реферат. реферат педагогика 1. Реферат таырыбы Дидактика жне жеке дістемелер
Скачать 90.72 Kb.
|
Қорытынды Қазіргі дидактикалық жүйе екі жақты - оқыту және оқу. Олар оқыту процесінде бірге жүреді, екеуімен де дидактика айналысады. Қазіргі дидактикалық тұжырымдама бағыттары: бағдарламалық, мәселелік, дамыта оқыту (П.Гальперин, В.Занков, В.Давыдов), когнитивтік психология (Дж.Брунер), педагогикалық технология, ынтымақтастық педагогикасы. Бірыңгай дидактикалық жүйе жоқ, кейбір теорияға ортақ нерсе бар. Көптеген оқыту тәсілдері оқыту мақсатын - тек білімді қалыптастыру демей, оқушылардың жалпы дамуы, еңбек, ақыл-ой, көркемөнер іскерлігіне үйрету дейді. Оқыту мазмұны негізінен пәндік болып құралады. Бастауыш және жоғары сыныптарда интегративтік курстар бар. Осы жерден оқу процесі білім мазмұнының мақсаты және мазмұнына сай жүргізіледі, сондықтан екі жақты басқарылатын процесс деп түсініледі. Мұғалім оқушылардың оқу танымдық қызметіне басшылық етіп, өздік жұмыстарын ұйымдастырады, ынталандырады. Білімді беруді дамыту индустриясын компьютер және байланыс құралдарының көмегімен дамыту, ақпараттың-коммуникациялық технология негізінде ақпараттық-білім беру қорын жасақтау. Ақпарат адамзаттың ең маңызды қоры ретінде ерекше қасиетке ие - қолданысқа түскен сайын арта береді. Ақпараттық ресурстардың таусылмайтындығы әлем қызығушылығын қанағаттандыруға мүмкіндік береді. ХХ ғасырдың соңында өндірістік дамыған елдерде ақпаратты сақтау, өңдеу, тасымалдауға кететін шығын энергетикаға кететін шығыннан асып түсуде. Ақпаратқа деген сұраныстың өсуі ақпарат беретін жаңа технллогиялардың, электрондық құралдардық пайда болуына себепші болды. Электрондық құралдар ішінде дәстүрлі құрал -қағаз, пленка да бар. Білім беруді ақпараттандыру - ақпараттарды, оны жеткізу құралдарын, технологияларын оқыту мен тәрбие процесіне енгізу арқылы педагогикалық процестерді жаңартуда бағытталған шаралар жүйесі. Білім беруді ақпараттандырудық теориялық негізі - информатика, кибернетика, дидактика. Информатика - ақпаратты табиғатта, қоғамда, техникада өндіру, өңдеу, сақтау және тарату әдіс-тәсілдерін зерттейтін ғылым саласы. Ақпарат беретін технологиялар білім саласына еніп, дидактикалық процесті оқушы ақпаратты алып, меңгеріп, қолданатын процесс деп түсіну керек болып отыр. Оқушының білім алуы - ақпаратпен жұмыс десек, оны қатаң түрде басқаруға болады. Сондықтан білімді ақпараттандыру компьютермен, электрондық құралдармен жұмыс істеумен шектелмейді. Оқытуға ақпараттар тұрғысынан қарау педагогика алдына көптеген мәселелер қойып отыр. Білімді балаға қандай формада беру керек? Ақпараттық технологияға негізделіп жасалған білім беру формасы - мәтінді блоктарға бөлу, тезаурус (сөздік), фрейм (В.Ф. Шаталовтың тірек сызбасы), ұғымдар кестесі, гипермәтін, т.б. Қазір оқушының оқу-танымдық қызметін, білім алу, оқыту әдістерін жетілдіру қажеттігі сезілуде. "Визуалдық білім" термині пайда болып, бейне, модель, шартты белгілердің үлес салмағы оқытуда көбейіп, үйреншікті метіндер ығыстырылуда. Адам шартты белгілермен жұмыс істей білу керек. Осыған байланысты жеке тұлғаның ақпараттық мәдениеті деген сұрақ туады. Ақпараттық мәдениет дегеніміз -ақпарат теориясы саласынан білімінің болуы және ақпараттармен жұмыс істей білу. XX ғасырдық екінші жартысында педагогикада "медиа-білім" бағыты қалыптасты. Ол оқушылардың бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеп үйренуін зерттейді. Басты міндеттері: оқушыларды қоғамдағы ақпараттың өмірге әзірлеу, әртүрлі ақпараттарды қолдануға, ақпараттың технологиялар көмегімен қарым-қатынас жасауға үйрету. Дамыған елдерде ол үшін арнайы пәндер оқылады. Мазмұны: қарым-қатынас, байланыс туралы ұғым, белгілер жүйесі, ақпаратты көрсету, көпшілік қолданатын байланыс құралдары, компьютерлік сауаттылық, ақпарат беретін жаңа технологияларды меңгеру, компьютер және басқа электрондық құралдар көмегімен ақпарат ала білуге дағдыландырып, қарапайым бағдарламалар жасауға үйрету. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: Орысша-қазақшатүсіндірмесөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б Айтмамбетова Б.Р. Тәрбие процесінің мәні және мазмұны. Айтмамбетова Б.Р., Бейсенбаева А.А. Тәрбиенің жалпы әдістері (6-лекция). – Алматы, 1991ж. Құрманалина Ш.Х., Мұқанова Б.Ж., т.б. Педагогика.- А.,Фолиант, 2007ж. Болдыров Н. И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. – Алматы, 1987ж. Сейталиев К. Тәрбие теориясы. – Алматы, 1986ж. Тәлім-тәрбие хрестоматиясы. / Құраст. Қалиев С. – Алматы: Рауан, 1996ж. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.-Алматы: Дарын, 2004ж. Сабыров Т.С. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. – А., Мектеп, 1978ж. Богословский В.В. т.б. Жалпы психология. – А., Мектеп, 1980ж. |