Главная страница
Навигация по странице:

  • Нанобөлшектер. Жеке нанобөлшектердің қасиеттері.

  • Қолданылған әдебиеттер

  • Реферат нанасистем. Реферат таырыбы Наноблшектер. Жеке наноблшектерді асиеттері. Орындаан Яф31 тобыны студенті Смайл Мерей


    Скачать 19.1 Kb.
    НазваниеРеферат таырыбы Наноблшектер. Жеке наноблшектерді асиеттері. Орындаан Яф31 тобыны студенті Смайл Мерей
    Дата03.02.2022
    Размер19.1 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаРеферат нанасистем.docx
    ТипРеферат
    #350108

    Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті

    РЕФЕРАТ

    Тақырыбы: Нанобөлшектер. Жеке нанобөлшектердің қасиеттері.

    Орындаған: Яф-31 тобының студенті Смайл Мерей

    Қабылдаған: Сатаева Г.Е.

    Нұр-Сұлтан 2022

    Нанобөлшектер. Жеке нанобөлшектердің қасиеттері.

    Нанобөлшектің белгілеріне оның сфералық пішіні мен 1-250 нм-ге дейінгі көлемі жатады. Осыған байланысты нанобөлшектер топтарына химиялық құрылымы мен физикалық қасиеттеріне бай-ты алуан түрлілікке ие бөлшектерді жатқызамыз.

    Ал нанобөлшектердің белгілі бір түрі дендримерлер болып табылады. Дендримерлер-үшөлшемді бұтақталған монодисперсті макромолекулалар болып келеді. Дендримерлердің қалыпты құрылымына дендримерлердің геометриялық дұрыстығын қамтамасыз ететін, орталық ядроның айналасындағы, қайталанатын бұтақтану формасы тән. Бұтақтанудың бесінші қабатына жеткен соң, дендримерлер өз құрамында көптеген қуыстарды біріктіре алды, аал олар өз кезегінде дәрілік препараттарға арналған наноконтейнерлер ретінде пайдалануға болады. Дендримерлер синтезіндегі қандай да бір анық химиялық реакциялар тізбегі қалыпты қасиеттерге ие макромолекулалы жүйенің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Дендримерлердің наномөлшерлігі 1-100 нм олардың ретикуло-энлотелиальді элементтермен ұсталу мүмкіндіктерін төмендетеді.

    Нанобөлшектердің көп таралған түрі- фуллерендер. Фуллерендер іші қуыс бос болып келетін аллотропты сфералық түзінділер болып табылады. Фуллереннің суда еритін С60 жасандылары бірнеше аурулар емдеу кезіндегі терапияда өте көп сұранысқа ие. Осылайша фуллереннің С60 жасандылары вирусқа қарсы және антибактериалды агенттер ретінде пайдаланылады.Зерттеулер нәтижесінде фуллерендердің онкологиялық аурулардың фотодинамикалық терапиясында фотосенсибилизаторлар ретінде пайдаланылуы тиімді екендігі көрсетілді.

    Нанобөлшектердің келесі түрі липсомалар өз кезегінде шартәрізді пішінге ие, билипидті мембранамен шектелген, қуысы сулы ортаға ие нанобөлшектер болып табылады. Акивті қосылыс липосоманың ядросында немесе оның липидті қабығында орналасуы мүмкін. Липосомалдың мөлшерлері өте өзгермелі екендігіне қарамастан көптеген липосомалар 400 нм-ден кем болмайтын диаметрге ие. Липосомаларды әсер етуші заттардың тасымалдаушысы ретінде қолданса таңдап тасымалдаушысы ретінде қолдану идеясы жаңа емес және бүкіл дүние жүзінде кең қолданыс тапты.

    Мицелларар нанобөлшектің кезекті бір түрі. Мицелларлар гидрофобты бөлікке және гидрофильді сыртқы бетке ие наномөлшерл каллоидты бөлшектер болып табылады.

    Дәрілік препараттар мен контрастты агенттер мицелланың липидті ядросына орналасуы мүмкін немесе оның тегіс сыртқы бетімен ковалентті байланысуы мүмкін. Мицеллалар липосомаларға қарағанда бірнеше есе кіші 50 нм шамасында.

    Металды нанобөлшектер арасында алтын және күміс металдарының нанобөлшектері кеңінен танымал. Алтын нанобөлшектері бірегей сипаттамаларға ие, және негізінен диагностикалық мақсатта пайдаланылады. Алтын нанобөлшектері иммуноферментті анализ кезінде олардың антиденелермен байланысу есебінен сигналды күшейту үшін пайдаланылуы мүмкін. Сонымен бірге алтыннан жасалған нанобөлшектерді иммунохроматографиялық диагностикалық жолақтардың сезімталдығын арттыру мақсатында да пайдаланылады. Ал күмістен жасалған нанобөлшектер соңғы уақытта иммунодиагностикада флуоресценцияны күшейту мақсатында пайдаланылды.

    Зерттеуші ғалымдардың назарын ерекше аударған нанобөлшектер толық липидті нанобөлшек деп аталады. Олардың артықшылықтары: жоғары тұрақты, инкорпорирленген препараттарды деградациядан сақтау қабілеті, бұл препараттардың шығарылуын реттеуге мүмкіндік беруі. Осы нанобөлшектер препараттардың транспортерлері ретінде ағзаға бірнеше жолдармен енгізілуі мүмкін. Сонымен қатар липидті нанобөлшектер гематоэнцефальді тосқауылдан жақсы өте алады деген болжам бар.

    Квантты нүктелерде нанобөлшекке жатады. Ал флуоресцентті белгілер биология мен медицинада кеңінен қолданыс тапқанымен олардың кемшіліктері де бар. Мысалы әр түсті алу үшін әр түрлі бояғыштарды қолдану және осы бояғыштардың флуоресценциялық индукциясы үшін толқын ұзындығына сац лазерьді таңдап алу және т.б. Ал кванттық нүктелер деп аталаын жартылай өткізгіш нанокристалдар мұндай кемшіліктерден айырылған. Олар ақуыздар мен нуклеин қышқылдарының молекулаларымен тең күйге ие өте ұсақ бөлшектермен сипатталады. Қозған күйде олар үзіліссіз түстер түрін береді. Квантты нүктелер ақ түспен қозады. Қазіргі таңда квантты нүктелерді ісік жасушаларын детекциялауда, жасушаішілік органеллалардың маркерленуінде және басқада кқптееген биомедицинада зерттеу кезінде пайдаланып жатыр.

    Нанобөлшектердің классификациясы:

    Нанобөлшектің түрлері

    Алуан түрлілігі (мысалдар)

    Көмірсулы нанобөлшектер

    Фуллерендер

    Толықкөмірсулы нанобөлшектер

    Кремнеземді нанобөлшектер

    Аэросил

    Дендримерлер

    Полиамидоамин

    Полилизин

    Липосомдар

    Аз бірқабатты липосомадар

    Үлкен бірқабатты липосомдар

    Көпқабатты липосомдар

    Полимерлі мицеллалар

    Полиаспартат-b-полиэтиленгликоль

    Поликапролактон-b-метокси-полиэтиленгликоль

    Полимерлі биодеградацияланатын нанобөлшектер

    Синтетикалық

    Полиметилметакрилат

    Полиметицианакрилат и др.

    Поли(лактид-ко-гликолид)

    Табиғи

    Хитозан

    Альбумин

    Желатин

    Агароза

    Квантты нүктелер

    Кадмий селениді

    Кадмий теллуриді

    Индий фосфиді

    Индий арсениді

    Металды нанобөлшектер

    Алтын

    Күміс

    Суперпарамагнитті бөлшектер

    Темір оксиді

    Перфторкөміртекті нанобөлшектер

    Липидті моноқабатпен қапталған сұйық перфторкқміртегінің ядросынан тұратын нанобөлшектер



    Қолданылған әдебиеттер:

    1. Абаева Л.Ф. Шумский В.И. Петрицкая Е.Н. Рогаткин Д.А. Любченко П.Н. 2010 Наночастицы и нанотехнологии в медицине сегодня и завтра. Альманах клинической медицины

    2. Jain S. Hirst D.G. O`Sullivan J.M. 2012 Gold nanoparticles as novel agents for cancer therapy

    3. Альферова Ж.И. Копьев П.С. Сурис Р.А. Асеев А.Л. Гапонов С. В. Панов В.И. Полторацкий Э.А, Сибелдин Н.Н. 2005 Наноматериалы и нанотехнологии. Нано-и микросистемная техника

    4. Рыбалкина М. 2005 Нанотехнологии для всех

    5. Масычева В.И. Даниленко Е.Д. 2008 Наноматериалы

    6. Зубкова Г.И. 2011 Нанотехнология в медицине

    7. D. Parades C.Ortiz R. Torres 2014 Nanomedicine


    написать администратору сайта