Дет хир стом ответ 1. Тапсырма 1 билет
Скачать 27.38 Kb.
|
Тапсырма: 1 билет Диагноз қойып, дифференциалды диагностиканы жүргізіңіз. Орташа тісжегі 8.3,7.3, 8.2, 8.1,7.1,7.2 Беткейлік тісжегі Бастапқы тісжегіні гипоплазия және флюорозбен салыстырады. Гипоплазия кезінде жүйелі зақымдалу тән, дақтардың симметриялы орналасуы,тісжегінің орналасуына тән емес. Флюороз кезінде дақтар көп ,шекарасы айқын емес. Орташа тісжегіні беткей және терең тісжегімен,созылмалы гангренозды пульпитпен,созылмалы периодонтитпен салыстырады. Аурудың себептерін атаңыз. Адамның ауыз қуысында белгілі микрофлора болады. Тіс жегі тудыратын белсенді екі микроорганизм түрі бар: Қышқыл түзуші стрептококк, анаэробты ашуды шақырады (оттегісіз жағдайда).Лактобактерия– лактоза және басқа қанттарды сүт қышқылына айналдыратын микроорганизмдер. Бұл микроорганизмдер өмір сүру барысында тіс тінін бұзуға қабілетті қышқыл өнімдер тудырады. Олардың көбеюі үшін қажет басты субстрат тағам құрамында болатын көмірсу. Негігі себептері Түнге қарай баланы тәтті қоспалармен тамақтандыру.Бала жақсы тамақтануы үшін сосканы тәтті сироптарға малып беру. Тамақтандыру алдында ата –анасының сосканы сорып беруі:соска бетінде ересектер ауызында болатын микробтар қалады. Емдеу жоспарын ұсыныңыз. Орташа тіс жегісін емдеу. Егеудің жалпы принциптері мен сатыларын қадағалап, жегіленген қуысты егейді, ажыратқыш төсеніш салып, тістерді пломбалайды. Сүт тістерде орташа тіс жегісі жедел ағымда өтсе терең тіс жегісінен ажырату қиын. Дентиннің жұқа қабаты соншалықты жұмсарғандықтан, соны алу кезінде ұлпаны ашып алу қаупі туғызады.Қазіргі кезде ажыратқыш төсеніш ретінде әйнектономерлі цементтер кеңінен қолданылады,олар дентинмен тығыз байланысып, тіс тіндерінің жағымсыз әсерінен дентинді түтікшелерге айқын шектеуді қамтамасыз етеді. Олар биосыйымды, тұрақты, рентгеноконтрасты, ауыз қуысындаерігіштігі төмен, жиектік жабысу өте жақсы, түсі тұрақты, эстетикалығы жоғары, ең бастысы – бұл цементтер фтор иондарын бөліп шығару қасиетімен екіншілік тіс жегісін болдырмау.Әйнекиономерлерден бөлінетін фтор тіс тініне сіңіп, тіс эмалінің демнерализация процесіне қарсы тұруын жоғарлатады. Жедел орташа тіс жегісін емдеудің ерекшелігі емдік төсеніш қолдану және тұрақты пломба салғаннан кейін жергілікті флюоризация қолдану. Емдеу үшін ұсынылатын пломбалау материалдарын атаңыз. Фосфат цементерді, шыны иономерлерді цементті (ШИЦ) Алдын алу жоспарын ұсыныңыз. Түнгі уақытта шөлмектен тәтті сусындарды пайдалануды болдырмау, ауыз қуысының гигиенасын үйрету. Тапсырма: 2 билет Алдын ала диагноз қойыңыз. 4.6 тістің орташа тісжегісі 2. Диагноз қою үшін тексерудің негізгі және қосымша әдістерін көрсетіңіз. Зондтау және рентгенологиялық зерттеу әдістерін жүргіземіз. Зондтап тексергенде тісжегі қуысы ауырмайды немесе ауыртпалықсыз,эмаль-дентин шекарасында ауыру сезімі болады. Жұмсарған дентин анықталады. Тіс қуысымен байланыспайды. 3.Дифференциалды диагностиканы жүргізіңіз. Бастапқы пульпит (пульпа гиперемиясы) терең кариес зондтау кезінде ауыру сезімі тітіркендіркішті жойғанда ауыру сезімі жойылады. Зондтау кезінде қатты ауыру сезімі тіс қуысының табанында болады. ЭОД 8-12 мкА. Сына тәрізді ақау тітіркендіргіштерден қысқа мерзімді ауруы сезімі. Қуысты зондтау ауыртпалықсыз. Реакция тітіркендіргіштер жоқ. ЭОД 100 мкА-дан жоғары. Рентгенограмма өзгерістер анықталады, созылмалы периодонтит сипаттамалық формалардың бірі үшін. 4. Соңғы диагноз қойыңыз. Орташа тісжегі қуысы 5. Пломбалау материалдарын таңдаңыз. ШИЦ және компомерлер Тапсырма: 3билет Зерттеу жоспарын жасаңыз. Тексеру барысында тіс сауытының болмауы, зақымдалған тістің аймағында ауырсыну мен қан кету анықталады. Рентгенологиялық зерттеу бұл бізде тіс түбірінің сынуының бар жоқтығын анықтауға көмектеседі. Дифференциалды диагностиканы жүргізіп, диагноз қойыңыз. Диагноз тіс сауытың толық сынуы, диф диагностика тіс түбірінің сынуы. Емдеу әдісін таңдаңыз. Жергілікті анестезия жүргізіп, ұлпаның витальды экстирпация әдісін қолданамыз да, тіс түбірін пломбалаймыз. Пломбаның фиксациясын жақсарту мақсатында арнайы штифтарды қолданамыз. Штифтті түбірге цементтейміз, жоғалған тіс сауытының бөлігін қақпақтың көмегімен композициялық пломбалық материалмен қалпына келтіреміз. Сонымен қатар вкладка немесе жасанды сауыт жасауға болады. Тістің сынған бөлігін қалпына келтіру жарақат алғаннан кейінгі жақын күндері жүргізілуі керек екенін есте ұстаған жөн, өйткені антагонистпен байланыс болмаған кезде бұл тіс қысқа уақыт ішінде қозғалады және іргелес тістер тістерге қарай қисайып алдын-ала ортодонтиялық емделусіз протездеуге болмайтын жағдайға жетеді. Диспансерлік бақылау мерзімін анықтаңыз. Диспансерлік бақылау эндодонтиялық емдеудің тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Бұл бірқатар рентгенограммалардың көмегімен анықталады. 5. Мүмкін болатын асқынуларды көрсетіңіз. Тіс түбірінің сынуы Тапсырма: 4 билет 1. Болжамды диагноз қойыңыз. 8.5 тістің созылмалы гранулденуші периодонтиті 2. Қосымша зерттеу әдістерін ұсыныңыз. Кортикальды пластина мен тұрақты тістің ұрығын көру үшін рентгенодиагностиканы өткіземіз. Периодонттың созылмалы гранулденіп қабынуы кезінде альвеола өсіндісіндегі сорылу үрдісіне және көптеген тіндердің ыдырауына байланысты қабыну ошағында пайда болған уытты заттар қанға сіңіп, организмнің созылмалы уыттануын туындатады. Рентгенологиялық зерттеу: -азудың қалыптасу дәрежесін; -азудың физиологиялық резорбциясының дәрежесін – тұрақты тістің фолликулы үстіндегі кортикалды жай-күйін; -периодонттың, тіс айналасындағы сүйек тінінің жай-күйін анықтауға мүмкіндік бе 3. Дифференциалды диагностиканы жүргізіңіз. Созылмалы периодонтит Шағымдар тістеген кезде қолайсыздықты сезіну. Анамнез бұрын жіті немесе қақсайтын ұзақ ауру. Объективті дәрежесі тамақ қалдықтары толып қалған орташа немесе терең өлшемдегі жегілі қуыс, тістің қуысы ашылған. Ауыртпай зондтау. Орташа тісжегі Шағымы қышқылдан, тәттіден және тұздыдан болатын ауырсынуға, тітіркендіргіштерді жойғаннан кейін тез басылатын ауруға. Анамнез балансталмаған тамақ; көміртегілі тамақтың басым болуы; ауыз қуысының нашар гигиенасы. Объективті дәрежесі ұсақталған, пигменттелген дентитпен толтырылған орташа өлшемдегі жегілі қуыс, эмальді-дентинді біріктіргішті ауыртып зондтау. Созылмалы қарапайым пульпит Шағымы Қатты тамақ түскен кезде не суықтан, ыстықтан болатын тіс ауруы, тітіркендіргіштерді жойған кезде ауру біртіндеп басылады. Анамнез Профилактикалық тексеріп-қарау кезінде анықталады. Объективті дәрежесі жұлған кезде тіс қуысының ашылғаны табылатын жұмсартылған дентині бар жегілі қуыс Емдеу жоспарын таңдаңыз. Уақытша және тұрақты тістердің созылмалы периодонтитін емдеу: Жергілікті ауырсынуды басу (инфильтрациялық, өткізгіштік); жегілі қуысты препарациялау; ауыз қуысын ашу; азу каналдарының ұрттарын кеңейту; азу каналдарынан сынықтарды және түйіршіктерді алу; каналдарды аспаптық және антисептикалық тазалау; азу каналдарын пломбалау; оқшаулайтын төсеме; тұрақты пломба. Амбулаториялық деңгейде көрсетілетін дәрі-дәрмектік ем: негізгі дәрілік заттар тізбесі (100% қолданылу мүмкіндігі бар): Анестезиялайтын заттар: Инъекцияға арналған 2%-2мл лидокаин ерітіндісі; Инъекцияға арналған мепивакаин ерітіндісі; 10% лидокаин ерітіндісі аэрозоль; Анестезиялайтын гелдер 20%. Антисептикалық заттар: хлоргексидин 0,05%-100мл; су тегі тотығы 3%-100мл; Пломбалау материалдары: Оқшаулайтын төсеме: висцин - ұнтақ 50 г, сұйықтық 30 г. Шыныиономерлі цементтер: Кетак моляр - 12,5 г ұнтақ, 8,5 мл сұйықтық; Глассин рест - 10 г ұнтақ, 8 мл сұйықтық; Цемион – ұнтақ 20г, сұйықтық 10 мл, кондиционер 10 мл, лак 10 мл; Химиялық қатайту композиттері: КомпоЛайф Плюс: базалық паста - 14 г; катализациялайтын паста 14 г; бонд 6 мл; дәрілейтін гель- 7 мл. Харизма ППФ: 12г базалық паста; 12г катализациялайтын паста; 6 мл бонд; 2,5 мл дәрілейтін гель. 5. Болжам туралы болжамдар айтыңыз. Қолайлы Тапсырма: 5 билет Баланың тісінің жағдайын бағалаңыз және алдын ала диагноз қойыңыз. Тістердің сауыты бұзылған, кариестің декомпенсацияланған түрі, созылмалы фиброзды пульпит Осы клиникалық жағдай дамуының патогенетикалық факторларын атаңыз. Ауыз – қуысының жалпы гигиенасын сақталмауы болып табылады. Балалар әдетте тәтті кәмпиттерді немесе тәтті тағамдарды көп қолданып, ауыз – қуысы ның микрафлорасын бұзып, жалпы айтқанда гигиена сын сақтамайды.Бұл себебтен тәттінің құрамындағы – сахароза, фруктоза, глюкоза осы қышқылдар реакция түсіп көмірсу бөліп тістің эмальін бұзады.Бұл кезде сілекейдің рн 6 дан 4 төмендейді. Тағамнан кейін ауыз – қуысын арнайы балаларға арналған тіс жақпаларымен жумағаннан патогенді микробтар пайда болады. Осы науқасты қарау кезінде анықтауға болатын тістерді бұзу процесінің ерекшеліктерін көрсетіңіз. Циркулярлы кариес, тістердің мойын аймағындағы эмальдың жұқаруы және соның салдарынан тістердің сауыт бөлігі бұзылады. Емдеу тактикасын ұсыныңыз. Ұлпаның витальды ампутация әдісі, тістің сауыт бөлігін қалпына келтіру, ортопедиялық емдеу және де хирургтан кеңес жоғарғы еріннің үзеңгісін кесу бойынша. Витальдық ампутация әдісі (ұлпаны жартылай сақтау). Бұл әдістің негізгі мақсаты –өзгеріске ұшыраған сауыт ұлпасын алып тастап, қорғаныстық қасиеті жоғары түбір ұлпасын сақтап қалу. Витальдық ампутация жедел ошақты, диффуздық ұлпа қабынуында, ұлпаның кездейсоқ ашылуында қолданылады. Бұл тәсілді орындау үшін өткізгіштік немесе инфильтрациялық жансыздандыру жүргізіледі. ЭОД 25-40мкА жоғары болмау керек. Тіс жегі қуысын ашып, сауыт ұлпасын және түбірлік ұлпаны алып, антисептиктермен өңдеп, қан ағуын тоқтатып, жуып –кептіріп, емдік төсем салынады. Кейін аралық төсем, сосын пломба қойылады. \ Көрсеткіштері: Кішкентай балаларда; Жедел жартылай ұлпа қабынуы; Ұлпаның созылмалы жай қабынуы; Жарақаттық ұлпа қабынуы; Қарт кісілерде; Көп түбірлік тістерде; Тістің ЭҚ 40 мкА дейін болса; КПУ-ға байланысты Витальды ампутация әдісін қолдануға қарсы көрсеткіштер: Ұлпа қабынуының барлық тотальды формалары: жедел іріңді, созылмалы фиброзды, гипертрофиялық, гангренозды. Ұлпа қабынуының қалдықты түрі. Ұлпада конкременттердің болуы. Ұлпа қабынуының ретроградты түрі. Орташа және ауыр дәрежелі парадонтиті бар науқастардағы ұлпа қабынуы. Жалпы аурулары бар (диабет, атеросклероз) науқастардағы ұлпа қабынуының барлық түрлері. Кариозды қуыстың мойын аймағында орналасуы. Ұлпа қабынуын биологиялық әдіспен емдеу нәтижесіз болғанда. 5. Болжам түсіндіріңіз. Болжам қолайлы емес, себебі тісті жұлуымыз мүмкін. |