Главная страница
Навигация по странице:

  • 2021 жыл Тар жамбас

  • Морфорентгенологиялық жіктеме

  • Тарылу дәрежесі және түріне байланысты

  • Көлденең тарылған жамбас

  • Жалпы бірегей тарылған жамбас Жамбас қуысының бірегей 1.5 см-ге тарылуыЖай жалпақ жамбас

  • Жалпақ рахиттік жамбас

  • Рахит кезінде жамбастың қалыптасуы

  • Жалпы бірқалыпты тарылған жамбас

  • Босануыдың бірінші және екінші кезеңдерінде мынандай асқынулар байқалады

  • Тар жамбас қуысының алдын алу шаралары

  • акушерия рефератт. Реферат Таырыбы Жамбас ауытулары Орындаан ф23Маликова М. Н тексерген Есбосынова Г. Ж. 2021 жыл


    Скачать 19.28 Kb.
    НазваниеРеферат Таырыбы Жамбас ауытулары Орындаан ф23Маликова М. Н тексерген Есбосынова Г. Ж. 2021 жыл
    АнкорBanana
    Дата24.02.2021
    Размер19.28 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаакушерия рефератт.docx
    ТипРеферат
    #178980

    ОралМақсатмедициналық колледжі

    Реферат

    Тақырыбы: Жамбас ауытқулары

    Орындаған:Ф-23Маликова М.Н

    Тексерген:Есбосынова Г.Ж.

    2021 жыл

    Тар жамбас – жамбас қуысы сүйектерінің ауытқуы. Тар жамбас кезінде оның барлық өлшемдерінің немесе бір ғана өлшемінің, қалыпты өлшемдерімен салыстырғанда екі не одан жоғары сантиметрге қысқа болады.

    Жамбас сүйектерінің ауытқу себептері:

    • Әйелдің сәби кезінде рахитпен ауыруы;

    • Жамбас сүйегінің остеомиелиті, туберкулезбен ауруы

    • Жыныс мүшелерінің жетілмеушілігі

    • Жамбас қуысы сүйегігінің жарақаттануы

    • Гормональдік жетіспеушілік

    • Жыныстық жетілу кезіндегі физикалық жүктемелер


    Жіктемесі:

    1. Анатомиялық тар жамбас – жамбас қуысының анатомиялық құрылысының немесе көлемінің (мөлшерінің) өзгерісі.

    2. Клиникалық (функциональді) тар жамбас – нәрестенің бас өлшемдерінің қалыпты жамбас қуысы өлшемдеріне сәйкес келмеуі.

    Морфорентгенологиялық жіктеме

    Гинекоидты жамбас (қалыпты әйел жамбасы)

    Андроидты жамбас (приматтарға тән) – жамбастың тік өлшемінің көлденең өлшемінен асуы.

    Платипилоидты: тік өлшемінің кішіреюі

    Тарылу дәрежесі және түріне байланысты

    Жиі кездесетін:

    Жамбастың көлденең тарылуы – 45.2 %

    Жамбастың кең бөлігінің тік өлшемінің кішіреюі – 21.8 %

    Жай жалпақ жамбас – 13.6 %

    Жалпы бірегей тарылған жамбас – 8.3%

    Жалпақ рахиттік жамбас – 6.8%

    Қалғандары – 4.1 %


    Көлденең тарылған жамбас

    Сегізкөз ромбының үзаруы — көлденеңіне қарағанда тігінен.

    Жамбастың шыға берісінің көлденең өлшемінің азаюы

    Мықын сүйегі қанатының тік орналасуы

    Аздаған лонный бұрыш

    Қынаптық зерттеу кезінде шынайы конюгата қалыпты көлемді

    Жалпы бірегей тарылған жамбас

    Жамбас қуысының бірегей 1.5 см-ге тарылуы

    Жай жалпақ жамбас

    Барлық тік өлшемдерінің кішіреюі

    Мықын қанатының кең иілген

    Сегізкөз ромбының вертикальді өлшемі 11 см-ден кіші

    Жалпақ рахиттік жамбас

    Бұндай жамбас рахиттің нәтижесінде пайда болады.

    Рахиттің бастан өткізудің басқа да көріністері:

    бас сүйегі квадрат тәрізді

    маңдай, шүйде бөмпегі, төбе сүйегінің айқындығы

    бұғанасы S-тәрізді болуы

    аяғы О-, Х- тәрізді болуы

    Рахит кезінде жамбастың қалыптасуы

    Дамудың артта қалунының әсерінен бала үнемі жата беруі және де сүйектің фосфор- кальций алмасуының бұзылысы әсерінен нәрестенің омыртқасы, сегізкөзі тегістеледі. Нәресте отыра, жүре бастаған кезде сегізкөз артқа иіледі. Құйымшақ ілмек тәрізденеді.Сегізкөздің иілу бұрышының өзгереді.


    Жалпы бірқалыпты тарылған жамбас

    Бастың жамбас қуысының кіреберіс жазықтығынан ұзақ уақыт жоғары тұрып, бірден қондырылмауы

    Төбе жігі қуыстың қиғаш өлшемдерінің біріне сәкес келіп, бастың үлкен көлденең өлшемі оның екінші қиғаш өлшеміне қарама- қарсы тұрады (тік өлшемінен үлкен)

    Бастың қатты иілуі

    Алып жүру нүктесі кіші еңбек. Жамбас қуысының өткізгіш бағытының бойымен бас қазық секілді қуысқа тіреледі. Бастың пішіні өзгеріп, кіші еңбектің ортасына босану ісігі болады.

    Шат бұрышың тарылуы

    Жалпақ рахиттік жамбас

    Бастың жамбас қуысының кіреберіс жазықтығына ұзақуақыт қондырылмауы

    Төбе жігі жамбас қуысының тек көлденең өлшемінде тұрады

    Бас шамалы шалқаяды

    Бастың асинклитикалық қондырылуы


    Жай жалпақ жамбас

    Бастың жамбас қуысының кіреберіс жазықтығына ұзақ уақыт бойы қондырыла алмауы

    Төбе жігі жамбас қуысының тек көлденең өлшемінде тұрады

    Бастың жеңіл шалқаюы

    Бастың асинклитикалық қондырылуы

    Бастың көлденең әрі төмен тұруы
    Тар жамбастағы жүктілік

    Тар жамбас қуысындағы жүктіліктің бірінші жартысы еш өзгеріссіз өтеді. Екінші жартысы кеш гестоздармен асқынуы мүмкін. Жүктіліктің соңғы апталарында бастың, кіші жамбас қуысына қондырылмауынан, жатыр түбі жоғары тұрады, нәрестенің жатыр ішіндегі қозғалысы артып, дұрыс жатпай, қағанақ суы мезгілінен бұрын кетуі мүмкін.

    Босануыдың бірінші және екінші кезеңдерінде мынандай асқынулар байқалады:

    Қағанақ суының алдын ала немесе ерте кетуі

    Кіндік қынапқа түсіп, нәрестенің тұншығуы

    Толғақтың әлсізденуі

    Жатыр, жатыр мойынның жарақаттануы, жарылуы

    Нәрестенің жарақаттануы

    Тар жамбас кезінде босануды өткізуӨңдеу

    Босануды өткізу босану ағымының ерекшелігіне байланысты болады. Анатомиялық тар жамбасты әйел босанарға 2 апта бұрын акушерлік стационарға жатқызылуы тиіс. Босанар алды бөлімінде босанушыны жан- жақты тексеру керек. Ұрықтың орналасуын, мөлшерін, жағдайын бағалау қажет. Ілеспелі акушерлік және экстрагенитальді патологияны анықтау.

    Жүкті әйелдің зерттеу нәтижесін бағалап, жоспарлы түрде кесар тілігін жасау үшін көрсеткіштерді айқындау:

    ІІІ –ІV дәрежеде жамбастың тарылуы

    Экзостоздың болуы, ісітер, маңызды жарақаттан кейінгі деформациялар

    Ұрықтың ірі кезіндегіжамбастың І-ІІ дәрежедегі тарылуы, ұрықтың дұрыс емес орналасуы, мерзімінен асқан жүктілік, жатырдың тыртығы

    Тар жамбас қуысының алдын алу шаралары


    Тар жамбас қуысты алдын ала анықтап, босану тәсілін дер кезінде дұрыс шешу керек. Әйелдер кеңесінде жамбас қуысы тар әйелдерді ерекше есепке алып, 2-3 апта бұрын перзентханаға жатқызу керек. Рахиттің профилактикасын дұрыс ұйымдастыру. Инфекциялық, жарақаттық жағдайлардың алды алу.


    написать администратору сайта