реферат. реферат педагогика 1. Реферат таырыбы Дидактика жне жеке дістемелер
Скачать 90.72 Kb.
|
Оқыту процесінің негізгі құрамдық бөліктері Дидактика тарихында оқыту мақсаты туралы екі көзқарас болды. Біріншісі: мақсат - жеке тұлғаның ақыл-ойын, есін және басқа қабілеттерін дамыту деген тұжырым. Екіншісі: мақсат - ғылым негіздерін меңгерту, өмірге қажет нақты білімдер беру. Қазіргі оқыту мақсаты білім туралы мемлекеттік құжаттарда белгіленген. Ол мұғалімнің сабақ жоспарларында нақтыланады. Оқу материалын меңгертудің әрбір кезеңінде мұғалім өзінің алдына 4 түрлі дидактикалық мақсат қояды. Олар: • оқушыны оқу материалымен таныстыру және оны бірінші рет бекіту; • оқығанды еске түсірту, іс жүзінде репродуктивтік және продуктивтік деңгейде қолдандыру; • білім және іскерлікті қолдану арқылы жүйелеу; • білім, іскерлікті бақылау және есепке алу. Оқыту мазмұны - оқыту процесінде оқушы меңгеретін ғылыми білімдер, тәжірибелік іскерлік, дағды, іс-әрекет және ойлау тәсілдері, оқыту мазмұны пән бойынша жасалған мемлекеттік оқу жоспарында, мемлекеттік оқу бағдарламаларында, оқулықтарда жазылған. Оқыту процесінің бастапқы кезеңінде мұғалім оқушыларды оқу материалдарымен және оны қолдану әдістерімен таныстырды. Оқу материалының жаңа бөлігін меңгеру және бекіту қатар жүреді. Оқытудың мақсаты - оқу материалының негізгі ойын және тәжірибелік маңызын оқушыға меңгерту. Бірінші кезеңде оқу материалы қайталанады және оқушылар маған білімдерін қолданады. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты -алған білімді нақтылау, кеңейту, кең түрде жаңғырту, тәжірибелік қолдану. Үшінші кезеңде мұғалім оқушылардың тәжірибелік жұмыстарын ұйымдастырады, сол арқылы ұғымдарын жүйеге келтіреді. Оқушы алған білімін мұғалімнің көмегімен де және өз бетімен де қолданады, меңгерген білімдерін бір-бірімен салыстырады. Бұл кезеңдегі оқыту нәтижесінің көрсеткіші: • оқушылардың мәселелерді өз бетімен шешуі; • білімді түрлі жағдайларда қолдана білуі. Оқыту процесін кезеңдерге бөлу, талдау оның ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Бірінші ерекшелік. Оқыту мен оқудық бірлігі. Олардың біреуін өзгерту, екіншісінің өзгеруіне де ықпал етеді. Оқыту барысында осы бөліктер арасында үйлесімді дидактикалық өзара әрекет болу керек. Іс-әрекет субъектілерінің жақсы қарым-қатынасы оқытудық нәтижелерін көтерудің негізгі жолдарының бірі. Оқыту процесінің екінші ерекшілігі: оқыту және оқудық өзара байланысы аркылы білім мазмұны оқушының іс-әрекетіне негіз болады. Бір циклден екіншісіне жоспарлы түрде өту - оқытуды басқаруға қойылатын келесі талаптардың бірі. Үшінші ерекшелік оқу ақпараттарын оқушылардың қалай қабылдасағанын, оны меңгеру нәтижесінде қандай ішкі процестер өтетінін, қандай жағдайлардың оқытуға ықпал ететінін бірден бағалауға болмайтындығында. Оқу процесінде жоспардан ауытқулар болуы мүмкін, оның алдын алу үшін мұғалім ең басты ұғымдарға назар аударады. Оқытушы іс-әрекеті. Оқыту - оқыту процесінің негізгі бөліктерінің бірі. Оқытушының іс-әрекеті оқушымен тікелей де, жанама да байланыста жүзеге асырылады. Оқыту процесі оқу процесінің белсенділігін талап етеді. Бұл талапты орындау оқушылардың іс-әрекетін мұғалімнің ұйымдастыруына, бақылауына, өздігінен білім алуды жолға қоюына, өз мақсаты мен оқушы мақсатын сәйкестендіруіне байланысты. Оқытушы: • оқу ақпараттарын іріктейді, жүйелейді, бөліктерге бөледі және оқушыларға ұсынады. • осы ақпараттарды үйретеді, меңгертеді, олармен істелетін жұмыс әдістерін белгілейді. • әрбір оқушының білімдер жүйесін меңгеруін және оларды оқу- өндірістік жұмыстарда қолдануын ұйымдастырады. • оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетіне басшылық етеді. • оқытушы оқушылардың белсенділігін және саналылығын ынталандырады, білімнің және оқу іс-әрекетінің сапасын бақылайды, оқыту нәтижелерін талдайды, оқушының жеке тұлғасын одан әрі дамытуды жоспарлайды. Оқушының оқу-танымдық іс-әрекеті. Оқу мазмұны және мәнін зерттеген бихевиоризм, гешталыісихология, когнитивизм, іс-әрекет теориясы, гуманистік психология. Оқу - оқушылардың танымдық іс-әрекеті. Оқушының оқыту процесіндегі іс-әрекеті бір нәтижеге жетуге бағытталған. Осы іс-әрекеттің маңызды белгілері: өзін-өзі сынау және өз бетімен жұмыс істей білу, қызығушылық, қажеттілік, танымымдық белсенділік, табандылық, жігерлілік, өзінің алдында тұрған міндеттерді дұрыс түсіну, керекті іс-қимылдарды таңдау. Оқу іс-әрекетінің өнімдері - білімдерде, іс-әрекетте, рухани өмірде, қоғамдық қатынастарда, бағаларда бейнеленген. Оқу іс-орекетінде тұлғаның барлық сапалары көрінеді және қалыптасады. Оқу іс-әрекеті мазмұн, жеке іс-қимылдар, мотивтер сияқты бөліктерден тұрады. Оқу іс-әрекеті арқылы оқу міндеттері шешілсе, оның құрамында мынадай бөліктер болады: міндеттерді талдау; міндеттерді орындау туралы шешімге келу; оларды шешуге керекті білімдерді еске түсіру; міндеттерді шешу жоспарын жасау; жүзеге асыру, шешілетін міндетті бақылау және бағалау; оқу міндеттерін шешу процесіндегі іс-әрекет тәсілдерін түсіну. Оқыту нәтижелері, оны бағалау. Оқыту қол жеткен нәтижелерді талдаумен аяқталады. Бірінші сабақтағы ең басты назар оқушыға жаңа білім, іскерліктерді меңгеруге көмектесуге аударылып, келесі сабақтарда бақылау және талдау күшейтіледі. Оқушылар жаттығуларды, үй тапсырмаларын жеткілікті деңгейде орындағаннан кейін меңгерілген оқу материалын қолдануға назар аударылады. Мұғалім оқушының фактілерді, анықтамаларды түсінгендігін тәжірибелік жұмыста білімді дұрыс қолдануынан көріп, оқыту мақсатына жеткендігі, білімнің, меңгерілгендігі туралы қорытынды жасайды. Қорытындыларды шығаруға оқушылардың өздері де қатыстырылады. Сөйтіп, оқытудық соңғы кезеңінде білімдегі, іскерліктегі кемшіліктер анықталып, меңгерілген таңырыптармен және бөлімдермен одан әрі жұмыс істеу жолдары белгіленеді. Мотив — оқу қызметінің маңызды бөлігі. Оқу іс-әрекеті, мазмұны оқушыны оқуға итермелейді. Оқу-танымдық мотивтері (Д .Б.Эльконин) бар оқушы ақпараттармен шектелмей, әр пәндегі іс-әрекет тәсілдерін үйренуге тырысады. Оқу танымын алға бастыратын жағымды себептер болып табылады. Танымға оқушының ыңыласы болу керек. Оған қалай қол жеткізуге болады? Педагогика ғылымы бұл сұраққа толық жауап берген жоқ. Іс-әрекеттің негізгі себептері - қажеттілік, қызығушылық. Мұғалімнің жеке тұлғасы, іс-әрекеті, оқу материалы мазмұны, оны меңгерту әдістері оқушының оқуға деген ықыласын оятып, жақсы сезім, қызықты сабақтар, жаңа көрнекіліктер, техникалық құралдар оқушыларды сабаққа қызықтырады. Болашақты ойлап пәндерге қызығу, түрлі пәндерге қабілет, белсенділік, ата-аналарының алдындағы парыз баланың білім алуына себепші болады. Мұғалімнен, "екіліктен қорқып оқу" жағымсыз қылыққа жатады. Дидактикалық жүйелер уақыт талабына сай өзгеріп отырады. Мысалы, И.Гербарттың (1776-1841) дидактикасы кейін дәстүрлі оқыту түріне айналды. Онда Я.А.Коменский (1592-1670) дидактикасының, сол сияқты ертедегі догматикалық және схоластикалық жүйелердің әлементтері болды. Д.Дьюй (1859-1952) дидактикасы дәстүрлі дидактика негізінде пайда болды. Сол сияқты қазіргі бағдарламалық немесе компьютерлік оқытулар да бұрынғы жүйелер жасаған негізге сүйенеді. Тәжірибеде оқытудық көптеген түрлері қолданылуда. Мұғалімдер барлық пайдалы оқыту түрлерінен бас тартпай, жақсыларын жаңа жүйеге пайдалануда. Догматикалық оқыту- европада көп ғасырлар бойы өмір сүрді, оқушылар болмыс факті, құбылыстарын және олардың арасындағы байланыстарды дайын күйінде жаттады. Оқушылар бұл материалды есте сақтап, сөзбе сөз еске түсіруі керек болды. Олардан білімді тәжірибеде қолдану талап етілген жоқ. Оқытудың бұл түрі механикалық естің дамуына көмектеседі, бірақ жеке тұлғаның ақыл-ойының өсуіне жағдай жасамайды. Қазіргі мектепте көп қолданылатын оқыту түрлері: түсіндіру - суреттеу, проблемалық, т.б. Түсіндіру — суреттеу арқылы оқыту. Оның мәні атынан көрінеді. Түсіндіру және көрнекілік - мұндай оқытудық негізгі әдісі, тыңдау және есте сақтау - оқушы іс-әрекетінің жетекші түрлері, оқылғанды қатесіз жаңғырту - негізгі талап және тиімділіктің негізгі өлшемі. Бұл оқытудық кең тараған түрі. Оны ғылыми негіздеген және сипаттаған неміс ғалымы И.Гербарт. Осы дидактикалық процесте оқытушы мен мұғалімнің іс-әрекетінің кезеңдері мынадай болады: Түсіндіру - суреттеу арқылы оқытудық жақсы жақтары: уақыт үнемдейді, мұғалім мен оқушылардың күшін саңтайды, оқушылардың күрделі білімдерді түсінуін жеңілдетеді, процесті тиімді басқаруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар оның ірі кемшіліктері бар. "Дайын" білімдер оқушыларды өз бетімен ойлауға үйретпейді, жеке оқушылармен жұмыс істеу мүмкіншілігі шектеулі, оның ақыл-ой қабілетін және оқушының іскерлігін нашар дамытады. Сондықтан дидактикада, әсіресе XX ғасырда, өнімді (репродуктивтіктен өзге) ойлауға, шығармашылық ой дағдыларына үйрететін модельдерді іздестіру жүрді. Осылайша проблемалық оқыту пайда болады. Проблемалық оқыту кезінде мұғалім ізденіс жұмыстарын ұйымдастырады, оның барысында оқушылар жаңа білім, іскерліктерді меңгеріп, жалпы қабілетін, зерттеу белсенділігін дамытады, шығармашылыққа үйренеді, оқу мен оқыту сипаты өзгереді. Оқушылар шағын зерттеу және шығармашылық-тәжірибелік жұмыстар мен айналысады. "Зерттеу" арқылыжаңабілімдер - факті, заңдылықтар, ұғымдар, принциптер, теориялар, («режелер, алгоритмдер қалыптасады. Проблемалық оқыту процесі мынадай: • Проблемалық жағдай жасау және мәселе қою. • Мәселені шешу жолдарын - гипотезаларды ұсыну. • Таңдап алған гипотезаның дұрыстығын жаратылыс-математика бағытындағы пәндерде тәжірибе арқылы гуманитарлық пәндердегі ережелердің дұрыстығын түпдеректер арқылы тексеру. • Нәтижелерді қорыту: жаңа білім, іскерліктерді оқушылардың бұрынғы білім, іскерліктеріне қосу, оларды теория меп тәжірибе арқылы бекіту. Мұғалім әр кезеңде басшы, оқуды ұйымдастырушы. Оқушылардың белсенділігі материалдық күрделілігіне, оқушылардың дайындықтары мен деңгейлеріне, жабдықтарға байланысты. Мәселелі оқыту, меңгеру үшін мұғалім мәселелік жағдаят, мәселе, мәселелік міндет (тапсырма), гипотеза сияқты ұғымдарды жақсы білу керек. Мәселелік оқытудық маңызды кезеңі мәселелік жағдаят. Мысалы 1-сыныпта математиканың жаңа ережесін меңгеруді алып қарайық. Оқушыларға 2+6=? дегеп мысал беріледі. Қосу мен алу тәсілдерін білгендіктен, олар мұны қиналмай шығарады: 2+6 =8. Оқушылардың бұрын оқып үйренген амал тәсілдерін ойдағыдай қолданатынына көз жеткізген соң, мүғалім енді басқа мысал береді: х+6 =9. Бірінші сынып оқушылары мұндай есепті шығарудың тәсілдерін әлі білмейді, сондықтан олар мұны бірден шығара алмайды. (Мәселелі жағдаят жасалды). Мәселелік жағдаятқа енгізілетін оқу проблемалары қиын да, бірақ оқушылар шеше алатындай болу керек. Мәселелік міндет ұғымының педагогикалық әдебиетте екі түрлі мәні бар. Біріншісі - оқушыдан танымдық іс-әрекетті талап ететін кез келген тапсырма, екіншісі - кез келген міндет емес, оқушыларды өздері үшін жаңа білімдер алуға ықпал жасайтын міндеттер. Гипотеза жорамал - ғылыми қиял формаларының бірі. Кез келген жорамал емес, әдетте дәлелденген жорамал ғана гипотеза болып санала алады. Гипотеза - проблеманы шешу тәсілі. Мысалы, бірінші мысалдағы есепті шығару үшін оқушылар жорамалдар ұсынады, яғни проблеманы шешу тәсілдерін іздейді, оны өздері табуға тырысады. Дидактикада мәселелік оқыту көптеген түрлері жасалды: іскерлік ойындар, процестерді моделдеу (компьютер арқылы модельдеу) нақты жағдайларды талдау әдісі, ой майданы, эвристикалық әңгіме және басқалары. Мәселелік оқытудық жақсы жақтары: өзіндік шығармашылық іс-әрекет арқылы өз бетімен білім алу, оқу еңбегіне деген қызығушылықтың жоғарылығы, өнімді ойдық дамуы, оқытудың берік және пәрменді нәтижелері. Кемшіліктері: оқушылардың танымдық іс-әрекетінің әлсіз басқарылуы, жобаланған мақсатқа жету үшін өте көп уақыттың кетуі. Сондықтан оны дидактикалық мақсаттарға сөйкес, басқа оқыту түрлерімен ұштастыруа қолдану керек. Бағдарламалық оқыту: Бағдарламалық оқыту - тақырыпты оқу бағдарламасы бойынша арнайы құралдар (оқулық, ЭЕМ) көмегімен оқушының өз бетімен меңгеруі. Бағдарламалық оқытудық негізгі ұғымы оқытатын бағдарлама. Бағдарлама З бөлімнентұрады; оқу ақпараттарының үзінділері, онымен жұмыс істеу операциялары - тапсырма, меңгеру үшін істелетін жұмыстар, бақылау тапсырмалары (кері байланыс), жаттығуларды қайталау немесе келесі бөлікке өту туралы нұсқаулар. Б. Скиннер (1904 ж. туған) жасаған линиялық бағдарламада оқу материалдары шағын бөліктеріге бөлінеді. Материалды меңгеру үшін берілген тапсырмадағы ақпаратты оқып, оқушы оның бос жерлерін бір немесе бірнеше сөздермен толтырады. Содан кейін жауабын бүған дейін жабың тұрған жауаппен тексереді, дұрыс жауап берсе ақпараттың келесі бөлігін оңиды, ал оқушы дұрыс жауап бермесе, онда ол ақпаратпен қайта жұмыс істейді. Бірізділік бағдарламаны сынау тармақты бағдарламаны жасауға әкелді. Оны жасаушы Н.А. Краудер оқу материалының бөліктері үлкен болу керек, өйткені, кішкене бөліктерді меңгеру жеткіліксіз, сондықтан тақырыптың мазмұнын терең және жан-жақты талдау керек деген. Тармақты бағдарламада оқушы жауаптарды таңдайды, оған бгрілетін тапсырманың ішінде оның дұрыс, толық емес және дұрыс емес жауаптары болады. Одан оқушы дұрыс жауапты таңдады. Егер оқушы дұрыс жауапты таңдаса, онда ақпараттың кесесі бөлігіне өтеді. Егер жауабы дұрыс болмаса, онда оқушының не себепті қателескені түсіндіріледі де, оған басқа бағдаламамен жұмыс істеу тапсырылады. Сонымен тармақты бағдарлама оқушылардың жауаптары және қателеріне қарай түрлі жолдармен материалды меңгертеді. Бірақ оның да кемшіліктері бар, оқушы көп жауаптың ішінен дұрысын аңғарып, қате жауаптарды таңдамауы мүмкін. Сыншылдардың пікірінше тармақты бағдарламаның өзі оқушыға материалды толық және жүйелі меңгертпейді. Бағдарламалық оқытуды машина арқылы да, машинасыз да жүзеге асыруға болады. Арнайы оқыту бағдарламаларымен жұмыс істейтін қазіргі компьютерлерде оқушыларға арналған түрлі бағдарламалар бар. Бастауыш мектеп мұғалімдері көбіне бағдарламалық оқытудың элементтерін долданады. Арнайы жасалған топшама-тапсырмаларда оны орындау алгоритмі көрсетіледі. Тапсырманы тексеру үшін карточка-трафареттер қолданылады. Аралас бағдарламада ақпараттардың түрлі дозалары, проблемалық оқыту, оқушылардың жауаптары олардыңжеке ерекшеліктеріне икемделген. Оқушылардың жауап беру тәсілдері әр түрлі: әріп, сөздерден жауап құрастыру, жауаптарды шартты белгілермен белгілеу, берілген жауаптардан дұрысын таңдау. Бағдарламалық оқытуға байланысты дидактикаға алгоритм ұғымы енді. Алгоритм дегеніміз - оқу материалымен жүйелі жұмыс істеу үшін оқушыға берілетін нұсқау. Оқытуда алгоритмдерді қолдану оқушылардың іс-әрекетін қатаң басқаруға, жақсы нәтижеге жетуге мүмкіндік береді. Бағдарламалау идеясының дамуы нөтижесінде блоктың, содан кейін модульдық оқыту пайда болады. Модульдық оқыту - баланың белсенді оқу қызметін ұйымдастырады, оны өз жұмысын жоспарлай, талдай, бақылай білуге үйретеді. Технологиялық картаны мұғалім жасайды. Ол әдеттегі сабақ жоспарына ұқсайды. Онда тақырып, оған бөлінген сағат, оқыту мақсаты, жұмыстың түрі, оқу материалын, оқу жұмысы тәсілдерін меңгеру формалары көрсетіледі. Негізгі білімдер, тақырыпты оқу арқылы қалыптасатын жалпы оқу және арнайы іскерлік, дағдылар бөлінеді. Тақырыпты оқу нәтижесінде нені меңгеру керектігі көрсетіледі. Мұндай карта жеке сабақтарға, бөлімдерге жасалады. Модуль дегеніміз — мұғалім жасайтын оқушының оқу іс-әрекетінің жоспары. Оны баспа әрпімен теріп сыныптың әр оқушысына береді. Бұл әдістемелік құралда оқушының әр сабақтағы оқу іс-әрекетінің, мақсаты, оқу тапсырмалары, оларды орындау әдістері көрстілген. Модульдар арқылы мұғалім әрбір оқушымен жұмыс істейді. Модульдық оқытудың сабақтан айырмашылығы жұмыс оқушының іс-әрекетінің мақсатын анықтаудан басталады. Мұғалім оқушы " Нені үйрену керек?"- деген сұраққа жауап береді. Келесі кезеңде оқушыны таңырыптың мазмұнын және оқу іс-әрекетін меңгеруге талаптандырады. Ол үшін графикалық диктант, шағын тест, интеллектуалдық сергітулер өткізіледі. Содан кейін ақпараттық блок: (мұғалім әңгімелеуі, дәріс, фильм, дипфильм, оқушылардың хабарламалары, оқулықтар оқу) беріледі. Материалмен жұмыс: зертханалық жұмыстар, есептер шығару, проблемаларды шешу, сұрақтарға жауап, тапсырмалар орындау, т.б. Модульдық сабақ мұғалімнің бақылаумен аяқталады, білім, дағдылар оқушының қатысуымен түзетіледі. Модульдық оқыту түрінің міндетті элементі рефлексия (өзін, өзінің іс-әрекетін бағалау). Әрбір сабақ соңында оқушылар сабақ мақсатына қаншалықты деңгейде жеткенін, өз жұмысын бағалайды. Модульдық оқытуда оқушылардың білім іскерліктерінің бастапқы деңгейі анықталады, содан соң өткелі отырған тақырып бойынша ақпарат алады, материалдармен жұмыс істейді, білім, іскерлік бақыланады, түзетулер жүреді. Дәстүрлі сыныптық-сабақтың жүйеде мұғалім барлық жұмысты істейді. Оқушылар негізінен тыңдайды және жауап береді. Модульдық оқытуда мұғалім оқытуды ұйымдастырушы. Ол оқыту процесін басқарады. Мұғалім кеңесші, оқушының көмекшісі, өз жұмысының кейбіреулерін оқушыларғабереді. Мысалы, мұғалім алдын ала бағалау өлшемін әзірлейді, сол бойынша оқушІылар өздерін және жолдастарын бағалайды. Мысалы, тақырып бойынша 24-26 ұпай алған оқушы "5", 21-23 ұпайлған "4", 17- 20 ұпай алған "3", 17-ден төмен "2" деп бағаланады. Баспа әрпімен терілген модульмен жұмыс істеу үшін балалар жақсы жүргізіп оқи білу керек. Сондықтан модульдық оқытуды бастауыш сыныпта қолданудың керегі жоқ деген пікірлер де бар. Модульдық оқытуда сабақтың ұзақтығы 2 сағат, сабақтар жарты жылға жоспарланады. Біліміне қарай саралап оқыту Оқытудық барлық түрі, әсіресе бағдарламалық оқыту саралап оқытуға мүмкіндік береді. Саралап оқытуды қолданған мұғалім әрбір оқушының мүмкіндіктерін және талап-тілектерін тексереді. Саралап оқытудық мақсаты - оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын ояту. Саралап оқытуда оқыту мазмұны өзгертіледі, оқушыларға әдістемелік көмек беріледі. Саралап оқыту үшін мұғалім оқушының оқу іс-әрекетіне, оқу материалын қабылдауға дайындығын тексеріп, жаңа оқу материалын меңгеру кезінде оқушы кездесетін қиыншылықтарды алдын ала біліп, оқушыларға, топқа тапсырмалар әзірлеп, оқытудың тиімділігін үнемі талдап отырады. Мұғалім келесі сабақтарда қандай жұмыс істелетінін біліп, саралап оқытуды жүйелі түрде қолданады. Егер саралап оқыту жекелеген оқушыларға қатысты болса, омда ол жекелеп оқытуға айналады. Жекелеп оқыту үшін алдымен оның кімге керектігі анықталады, ол мектепте оқуға дайын емес немесе нашар дайындалған оқушыларға керек. Мектепте оқи бастаған балалардың арасында айырмашылық көп. Мұғалім әр оқушының жеке тұлғасын мұқият бақылап тестіден өткізіп, оқу мүмкіндіктерін анықтап, олардың жұмыс істеу тәсілдерін таңдап, ата-аналармен кеңеседі. Әсіресе оқу қиынға түсетін оқушыларға ерекше назар аудару керек. Баланың оқуын қиындататын көптеген себептер бар. Мектеп жасына келгенмен дамуында құрбыларынан 1,5-2 жыл кейін қалатындар бар. Қозғалыс іскерлігі дұрыс қалыптаспаған оқушылар жаза алмайды, сурет салып, тәжірибеде түрлі іс-әрекет жасай алмайды. Дене тәрбиесі сурет, ермексазбен жұмыс, еңбек пәндерін меңгеруде үлкен қиыншылықтарға душар болады. Олардың нашар жұмыстарын өздеріне қайта жасатқанмен, ол өз дамуында артта қала береді. Баланың оқуына оның қозғалысының дұрыс дамымағандығы кедергі жасайды. Мұндай оқушылармен жеке жұмыс өте қажет, қозғалыстарын арнаулы жаттығулармен түзетіп, бұлшық еттерін жаттықтыру керек. Кейбір оқушылардың кеңістік туралы түсініктері дұрыс дамымаған. Бұлардың ақыл-естері дұрыс, бірақ оларды санай білуге үйрету қиын. Әсіресе он санынан кейін санауға қиналып, геометриялық фигураларды көз алдарына елестете алмайды, жобалауға қабілетсіз. Осы қиыншылықтарды жеңу үшін оқушыларға түрлі бедерлер, есте қалған зат не құбылыс бойынша сурет салғызып, конструкторлардан түрлі заттар жасатуға болады. Бұл жұмысқа ата-аналар тартылады. Есте сақтау қабілеті бұзылған оқушылармен де жеке жұмыс істеу керек. Бала материалды қайталай алады, бірақ қарапайым тақпақты, көбейту кестесін жаттай алмайды. Мұндай балаларға жеке бағдарлама жасалады, онда көрнекілікті және "тіректі" қолдану, қабілетін жаттықтыратын тәсілдер қарастырылады. Дисграфия - дыбысты әріппен жазғанда танымау, сөздерді ңүрастырып, әріптерді жаза алмау. Дисграф балалар дыбыстарды шатастырып, сөздерді дұрыс айта алмайды. Бұл аурулық емес, ми қызметінің уақытша бұзылуы. Жеке жұмыс бұл мәселені шеше алады. Дислекция - дыбысты қандай әріппен белгілеуді түсіне алмау. Мұндай қиындық тілі жай шыққан балаларда байқалады. Жалпы дамудың жеткіліксіздігі де баланың оқуда артта қалуының себебі болады. Денесі нашар дамыған балалар тез шаршап, жұмыс қабілетінің төмендігін көрсетеді. Денсаулығы нашар балалар шамадан тыс жұмысты тез сезеді. Оларға арнайы жасалған күн төртібі керек. Егер бала қалыпты мектепте оқыса, оған ерекше күн ырғағы, қысқартылған жұмыс графигі қажет. Әр түрлі ауытқулары бар оқушылар саны азаймай отырғандықтан кейбір мектептерде теңестіру сыныптары, түзету топтары ашылған. Олардың жұмысы бала дамуына жақсы әсер етіп, ол біраз уақыттан соң қалыпты балалар оқитын сыныпта оқиды. Жекелеп оқыту үшін сыньшта 20-30 оқушы болса, олардың мүмкіндіктеріне сәйкес мұғалім 4-5 дифференциалдық топ құрады. Ондағы оқушылармен жеке және топтық жұмыстар жүргізіледі. Саралау тәсілдері: • тапсырманың мазмұны барлық оқушылар үшін бірдей, бірақ жақсы оңитын оқушыларға тапсырманы орындау уақыты қысқартылады; • тапсырма мазмұны бір, бірақ жақсы оқитын оқушыларға көп, күрделі тапсырмалар беріледі; • тапсырма барлық сыныпқа бірдей беріледі, бірақ үлгерімі нашар оқушыларға тапсырманы орындауды жеңілдету үшін көмекші материалдар; • сабақтың бір кезеңінде мазмұны әр түрлі, күрделілік деңгейі де әр түрлі тапсырмалар жақсы, орташа және нашар оқушыларға беріледі; • тапсырманың бірнеше варианттарын оқушылар таңдайды. Бұл тәсіл көбіне материалды бекіту кезінде қолданылады. Математика сабағында оқушыларға мынадай тапсырма беріледі: "Бірінші күні бақшаға 8 қатар алма ағашын отырғызды. Әрбір қатарда 6 алма ағаштары бар. 2 күні тағы да 4 қатарға 12 алма ағашын отырғызды. 2 күнде барлығы қанша алма ағашы отырғызылды?" Жақсы оқитын оқушылар белгіленген уақытта осы есепті, осыған ұқсас есепті шығарып немесе құрастырады. 2-топ өздеріне белгілі тәсілмен шығарады. 3-топ (үлгерімі өте нашар) есепті тірек сызба, мұғалімнің сұрағына жауап беру арқылы шығарады. Тәжірибеде есепті шығару үшін мынадай саралау тәсілдері сынақтан өтіп, өзінің тиімділігін көрсетті: • өздік жұмыстың бір вариантын жеңілдету және әрбір топқа күрделілігі 3 деңгейлі тапсырмалар беру; • есептерді оқушылардың деңгейіне қарай беру; Математика сабағында жақсы оқитын оқушылар тапсырманы тез орындап, бос отырады. Тәжірибелі мұғалімдер оларға күрделі, қосымша тапсырмалар жазылған карточкалар әзірлеп әкеледі. Саралап оқытуды қолданып, мұғалім үлгерімі төмен оқушыларға жеңіл тапсырмаларды орындатып, жақсы оңитындарды тез қарқынмен оқыта бермейді. Мұғалім, бұл уақытша шара, саралау тәсілі тапсырма орындауға үйренгенше қолданылатынын оқушыларға түсіндіріледі. Сонымен саралап оқыту барлық балаларды сапалы оқытуға көмектеседі. Сабақта саралап оқыту тапсырмалардың мазмұнын, орындалу уақытын өзгерту, мұғалімдердің жеке оқушыларға әдістемелік көмек беруі арқылы іске асады. Топтық оқыту Өзін-өзі оқыту - оқушы белгілі бір өздік жұмысты (оқылатын объектімен, оқулық, приборлармен жұмыс істейді, есеп шығарады, зерттеу жұмысы) орындап, оның нәтижелері туралы жазбаша есеп береді. Өзара оқыту (жұптың оқыту) - оқушылар тұрақты жүпта немесе құрамы өзгеретін жүпта жұмыс істейді де, қандай да бір мәселені бір-біріне түсіндіріп, өз тақырыптарын қорғап, жолдасының жұмысының нәтижесін бағалайды. Топтьщ бір тақырыппен жұмыс істеуі - топ ішіндегі оқыту. Оқушылар топтарға бірігіп, топішінде өзара әрекет жасап, жаңа материалды түсіндіріп, оны талқылап, өзінің іс-әрекетін бағалап, сөйлеуге әзірленеді. Топтардың бір-бірін оқытуы - әртүрлі мәселені шешіп, іс-әрекет жасап жатқан топтар теоретиктер және эксперимент жасаушылар уақытша бірігіп, тәжірибе, ақпарат алмасып, мәселені талдайды. Мұғалім рөліндегі оқушы - бір немесе екі оқушы бүкіл сыныпты оқытады. Топтарды құру тәсілдері: • формалды біріктіру - 2 партада отырған 4 оқушыны немесе бір қатарда отырған оқушыларды бір топқа біріктіру; • оқушылар тобы құрамын мұғалімнің анықтауы. Беделді мұғалім топтын, тез құрылуына себепші болады; • оқушылар сабаққа дейін өз еріктерімен 4-6 адамнан тұратын топтарға бөлінеді; • сынып немесе мұғалім алдымен белгілі бір өлшемдер бойынша болашақ топтың жетекшілерін таңдап, жетекші топтарға жеке оқушыларды қабылдайды. Мысалы, әрбір жетекші өз тобына шақыратын оқушының есімін атайды, ол келіссе жетекшіге келеді. Содан соң кезекпен келесі жетекші өз тобына оқушылар қабылдайды. Топтардың саны бірдей болуы керек: • мұғалім өз тобына балалар қабылдайтын оқушыларды белгілейді, содан соң жасақталған топтарда жаңа топ жетекшілері слйланады • мұғалім немесе оқушы тақырыптың негізгі сұрақтарының тіиімін тақтаға жазады. Әрбір оқушы өзіне тапсырма алып, сол тапсырма таңдаған тоіща кіреді. Егер топ үлкен болса, оларды шағын топтарға бөледі. Жасақталған топтың көшбасшысы сайланады. • алдымен топтың жетекшісі сайланады, олар топтағы жұмыс үшін тапсырманы анықтайды, қалғандары тақырыптары белгілі топтардың ңүрамынакіреді. Тәсілдің тиімділігі беделді, үздік оқушылардың болуына байланысты. • бір тақырып бойынша жан-жақты білім алу. Мысалы "тарих", "техника", "тәжірибе", "есеп", "ойын", "қиын мәселе". Оқушылар өздерінің нақты оқу мүмкіндіктеріне сай іс-әрекет түрлерін таңдап, топтарға бірігеді. Топтық жұмысты оқушылардың өздерінің ұйымдастыруы. Топқа шешілетін мәселені, іс-әрекет түрін таңдау ұсынылады. Мұғалім топтық жұмыстың уақытын, білімдік өнімді тапсыру формасын береді. Топ эксперимент өткізуге керекті жабдықтарды тауып, кітапханаға, экскурсияға барады. Мұндай форма топтық жұмысқа әзірлігі жақсы сыныптарға қолданылады Топтарды кезең бойынша құру. Алдымен 3-5 оқушы тақырыпты оқып, мәселені шешіп, жақсы бағаларын алған соң топтарға бірігіп, сабақ кезінде басқа оқушылардан бөлек жұмыс істейді. Қалған оқушылармен мұғалім өз жоспарымен оқу жұмысын атқарады. Оқыту барысында топ саны көбейіп, белгілі бір өлшем бойынша шағын топтарға бөлінеді. Басқа оқушылар топқа кіргенше жұмыс осылай жүре береді. Мұндай форма оқушылардың топтық жұмысқа ауысуын ынталандырады. Топтардағы жұмыс істеу технологиясы Топ негізінен өз бетімен жұмыс істейтіндіктен, оған нұсқау беріледі, алдын ала тапсырмалар әзірленіп, топ жетекшілеріне кеңес беріліп, мұғалім жеке топтардың жұмысына қатысады. Топтың іс-әрекеті түрлері: • сынып алдында сөйлеуге, тәжірибе көрсетуге әзірлену, әдебиеттер оқып, конспектілеу; • "ой майданы" әдісі арқылы қойылған мәселені көп болып шешу; • алдын ала әзірленген сұрақтармен оқушылардың топ ішінде сөйлеуі, жасалған тәжірибені көрсету. Топтың сыныпта үздік хабарламаларды оқуы; • оқушыларды басқа топтармен өзара әрекетке әзірлеу -оларға қойылатын сұрақтарды ойластыру, сайыс жоспарыы әзірлеу, топтың сыныпқа ортақ міндетті орындауға қатысуы; • ұзақ уақыт шығармашылық тапсырма орындау - объектіні зерттеу, прибор немесе механизмдерді құрастыру, жоба жасау, экскурсия, оның есебін дайындау, көркем шығарма орындау және басқалары; • семинар, т.б. оқу жұмыстарын өткізуге топ оқушыларын әзірлеу. Топ жұмысында іс-әрекеттің ұйымдастыру-қарекеттік түрі басым: оқушылар мақсат қойып, өз жұмысын жоспарлап, мәселені талдап, топ ішінде жұмысты бөліп, өзінің іс-әрекетін бақылап, талдап бағалайды. Топтағы талдау тәсілдері әр түрлі. Бірінші кезеңде топ мүшелері өз пікірлерін сағат тілі бойынша, яғни, бір-бірінің сөзін бөлмей айтқаны тиімді. Бұл балаларды тәртіппен, өз сөздерін бақылауға, әр оқушының өз пікірін айтуына мүмкіндік береді, оқу жұмысы нашар жүретін топтарда мұғалім олардың белсенділігін көтеретін әр түрлі әдістерді қолданып, жұмысты өзі үйлестіріп отырады. Сабақтың соқында топта рефлексия арқылы қорытынды шығарылады. Топ ішіндегі жұмысты топ жетекшісі бақылау. |