Главная страница
Навигация по странице:

  • Реферат

  • Карбюраторлы двигательдердің қоректендіру жүйесі

  • Жанғыш қоспалар түрлері және олардың қасиеттері

  • Дизель қозғалтқыштарының қоректендіру жүйесінің элементтерін диагностикалау

  • Қоректендіру жүйесінің ақаулары

  • Дизельді мотор. дизельді мотор. Реферат Таырыбы Дизельді моторды оректендіру жйесі Орындаан Гафарова Айдана тттиТ11 тобыны студенті


    Скачать 35.38 Kb.
    НазваниеРеферат Таырыбы Дизельді моторды оректендіру жйесі Орындаан Гафарова Айдана тттиТ11 тобыны студенті
    АнкорДизельді мотор
    Дата16.05.2022
    Размер35.38 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файладизельді мотор.docx
    ТипРеферат
    #532231

    Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы

    Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

    Физика-техникалық факультеті

    Транспорт және логистикалық жүйелер кафедрасы

    Реферат

    Тақырыбы: Дизельді моторды қоректендіру жүйесі

    Орындаған: Гафарова Айдана

    ТТТиТ-11 тобының студенті

    Тексерген: Бейсембеков Мейірхан

    Құрманғазыұлы

    Қарағанды-2022

    МАЗМҰНЫ

    Кіріспе

    Карбюраторлы двигательдердіің қоректендіру жүйесі қызметтер.

    Жанғыш қоспалар түрлері және олардың қасиеттері

    Дизельді қозғалқыштар деген не

    Дизель қозғалтқыштарының қоректендіру жүйесінің элементтерін диагностикалау

    Қоректендіру жүйесінің ақаулары

    Қорытынды

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

    Кіріспе

    Кез келген автокөлік жанармай (бензин, солярка немесе газ) құюды талап етіп тұрады. Заманауи автокөлік толық бакпен 600-800 км жол жүре алады.Жалпы автокөліктің қоректендіру жүйесін адамның қоректену жүйесімен салыстыруға болады. Ең алдымен жанармайды құйып алу керек,одан кейін автокөлікті «қоректендіру» керек. Жанармай «асқорыту жүйесі» арқылы қозғалтқышқа, ал қалдық пайдаланылған газ ретінде сыртқа шығарылады.

    Тәжірибелі автокөлік жүргізушілері қозғалтқышқа әр түрлі жұмыс кезеңінде қандай мөлшерде жанармай керек екенін жақсы біледі. Дәл уақыт кезеңінде автокөлікке қажетті жанармай мөлшері тағы қоректендіру жүйесі арқылы анықталады.

    Кез келген адам автокөлік тек жанармай құйғанда жүретінін жақсы біледі. Сәйкесінше автокөлікте жанармайды сақтайтын арнайы бак болуы керек.

    Ережеге сай бензин багі автокөліктің артқы бөлігінде орналасады. Жағармай багі карбюратормен байланысқан. Жанармай карбюраторға бармастан бұрын тазалаудан өтуі керек. Осы себепті таза жанармаймен ғана жүретін жаңа шетелдік автокөліктер тез істен шығады. Егер сіз жанармайды канистрден құятын болсаңыз, тазалаудан өткізуді ұмытпағаныңыз жөн.

    Жалпы автокөлікті пайдаланбастан бұрын оны жөндеуден өткізген жөн. Әсіресе қоректендіру жүйесіне баса назар аударылуы керек. Жалпы қоректендіру жүйесінің істен шығуына алып келетін жағдайларға мыналар жатады:

    1)Тым көп немесе тым аз мөлшердегі жанғыш қоспаның түзілуі;

    2)Жанар жағармайдың ағып кетуі;

    3)Жанар жағармайдың карбюраторға берілуінің тоқтатылуы;

    4)Жанғыш және салқын қозғалтқыштың жұмыс істеу қиындығы;

    5)Пайдасыз жұмыс кезіндегі қозғалтқыштың нашар жұмыс істеуі;

    6)Жұмыстың барлық кезеңінде қозғалтқыштың істен шығуы;

    7)Жанар жағармай шығынының артуы.

    Жанар жағармайдың карбюраторға берілуінің тоқтауы жанар жағармай құбырының және торлы сүзгіштің ластануынан, жанар жағармай сорғышының бұзылуынан, негізгі тазалаушы сүзгіштің лайлануынан, сонымен қатар екі ретті тазалау қақпағының ақауынан болуы мүмкін.

    Дизельді двигательдердің қоректендіру жүйесінің ерешеліктеріне, мұнда дайын жану қоспасының орнына сырттан цилиндрге таза ауа сорылады, ал жану қоспасы цилиндрдың ішінде жасалады. Ол үшін цилиндр ішіне, дер кезінде жанар май бүркіп шашылады да ондағы ауамен араласып жану қоспасын құрайды.

    Олай болса, цилиндр ішінде жасалатын жану қоспасының сапасы оған шашылып берілетін жанар май мөлшеріне байланысты болады. Сондықтанда дизельді двигательдерде жұмыс жағдайларына байланысты жану қоспасының әртүрлі жасалады, яғни қалыпты байытылған немесе кедейлетілген түрлері.

    Дизельді двигателдердің тағы да бір ерекшелігі, жану қоспасы цилиндр ішінде өздігінен, қосылған ауа температурасының көмегімен тұтанады. Сондықтаңда жанар майды цилиндр ішіне қысу процесінің соныңда бүркіп береді. Себебі қысу процесінің соныңда, оының температурасы жану қоспасын тұтандыра алатын деңгейге жетеді. Бұл кезде цилиндр ішіндегі ауаның тек температурасы ғана көтеріліп қоймайды, осыған қосымша оның қысымы да үлкенболады. Ал осындай қысымы үлкен ортада, жанар май ауаны араластырып жану қоспасын жасау үшін, бүркіп берілетін жанар май қысымы, сол цилиндр ішіндегі қысымнан едәуір жоғары болуы қажет. Сонда ғана ол ауамен араласып, жану қоспасын түзетеді.

    Дизельді двигательдердің осындай ерешеліктерінің салдарынан, оның қоректендіру жұйесі өте күрделі құралдарды қажет етеді.

    Дизельді двигательдердегі негізгі құралға жағары қысым насос пен форсунка жатады. Себебі олардың атқаратын жұмыстарыда саған байланысты құрылыстарыда күрделі болып жасалады.

    Жоғары қысым насос екі түрлі қызмет атқарады: Біріншісі – жанар майды цилиндр ішіне дер кезінде ғана, яғни қысу процесінің соңында үлкен қысыммен, форсунка арқылы бүркіп береді. Екінші қызметі двигательдердін жұмыс жағдайына байланысты қажетті жану қоспасының сапасын қамтамасыз ету үшін, жанар майды мөлшерлеп береді.

    Сонымен жоғары қысымды жанар май насосы әрі дер кезінде, әрі қажетті мөлшерде ғана жанар май беруді іске асырады.

    Карбюраторлы двигательдердің қоректендіру жүйесі

    Карбюраторлы двигательдердіің қоректендіру жүйесі жану қоспасын дайындау қызметін атқарады. Ал жану қоспасы деп жанар май мен ауаның араласқан қоспасын айтады. Ондай қоспаның құрамы двигательдің жұмыс істеу жағдайына байланысты әртүрлі болуға тиіс. Қоректендіру жүйесі осындай талаптарға сай келетін жану қоспасын дайындайды.

    Қоршаған ортаны қорғау мақсатында двигательден шыққан газдағы зиянды заттарды азайту көбіне қоректендіру жүйесінің жұмыс істеуіне байланысты. Мысалы: Европалық стандартқа сай дүние жүзінде карбюраторлы бензинді двигательдер пайдалануға тыйым салынған. Қазіргі автомобиль двигательдеріенде орталық және тікелей бүрку бензинді қоректендіру жүйелері пайдаланылады.

    Карбюраторлы двигательдердің қоректендіру жүйесін шартты түрде үш бөлікке бөлуге болады. Олардың бірінші бөлігі жанар маймен, екіншісі ауамен, ал үшіншісі жанған газды сыртқа шығаратын бөліктер. Осылайша құрылған.

    Карбюраторлы двигательдерде жанар май үшін көбінесе мұңайдан алатын ең жеңіл және тез буланатын қоспаларынан жасалған бензин қолданылады. Сол ыдыстағы бензин майда сүзгі арқылы бензин насосымен сорылып алынады. Бензин насосы двигательден қозғалыс алады. Ол үшін арнаулы білікте экцентрик орнатылған. Ол айналған кезде насостың тұтқасын әрі – бері қозғайды да насос жұмыс істейді.

    Насоспен сорылған бензин енді карбюраторға беріледі. Карбюраторда бензин құйылатын арнаулы қалқымасы бар қуыс жасалған. Қалқыма осы қуыстағы бензин деңғгейіне байланысты жоғары – төмен қозғалып тұрады. Оның осы қозғалысы үстінде орналасқан инелі клапанға әсер етеді.

    Ауа мен жанар майды араластыру процесін “карбюрациялық” процесс деп атайды, ал осындай жұмысты іске асыратын құралды карбюратор деп атайды. Карбюраторлы двигательдердегі қоректендіру жүйесіндегі негізгі құрал осы карбюратор болып табылады. Жоғарыда, қоректендіру жүйесінің принципилдық схемасын қарағанда тек қарапайым карбюратордың жұмысы көрсетілген. Ал двигательдерге орнатылған карбюраторлардың құрылысы өте күрделі болады. Себебі ол жанар май мен ауаны араластырып қана тұрмайды, осыған қосымша двигательдің жұмыс жағдайына қарай сол араластырып жасалынған жану қоспасының сапасын да әртүрлі етіп өзгертіп отырады. Жану қоспасын сапасына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Оның негізгі белгісі ауа мен жанар майдың өзара қатынасы болып табылады. Жалпы 1 кг жанар май толық жануы үшін 15 кг ауа қажет болады. Егер жану қоспасы осы мөлшерде жаслса, онда оныв қалыпты жану қоспасы деп атайды. Ал қажетті ауаның мөлшері аз болса, онда байытылған, керісінше болса кедейлетілген қоспа деп атайды. Осы қажетті ауа мен нағыз шығын болған ауаның қатынасын a - деп белгілесек, онда қалыпты жану қоспасының бұл коэффициенті a=1,0. Егер a<1,0 ден болса, онда байытылған, ал a>1,0 ден болса, онда кедейлетілген қоспа деп атайды. Ондай байытылған немесе кедейлетілген қоспалар бірнеше түрге бөлінеді. Егер a=0,8:0,9 мөлшерінде болса, онда ондай қоспаны аздап байытылған қоспа, ал a<0,8 ден аз болса өте байытылған қоспа дейді. Сол сияқты a=1,01 шамасына дейін аздап кедейлетілген, ал a>1,1 болса өте кедейлетілген қоспа болады.

    Сонымен, двигательдің жұмыс істеу кезінде карбюратор осы аталғандай қоспа жасап бере алатын қабілеті болуға тиіс. Сол үшін оның құрылысына бірнеше қосалқы қондырғылар жасалады. Олар двигательдің мынандай жұмыс жағдайына байланысты төмендегідей қоспамен қамтамасыз етуге тиіс: оталдыру кезінде жанар майдың булануы төмен болғандықтан өте байытылған (a=0,6 – 0,8) жану қоспасы; бос айналыспен немесе аз қуатпен жұмыс істеген кезде аздап кедейлетілген жану қоспасы; толық қуатпен істеген кезде аздап байытылған (a=0,8:0,9) жану қоспасы. Осыларға қосымша, двигатель бір жұмыс жағдайынан екінші жұмыс жағдайына тез ауыса қалған кезде де байытылған жану қоспасы жасалуға тиіс.

    Осындай двигательдің жұмыс жасау жағдайына байланысты қажетті жану қоспасының сапасын өзгертіп тұру үшін карбюратор мынандай қондырғылармен жабдықталады: іске қосатын қондырғы; бос айналыс жүйесі; басты мөлшерлегіш қондырғы; экономайзер; эконостат (кейбір ғана карбюраторларда); тездеткіш насос.

    Бензин мен ауа қоспасы қопарылыс тәрізді өте тез жануын детонация дейді. Двигательдің осындай жағдайда жұмыс істеуіне болмайды, өйткені поршеньге, поршень саусақтарына, шатунға және түпкі подшипниктерге соққылы күшпен, бөлшектердің жергілікті қызуымен, поршеньдердің және клапандардың жануымен, түтін шығуымен, двигатель қуатының төменделуімен және жанармай шығынының артуымен қабаттаса жүреді. Оның пайда болуына поршень мен цлиндрдің қалпақшасында күйеніңғ қалыңдауы, ерте от алу әсер етеді.

    Жанармайдағы октан саны деп детонациялық беріктілігі бойынша сыналатын жанармаймен бірдей болатын қоспадағы изооктан мен гептанның ппроценттік құрамын айтады. Мысалы, егер 93% изооктаннан және 7% гептаннантұратын қоспа детонациялық қасиеттері бойынша сыналатын бензинге сәәйкес келсе, онда мұндай бензиннің октан саны 93 – ке тең болады. Жанармайдағы октан саны неғұрлым жоғары болса, оның детонацияға қарсы беріктілігі соғұрлым артығырақ болады.

    ГОСТ – қа сәйкес автомобиль бензинінің маркасы Шығарылады: А-66, А- 72, А – 90, А – 95, АИ – 93 және АИ – 98. А әрпі – автомобиль бензині екендігін, ал цифры – бензиннің октан санын көрсетеді.

    Жанғыш қоспалар түрлері және олардың қасиеттері

    Карбюраторлы автомобиль двигателі тек оңай ұшып буланатын жоғары калориялы отын май-бензинмен ғана белгілі бір қуатпен жұмыс істей алады. Бензинді мұнай өнімдерінен тікелей ажырату немесе жоғары температура мен қысымда қайта өңдеу жолымен тазартудан — крекинг-бензин алынады. Автомобиль двигательдері үшін негізінен крекинг-бензин колданылады. Бензиннің сапасы оның тығыздығымен, жылу шығарғыштық қабілеті және детонациялық қасиеттерімен сииатталады.

    Бензиннің тығыздығы 200С температурада 0,700—0,760 г/см3 аралығында болады (Бір текше сантиметр заттың граммен өлшенген массасын оның тығыздығы деп атайды).

    Бензиннің жылу шығарғыштық қасиеті 10 500—11000 ккал шамасында болады (Жылу шығарғыштық қасиеті деп — I кг отын түгел жанғанда шыға-ратын жылудың шамасын айтады. Ол калориямен өлшенеді).

    Бензиннің сапасын анықтаудағы бірден-бір көрсеткіштердің бірі оның буланғыштығы. Сондықтан неғұрлым бензиннің булануы жақсы болса (қайнау температурасы төмен), соғұрлым двигательді іске қосу жеңіл және ол үнемді жұмыс істейді.

    Отынның детонациялық қасиеті. Цилиндрде сығылған жұмыстық қоспа қалыпты жағдайларда 20-30 м/сек. жылдамдықпен жанып, цилиндрдің ішіндегі қысым бірқалыпты өсіп отырады. Кейбір жағдайларға байланысты (бензиннің сапасының нашарлығынан двигательдің шамадан тыс қызып кетуінен, ерте от алу бұрышының артуы т.б.) қоспаның бір бөлегі өте жоғары 200 м/сек. жылдамдықта соққы толқынымен жануымен және қысымның тез өсуімен қабаттаса жүреді. Жұмыстық қоспаның осылайша жануын детонация дейді. Отынның детонациялық жануы двигательдің жұмысына үлкен зиян келтіреді. Детонацияның белгілеріне двигательден дүрсілдің шығуы, қуатының кемуі, өшіргіштен қою қара түтін шығуы және двигательдің тез қызуы жатады. Сондықтан детонация кезінде двигательдің бөлшектері тез тозады.

    Кейде жұмыстық қоспаның өздігінен ерте от алуын детонациямен шатастырады. Өздігінен ерте от алу дегеніміз — жоғары температурада жұмыс істейтін" қоспаға ашық жалынның әсері тимей-ақ өздігінен от алу қасиетін айтады. Өздігінен от алу двигатель шамадан тыс қызған уакытта сығу тактісінің соңында сығылған жұмыстық қоспаның температурасы өте жоғарылағанда қоспаның тұтануы электр ұшқыны пайда болғанға шейін болады. Өздігінен от алу кейде жоғары температурадағы қоспа свечаның қызған электродына немесе күйе бөлшектеріне қызудан от алу типінен де пайда болады. Өздігінен от алуда от алу жүйесі ажыратылғанда да, двигатель біраз уақыт өздігінен жұмыс істейді, ал бұл жағдай детонация кезінде кездеспейтін жай.

    Отынның детонацияға қарсы тұрушылығы октандық санымен бағаланады. Отынның октандық саны неғұрлым көп болса, соғұрлым оның детонацияға қарсы тұрушылығы арта түседі. Автомобильдерге қолданылатын бензиннің октандық саны 66-98 аралығында болады. Бірақ кейде октандық саны басқа да бензин қолданылуы мүмкін. Бензиннің детонацияға карсылығьгн оған антидетонатор (этиль сұйығы) қосу арқылы езгертіп отырады. Этиль сұйығын бензинге қосқанда бензиннің 1 литріне 1,0 см3 сұйық қосады. Этиль сұйығы қосылған бензинді этильденген деп атайды.

    Ескерте кететін жай, этиль сұйығы у болғандықтан бензинге азғантай ғана қосқанның өзінде бензин улы болады. Этильденген бензинді жай бензиннен ажырату үшін оған қызғылт-сары, не көк-жасыл бояу қосады. Этиль сұйығы өзінің ерігіштігі, ұшпалығы және адам терісіне тез сіңіп, өткіштігінің арқасында адам организміне өтіп оны қатты уландырады. Этильденген отын этиль сұиығындағыдай өте хауіпті, сондықтан онымен жұмыс істегенде өте сақтықпен, ұқыпты болып, оның теріге тиіп, не ішкі организмге кіріп уландырмауына мұқият болу керек. Этильденген бензинмен деталь мен қолды жууға, кір жууға, шланг арқылы ауызбен соруға немесе бензин жүретін түтіктерді үрлеп тазартуға болмайды. Егер этильденген бензин теріге тиген болса оны әуелі керосинмен, кейін сабынды сумен жуу керек. Этильденген бензинмен жұмыс істеген двигательді бөлшектегенде детальдарын ұқыпты түрде керосинмен жақсылап жуу керек. Жоғарыдағы айтылғандай сақтықпен қолданылған этильденген бензиннің жұмыс істеушіге ешбір зияны жоқ. Әр түрлі двигательдер үшін бензиннің бірнеше маркалары - ВАЗ 2106 автомобилі үшін АИ-98 бензиндері колданылады.

    Жанғыш қоспаның құрамы. Карбюраторлы двигательдің әрбір жұмыс тактысы циклінің тактысы өте аз уакыт ішінде (0,02—0,01 сек.) өтетін болғандықтан, жұмыс жүрісінің бас кезінде-ақ қоспа жанып бітуі керек, олай болса қоспаның жану уақыты одан да аз (0,002-0,003 сек). Сондықтан қоспаның жоғарыдағыдай өте аз уақыт ішінде жанып үлгеруі үшін отынның өте ұсақ бөлшектеріне ауа қосылуы керек. Өте ұсақ бөлшектер отынның бүркуінен және булануынан пайда болады, ал толық жануы ауаның қажетті мөлшерімен осы булардың мұқият араласуынан болады.

    Қоспадағы бензиннің - толық жануы үшін әрбір килограмм отынға 15 кг ауа араласса, мұндай қоспаны қалыпты қоспа деп атайды. Әдетте қалыпты қоспадан басқа да құрамды қоспалар болуы мүмкін. Байытылғай қоспада 1 кг бензин мен 13-тен 15 кг дейін ауа болады. Мұндай қоспа үлкен жылдамдықпен жанады да оның әсерінен цилиндрдегі газдардың да қысымы өте үлкен болады. Бай қоспаның құрамында 1 кг бензинге келетін ауа 13 кг кем болады. Бүл коспа жай жанады, ал 1 кг бензинге 5 кг ауа келсе, ондай қоспа от алмайды.

    Кедейленген қоспаның құрамында 1 кг бензин, 15-16,5 кг ауа болады. Қоспаның қүрамы мұндай болған жағдайда бензин толық жанады, бірақ жану жылдамдығы төмендеуі салдарынан двигательдің қуаты кемиді, әрІ отынның үнемділігі артады. Кедей қоспаның құрамында 1 кг бензинге 16 кг артығырақ ауа болады және өте жай жанады. Егер І кг бензинге 21 кг не одан да артық ауа келсе, ондай қоспа от алмайды. Түрлі жағдайларда жұмыс істейтін двигательге қолданылатын қоспаның құрамы әдеттегі қалыпты жағдайдан өзгеше болуы да мүмкін.

    Салқын двигательді іске қосқанда енгізу трубопроводтар мен цилиндрлердің салқын қабырғаларында бензин буларының конденсациялануы, сон-дай-ақ ауаның жылдамдығының нашарлауы және қоспаны жылытатын жағдайдың жоқтығынан қоспа нашар дайындалады. Осы жағдайларды еске ала отырып, двигательді іске қосқанда қоспаның сенімді түрде от алуы үшін онда бу тәрізді отынның жеткілікті мөлшерінің қалуы, отын бөлшектерінің конденсациялануына қарамастан қоспа біршама бай болуы тиіс.

    Зая жүрістің жай айналысында цилиндрдегі қоспаның шамасы аз болады. Себебі отынның түйіршіктері бір-бірінен алшақтағандықтан қалдық газбен араласуынан қоспа нашар жанып, двигатель нашар істейді. Зая жүрістің-жай айналысында двигатель тұрақты жұмыс істеуі үшін қоспаның жану жылдамдығын байытылган қоспаны пайдалана отырып арттыру қажет.

    Орташа күшпен жұмыс істеу үшін кедейленген қоспа қолдану арқылы отынның шығынын кемітеді. Қоспаның мұндай құрамын қолданғанда двигательдің қуаты кемиді. Толық күшпен жұмыс істегенде двигательдің қуатын барынша арттыру үшін толық күш беріп байытылған қоспаның жану жылдамдығын арттырады. Зая жұмыс істеп тұрған двигатель бірден толық күш беру жағдайына көшірілгенде қоспаны байыту керек әйтпесе оның тоқтап қалуы мүмкін.

    Дизельді қозғалқыштар деген не

    Дизельді қозғалтқыш - бұл бензинді қозғалтқышқа ұқсайтын поршенді қуат блогының түрі. Оның будова да іс жүзінде ерекшеленбейді.

    Ол негізінен мыналардан тұрады:

    Цилиндр блогы. Бұл бірлік корпусы. Оның жұмысына қажетті тесіктер мен қуыстар жасалады. Сыртқы қабырғада салқындатқыш куртка бар (корпусты салқындату үшін жиналған қозғалтқышта сұйықтықпен толтырылған қуыс). Орталық бөлікте цилиндр деп аталатын негізгі саңылаулар жасалады. Олар отын жағады. Сондай-ақ, блоктың дизайны газдың таралу механизмі орналасқан блоктың өзі мен оның басының түйреуіштерін пайдаланып қосылуға арналған тесіктерді қамтамасыз етеді.

    Штангалары бар поршеньдер. Бұл элементтер дизайны бойынша бензин қозғалтқышымен бірдей. Жалғыз айырмашылық - поршень мен байланыстырушы штанганың жоғары механикалық жүктемелерге төтеп беруі үшін неғұрлым берік болып табылады.

    Иінді білік. Дизель бензинмен жұмыс істейтін ішкі жану қозғалтқышына ұқсас дизайны бар иінді білікпен жабдықталған. Жалғыз айырмашылық - бұл қозғалтқыштың белгілі бір модификациясы үшін өндіруші осы бөліктің қандай дизайнында қолданылатындығында.

    Теңдестіру білігі. Кішкентай электр генераторларында көбінесе бір цилиндрлі дизель қолданылады. Ол итеру-тарту қағидаты бойынша жұмыс істейді. Бір поршеньді болғандықтан, ГТС жанған кезде қатты діріл жасайды. Қозғалтқыштың бірқалыпты жұмыс істеуі үшін бір цилиндрлі қондырғының қондырғысына теңестіретін білік қосылады, ол механикалық энергияның кенеттен секірулерін өтейді.

    Бүгінгі күні дизельді көліктер танымал болып отыр, бұл көлік құралдарына экологиялық стандарттар мен күрделі автокөлік жүргізушісінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін инновациялық технологиялар. Егер бұрын дизельді қондырғы негізінен жүк көлігімен алынған болса, бүгінде жолаушылар вагоны жиі осындай қозғалтқышпен жабдықталған.

    АҚШ-та сатылатын әрбір XNUMX автомобильдің біреуі ауыр мазутпен жүреді деген болжам бар. Еуропаға келетін болсақ, дизельді қозғалтқыштар бұл нарықта одан да танымал. Сорғыш астында сатылатын автомобильдердің жартысына жуығы мотордың осы түріне ие.

    Дизельді қозғалтқышта бензин құймаңыз. Ол өзінің жанармайына сүйенеді. Дизель отыны - құрамы керосин мен қыздырғыш майға ұқсас майлы жанғыш сұйықтық. Бензинмен салыстырғанда, бұл отынның октан саны аз (бұл параметр қандай, егжей-тегжейлі сипатталған), сондықтан оның тұтануы бензиннің жануынан өзгеше басқа принцип бойынша жүреді.

    Қазіргі заманғы қондырғылар жетілдірілуде, олар отынды аз жұмсайды, жұмыс кезінде аз шу тудырады, пайдаланылған газдарда зиянды заттар аз болады және жұмыс мүмкіндігінше қарапайым. Ол үшін жүйелердің көпшілігі әртүрлі механизмдермен емес, электроникамен басқарылады.

    Дизельді қозғалтқышы бар жеңіл көліктердің жоғары экологиялық стандартқа сәйкес келуі үшін, ол ауа-отын қоспасының жақсы жануын және осы процесте бөлінетін барлық энергияны пайдалануды қамтамасыз ететін қосымша жүйелермен жабдықталған.

    Кейбір автомобиль модельдерінің соңғы буыны таза дизельді алады. Бұл тұжырымдама пайдаланылған газдар бензин жану өнімдерімен бірдей болатын көліктерді сипаттайды.

    Мұндай жүйелердің тізіміне мыналар кіреді:

    1. Қабылдау жүйесі. Қондырғының құрылымына байланысты ол бірнеше қабылдау клапандарынан тұруы мүмкін. Олардың мақсаты - ауаны беруді қамтамасыз ету және ағынның дұрыс құйындысын қалыптастыру, бұл ішкі жану қозғалтқышының әртүрлі жұмыс режимдерінде дизель отынын ауамен жақсы араластыруға мүмкіндік береді. Қозғалтқыш іске қосылғанда және төмен айналымдарда жұмыс істегенде, бұл демпферлер жабылады. Айналымдар көбейе салысымен, бұл элементтер ашылады. Бұл механизм көміртегі оксиді мен жағуға уақыты болмаған көмірсутектердің мөлшерін азайтуға мүмкіндік береді, бұл көбінесе төмендеген жылдамдықта жүреді.

    2. Қуатты күшейту жүйесі. Ішкі жану қозғалтқышының қуатын арттырудың тиімді әдістерінің бірі - қабылдау трактына турбокомпрессор орнату. Қазіргі заманғы көліктің кейбір модельдерінде ішкі жолдың геометриясын өзгерте алатын турбина орнатылған.

    3. Оңтайландыру жүйесін іске қосыңыз. Бензиндік аналогпен салыстырғанда, бұл қозғалтқыштар жұмыс жағдайына қатысты. Мысалы, суық ішкі жану қозғалтқышы қыста нашар басталады, ал қатты аяздағы ескі модификация алдын ала қыздырусыз басталмайды. Осындай жағдайларда іске қосуды мүмкіндігінше жылдам ету үшін, автомобиль алдын ала қыздыруды алады. Осы мақсатта әр цилиндрде (немесе қабылдау коллекторында) ауаның ішкі көлемін қыздыратын жарқыратқыш штепсель орнатылады, соның арқасында оның қысылу кезіндегі температурасы дизель отыны өздігінен тұтануы мүмкін индикаторға толық жетеді. Кейбір көліктерде цилиндрлерге кірер алдында отынды қыздыратын жүйе болуы мүмкін.

    4. Шығару жүйесі. Ол пайдаланылған газдағы зиянды заттардың мөлшерін азайтуға арналған. Мысалы, пайдаланылған ағын арқылы өтеді бөлшектердің сүзгісіол жанбаған көмірсутектер мен азот оксидтерін бейтараптайды. Шығарылған газдардың демпфонизациясы резонаторда және негізгі тыныштандырғышта жүреді, бірақ қазіргі қозғалтқыштарда пайдаланылған газдардың ағыны басынан бастап біркелкі болып келеді, сондықтан кейбір автокөлік жүргізушілері автомобильдердің белсенді шығарындыларын сатып алады.

    5. Газ тарату жүйесі. Ол бензин нұсқасындағы сияқты қажет. Поршень тиісті соққыны жасаған кезде, кіріс немесе шығыс клапаны уақытында ашылуы / жабылуы керек. Хронометрлік құрылғыға таратқыш білік пен басқа да маңызды бөліктер кіреді қозғалтқыштағы фазалардың уақтылы орындалуы (қабылдау немесе сарқу). Дизельді қозғалтқыштағы клапандар күшейтіледі, өйткені оларда механикалық және жылу жүктемесі жоғарылаған.

    6. Шығарылған газдың рециркуляциясы. Бұл жүйе пайдаланылған газдардың бір бөлігін салқындату және оларды қабылдау коллекторына қайтару арқылы азот оксидін толық кетіруді қамтамасыз етеді. Бұл құрылғының жұмысы құрылғының дизайнына байланысты әр түрлі болуы мүмкін.

    7. Жанармай жүйесі. Ішкі жану қозғалтқышының дизайнына байланысты бұл жүйе сәл өзгеше болуы мүмкін. Негізгі элемент - бұл жоғары қысымды отын сорғысы, ол жанармай қысымының жоғарылауын қамтамасыз етеді, сондықтан жоғары қысылған кезде инжектор цилиндрге дизель отынын құя алады. Дизель отыны жүйесіндегі ең соңғы жаңалықтардың бірі - CommonRail. Сәл кейінірек біз оның құрылымын егжей-тегжейлі қарастырамыз. Оның ерекшелігі - бұл саптамалар бойынша тұрақты және тегіс таралуы үшін жанармайдың белгілі бір көлемін арнайы сыйымдылықта жинауға мүмкіндік береді. Электрондық басқару түрі қозғалтқыштың әртүрлі жылдамдықтарында максималды тиімділікке жету үшін әртүрлі инжекциялық режимдерді қолдануға мүмкіндік береді.

    8. Турбо зарядтағыш. Стандартты қозғалтқышта екі түрлі қуыста орналасқан айналмалы жүздермен шығатын коллекторға арнайы механизм орнатылған. Негізгі дөңгелекті пайдаланылған газ ағыны басқарады. Айналмалы білік бір уақытта қабылдау трактіне жататын екінші дөңгелекті іске қосады. Екінші элементтің айналуы кезінде қабылдау жүйесінде таза ауа қысымы жоғарылайды. Нәтижесінде цилиндрге көбірек көлем түседі, бұл ішкі жану қозғалтқышының қуатын арттырады. Классикалық турбинаның орнына кейбір автомобильдер турбокомпрессормен жабдықталған, ол қазірдің өзінде электроникамен жұмыс істейді және қондырғының жылдамдығына қарамастан ауа ағынының көбеюіне мүмкіндік береді.

    Техникалық тұрғыдан алғанда, дизельді қозғалтқыш бензин қондырғысынан ауамен жанармай қоспасының жану тәсілімен ерекшеленеді. Стандартты бензин қозғалтқышы жағдайында жанармай қабылдау коллекторында жиі араласады (кейбір заманауи модификациялары тікелей инжекцияға ие). Дизельдер тек дизельдік отынды цилиндрлерге тікелей бүрку арқылы жұмыс істейді. Қысу кезінде БТС ерте жанып кетпеуі үшін оны поршень жұмыс инсультын орындауды бастауға дайын болған кезде араластыру керек.

    Дизель қозғалтқыштарының қоректендіру жүйесінің элементтерін диагностикалау

    Соңғы жылдары машиналардың жеке агрегаттары мен жабдықтарын, сондай-ақ машинаның жалпы техникалық жағдайын бұзбай бағалау диагнос-тикалау әдістері бағыты қарқынды дамуда. Оларды пайдалану ақаулықтардың санын 2…2,5 есе азайтып және техникалық ақаусыздық нәтижесінде машиналардың тұрып қалуын қысқар-тып, жөндеу аралық техникалық ресурсын 1,5…2 есе арттырып, техникалық қамтуға және жөндеуге шығыны 30…40% азайтып, машина – трактор агрегаттарының өнімділігін 15…20% көбейтіп, отын шығынын 15…25% төмендетіп және қозғалтқыштың жұмыс ұзақтығын 14…20% арттыруға мүмкіндік береді.

    Машинаның жасы және оның тозуы өскен сайын отын шығынының ұлғаюы анықталған. Мысалы ДТ-75M, МТЗ-80 тракторларының бесінші жылы пайдалану уақытында отынның меншікті шығыны 20…25%, оныншы жылға 40% артатыны белгілі болған. Сондықтан дизель қозғалтқыштарының жанармай жүйесінің кезеңділігін, олардың жасын және қажалу дәрежесін ескеріп, түзету қажеттігі туындайды. Жанармай беру параметрлерін диагностикалау, бағалау және бақылау белгілі әдістері осы кездегі тракторлардың жанармай беру жүйесінің жұмыс істеу ерекшеліктерін, олардың даму келешегін және олардың жағдайын бақылау құралдарының жетілдірілуін ескермейді. Олар негізінде тек қана осы жүйенің нақты жұмыс істеу барысының бүліну белгісі незінде техникалық жағдайын және жеке элементтерінің ақаулығын анықтауға арналған.

    Соңғы кезде диагностикалық параметрлерді шапшаң өлшеп алуға көп-теген электрондық аспаптар кең қолдануда. Әрине келешекте машиналардың параметрлерін тіркеу және орнатылған басқару жүйесін жетілдіру барысында, олар көптеген белгілі аспаптарды ысырып, кең колданып табуы сөзсіз.

    Осы кезде Қазақстанда және ТМД елдерінде пайдаланудағы күрделі техникалар мұндай электрондық аспаптармен онша жабдықталмаған, олар алыс шет елдер техникаларында кең орын алған.

    Күрделі техникалардың кейбір маңызды жүйелерінен диагностикалық ақпарат алу үшін күрделі де қымбат электрондық және компьютерлік диагностикалау жүйелерін қолдану міндетті емес.

    Егер де дизель қозғалтқыштарының ақаулықтарының әжептәуір үлесі қоректендіру жүйесіне келетін болса, оның агрегаттарын диагностикалауға қолданылатын аспаптар өте қымбат және белгілі бір машиналар тобына.

    Қоректендіру жүйесінің ақаулары

    Коректендіру жүйесі дұрыс жұмыс істемеген жағдайда қоспа сұйык немесе қою болып, осыған сай отын белгіленген нормадан артық жұмсалады. Сұйық қоспа карбюратордың немесе май жіберетін приборлардың ақауы болған жағдайда жасалынады. Двигатель сұйық қоспамен жұмыс істегенде карбюратор салдырлап соғады. Двигатель қызып кетеді, оның қуаты төмендейді. Мұның мәні мынада: сұйық қоспа баяу жанады, ол енгізу кақпақшасы ашылып болғанға дейін жанып үлгірмейді, осының салдарынан қоспа енгізу түтігінде және карбюраторда тұтанады. Сұйық қоспамен жұмыс істегенде двигатель қызып кетеді, қуатынан айрылады, сондықтан автомобильді жоғары жылдамдықпен жүргізуге мумкіндік болмайды, жанар май артық жұмсалады. Сұйық қоспа жасалуының себептері мыналар: ауа қақпакшасының май багы мойыншасының тығынында қисайып кетуі, май жүргізетін түтікшелер мен сүзгіш-тұндырғыштардың ластанып-бітелуі; май насосының ақаулы болуы, осы жағдайда майдың беріліп тұруы нашарлайды немесе ол мүлде тоқтап қалады. Бұл көбіне диафрагма дискілерінің зақымдануы, қақпақшалардың жымдаса жабылмауы, жетек рычагы ұшының желінуі, қалтқылы камерада май деңгейінің төмен болуы; жиклерлердің ластануы; карбюратор бөлшектері қосылмаларында, карбюратор фланецінің енгізу түтігімеп, енгізу түтігінің цилнндр ұршықтарымен жалғасатын орындарында ауаны сорылуы себепті орын алады.

    Қою қоспа. Двигатель қою қоспамен жұмыс істеген жағдайда өшіргіштен қара бурыл түтін және мылтық атылғандағыдай дауыс естіледі. Қою қоспамен ұзақ мерзім жұмыс істегенде двигательдің қуаты жойылады, қызып кетеді, жанар майды белгіленген мөлшерден артық жұмсайды, жану камерасы кабырғаларында және свеча электродтарында қара күйе пайда болады. Қою қоспа жзсалуының себептері мыналар: инелі қакпақшаның тығыз жымдасып жабылмауы себепті калтқылы камерада жанар май деңгейінің жоғарылап кетуі; инелі клапан белдеуінің бітеліп қалуы және жанар майдың салмағы неғұрлым жеңіл түрлерінің (сорттарының) пайдаланылуы; жиклер тесіктерінің желінуі; экономайзер клапан тығыз жабылмауы; ауа жапкышының ашылмауы. Жанар майдың жіберілуі пневматикалык жолмен тежеліп отыратын карбюраторларда ауа жиклердің ластануы салдарына қоспаның қоюланып кетуі кездеседі бұл жағдайда жиклерді үрлеп жіберу керек. Ластанылған түтіктер қойылтылған ауамен үрлеп тазартылады, ал сүзгіш-тұндырғыштар бөлшектеніп, таза жанар маймен шайып, жуылады. Қалтқылы камерадағы жанар майдың деңгейі өзгерсе, оны қалпына келтіру қажет, тесіктері желініп қалған жиклерлер алмастырылады, ал тесігі ластанып-бітелген жиклерлер қойылтылған ауамен үрлеп тазартылады. Егер ауа жапқышы толық ашылмаса, онда жетек тартқышының узындығын өзгертедіжәне тығыз жалғастырылмаудың салдарынан ауа сорылатын жағдайда бекіткіштің гайкаларын қатайта бұрау қажет, ал бүлінген төсемді алмастырады. Май насосындағы желінген диафрагма дискілерінің орнына жаңасы қойылады. Осындай ақау жол үстінде кездессе (уақытша шара ретінде) зақымы тұспа-тұс келмейтіндей етіліп дискілер орнынан қозғалтылады. Насостың тығыз жымдаспай тұрған клапандарын жуу, белдемені тазарту керек, бұдан пайда болмаса, клапандар ауыстырылады. Жетек рычагының сыртқы жақ ұшы желінсе, оны қалпына келтіру немесе алмастыру керек. Осындай ақау сапарға шыққанда кездессе, насос корпусы астындағы төсемнің орнына анағұрлым жұқа қағаз төсем салуға болады. Май багы мен май жүргізетін түтікшелердің зақымдануы, жалғастырғыштар мен карбюратор тығынының тығыз тартылмауы, сондай-ақ төсемдердің ақаулы болуы ссбепті жанар майдың ағып тұруы да қоректендіру жүйесінің кемістігі болып табылады. Бұл ақауларды жою жағын қарастыру керек, өйтпеген жағдайда отынның ысырап болуымсн қатар өрт шығу хаупі де туады. Осы ақаулар бак пен май түтікшелерінің тесілген жерін дәнекерлеу, жалғастырылатын жерлерді тартып, төсемдерді алмастыру арқылы жойылады. Май багы орнынан алынып, ішіне су толтырылғаннан кейін дәнекерленеді, өйткені бак жарылып кетуі мүмкін.

    Қорытынды

    Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологиялар пайдаланылып тәжірибеге еніп нәтижелер беруде. Педагогикада жаңа әдістер, тәсілдер, құралдар, оқулықтар, оқыту мен тәрбие үрдісінде өзгерістер енгізіп, олардың сапасын арттыруға бағытталады. Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту мен тәрбиелеудегі ең озық, тиімді әдістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту қашанда жалғаса бермек, қазіргі таңда оқытылатын пәндердің оқушылардың таңдайтын мамандығына қарай тұлғаны қалыптастыру оқушының өзі арқылы, оның іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы ойлау дағдыларын дамыта отырып жүзеге асырылады. Сабақта кейстік оқыту технологиясын жиі пайдаланудың тиімді жағы оқушының ақыл-ойы мен өзіндік тұжырымы арқылы жаңа тақырыпты саналы түрде меңгеру дағдыларын қалыптастырады. Білімді меңгеру осы жүйенің әр сатысында дами түседі. Қазіргі заман талабына сай жастарды автомобильдің жалпы құрылысымен және қызметімен таныстыру; пәннің жекелеген тарауларын оқытудың тиімді әдістерін қарастыру; пән бойынша оқушылардың техника-технологиялық білім деңгейін көтеру маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан да «Авто ісі» сабағында автомобильдердің қоректендіру жүйесі мен оған қажетті құрал-жабдықтар түрлеріне терең талдау жасауға және негізге алуға, икемділігі мен дағдысын қалыптастыруға оқушыларды баулу мәселесі бүгінгі таңда басты назарға алынуда, сонымен қатар оқушылардың өз бетінеше инициативашылдықпен туындап отырған проблемалық ситуацияларды зерделу және шешім жасай білу практикалық іс әрекет дағдылары артады.

    Әдебиеттер

    Момынбаев Б.,Өстеміров К. Тракторлар мен автомобильдер пәнін оқыту методикасы: Кәсіптік-техникалық училищелердің мұғалімдеріне арналған оқу құралы. –Алматы: «Рауан», 1990. -144б.

    Калинский В.С. Автомобиль. –Алматы, 1976.

    Плеханов И.П. Автомобиль. –М.:Просвещение,1987


    написать администратору сайта