоғары немесе қапталына таяды, ол жамбастың оң немесе сол жартысының асимметриясына және тайған жағындағы аяқтың қысқаруына себепші болады. Бұндай жағдайларда науқас рамаға иілдірілген гамаққа жатқызылады және жарақаттанған жағындағы ортан жіліктің метафизінен 2 ай қанқадан тартылып қойылады. Жамбас сүйектерінің асқынған сынықтары. Жамбас сүйектерінің сынулары қуық және зәр аққыш жолдарды жарақаттауы мүмкін. Қуық іш қуысы Ішіне жарылғанда зәр қарын қуысына ағады, ол іш қуысында іш пердесінқабындырады. Қарын бұлшық еттері қатаяды. Саусақпен толқылдатқанда іш қуысына, көбінесе екі жақ бүйірге қарай іште жиналған зәр, сары су барлығы анықталады. Ал қуық іш пердесінің сыртына жарылса, зәр айналасындағы май тканьдарға тарайды. Науқас ішінің төменгі жағының ауыратындығына шағым етеді. Катетерлегенде зәр аз шығады. Үрпінің ішкі тесігінің үзілуі жартылай немесе толық болады. Шат арасында қатты ауыру және қуықтық зәрмен толуы нәтижесінде шат үстін саусақпен тоқылдатқанда дыбыс естілмейді. Үрпіден тамшылап қан шығады. Шат аралығында және ұма аймағында қан ісігі жиналады. Катетерлегенде катетер қуыққа өтпейді. Диагнозын дұрыс қою үшін зәр шығару каналына 10-нан 150-мл-ге дейін 20 процент сергозин, кардиотраст немесе диодон ерітіндісі жіберіледі және рентген суреті істелінеді. Зәр каналы үзілгенде контраст зат оның сыртына шығады, қуықтың іш пердесінің сыртында жарылуында қуық айналасындағы майға таралады, іш пердесіне жарылуында іш қуысына жиналады. Қуық іш қуысына жарылса, лапаротомия жасалады, қуықтың жарасы тігіліп және зәр шығару каналы арқылы қуыққа тұрақты катетер қойылады. Іш пердесі сыртына жарылса, қуық шат үстіне барып ашылады, бірақ іш қуысы ашылмайды, қуықтың жарасы тігіліп және шат үстіне қуыққа тесік ( свищ) қойылады. Ер адамның үлпісі үзілген жағдайда науқастың жалпы жағдайы жақсы болса, зәр шығару каналының үзілген жері тігіледі. Үрпіге тұрақты катетер қойылады. Науқас жағдайы ауыр болса, шат үстіне тесік қоюмен аяқталады. Үрпінің үзілген жерін қалпына келтіру 1 ⅓ - 2 айдан кейін жасалынады. Қынап жарақаттанғанда, одан қан ағуы байқалады. Диагнозы қынапты тексеріп көргенде анықталады. Жараланған жері тігіледі. Тік ішек жараланғанда шат арасында анық сезілетін ауыру білінеді, дәретте қан, ректороманоскопияда тік ішектің жараланып, айрылған жері көрінеді. Бұндай жағдайда қима ішектің ( сигма) сол жақ бүйірге шығарып жасанды артқы жол жасалынады және тік ішек айналасындағы үлпершек майға дринаш қойылады. Геморрой анықтамасы 2.Этиологиясы 3.Жіктелуі 4.Клиникалық көрінісі 5.Диагностикасы 6.Емі Геморрой анықтамасы 2.Этиологиясы 3.Жіктелуі 4.Клиникалық көрінісі 5.Диагностикасы 6 |