Главная страница
Навигация по странице:

  • Тәуекел түсінігі

  • Тәуекелді азайту тәсілдері

  • Кәсіпкерлік қызметіне қарай тәуекел

  • Пайдаланылған әдебиеттер

  • ьра. реф. Реферат таырыбы Ксіпкерлік ызметтегі туекел Орындаан Кадыров б тобы Ус ф 211


    Скачать 40.86 Kb.
    НазваниеРеферат таырыбы Ксіпкерлік ызметтегі туекел Орындаан Кадыров б тобы Ус ф 211
    Дата01.05.2022
    Размер40.86 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлареф.docx
    ТипРеферат
    #506653

    Қазақстан Республикасының Білім Ғылым Министірлігі

    Тұран-Астана университеті

    РЕФЕРАТ

    Тақырыбы: Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекел

    Орындаған: Кадыров Б

    Тобы: Ус Ф 21-1

    Тексерген: Адилов М.Т
    Нұр-Сұлтан 2022 ж

    Мазмұны:

    1. Кіріспе

    2. Тәуекел түсінігі

    3. Тәуекелді азайту тәсілдері

    4. Кәсіпкерлік қызметіне қарай тәуекел

    5. Қорытынды

    6. Пайдаланылған әдебиет

    Кіріспе
    Кәсіпкерлік қызмет әрқашанда белгісіздіктің үлкен немесе кіші деңгейімен байланысты болады. Белгісіздіктердің қайнар көздері болып өндірістің барлық сатылары саналады, яғни қажетті құрал-жабдықтарды сатып алудан тауар өндіру мен өткізуге дейін. Мұндай жағдайда кәсіпкердің әрбір іс-әрекеті қолайсыздықтардың пайда болуына,әр түлі жоғалтулардың болуына (қаржылық,материалды,еңбек және т.б.) әкелуі мүмкін.

    Нарыққа қозғалыс ең алдымен экономикалық еркіндікке жол болып табылады,ал тәуекелді күшейту — кәсіпкерлік еркіндіктің кері жағы және ол үшін өтелетін өзіндік төлем. Дер кезінде тәуекелге бара алатын кәсіпкер табысқа жете алады.Кәсіпкер саналы түрде өзінің іс-әрекетінің рационалды стратегиясын таңдауы қажет: жоғалтатынын біле отырып, тәуекелге бару немесе тәуекелмен байланысты қызметтен бас тарту. Тәуекел бұл кәсіпкерлік жоспарды және бюджетті орындауда қолайсыз жағдайлардың болу мүмкіндіктері.

    Сонымен, кәсіпкерлік тәуекелді кәсіпкердің өз ресурстарының белгілі бір бөлігін жоғалту мүмкіндігімен, яғни қауіп-қатерімен байланысты және табыс алуы төмендеп, қосымша шығындардың пайда болу нәтижесімен байланысты болатын іс-әрекеттер деп түсінуге болады.

    Кәсіпорынның жақсы қызмет етуі үшін кәсіпкер өз жұмыс барысында кездесуі мүмкін барлық тәуекелдердің түрлерін ескеруі қажет.

    Кәсіпорынның қызметіне әсер ететін тәуекелділік факторы үдей түседі.

    Тәуекелділік қандай да бір жағымсыз жағдайлардың болуының мүмкіндігін көрсетеді.

    Нарықтық қатыныстар жағдайында тәуекелдің кәсіпкерлік істегі белгісіздік,күтпегендік,сенбеушілік,болжамдық жетістікке жетуге кедергі болуы мүмкін.

    Кәсіпкерлік тәуекел кәсіпорын қызметін реттеуде маңызды ролі атқаратындығы курстық жұмыстың өзектілігіне арқау болды.

    Тәуекел түсінігі
    Нарық жағдайында тәуекел кәсіпкерліктің шешуші элементі. Тәуекелдің ерекшеліктері кәсіпкерлік істе белгісіздік, күтпегендік, сенбеушілік болжамдылық жетістікке жетуге кедергі болуы мүмкін. «Кәсіпкерлік іс туралы» заңда жазылғандай кәсіпкерлік іс өз тәуекелділігіне, кәсіпорынның ұйымдастыру құқықтық формасы шегіндегі мүліктік жауапкершілігіне негізделген.

    Нарық жағдайында тәуекелділікті бәсеңдету үшін бірнеше әдістер бар: кәсіпкерлік жоба жасауға істі жетік білетін кеңесшілерді, мамандарды тарту; жобалау алдындағы мүмкін болатын қиындықтарды жете білу; өндірілетін өнімге сұранысты болжау; тәуекелділікті жобаға қатынасушылардың өзара бөлісуі; сақтандыру; болжамсыз шығындарды жабуға керекті қаражатты кезекке ұстау.

    Тәуекелдің жұмыс тапсырушы мен жұмысты орындаушы арасындағы бөлінуінің жалпы концептуалды моделін.

    Тәуекелділіктің бірнеше түрі бар: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, инвестициялық, нарықтық.

    Өндірістік тәуекел. Бұл өнімді өндірумен және оны өткізумен байланысты. Бұл тәуекелге өнімнің өнімнің белгіленген көлемінің өзгеруі және өткізу қарқыны, материалдық және еңбек шығындарының артық жұмсалуы. Нарықтағы баға деңгейінің кемуі, брак, рекламация т.б. себептер тікелей ықпал жасайды.

    Коммерциялық тәуекел – бұл кәсіпкердің сатып алған өнімді нарықта өткізуінде пайда болады. Коммерциялық келісім жағдайында бағаның төмендеуін, тауар өткізуде кездесетін қосымша шығындарды ескеру керек.

    Қаржылық тәуекел – қаржылық кәсіпкерлік ісінде кездеседі. Мысалы, қаржылық келісім тәуекелділік шарттасушылардың бір жағының төлем қабілеттілігінің кемдігінен пайда болуы, т.б.

    Инвестициялық тәуекел – бұл кәсіпорынның өзінің және сатып алған құнды қағаздарының құнсыздануы арқылы болуы мүмкін.

    Нарықтық тәуекел – бұл ұлттық ақша бірлігінің нарықтағы процент ставкасының немесе шет ел келісім серіктестіктерінің валюта курсының өзгеруімен байланысты.

    Ойлаған жобаны іске асыру мақсатында потенциалды серіктестіктерді неғұрлым көп тарту үшін тәуекел талдау жасайды.

    Тәуекелді талдаудың схемасы:

    1.Нақты тәуекел түрлерінің ішкі және сыртқы факторларының ықпалдарын айқындау.

    2.Айқындалған факторларды талдау.

    3.Нақты тәуекел түрін қаржы жағынан екі тәсілмен бағалау:

    а) қаржылық тұрақтылығын, дәулетін анықтау;

    б) жұмсалатын қаражаттың экономикалық тиімділігін анықтау.

    4.Тәуекелдің жорамал деңгейін анықтау.

    5.Бөлек операцияларының тәуекелдерінің жорамал деңгейін талдау.

    6.Тәуекелді бәсендету үшін шаралар жасақтау.

    Екінші басты мәселе тәуекелден келетін зияндар түрлерін анықтау.

    1.Материалдық зиян – бұл жобада қаралмаған өндірістік шығындар, немесе тікелей материалдық объектілерді, өнімдерді, материалдарды, шикізаттарды жоғалту.

    2.Еңбек зияны – жұмыс уақытын жою, кехдейсоқ немесе болжамсыз себептермен болған жағдайда.

    3.Қаржылық зиян – бұл тікелей ақшалай зиянмен байланысты: төлемдер, айыптар, уақыты озған несиелерді төлеу, қосымша салықтар т.б.

    4.Уақытты жою – бұл егер кәсіпкерлік іс жобалы уақыттан кейін қалатын болса пайда болады.

    5.Арнайы зиян түрлері – бұл зияндар адам денсаулығына және адам өміріне, қоршаған ортаға, кәсіпкердің беделіне кесел келтіретін жағдайлар.

    Саяси факторларға байланысты: іскерлік белсенділіктің бәсеңдеуі, еңбек және орындау тәртібінің деңгейінің бәсеңдеуі, төлем мен өзара есептесудің бұзылуы, салық ставкасының тұрақсыздығы т.б.

    Қандай болмасын кәсіпорын, өндірістік, коммерциялық, басқа қызметтермен байланысты тәуекелді ала жүреді. Қандай болмасын кәсіпкер өзінің қабылдаған басқару шешімдері бойынша жауап береді. Тәуекел факторы кәсіпкердің қаржылық және материалдық ресурстарын үнемдеуге, коммерциялық мәмілелерге, жаңа жобалар тиімділігін есептеулерге аса көңіл аударуына мүмкіндік береді. Кәсіпкерлік қызметте тәуекел факторы экономикалық тұрақсыздық.

    Жіктелуі бойынша тәуекелдің келесі аймақтарын ажыратады.

    1) тәуекелсіз зона;

    2) тәуекелді болжау зонасы;

    3) сын тәуекел зонасы;

    4) апатты тәуекел зонасы.

    Шығындар болмайтын, салада болуы мүмкіндігі күтілмейтін немесе ноль деңгейдегі шығындар болатын тәуекелсіз аймағы.

    Шығындар болатын, бірақта ол шығындар күткен пайдадан аз мөлшерде болатын аймақ – тәуекелді болжау аймағы.

    Сын тәуекел аймағы – шығындар күткен пайда мөлшерінен көп болатын, кейде есепті табыстың соммасына дейін болатын шығындар мөлшері.

    Апатты тәеукел аймағы - өзінің шығын шөлшерінен сын тәуекел деңгейінен асатын, көп шығындар мөлшерінде болуы мүмкін кей жағдайда кәсіпорынның мүлік мөлшерінің көп болуыда мүмкін.

    Тәуекелдің мөлшері:

    Кредиттік тәуекел – 3 кредит алушының өзіне тиісті негізгі бережағын және процентті төлемеу қауіпсіздігі.

    Проценттік тәуекел – коммерциялық банктер, кредиттік мәмлелер, инфляциялық институттардың проценттік, оларға тартылған қаржыдан, белгіленген мөлшері берілген кредит көлемінен асып түсуіне байланысты шығындар, акция бойынша, девиденттің мөлшерінің өзгеруіне байланысты инвесторлар шығындары, облигация, құңды қағаздар, сертификаттар бойынша процент мөлшерінің көбейуінен пайда болған шығындар.

    Инфляциялық тәуекел – инфляциялық өсуіне байланысты алып отырған ақшалай пайданың сатып алушылар сұранысынан тез өсіп, құнсыздануына байланысты тәуекел.

    Дефляциялық тәуекел – дефляция көтерілген жағдайда баға деңгейі төмендейді, кәсіпкерлердің экономикалық жағдайы төмендеп, пайдалары азаюдағы тәуекел.

    Валюталық тәуекел – бір шет ел валютасының басқа ел валютасына қарағанда курсының өзгеруіне сыртқы экономикалық, кредиттік, валюталық операциялар өткізудегі осымен байланысты валюталық шығындар болу қауіпсіздігі.

    Жойылу тәуекелі – құнды қағаздар немесе басқалай тауалар өткізгенде, олардың сапасына және тұтынушылық бағасына байланысты мүмкін болатын шығындар.

    Мүмкіншілікті жіберу тәуекелі – қаржылық зиян шегіп ала алмаған жағдайдағы, қандай болмасын іске аспаған жағдайда (мысалы сақтандыру, инвестициялау) болатын тәуекел.

    Табысты төмендету тәуекелі – портфельдік инвестиция, салым, кредиттер бойынша процент мөлшерінің төмендеуінен пайда болатын тәуекел.

    Таза қаржылық шығындар тәуекелі – инвестициялық жобаның іске асыруына немесе жартылай іске асуына байланысты тәуекел.

    Кәсіпорын тәуекелдері қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.

    Ұзақ мерзімді тәуекел кәсіпорын болашақтағы дамуымен байланысты болады, оған өндірістік дамуға кеткен дәлелсіз аз мөлшеріндегі төлемдер, кадрлық саясатты көтеруге кеткен шығындар.

    Қысқа мерзімді тәуекел міндетті емес контрагенттер таңдауға, нарық конъюктурасындағы есептеуді ұйымдастырудағы тиімсіз формаларын таңдаудағы шығындар.


    Тәуекелді азайту тәсілдері
    Кәсіпкерлік тәуекелді бағалау үшін келесі әдістерді пайдаланады: статистикалық: эксперттік: есептеу-аналитикалық. Статистикалық әдіс белгілі бір кәсіпорында немесе соған ұқсас кәсіпорындарда мүмкіндік жағдайларды, тәуекел көлемін анықтау мақсатында жоғалтулар мен кіріс статистикасын оқып білу. Мүмкіндік дегеніміз белгілі бір нәтиже алу мүмкінділігі. Мысалы: жаңа тауардың нарыққа сәтті енуі.

    Тәуекел көлемі 2 көрсеткішпен сипатталады: орташа күтілген мағына мен мүмкін болу қорытындысының ауытқымалылығы.

    Орташа күтілген мағына белгісіз жағдайлармен байланысты, мүмкін болушы қорытындылардың орташа есептелген көлемі түрінде анықталады.

    Эксперттік бағалау әдісі эксперт - мамандардың тәуекелдің болу мүмкіндігі жөнінде пікірлесуде негізделген. Эксперттің білімі мен тәжірибесі негізінде берілген сипаттамалар көп жағдайда нақты баға береді. Эксперттық әдіс көбінесе көп мөлшерде уақытша және еңбек ш ығындарын жұмсамай аяқ басқару шешім қабылдау үшін ақпарат алуға мүмкіншілік береді.

    Есептеу аналитикалық әдіс жаңа жобаның тәуекелдерін талдауда көбінесе пайдаланады. Жоба тірі организм ретінде өзінің арнайы даму сатыларымен қарастырылады. Жобаның өмірлік циклі келесі этаптардан тұрады: өндеу этапы, нарыққа шығару этапы, өсу этапы және құлау этапы. Жобаның өмірлік циклін зерттей отырып әрбір бір этаптары жөнініде ақпарат алуға, кейінгі керек емес себептерді анықтауға, тәуекел дәрежесін бағалауға болады. Бірақта тәжірибеде ондай қажетті ақпарат жинау өте қиын.

    Кәсіпкерлік қызметті жүргізу барысында көп жағдайлар анықталмаған сипатта болады. Оның негізгі бағыттары тауар өндіру, сату, өткізу кезеңдерінде кәсіпкер зиян көруі немесе материалдық, қаржылық зардап шегуі мүмкін. Бұл тәуекелдікті анықтайды. Кәсіпкер өз қызметін бастамас бұрын тәуекелдік деңгейін анықтап, шешім қабылдауы қажет.

    Кәсіпкерлік тәуекелдік деп – кәсіпкердің болашақта өз ресурстарын, табысынан, қаржысынан айырылу мүмкіндігін көрсетеді. Кәсіпкерлік тәуекелдіктің келесі бөліну түрлері қарастырылады.



    Бөліну түрлері

    Тәуекелдік түрлері

    1.
    2.

    3.

    4.

    5.

    Кәсіпкерлік қызметіне қарай
    Көлеміне қарай

    Қайнар көзіне қарай

    Пайда болу сферасына қарай

    Сақтандыру мүмкіндігіне қарай

    өндірістік, коммерциялық, қаржылық, ақпараттық

    жергілікті, салалық

    субьективті, обьективті

    ішкі, сыртқы

    сақтандырылған, сақтандырылмаған



    Кәсіпкерлік қызметіне қарай тәуекел:
    Өндірістік тәуекелдік – тауарлар мен қызметтерді өндіру процесімен тікелей байланысты. Ол өндірістің тоқтауы, негізгі өндірістік қорлардың істен шығуы, айналым қорларының жоғалуы немесе зақымдануы, шикізат пен құралдардың уақытылы жеткізілмеуіне байланысты.

    Коммерциялық тәуекелдік – тауарлар мен қызметтерді сатумен байланысты нарықтағы өзгерістер арқылы анықталады.

    Қаржылық тәуекелдік – ол банктер мен қаржылық институттармен байланысты тәуекелдік.

    Ақпараттық бұл – кеңес беру, ақпаратпен қамсыздандырумен байланысты.

    Көлеміне қарай тәуекелділік келесі түрлерге бөлінеді:

    Жергілікті тәуекелдік – жеке фирмалардың тәуекелдігі, ал салалық тәуекелдік белгілі бір салаға байланысты тәуекелдік.

    Пайда болу табиғатына қарай тәуекелділіктің бөліну түрлері:

    Субьективті тәуекелділік – кәсіпкердің жеке басының қасиетіне байланысты болатын тәуекелдік. Тәжірибенің, қаржысының болмауы, ұйымдастырушылық қабілетіне, адамдар мен қарым – қатынасына байланысты анықталады.

    Обьективті тәуекелділік – сыртқы жағдайларға байланысты болатын тәуекелдік. (ақпараттың жеткілісіз болуы, стихиялық немесе форс – можорлық жағдайларға байланысты, нарықтағы өзгерістер, инфляция деңгейі, салық салудағы өзгерістер).

    Пайда болу сферасына қарай тәуекелділіктің бөліну түрлері:

    Сыртқы тәуекелдік – экономикалық саясаттағы күтпеген өзгерістердің болуынан пайда болады.

    Ал ішкі тәуекелдік – тиімсіз менеджмент, қате маркетингтік саясат, фирманың ішкі келеңсіз жағдайлардың болуынан пайда болады.

    Сақтандыру мүмкіндігіне қарай тәуекелділіктің түрлері:

    Сақтандыруға мүмкін болатын тәуекелдік – сандық өлшеуге және анықтауға болатын жағдайларды ұйымдардың сақтандыруға міндеттеме алуы;

    Сақтандыруға мүмкін емес тәуекелдік – оның деңгейі мен болжамы туралы ешқандай ақпарат жоқ, ол үлкен тәуекелдіуті қажет етеді және оны сақтандыруды өз мойнына алуға ұйымдардың батылы жетпейді.

    2. Кәсіпкерлік тәуекелдік деңгейіне әсер етуші факторлар

    Кәсіпкерліктегі тәуекелдік белгілі бір факторлардың әсерінен болады. Бұл жағдайлар ішкі және сыртқы факторлар әсерінен пайда болады. Бірінші жағдайда кәсіпкер тиімді менеджментті қолдану арқылы тәуекелдікті азайтуға мүмкіндігі болады. Ал екінші жағдайда ол тәуекелдік деңгейіне ешқандай өзгеріс енгізе алмайды.

    Нарықтық экономика жағдайында кәсіпкерлік үшін тәуекелділік негізгі элемент болып табылады. Егер де кәсіпкер өз уақтысында тәуекелділікке бара білсе, онда ол сол ісі үшін сый ақыға ие болады.

    Тәуекелділік деп анықталмаған жағдайда іс-әрекет етуді атайды немесе тәуекелділікке бел буу деген сөз бар. Тәуекелділіктің негізгі ерекшеліктері – анықталмаған жағдай, күтпеген жағдай, сенімсіздік және жетістік болады деп болжау. Егер де, елде саяси және экономикалық жағдайлар тұрақсыз болса, онда тәуекелділік деңгейі жоғарылайды. Тәуекелділіктің негізгі екі қызметі қарасытырылады: ынталандырушы және қорғаушы.

    Ынталандырушы қызметі екі аспектіден тұрады: конструктивті және деструктивті. Бірінші жағдайда тәуекелділік инновациялық-инвестициялық шешім қабылдауда тұрақтандырушы қазметін атқарады, ал екінші жағдайда ол жүзеге аспай қалуы да мүмкін, бірақ кәсіпкер оған шүбә келтірмейді.

    Қорғаушы қызметі де екі аспектіден құралады: тарихи-генетикалық және әлеуметтік-құқықтық. Бірінші жағдайда адамдар мүмкін болатын қолайсыз жағдайлардан қорғану әдстерін іздейді, ол үшін кәсіпкерлік тәуекелділікті сақтандыру қажет. Ал екінші жағдайда мүмкін болатын тәуекелділікті реттеу қажет болады.

    Кәсіпкерлік тәуекелділік келесі ерекшеліктерімен сипатталады:

    • қарама-қайшылық;

    • салыстырмалылық;

    • анықталмағандық.

    Қарама-қайшылық сипат тәуекелділіктің бір жағынан экономикалық, саяси, рухани, танымдық жағынан ғылыми-техникалық прогресстің дамуына мүмкіншілік берсе, екінші жағынан дұрыс шешім қабылданбаған жағдайда зиян келтіруі мүмкін.

    Салыстырмалылық шешім қабылдаудың бірнеше варианттарынан біреуін таңдау мүмкіншілігін көрсетеді. Егер таңдау болмаса, онда тәуекелділік жағдай да болмас еді.

    Анықталмағандық дегеніміз кәсіпкер алдағы уақытта не болатынын дәл білмейді, тек болжамды шамамен ғана анықтайды.

    Әлемдік ғылымда кәсіпкерлік тәуекелділіктің классикалық және неоклассикалық теориялары қалыптасқан. Кәсіпкерлік тәуекелділіктің классикалық теориясында тәуекелділікті мүмкін болатын шығындардың математикалық күтімі арқылы анықтайды.

    Тәуекелділік ол қабылданған шешімге байланысты пайда болатын шығынмен байланысты.

    ХХ ғасырдың 30-шы жылдары ағылшын экономистері А.Маршалл мен А.Пигу кәсіпкерлік тәуекелділіктің неоклассикалық теориясын ұсынды. Мұнда кәсіпкер белгілі бір шешім қабылдау барысында екі критерияны ескеруі қажет, олар:

    • күтілген пайда мөлшері

    • пайданың мүмкін болатын өзгерістері.

    Бұл теорияға сәйкес кәсіпкер шекті пайдалылық концепциясына негізделіп шешім қабылдайды, яғни ең үлкен пайда алуы мүмкін вариантты таңдайды. Сонымен, тәуекелділік, ол кәіпкердің болашақта қосымша шығындалу мүмкіндігі немесе болжамдалған табыс мөлшерінен аз табыс алып қалу мүмкіндігін білдіреді.

    Кәсіпкерлік тәуекелділікті анықтау жолдарын үш топқа бөліп қарастыруға болады, олар:

    1. тиімді басқару теориясына сәйкес адамдардың кез келген қызметі тәуекелділікпен байланысты, себебі барлық жағдай анықталмаған сипатта. Бұл бағытта тәуекелділіктің келесі қасиеттері қарастырылады:

    1. жалпы қасиетке ие болуы арқылы тәуекелділік бір ғана қызметпен байланысты емес , ол барлық қызметті қамтитынын анықтаймыз. Белгілі бір тәуекелділік жағдай орын алған кезде бір адамдар оны қорқынышпен қабылдап, мүлкінен айрылып қалуға қауіптенеді, ал біреулері осыдан пайда тапсам деп үміттенеді, ал біреулері физикалық қорқыту арқылы материалдық игіліктерді иемденуді көздейді.

    2. жүйелілік теориясы бойынша тәуекелділік кез келген мақсатты іс-әрекетпен байланысты.

    3.әлеуметтік-экономикалық динамика теориясы бойынша тәуекелділік деңгейін бағалауға және болжауға болады.

    2. Тәуекелділікті анықтаудың екінші бағыты оны регрессивті потенциал нәтижесі деп қарастырады. Мұнда тәуекелділіктің келесі сипаттарына ерекше көңіл бөлінеді:

    - бұрынғы уақытта қажетті болған қасиеттерінің, сапасының, материалдық және рухани құндылықтардың ескіруі және қайта қалпына келмеуі;

    - жаңа қасиеттердің, материалдық және рухани құндылықтардың пайда болуы, бірақ олардың болашақтағы жай күйінің беймәлім болуы;

    - жаңа кәсіпорындарды құру, технологияларды қолдану арқылы қауіпсіздік жағдайды азайту;

    - өндірістік потенциал өсуімен қатар экологиялық мәселелердің өршуі т.б.

    3.Тәуекелділікті анықтаудың үшінші бағытында тәуекелділік шаруашылық қызметінің нәтижесінің анықталмаған жағдайы ретінде қарастырылады. Мұнда тәуекелділіктің келесі ерекшеліктері қарастырылады:

    - теңсіздік;

    - иерархиялық;

    -кешенділік.

    Тәуекелділікті басқару барысында оларды кездейсоқ және иерархиялық деп бөледі. Бірінші жағдайда ағымдық жағдайлармен анықталса, ал екінші жағдайда ол билік органдарымен байланысты. Себебі, кәсіпкер белгілі бір макроортада іс-әрекет етеді және сыртқы орта жағдайларын міндетті түрде ескеруі қажет. Мысалы, өз стратегиясын құру барысында үкіметтің саясатын, инфляция деңгейін, еңбек нарығындағы жағдайларды ескеру қажет болады.

    Тәуекелділікті кешенді зерттеу арқылы олардың жеке әсерін емес, барлық жағдайдағы әсерін қарастыруға болады. Мысалы, бағалы қағаздарды сатып алу барысында біреуін көп мөлшерде алса, онда тәуекелділік деңгейі жоғары болады, ал егер портфельде бірнеше бағалы қағаз болса, онда тәуекелділік деңгейі біршама төмендейді және шығын аз болады.

    Кәсіпкерлік қызмет барысында көптеген шешімдер тәуекелділік жағдайда қабылданады. Бірақ, менеджер, егер жоғары пайда болмаса, көбінесе тәуекелділікке бармайды. Бірақ тәуекелділік жағдайда да одан қашуға болмайды, тек оны дер кезінде анықтап, оған дұрыс баға бере білу қажет. Тәуекелділікті басқару ол тәуекелділік жағдайды басқару болып табылады және сол арқылы кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып табылады.

    Басқару және тәуекелділік экономикалық жүйенің бір-бірмен байланысқан элементтері болып табылады. Көбінесе кәспкерлер өз ішкі сезіміне, тәжірибесіне сүйеніп, тәуекелділікті дер кезінде анықтап, оны алдын алып отырады, бірақ ол әрқашан орындала бермейді, сондықтан тәуекелділікті басқарудың ғылыми әдістерін қолдану қажет. Жалпы тәуекелділікті басқару келесілерді қамтиды: тәуекелділік жағдайдағы кәсіпкерлік қызметтің мүмкін болатын нәтижесін анықтау; тәуекелділік факторларына баға беру; тәуекелділік деңгейін азайту арқылы табысты жоғарылату. Тәуекелділікті басқару стратегиясы мен тактиканы құру арқылы жүзеге асырылады. Және оларды құру барысында тәуекелділікті басқарудың келесі әдістері қолданылады:

    1 әдіс – тәуекелділікті алдын алу. Бірақ ол сыртқы факорлармен байланысты пайда болатын тәуекелділікпен байланысты емес, кәсіпкер ішкі факторларды басқару арқылы тәуекелділік деңгейін азайта алады.

    2 әдіс - тәуекелділікке әсер етущі факторлардың деңгейін азайту. Ол үшін кәсіпкер келесі іс-шараларды жүзеге асыруы қажетті: жоспарлау сапасын жақсарту, өндірісті тиімді ұйымдастыру және басқару; икемді технологияларды қолдану және резервтік қор құру; мемлекеттік реттеуді жақсарту; стратегияны дұрыс таңдау т.б.

    3 әдіс - тәуекелділікті сақтандыру жүйесін құру.

    4-әдіс – тәуекелділікті басқаруды тиімді ұйымдастыру.

    Тәуекелділікті басқару барысында оған әсер етуші факторларға талдау жаасалады, ол факторлар келесілерді қамтиды:

    1. қызметіне қарай тәуекелділікке әсер етуші факторлар (өндірістік, коммерциялық, инвестициялық, инновациялық, банктік);

    2. басқаруға мүмкін болуымен (фирма басқара алатын немесе басқара алмайтын факторлар);

    3. шығу көзіне байланысты ішеі және сыртқы деп бөлінеді. Кәсіпкер үшін сыртқы факторлар анықталмаған жағдайда болады және олармен байланысты тәуекелділікті ол басқара алмайды.

    Тәуекелділікті басқарудың соңғы кезеңі оның деңгейіне баға беру болып табылады.

    Нарықтық экономика ерекшеліктерін ескере отырып тәуекелділік түрлерінің базистік принциптерін анықтауға болады. Тәуекелділіктің бөліну түрлері:

    1. Пайда болу себебіне байланысты:

    а) субъективті тәуекелділік(кәсіпкердің жеке қасиеттеріне байланысты анықталады)

    б) объективті тәуекелділік (ақпараттардың жетіспеушілігі, апаттардың болуы, нарықтағы күтпеген өзгерістер т.б.)

    2. Мәселені шешу кезеңіне байланысты:

    а) шешім қабылдау кезеңінде (тәуекелділк деңгейін анықтаудағы қателіктер немесе ақпараттардың жеткіліксіз болуы)

    б) шешім қабылдау барысында (дұрыс шешім қабылдамау салдарынан)

    3. Тәуекелділік көлеміне байланысты:

    а) жергілікті, бір фирмаға қатысты тәуекелділік.

    б) салалық, сала ерекшелігіне байланысты болатын тәуекелділік

    в) аймақтық, субъекті орналасқан аумақты қамтиды

    г) ұлттық, макроэкономикалық кәсіпкерлік қызметті қамтиды.

    д) халықаралық әлемдік нарық конъюнктурасының өзгеруіне байланысты пайда болатын тәуекелділік.

    1. Әсер ету деңгейіне байланысты:

    а) сыртқы – экономикалық саясаттағы, макроэкономикадағы өзгерістер, табиғи апаттар, валюталық тәуекелділік.

    б) ішкі – кәсіпорынның мамандану деңгейімен анықталады.

    5. Кәсіпкерлік қызмет түріне байланысты тәуекелділік:

    а) қаржылық – қор нарығы, банктердің қызметімен байланысты тәуекелділік;

    б) өндірістік – мәжбүрленген үзіліс жасау, негізгі қорлардың істен шығуы т.б. байланысты пайда болатын тәуекелділік.

    в) коммерциялық – нарық конъюнктурасында пайда болатын күтпеген тәуекелділік.

    г) инвестициялық – инвестициялық қызметпен байланысьы болатын тәуекелділік;

    д) инновациялық – инновациялық анықталмаған жағдайлармен байланысты болатын тәуекелділік.

    6. Мүмкін болатын нәтижесіне байланысты тәуекелділік келесі түрлерге бөлінеді:

    а) таза тәуекелділік – кері немесе нөлдік нәтиже алу мүмкідігі жоғары тәуекелділік, олар: табиғи, экологиялық, саяси, транспорттық және коммерциялық тәуекелділік.

    б) спекулятивті тәуекелділік – бұл оң немесе кері нәтиже алу мүмкіндігі жоғары тәуекелділік, ол қаржылық тәуекелділік болып табылады.

    Таза тәуекелділікке келесілер жатады: саяси тәуекелділік, экологиялық тәуекелділік, транспорттық тәуекелділік, мүліктік тәуекелділік, өндірістік тәуекелділік. Енді осы тәуекелділік түрлеріне жеке тоқталып өтейік.

    Саяси тәуекелділік деп саяси жүйенің өзгеруімен, саяси тұрақсыздық, қоғамдағы саяси күштердің өзгеруімен байланысты кәсіпкерлердің мүліктік зиян көруін айтамыз.

    Саяси тәуекелділік келесілерді қамтиды:

    • әскери шаралар, революция, ішкі саяси жағдайдың өршуі, тауарларды конфискілеуді енгізу, үкіметтің өз міндеттемелерін орындамау себебінен шаруашылық қызметтің шығын болуы т.б.

    • төтенше жағдайлардың болуынан төлем мерзімдерінің уақытын ұзарту;

    • салық мөлшерінің жоғарылауы;

    • ұлттық валюта шектеулілігі т.б.

    Саяси тәуекелділікке әсер етуші факторлар екіге бөлінеді: тікелей (заңдардың өзгеруі, мемлекеттік және жергілікті басқару органдарының күтпеген іс-әрекеті, салық жүйесі т.б.), жанама (саяси жағдай, елдегі экономикалық жағдай, халықаралық жағдайлар т.б.)

    Саяси тәуекелділіктің салдарлары келесілер:

    • көтерілістер мен жұмысшылар ереуілі;

    • транспорт тарифтерінің өсуі;

    • энергия бағасының өсуі;

    • салық салу жүйесінің өзгерісі;

    • капиталдар қозғалысына ресми түрде рұқсат беру немесе тыйым салу;

    • өкілетті органдармен қарым-қатынасы.

    Экологиялық тәуекелділік – деп қоршаған ортаның ластануымен байланысты тәуекелділікті атаймыз. Экологиялық тәуекелділік келесілерді қамтиды: қоршаған ортаға, адамдардың өмір сүруіне зиян келтіру мүмкіндігі, өндірістік объектілердің экологиялық қауіптілігі, мүмкін болатын табиғи апаттар, өндірістердің сыртқа ортаны ластауы т.б. Қоршаған ортаға зиян келтіру деңгейі ормандарды, суларды, ауаны, жер ресурстарын, биосфера мен ауыл шаруашылық өнімдеріне келтірілген зиян мен олардың жойылу деңгейі, ластануы арқылы анықталады. Үшінші адамдарға зиян келтіру деңгейін аурулардың көбеюі мен өлім деңгейінің өсуімен анықтауға болады. Бұл жағдайда кәсіпорындар қоршаған ортаны ластауға байланысты азаматтық жауапкершілікке тартылады.Қоршаған ортаны ластау салдарын жақын аралық және алыс аралық деп бөлуге болады. Бірінші жағдайда әсері бірденнен көрінсе, екінші жағдайда ол ұзақ уақыт өткеннен кейін білінеді.

    1. Табиғи қорғауды қаржыландырудың негізгі бес көзі қарастырылады:

      1. мемлекеттік бюджеттік аударымдар;

      2. табиғатты қорғаудың мақсатты қорлары;

      3. кәсіпорынның өз қаржылары;

      4. салық салудағы жеңілдіктер;

      5. қаржыландырудың халықаралық көздері.

    Транспорттық тәуекелділік – жүктерді транспорт арқылы тасымалдау барысында қалыптасатын тәуекелділік( су жолы, әуе жолы, автомобиль, темір жол т.б.).

    Мүліктік тәуекелділік деп кәсіпкердің өзінің өндірістік және қаржылық қызметінде өз мүлкінен айрылып қалуы немесе жоғалтып алуы, бұзылуымен байланысты. Мүліктік тәуекелділікті келесі топтарға бөлсек болады, олар:

    - табиғи апаттар салдарынан мүліктен айрылып қалу тәуекелділігі;

    - өндірістегі авриялық жағдайдан мүліктен айрылып қалу тәуекелділігі;

    - ұрылардың іс-әрекеті салдарынан мүліктен айрылып қалу тәуекелділігі;

    - тасымалдау барысында мүліктердің сынып қалуына байланысты тәуекелділік.

    Жоғарыда аталған тәуекелділік деңгейін төмендету үшін мүліктердің жекелей түрлерін сақтандырып қою қажет, сонымен қатар, кәсіпорында материалды жауапты қызметкерлерге материалдық жауапкершілікті жүктеу қажет және аумақты күзету жұмыстарын күшейту қажет.

    Өндірістік тәуекелділік – бұл өндірістік үрдіс барысында үзілістердің болуы немесе тоқтап қалуына, технолгиялық операциялардың істен шығуы, шикізаттың төмен сапасы, кызметкерлердің тиімсіз жұмыс істеуі нәтижесінде пайда болатын тәуекелділік.

    Спекулятивті тәуекелділік оң немесе теріс нәтиже алумен байланысты. Спекулятивті тәуекелділікке қаржылық және коммерциялық тәуекелділік жатады. Коммерциялық тәуекелділік кәсіпкердің тауарларды сатып алу-сату қызметінің нәтижесінде пайда болатын тәуекелділік. Коммерциялық тәуекелділік келесілерді қамтиды:

    - тауарларды нарыққа өткізу тәуекелділігі;

    - тауарларды тасымалдауға байланысты тәуекелділік;

    - сатып алушының қабылдауымен байланысты тәуекелділік;

    - форс-мажорлық жағдайлармен анықталған тәуекелділік.

    Қаржылық тәуекелділік – қаржылық кәсіпкерлікпен және қаржылық операциялармен байланысты пайда болатын тәуекелділік. Қаржылық кәсіпкерлікте негізгі тауарлар ақша, валюта және бағалы қағаздар болғандықтан кәсіпкерлік тәуекелділіктің басқа түрлеріне қарағанда мұнда тәуекелділік өте жоғары десе де болады. Қаржылық тәуекелділік келесілерді қамтиды:

    • валюталық тәуекелділік;

    • несиелік тәуекелділік;

    • инвестициялық тәуекелділік.

    Валюталық тәуекелділік- бұл валюта курсының өзгеруімен байланысты пайда болатын тәуекелділік.

    Несиелік тәуекелділік – бұл несие алушының несиені қайтара алмай қалуы немесе пайыздық мөлшерлемесін төлей алмай қалу мүмкіндігімен байланысты тәуекелділік.

    Инвестициялық тәуекелділік – инвестициялық жобаны жүзеге асыру нәтижесінде пайданың болмауы немесе шығынға ұшырау мүмкіндігімен байланысты тәуекелділік. Бұл жағдайда тәуекелділік объектісі ретінде инвестордың мүліктік жауапкершілігі қарастырылады.
    Қорытынды
    Қорыта келгенде, нарықтық қатынастар жағдайында тәуекелділік кәсіпкерліктің шешуші элементі болып табылады. Тәуекелділіктің келесі ерекшеліктері бар: кәсіпкерлік істегі белгісіздік, күтпегендік, сенбеушілік, болжамдық жетістікке жетуге кедергі болуы мүмкін. Тәуекелділікті бәсеңдету үшін бірнеше әдістер қолдану керек: кәсіпкерлік жоба жасауға істі жетік білетін кеңесшілерді ,мамандарды тарту , жобалау алдында мүмкін болатын қиындықтарды жете білу, өндірілетін өнімге сұранысты болжау, тәуекелділікті жобаға қатысушылардың өзара бөлісуі, сақтандыру, болжамсыз шығындарды жабуға керекті қаражатты кезекке ұстау.

    Тәуекелдің бірнеше түрі бар: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, инвестициялық және нарықтық. Ойлаған жобаны жүзеге асыру , потенциалды инвесторларды неғұрлым көп тарту үшін тәуекелді талдаудың блок- нобайын қолдану. Сонымен бірге тәуекелден келетін зиян түрлерін айқындай білу керек.

    Нарықтық қатынастарда өндіріс, тұтыну, кооперациялау, өнімнің айналымы сияқты үрдістер барысында кәсіпкерлерді белгісіздік және тәуекел көп толғантады. Қолайлы қабылданған шешім кәсіпкерге жақсы пайда әкеледі, ал қолайсыз негізделмеген шешімдер– банкроттыққа бастайды.

    Кәсіпкер бастамашыл негізде, толық экономикалық жауапкершіліктен қорықпай тәуекелге баратын және келешекте табыс әкелетіндей етіп басқа өндіріс факторларын ұтымды түрде біріктіруге қабілетті ұдайы өндірустің субьективтік факторы.

    Кәсіпкерлік процесінің екінші қозғаушы күші бизнесті іске асыру үшін қолайлы мүмкіндіктер. Бүгінде бүкіл әлем кәсіпкерлік жарылыс нәтижесінде пайда болған үнсіз төңкеріс жайлы айтуда. Шет елдік ғалымдар кәсіпкерлік түсінігіндегі негізгі орынды ой және оларды іске асыру мүмкіндіктері сияқты категорияларға береді. Ойды іске асыру мүмкіндіктері деп, ойдың жүзеге асу дәрежесі мен ойыд іске асыру нарығының ашық тауашасының бар болуын айтуға болады. Дегенмен осы жерде ойлар оларды іске асыру үшін қолайлы мүмкіндіктерге қарағанда анағұрлым көп. Сонымен жаңа қуаттарға, обьектілерге деген қажеттілік пайда болғанда құырылстар мен ғимараттарды қайта құру қажеттілігі пайда болғанда немесе тапсырыс берушілердің бар қажеттіліктерін бәсекелестердің ұсынған қызметтеріне қарағанда толығырақ қанағаттандыру мүмкіндігі туғанда, құрылыс бизнесі үшін мүмкіндік те пайда болады. Кәсіпкер үшін осы мүмкіндікті уақытысында байқау емес, сондай-ақ оны дұрыс пайдалану да маңызды.

    Ұзақ уақыт аралығы бойында пайда және табыспен қамтамасыз ететін ашылып келе жатқан нарық тауашасын таба білу қабілетіне ие кәсіпкерлер, табысты кәсіпкерлер болып саналады. Кәсіпкердің қызмет саласын таңдауына тура келетін өнімдер мен қызмет көрсету нарығы тұрлаусыздықпен, мәліметің жетіспеушілігімен және тәуекел деңгейінің жоғарылығымен өзгешеленеді.
    Пайдаланылған әдебиеттер:


    1. “ Егемен Қазақстан ” , Тәуекелділік және жетістік. 11.02.2006.

    2. Бисенғазиев Н.Қ. Кәсіпкерлік негіздері .Алматы: Экономика, 2001.

    3. Кондраков Н.П. Бухгалтерский учет, анализ хозяйственной деятельности и аудит. –М.: Перспектива,1994.

    4. Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория анализа хозяйственной деятельности .–2-е издание .М.: Финансы и статистика, 1999.

    5. Мейіржанов М.Р. Кәсіпорын экономикасы. Алматы : Экономика, 2002.


    написать администратору сайта