Главная страница

Қазақстандағы спортшылардың жазғы қысқы олимпиада жетістіктері. Қазақстандағы спортшылардың жазғы қысқы жетістіктері.docx 2. Реферат таырыбы азастандаы спортшыларды жазы, ысы олимпиадалар жетістіктері. Орындаан Жайы Анр Нрбекызы


Скачать 25.88 Kb.
НазваниеРеферат таырыбы азастандаы спортшыларды жазы, ысы олимпиадалар жетістіктері. Орындаан Жайы Анр Нрбекызы
АнкорҚазақстандағы спортшылардың жазғы қысқы олимпиада жетістіктер
Дата09.09.2020
Размер25.88 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаҚазақстандағы спортшылардың жазғы қысқы жетістіктері.docx 2.docx
ТипРеферат
#137323

Халықаралық туризм және меймандостық университеті

«Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі» кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Қазақстандағы спортшылардың жазғы, қысқы олимпиадалар жетістіктері.

Орындаған: Жайық Ақнұр Нұрбекқызы

Қабылдаған: Есіркепов Жандос Мергенбаевич

Түркістан, 2020 жыл

Жоспар:

Кіріспе бөлім: Олимпиада ойындары...............................3

Негізгі бөлім.

1.Қысқы олимпиада ойындарындағы жетістіктер............4

2.Жазғы олимпиада ойындарындағы жетістіктер.............6

Қорытынды бөлім...............................................................11

Пайдаланылған әдебиеттер....................12

Кіріспе.

Еліміз егемендік алғалы ғаламның ғаламат бәсекелерінде өзіне тән бәсіресінен қағылып көрген жоқ. Мейлі қай салада болса да Қазақстанның жеткен жетістігі аз емес. Ел дамуының ерекше белгілерінің бірі – спорт саласындағы жетістік деп есептеп жүрміз ғой. Ендеше, тәуелсіздік алғанына ширек ғасырдан сәл ғана асқан ел үшін спорт саласындағы бүгінгі жетістіктеріміз аз емес.

Әлемдік ареналарда жеңіп алған жүлделер ел мерейін үстем етуге септігін тигізетіні шын. Спортшыларымыз халықаралық ірі додаларда топ жарған кезде бөркімізді аспанға атып қуанатынымыз осының дәлелі. Спорттағы жетістікті ел дамуының ең маңызды көрсеткіші дей алмаймыз. Бірақ әлемдік жарыстарда жүлде алу оңай шаруа емес. Тіпті кейбір дамыған алпауыт елдердің өзі спорт саласында Қазақстанның шаңына ілесе алмайды.

Спорттағы ең биік шың - Олимпиада ойындары. Аталған дүбірлі дода төрт жылда бір өтеді. Олимпиада ойындары ежелгі адамзат баласының өткен тарихының дамуымен байланыстырады. Осы күнге дейін ойынның пайда болу мерзімі нақты айтылмаған. Олимпиада ойындарының пайда болу себебі нақты болмаса да, олимпиада ойындарының пайда болуы жайында эллиндерде бірнеше қызықты аңыздар бар. Алғашқы ойындар Зевс құдайының құрметіне б.з.д. 776 жылдан бастап төрт жылда бір рет Олимпия қаласында өткізілетін. Кейін б.з. 394 жылы Византия императоры Федосий І-нің бұйрығы бойынша тоқтатылды. Бұл ойындарда әскери дайындық, дене шынықтыру өнерін көрсету байқаулары, дәстүрге айналған ақындар мен шешендер айтысы, әр түрлі өнер көрмелері ұйымдастырылған. Олимпиада ойындары кезінде соғыстар тоқтатылып, қасиетті тыныштық орнайтын дәстүр қалыптасқан. Осы кезде бір айдан үш айға дейін бүкіл Эллада жерінде қару жұмсауға, тіпті ойынды тамашалаушыларға қару-жарақпен келуге тыйым салынған. Ол кезде олимпиада ойындары бес күн өткізілген, бағдарламасына жүгіру, күрес, ат жарысы, қоссайыс, бессайыс сияқты спорт түрлері кірген. Жеңімпаздарға зәйтүн ағашының жапырағынан өрілген алқа кигізіліп, құрмет көрсетілген.

Олимпиада ойындары немесе Олимпиада (гр. Ολυμπιακοί Αγώνες) төрт жылда бір рет өткізілетін ең ірі халықаралық кешенді спорттық жарыс.

Олимпиада рәміздері — Олимпиаданың ерекше белгісі. Олимпиада рәміздеріне ту (Олимпиада сақиналары), әнұран, ант, ұран, медаль, от, зәйтүн бұтағы, тұмар, эмблема және отшашу жатады. Олимпиада ойындарының ұраны — Citius, altius, fortius немесе "тезірек, жоғарырақ, күштірек".

Негізгі бөлім.

1.Қысқы олимпиада ойындарындағы жетістіктер.

Ең бірінші рет 1994 жылы 12-27 ақпанда Норвегияның Лиллехаммер қаласында XVII қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан алғаш рет жеке мемлекет ретінде қатысып, қанжығасына 1 алтын, 2 күміс 1 қола медаль байлады. Бұл төрт медальдардың төртеуін де шаңғышы Владимир Смирнов еншіледі. Тәуелсіз ел жанкүйерлерін қуанышқа бөлеген Владимирдың 4 медалі Қазақстанды жалпыкомандалық есепте 12 орынға тұрақтады.

1998 жылы Наганода өткен ХVІІІ қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан 2 қола медаль алды, олар шаңғышы Владимир Смирнов және конькиші Людмила Прокашева болды.

1999 жылы Корей елінің Чангвон қаласында өткен қысқы Азия чемпионатында еліміздің хоккей саңлақтары үздік ойын көрсетті. Бұл жолғы бәсекеде қазақ спортшылары 10 алтын, 8 күміс, 7 қолаға қол жеткізді. Жалпыкомандалық есепте Қытай мен Оңтүстік Корея елдерін алдыға жіберіп, үшінші орынға тұрақтады.

2003 жыл Жапонияның Аомори қаласында V Қысқы Азия ойындары жалауын көтерді. Қазақстан құрамасы бұл сында 7 алтын, 7 күміс, 6 қола жүлдені еншіледі.

Өкінішке орай, 2002 және 2006 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында еліміз спортшылары жүлде ала алған жоқ.

2006 жылы XХ қысқы Олимпиада ойындары Италияның Турин қаласында жалауын желбіретті. Жарысқа әлемнің 80 елінен келген 2508 спортшы жарыс жолына шықты. Турин төрінде қазақстандық спортшыларға жүлде бұйырмады.

2007 жылы Қытайдың Чанчунь қаласында өткен VI қысқы Азия ойындарында да Қазақстан қоржыны бос қайтпады. Онда спортшыларымыз 6 алтын, 6 күміс, 6 қоланы жеңіп алған болатын.

2010 жыл ХХІ қысқы Олимпиада ойындарын Канаданың Ванкувер қаласы қабылдады. 82 елден 2766 спортшы сынға түсті. Қазақстандық биатлоншы Елена Хрусталева жекелей сында күміс медальді жеңіп алды. Жалпыкомандалық есепте 1 қола медаль жеңіп алған Қазақстан мен Эстония елдері 25-26-шы орынды өзара бөлісті. 2010 Швейцарияның Давос қаласында қысқы спорт түрлері бойынша әлем кубогі бәсекесі өтті. Қазақстандық Алексей Полторанин екінші кезеңдегі 15 км-лік классикалық сайыста топ жарды. Осыған дейін спринттік қашықтықтарда мықты саналып келген Полтораниннің бұл жеңісін мамандар сенсацияға балады.

2011 жыл Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойын атап өткен 2011 жыл Қазақстан спорты тарихына алтын әріппен жазылды. Осы жылы Астана мен Алматыда тұңғыш рет VII Қысқы Азия ойындары өтті. VII Қысқы Азия Ойындар 2011 жылы 30 қаңтар мен 7 ақпан арасында Қазақстанның екі қалаларында (Алматы мен Астана) өтті. Жалпы алғанда, 7-қысқы Азия ойындарына Қазақстанда 17-ден астам ел қатысты, жарыстар спорттың 11-түрінен өткізілдіі және 59-дан астам медаль жиынтығы ойнатылды. Елордада мәнерлеп сырғанаудан да, хоккейден, конькиде жылдам жүгіру және шорт-тректен жарыстар өтті. Қалған ойындардың барлығы Алматы қаласында өткізілді. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы командалық бірінші орынды иеленді. Сонымен VII Қысқы Азия ойындарының нәтижесі бойынша 32 алтын, 21 күміс және 17 қоламен - барлығы 70 медаль жинаған Қазақстан Азиада тарихының жаңа бетін жазды. Екінші орынға 13 алтын, 24 күміс және 17 қоламен Жапония табан тіресе, Корея спортшылары 13 алтын, 12 күміс және 13 қоламен үздіктер үштігін түйіндеді. Жалпы, Азиадаға қатысқан 24 елдің тек сегізі ғана медальға ілікті. FІSU-дің 2011 жылғы 29 қарашада Брюс¬сель (Бельгия) қаласында өткен отырысында XXVІІІ Дүниежүзілік Қысқы Универ-сиаданы 2017 жылы Алматы қаласында өткізу туралы шешім қабылданды.

2012 жылы Канаданың Квебек қаласында қысқы спорт түрлері бойынша Әлем кубогі жалауын көтерді. Қазақстан шаңғышылары Канада да өткен әлем кубогында сәтті өнер көрсетті. Әлем кубогы кезеңінде қазақстандық шаңғышылар Денис Волотка мен Николай Чебатько алтын жүлдеге ие болды. Алексей Полторанин де кубок жолындағы додада үздік үштіктен көрінді. 2012 жылы Қазақстандық кәсіби боксшылар Геннадий Головкин мен Қанат Ісләм ірі жеңістерге жетіп, халықаралық титулдарға ие болды. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин орташа салмақта WBA титулының иегері атанса, Қазақстандық боксшы Қанат Ісләм жартылай салмақтағы WBA Fedecaribe титулын жеңіп алды.

2013 жылы қысқы спорт түрлері бойынша Әлем чемпионаттарында топ жардық. Денис Кузин конькиден Әлем чемпионы атанса, Денис Тен күміс жүлдегер болды. Алексей Полторанин мен Николай Чеботько шаңғы спортынан 2 қола медальға ие болды.

2014 жыл ХХІІ қысқы Олимпиада ойындары Ресейдің Сочи қаласында өтті. Байрақты бәсекеге әлемнің 90 елінен 2800 спортшы қатысты. Қазақстан намысын бұл додада 52 спортшы қорғады. Еліміздің көк туын шаңғышы Ердос Ахмадиев ұстап шықты. Сочи олимпиадасында мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен қола жүлде иеленіп, ел мерейін асырды.

2017 жылдың 28 қаңтары мен 8 ақпаны аралығында өткен Алматыдағы қысқы Универсиада - сөзсіз биылғы жылдың ең басты спорттық оқиғалардың бірі болып қалары анық. Шараға 57 елден 2 мыңға жуық спортшы қатысты. Универсиада барысында 221 мың билет сатылды. Универсиада ойындарына жиыны 85 медаль сарапқа салынды. Екінші орында - Қазақстан құрамасы. Біздің спортшылар байрақты бәсекеде 11 алтын, 8 күміс және 17 қола жеңіп алды. Қазақстан құрамасына бірінші алтынды жарыстың үшінші күні биатлоншы Алина Райкова алып берді. Биатлоншы Галина Вишневская да екі алтынды жеңіп алды. Наградалар саны бойынша шаңғышы қызымыз Анна Шевченко көш бастап, ол алтын, күміс, қоладан - жалпы саны 5 медальмен Қазақстанның мерейін арттырды. Қысқы Универсиададан кейін Жапонияның Саппоро қаласында VIII қысқы Азия ойындары басталып кетті. Қазақстан ұлттық құрамасы жалпы есепте 32 медаль еншілеп, (9 алтын, 11 күміс, 12 қол) Азиаданы төртінші орынмен аяқтады. Қазақстан 2018 жылғы Жазғы Азия ойындарында барлығы 76 медаль алды – 15 алтын, 17 күміс және 44 қола.

2018 жылы Оңтүстік Корея елінде өткен қысқы Олимпиада ойындарында фристайлшы Юлия Галышева қола медалге қол жеткізді.

Қысқы Азия ойындары бойынша Қазақстан: 69 алтын, 51 күміс, 44 қола жиыны 164 медаль

2. Жазғы олимпиада ойындарындағы жетістіктер.

1994 жылы 2-16 қазанда Жапонияның Хиросима қаласында XII Жазғы Азия ойындары өтті. Онда біздің спортшылар 25 алтын жүлде (жалпы 77 медаль) иеленген еді. 1994 жылы Қазақстан футболдан FIFA-ның толыққанды мүшесі атанды.

1995 жылы қыркүйекті I жазғы Бүкіләлемдік Армиялық ойындар өткізілді. Әлемнің 93 елінен қатысқан Армиялық ойындар спорттың 17 түрінен өтті. 103 адамнан тұратын Қазақстан Қарулы Күштерінің құрама командасы спорттың 12 түрінен бақ сынап, 1 алтын, 3 қола медальді иеленді. Жалпыкомандалық есеп бойынша 83 елдің арасынан 18 орын алды.1995 жылы Германияның Берлин қаласында бокстан әлем чемпионаты өтіп, Б.Жұмаділов күміс медальді, В.Жиров қолаға ие болды.

1996 жылы АҚШ-тың Атланта қаласында өткен XXVI жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстан ұлттық құрамасы алғаш рет қатысты. Барлығы 3 алтын, төрт күміс, төрт қола медальмен әлемдік рейтингтің 24-нші сатысында табан тіреген Қазақстан құрамасы сол бастамасы сәтті болды. Василий Жиров (бокс), Александр Парыгин (бессайыс), Юрий Мельниченко (грек-рим күресі) алтын, Анатолий Храпатый (ауыр атлетика), Сергей Беляев (нысана көздеу), Болат Жұмаділов (бокс) күміс, Мәулен Мамыров (еркін күрес), Болат Ниязымбетов (бокс), Ермахан Ыбрайымов (бокс), Владимир Вохмянин (нысана көздеу) қола медаль алып, командалық есепте 196 елдің арасынан 24-ші орынға тұрақтады. Қазақстан тұңғыш рет Қысқы Азия Ойындарына 1996 жылы қатысты. Қытайдың Харбин қаласында өткен ІІІ Азия біріншілігінде қазақ спортшылары 14 алтын, 9 күміс, 8 қола медальмен оралып, жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді. Қазақстан хоккейшілері Азия біріншілігінде командалық құрама бойынша алтыннан алқа тағынды.

XIII жазғы Азия ойындары 1998 жылы 6-20 желтоқсанда Тайланд астанасы Бангкокта өтті. Азияның 41 елінен келген 6554 спортшы 36 спорт түрі бойынша бақ сынады. Қазақстан бұл бәсекеде 24 алтын, 24 күміс, 30 қола медаль еншілеп, командалық есепте бесінші орын алды.

2000 жылы Сидней олимпиадасы – Қазақстан спортының жұлдызды шағы болды. Өйткені XXVII жазғы Олимпиада ойындарында қазақ спортшылары 199 ел қатарынан командалық есепте 22-орынға көтерілді. Олимпиаданың биік төріне қазақтың қос намысты ұлдары Бекзат Саттарханов пен Ермахан Ыбырайымов көтерілді. Екеуіде бокстан ел қоржына алтын алқа салды. Ольга Шишигина жеңіл атлетикадан үшінші алтын алқаны иеленді. Б. Жұмаділов, М. Дәлдібеков (бокс), А. Винокуров (велоспорт), И. Байрамуков (еркін күрес) секілді сайыпқырандар күміс-қола медаль алып, алтын әріппен атын жазып қалдырды. 2002 жылы 29 қыркүйек пен 14 қазанда Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында XIV жазғы Азия ойындары өтті. Азияның 44 елінен 7711 спортшы бақ сынаған құрлықтық ойындарда Қазақстан құрамасы 20 алтын, 26 күміс, 30 қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте төртінші орынға көтерілді.

2004 жылы Грекияда Афина қаласында өткен XXVIII жазғы Олимпиада ойындарында Бақтияр Артаев (бокс) алтын, Геннадий Лалиев (еркін күрес), Георгий Цурцимиа (грек-рим күресі), Геннадий Головкин (бокс), Сергей Филимонов (ауыл атлетика) күміс, Серік Елеуов (бокс), Мкхитар Манукян (грек-рим күресі), Дмитрий Карпов (жеңіл атлетика) қола жүлдені иемденді. Бұл жарыста Қазақстан құрамасы 202 мемлекеттің арасынан 40-шы орынға табан тіреді.

2006 жыл Катардың Доха қаласында өткен XV Жазғы Азия ойындарында Қазақстан спортшылары үздік өнер көрсетті. Қазақстандық спортшылар Дохада 85 медаль иеленді. Командалық есепте Қытай, Оңтүстік Корея, Жапониядан кейінгі төртінші орынды иеленді.

2008 жылы Бекинде өткен XXIX жазғы Олимпиада да біз үшін сәтсіз өткен жоқ. Қазақстандық спортшылар бұл сында 2 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды. Жалпы есепте 205 мемлекет ішінде 29-орынға тұрақтады. Айта кетерлігі, бұл тізім допинг дауына байланысты кейін қайта шыққан шешім бойынша беріліп отыр. Алтын медаль: боксшы Бақыт Сәрсекбаев, ауыр атлет Алла Важенина. Күміс жүлде: дзюдошы Асхат Житкеев, жеңіл атлет Ольга Рыпакова, балуан Нұрбақыт Теңізбаев. Қола медаль: балуандар Елена Шалыгина мен Марид Муталимов, боксшы Еркебұлан Шыналиев және Арман Чилманов (Тхэквондо).

2012 жылы Лондондада өткен жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы айды аспанға шығарды. 7 алтын, 1 күміс, 5 қоласы бар он үш медаль иеленіп, жалпы командалық есепте 205 елдің арасында 12-ші орын алған. Алайда тағы да сол допинг дауы біраз медалдарымызды иесінен айырды. Тағы бір айта кетерлігі, боксшы Серік Сәпиев алтын медалмен қоса техникасы жоғары боксшы ретінде Баркер кубогына ие болды. Бұдан бөлек велошабандоз Александр Винокуров пен жеңіл атлет Ольга Рыпакованың алтын жүлдесі де күмән тудырған жоқ. Ал күміс жүлдені боксшы Әділбек Ниязымбетов алды. Қола медаль: балуандар Даниял Гаджиев, Гюзель Манюрова, Акжурек Танатаров, боксшылар Иван Дычко, Марина Вольнова, ауыр атлет Анна Нурмухамбетова.

2014 жылы Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында XVII Жазғы Азия ойындары аяқталды. 19-шы қыркүйек пен 4-ші қазан аралығындағы құрлықтық бәсекеге Азияның 45 елінен келген спортшылар, спорттың 36 түрі бойынша 439 медаль жиынтығын сарапқа салған. Қазақстан Ұлттық құрамасы бұл сында жалпы саны 84 жүлде, оның 28-і «алтын», 23-і «күміс» және 33 «қола» ұтып, жалпы есепте 4 орынды иеленді.

2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында кезекті жазғы Олимпиада өтті. Бұл сында Қазақстан құрамасы 3 алтын, 5 күміс, 9 қола медаль жеңіп алды. Атап айтқанда, алтын меделге суға жүзуден Дмитрий Баландин, ауыр атлет Нижат Рахимов, боксшы Данияр Елеусінов қол жеткізді. Күміс жүлде ауыр атлет Жазира Жаппарқұл, дзюдошы Елдос Сметов, боксшылар Василий Левит, Әділбек Ниязымбетов, балуан Гүзел Манюроваға бұйырды. Қола медаль: ауыр атлеттер Фархад Харки, Александр Зайчиков, Карина Горичева, дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг, жеңіл атлет Ольга Рыпакова, балуандар Эльмира Сыздықова, Екатерина Ларионова, боксшылар Иван Дычко, Дариға Шәкімова.

Қазақстан спортшылары жазғы олимпиадаларда осыншама нәтижелер көрсеткен еді.

Қорытынды бөлім.

Қазақстан Республикасы Азия ойындарына Тәуелсіздік алғаннан бері қатысып келеді. ҚР Тәуелсіздігінің 29 жылдық тарихында қазақстандық спортшылар 5 Жазғы және 8 Қысқы Олимпиада ойындарына қатысты. Бүкіл әлемнің назарында Қазақстанның Әнұраны салтанатты түрде шырқалып, Көк туы көтерілді. Алақанын жүрегіне тосып, жеңімпаздар шаттықтың, бақыттың көз жасын ешкімнен жасырмады!Қазақстан Республикасының спортшылары өздерінің жарқын жетістіктерімен, Отанымызды даңққа бөледі.Қазақстан Республикасын спорт арқылы халықаралық беделін көтере түсті. Біздің спортшыларымыздың жеңісі – Қазақстан халықтарының мерейі. Қазақстан спорт саласы бойынша көптеген этнос өкілдерін әлемге танытты. Олимпиадалық құрама команда халықтың нағыз спорттық Ассамблеясына айналды. Спорттағы жетістіктер, бұқаралық жарыстар елді жақындастыра түседі, бірлік пен өзара түсіністікке қызмет етеді. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Республикасы әлемдік спортта лайықты орын алды. Менің Отаным Қазақстанды, осылай елімнің атын шығарған спортшылармызға алғыс айтамын және де оларды әрқашанда мақтан тұтамын. Егер әрбір Қазақстан азаматы, азаматшасы біздің олимпиадашылар тәрізді тек алға ұмтылса, онда Қазақстан сөзсіз алдыңғы қатарлы елге айналады.

Пайдалынылған әдебиеттер:

Ғаламтор желісі.


написать администратору сайта