АИВ инфекциясы. Реферат таырыбы аив инфекциясы
Скачать 23.75 Kb.
|
«СҚО әкімдігінің ДСБ«КММ «Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжі» ШЖҚ КМК РЕФЕРАТ Тақырыбы: «АИВ инфекциясы» Орындаған: Айтбай Адемау Тексерген: _Искакова А.М.___ Петропавл қаласы, 2021 ж. Жоспар: АИВ инфекциясы туралы түсінік Этиологиясы Эпидемиологиясы Иммунопатогенезі Клиникалық көрінісі Инфекцияның клиникалық жіктелуі Диагностикасы Емдеуі Алдын алу Адамның иммунитет тапшылық вирустық инфекциясы - адам организмінің иммундық жүйесін зақымдайтын вирустың енуі нәтижесінде дамитын ауру. ЖИТС - жүре пайда болған иммунитет тапшылық синдромы. Иммундық жүйенің тапшылығы салдарынан организм әртүрлі инфекциялар мен ісіктерге қарсы тұра алмай, түрлі асқынуларға ұшырап, өлімге алып келуі мүмкiн. Этиологиясы. Адам иммунитет тапшылығын шақыратын вирус «баяу» инфекциялар қатарына жатады. Адам иммунитет тапшылығын шақыратын вирус гендік аппараты рибонуклеин қышқылынан тұратын ретровирустар қатарына жатады. Вирус сыртқы қабықтан, оған бекіген арнайы белоктар-Gр120, Gр41-ден тұрады. Вирустың ортасындағы геном рибонуклеин қышқылымен қоса 3 ферменттер бар - кері транскриптаза (ревертаза), интеграза және протеаза. Адамның иммунитет тапшылығын шақыратын вирус көлемі жағынан орташа вирустарға жатады. 1 сантиметрлік сызыққа 70-100 мың вирустық бөлшектер сияды. Соңғы кездерде адамның иммундытапшылық вирусының биологиялық ерекшелігі анықталған, ол - вирустың өте тез өзгергіштік қасиеті. Вирус бөлшектерінiң қабығынан сыртқа шығып тұратын ерекше белоктар өзінің антигендік құрылымын жылдам өзгертеді. АИВ- инфекция қоздырғышының 2 түрі бар: АИВ-1 және АИВ-2. АИВ-1 - Солтүстік Америка және Европа елдерінде кең тараған вирус. АИВ-2 – Батыс Африкада. Адамда иммунитет тапшылығын шақыратын вирус сыртқы орта әсерлеріне тұрақсыз. Вирус 54ºС температураға қыздырғанда 30 минутта, қайнатқанда 1-5 мин аралығында және де қышқылдық-сілтілік РН орта кенеттен өзгергенде өз қасиетін жояды. Күнделікті жағдайда қолданылып жүрген дезинфектанттар әсерінен тез арада тіршілігін жояды. Осыған қарамай вирус ультрасәулелер мен йонды радиация әсеріне тұрақты келеді. Эпидемиологиясы. АИВ-инфекция көзі - науқас немесе вирустасымалдаушы адам. Вирус науқас адам мен вирустасымалдаушы адамның қанында, шәуетінде, емшек сүтінде, көз жасында, кынап және жатыр мойны шырышында, әртүрлі тіндерінде, жұлын сұйықтығында кездеседі. Вирус қан мен шәуетте көп мөлшерде кездесетіндіктен оның осы биологиялық сұйықтықтар арқылы жұғу қаупі жоғары. Ал сілекейде, емшек сүтінде, жұлын сұйығында, көз жасында және тағы да басқа биологиялық сұйықтықтар мен тіндерде вирус мөлшері төмен болғандықтан жұғу қаупі де төмен. АИВ-инфекция науқас адам немесе вирустасымалдаушыдан 3 жолмен жұғады: жыныстық қатынас арқылы, қан және қан препараттары арқылы, анасынан баласына (плацента тосқауылы арқылы өтіп босанғанға дейінгі кезеңде, босану кезінде және босанғаннан кейінгі кезеңде – емшек сүтiмен). Кейбір жағдайда вирус нәрестеден анасына емшек ұшының жарықтары арқылы сау әйел организміне енуі мүмкін. Вирустың жыныстық жолмен берілуі гомосексуалдық және гетеросексуалдық қатынастар арқылы жүзеге асады. АИВ- инфекцияның осы жолмен таралуы «қауіп-қатер топтарында» жиі кездеседі. «Қауіп-қатер» тобының 1-ші тобына гомосексуалисттер жатады. 2-ші топта - жезөкшелер; 3-ші топта - шетел азаматтарымен жыныстық қатынаста болатын әйелдер; 4-ші топта - ретсіз жыныстық қатынаста болатын, жыныстық жолдасын жиі ауыстыратындар; 5-ші топта - нашақорлар; 6-шы топта - қан реципиенттері Ал парентеральді жұғу жолына келетін болсақ, ол қан және қан препараттары арқылы жүзеге асады. Нашақорлар арасында бір-біріне жұқтыру қаупі жоғары. Бір нашақор қолданған шприцті екіншісінің қолдануы нәтижесінде шприцтегі қалып қалған қан қалдықтарындағы вирус екінші организмге көктамыр арқылы өтеді де ауру тудырады. Залалданған қанды құю АИВ - инфекцияның парентеральді жолмен таралуында ең қауіпті болып есептеледі. Адамның иммунитет тапшылығын шақыратын вируспен залалданған қанды сау адамға құйған кезде инфекцияның жұғу қаупі 100 %-ға жетеді, яғни тікелей қанға түскен вирус аз уақыттың ішінде организмнің иммундық жүйесінің қызметін төмендетеді де, аурудың тез дамуына мүмкіндік береді. Сонымен бірге қанның клеткалық компоненттерін, плазманы және қан ұю факторларының компоненттерін де құйған кезде вирустың жұғу қаупі жоғары. АИВ- инфекция дене мүшелерінің трансплантациясы кезінде организмнің әртүрлі биологиялық сұйықтары арқылы берілуі мүмкін. Донор қан тапсырған кезде адамның иммунитет тапшылығын шақыратын вирусымен залалдануы мүмкін емес. Донордан қан алғанда көктамырдан қанды арнайы, бір рет қолданатын құралдар көмегімен немесе сапалы стерилизациядан өткен құралдарды қолданады. Дүние жүзінде донорлардың иммунитет тапшылығын шақыратын вируспен залалдануы осы уақытқа дейін кездеспеген. Басқа адамдар тәрізді донор вирусты жыныстық жолмен немесе нашақордың шприці арқылы жұқтыруы мүмкін. Осыған байланысты әрбір қан тапсырушы адам тапсырған қанын құятын адам үшін қауіп туғызатынын есіне сақтауы керек. Дүние жүзінде әрбір тапсырылған қан үш инфекцияға мұқият түрде тексеріледі: вирусты гепатит, мерез, АИВ- инфекция (1985 жылдан бастап). Кей жағдайда АИВ-инфекцияға зерттеу нәтижесі «жалған теріс» болуы мүмкін. Ол АИВ-инфекцияның бастапқы кезінде вирусқа қарсы адам организмінде арнайы антиденелердің түзіліп үлгермеуімен түсіндіріледі. Иммунопатогенезі. Аурудың алғашқы кезеңінде вирус организмнің иммундық клеткаларын, әсіресе Т - хелперлерді зақымдайды. Соның нәтижесінде организмнің сыртқы және ішкі жаулары - бактериялар, вирустар саңырауқұлақтық инфекциялар, паразиттер және қатерлі ісіктерге қарсы тұру қабілеті төмендейді. Адамның иммунитет тапшылығын шақыратын вирус Т- хелпер клеткаларына еніп, клетка санын азайтып, иммундық жүйе қызметін бұзады. Соның нәтижесінде қалыпты жағдайда қауіп туғызбайтын шартты- патогенді микроорганизмдер өте қауіпті инфекциялардың дамуына алып келеді. Кей жағдайда бұл инфекциялар ауыр асқынулармен қоса өлімге де себепші болады. Адамның иммунитет тапшылығын шақыратын вирус иммундық жүйенің Т-хелпер клеткаларымен қоса Т- киллер клеткаларын да зақымдағандықтан, өзінің негізгі қызметі - ісік клеткаларының өсуін басып отыруының төмендеуіне байланысты АИВ-инфекциясы бар науқастарда бас миы лимфомасы, Капоши саркомасы және т.б. ісіктердің дамуына алып келеді. Клиникалық көрінісі. Адамның иммунитет тапшылығын шақыратын вирус ағзаға енгеннен бастап антиденелердің түзілгенге дейінгі кезеңді инкубациялық кезең деп атайды. АИВ-инфекция кезінде бұл кезеңнің ұзақтығы орташа есеппен 3-8 аптаға созылады. Содан кейін залалданған адамдардың үштен бір бөлігінде жедел кезең, яғни АИВ-инфекцияның жедел фазасы дамиды. Бұл кезеңде науқастың дене қызуы көтеріледі, тамағы ауырады, лимфа бездері үлкейеді, теріде бөртпелер пайда болады. Осындай жағдай 2-4 аптадан кейін ем қолданбай-ақ өз бетінше кетеді. Содан кейін АИВ- инфекцияның екінші кезенінiң жасырын варианты басталады. Осы вариантта арнайы лабораторлық зерттеу арқылы науқас организмінен вирусты бөліп аламыз. Вирустасымалдаушы өзінің науқас екенін білмеуі мүмкін; сондықтан сау адамға жұғу қаупі жоғарылайды. Екінші кезеңінде персистирленген жайылмалы лимфаденопатия вариантынында барлық лимфа түйіндерінің (мойын, қолтықасты, шынтақ және тағы басқалар) ұлғаюы байқалады. Бұл кезеңде науқастардың жалпы жағдайы өзгермейдi, дене температурасы қалыпты болады. Екінші, және үшінші кезең - «ЖИТС-пен байланысты кешен» кезеңі. Науқастың себепсіз дене қызуы көтеріледі, дене салмағы күрт төмендейді, іші өтеді, әлсіздік байқалады, жұмысқа қабілеті төмендейді, ұйқысы бұзылады. Аурудың төртіші сатысы - ЖИТС, АИВ - инфекцияның соңғы сатысы. Салдарлық инфекциялар мен қатерлі ісіктердің дамуымен сипатталады. Аурудың соңғы сатыларында науқастардың әрбір екіншісінде бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар шақыратын салдарлық инфекциялар дамиды. Ауыз қуысының немесе өңештің кілегей қабаттарының кандидозды, пневмоцисталы немесе герпестік пневмония, ащы ішек пен тоқ ішектің криптоспоридиямен және цитомегаловируспен зақымдалуы, мүшелер мен жүйелердің туберкулезі жиі кездесетіні анық. Әрбір екінші науқаста орталық және шеткі жүйке жүйелерінің зақымдалуына байланысты нервтік және психикалық ауытқулар байқалады. Мұндай өзгерістерге әкелетін тек қана адамның иммунитет тапшылығын шақыратын вирус қана емес, оның «одақтастары» - криптококтар, токсоплазмалар, герпес вирустары және тағы басқаларының да үлесі бар. Науқастардың әрбір үшіншісінде қатерлі ісіктер дамиды. Саркомалар - дәнекер тканнің қатерлі ісігі, глиомалар - жүйке жүйесінің қатерлі ісігі, лимфомалар - лимфа жүйесінің қатерлі ісігі, меланомалар - пигмент клеткаларының қатерлі ісіктерінің даму мүмкіндігі жоғары деңгейде. Осы атап өткендердің ішінде жиі кездесетіні Капоши саркомасы. Балтыр мен табанның екі аяқта бірдей тері мен беткей орналасқан тамырларының зақымдалуымен сипатталады. Ересектер мен балалардағы ВИЧ-инфекция сатыларының клиникалық жіктелуі I. Клиникалық сатысы 1. Симптомсыз ағымы; 2. Персистирленген жайылмалы лимфаденопатия және/немесе функционалдық мүмкіндіктің 1 деңгейі: симптомсыз ағым, күнделікті белсенділіктің қалыпты деңгейі. II. Клиникалық сатысы 3. Дене салмағының бастапқы деңгейден 10%-ке дейін жоғалту; 4. Тері мен шырышты қабаттардың жеңіл зақымдалуы (себорейлі дерматит, қышыма дерматоздар, тырнақтың саңырауқұлақтармен зақымдалуы, рецидивті афтозды стоматит, ангулярлы хейлит); 5. Соңғы 5 жыл ішінде белдемелік герпес; 6. Жоғары тыныс жолдарының рецидивті инфекциялары (бактериалды синусит) және/немесе функционалді мүмкіндіктің 2 деңгейі: клиникалық көріністері, күнделікті активтіліктің қалыпты деңгейі. III. Клиникалық сатыcы 7. Дене салмағының бастапқы деңгейден 10%- ке бөлігін жоғалту; 8. 1 айдан астам уақытқа созылған этиологиясы белгісіз диарея; 9. 1 айдан астам уақытқа созылған этиологиясы белгісіз қызба (тұрақты немесе рецидивті); 10. Ауыз қуысының кандидозы; 11. Ауыз қуысының түпті лейкоплакиясы; 12. Соңғы жыл ішіндегі өкпе туберкулезі; 13. Ауыр бактериалді инфекциялар (пневмония, іріңді миозит) және/немесе функционалді мүмкіндіктің 3 деңгейі: соңғы ай ішінде пациент төсекте күндізгі уақытының 50%-тен төмен бөлігін өткізген. IV. Клиникалық сатысы 14. АИВ-кахексия, ауруларды бақылау және алдын-алу орталығының анықтамасына сәйкес 15. Пневмоцисталы пневмония 16. Церебралді токсоплазмоз 17. 1 айдан астам уақыт бойы диареямен өтетін криптоспоридиоз 18. Өкпеден тыс криптококкоз 19. Бауыр, көкбауыр және лимфа түйіндерінен басқа кез-келген мүшенің зақымдалуымен өтетін цитомегаловирусты инфекция 20. Жәй герпес вирусымен шақырылған, ішкі ағзалардың зақымдалуымен және тері мен шырышты қабаттардың созылмалы (1 айдан астам) зақымдалуымен өтетін инфекциялар 21. Үдемелі мультифокалді лейкоэнцефалопатия 22. Кез-келген диссеминирленген эндемиялық микоз (гистоплазмоз, кокцидиоз) 23. Өңештің, трахеяның, бронхтардың және өкпенің кандидозы 24. Атипті микобактериялармен шақырылған диссеминирленген инфекция 25. Салмонеллезді септицемия (Salmonella tyрhi –ден басқа) 26. Өкпеден тыс туберкулез 27. Лимфома 28. Капоши саркомасы 29. ВИЧ-энцефалопатия, ауруларды бақылау және алдын-алу орталығының анықтамасына сәйкес, және/немесе функционалдық мүмкіндіктің 4 деңгейі: 1 ай бойы науқас күндізгі уақытының 50%-тен көп бөлігін төсекте өткізген. Ауруларды бақылайтын орталық /СДС, 1993/ Т-хелпер деңгейіне сәйкес жіктеу ұсынды. Ол 3 сатыдан тұрады: I сатысы CD4 > 500/мкл – иммунитет тапшылығы жоқ II сатысы СD4=200- 499/мкл– иммунитет тапшылығы беткей III сатысы CD4< 200/мкл– иммунитет тапшылығы терең Диагностикасы. Жұқпалы аурулар диагностикасының жалпы принциптеріне сәйкес АИВ/ЖИТС-инфекциясы да комплексті зерттеуді талап етеді. Ол эпидемиологиялық, клиникалық және лабораторлық зерттеу жиынтығына негізделуі қажет. Соның ішінде лабораторлық диагностикаға тоқталсақ, ол 3 бағыттан тұрады: а)вирусты және оның құрамын анықтау б) АИВ қарсы антиденерді анықтау в) иммундық жүйенің өзгерістерін бақылау Барлық лабораторлық әдістер арасында кең тараған - серологиялық әдістер, яғни вирус антигеніне қарсы антиденелердің анықталуы. АИВ-инфекция кезінде антиденелерді анықтау үшін иммуноферментті анализ (ИФА) және иммуноблотинг (ИБ) қолданылады. ИФА бойынша АИВ белоктарының жиынтығына қарсы антиденелер, ал ИБ - те жеке белоктарға қарсы антиденелер анықталады. Сонымен қатар тізбекті полимеразды реакция әдісін енгізу көптеген вирусты инфекциялардың, соның ішінде АИВ инфекцияның лабораторлы диагностикасын толықтырды. Бұл әдіс вирус РНК- сын көбейтіп анықтауға негізделген. АИВ-инфекциялы науқастарда ЖИТС диагностикасының негізгі клинико- лабораторлық көрсеткіші- CD4- лимфоциттер деңгейінің көрсеткіші. CD4- лимфоциттерінің деңгейінің 1 мкл-де 200 клеткадан төмен болуы ЖИТС диагнозын қоюға толық мүмкіндік береді. Емдеуі. АИВ-инфекциялы науқастарды толық емдеп шығу күрделі мәселеге айналып отыр. Осыған қарамастан әртүлі талпыныстар жасалынып жатыр. Емнің негізгі мақсаты: вирустың көбею активтілігін төмендету, CD4- лимфоциттардың деңгейін жоғарылату және ЖИТС-ассоциацияланған инфекциялардың дамуын тежеу. Қазіргі кезде ферменттердің (кері транскриптазаның және протеазаның) активтілігін тежейтін дәрі- дәрмектер қолданылып жүр. Сонымен қатар басқа да кері транскриптазаның нуклеозид ингибиторларына– азидотимидин, диданозин, зальцитабин, ставудин, ламивудин, абакавир жатады. Кері транскриптазаның ингибиторлардың екінші топ препараттар - нуклеозидтік емес (невирапин, ифациренц, делавирдин). Антиретровирустарға жататын тағы бір топ - протеаза ингибиторлары: нелфинавир, криксиван, ритонавир, лопинавир/ритонавир (калетра), саквинавир. Вирусқа қарсы еммен қоса оппортунистік инфекцияларға қарсы ем қолдану қажет. Алдын алу. Профилактикалық вакцина қазіргі таңда әлі зерттелмеген. Негізгі алдын алу шаралары: тұрғындарға (мектептен бастап) дұрыс жыныстық қатынаста болуды оқыту, алдын алу бағдарламаларын енгізу, есірткілерді пайдаланбау және оларды жою. Сонымен қатар, республикада анасынан баласына химиопрофилактика еңгізіліп жатыр (жүктілік және босану) кезінде. Егер медицина қызметкерлері жұмыс істеген кезде жарақаттанса, сол уакытта контакттан кейінгі химиопрофилактика жүргізіледі. |