метрология. Реферат Метрология. Реферат Таырыбы Сатылы білікті длдік крсеткішін лшеу. Вертикалды зындылшегіш изв2 аспабы
Скачать 0.74 Mb.
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Д.СЕРІКБАЕВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Инженерия факультеті Машинажасау кафедрасы Реферат Тақырыбы: « Сатылы біліктің дәлдік көрсеткішін өлшеу. Вертикалды ұзындықөлшегіш ИЗВ-2 аспабы » Орындаған: 17 – ТМК – 1 тобы студенттері Әмешов Демежан Ерланұлы Ерсәлімұлы Еркебұлан Қабылдаған: Абеджанова Арай Сайлаубеккызы Өскемен, 2018 жыл Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім Теориялық мағлұмат Вертикалды ұзындықөлшегіш ИЗВ-2 аспабы мінездемесі Жұмыстың зертханада орындалу тәртібі Жұмыстың жеке кезеңдерін орындау бойынша мәлімет Қауіпсіздік шаралары Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Кіріспе Метрология-өлшеу, өлшеу əдістері мен құралдарының бірліктерін жəне қажетті дəлдікке қол жеткізу əдістерін қамтамасыз ету туралы ғылым. Метрология грек сөзінің «метро»- өлшем, «логос»-оқу дегенінен шыққан сөз. Өлшеу дəлдігі- өлшенетін шама нəтижесінің оның шын мəніне жақындығымен сипатталады. Өлшеу бірыңғайлығы-өлшеу қателігі белгіленген мөлшермен айқындалып, нəтижесі заңдастырылған өлшем бірліктерімен көрсетілген өлшеу жағдайы. Əр түрлі жерде, əр түрлі уақытта, əр түрлі əдіс пен өлшеу құралдарын қолданып алынған өлшеу нəтижелерін салыстыру үшін өлшем бірліктері қажет. Метрологияның басты мақсаты өлшем бірлігі мен қажетті дəлдікті қамтамасыз ету. Өлшеу-нақты білім мен ашылымдарды тəжірибеде жүзеге асыру жолын, адамзаттың табиғатты танып білу жолдарын дамыту құралы болып табылады. Метрологияның бүгінгі күнгі дамуы эталондардың жақсартылуымен, өлшеу дəлдігінің жаңа əдістерін жетілдірумен, қажетті өлшеу бірлігі мен дəлдігін қамтамасыз ету жолында жүргізіліп жатқан шаралармен тығыз байланысты. Өлшеудің бірнеше түрлері бар. Олардың жіктелуі өлшенетін шаманың уақытқа, өлшеу теңдеуінің түріне, өлшем нəтижесінің дəлдігін анықтайтын шартқа жəне осы нəтижелердің көрсетілу əдістеріне байланысты. Метрология мəселелері. Метрологияның басты міндеті – өлшеулердің бірегейлігін қамтамасыз ету. Оны орындау үшін екі басты шартты орындау керек: өлшеу нəтижелері заңдастырылған бірліктермен көрсетілуі керек; өлшеу мен шектер нəтижелерінің тағайындалған қателіктері берілген ықтималдықтан шықпауы керек; Негізгі бөлім Жұмыс мақсаты: Сатылы біліктің дәлдік көрсеткішін өлшеу тәсілдері; ИЗВ-2 оптикалық ұзындықөлшегіш және әмбебеп өлшеуіш құралдар; 1 Теориялық мағлұмат Білік дәлдігінің көрсеткіштік мінездемесі және өлшеу тәсілдері. Өңдеу дәлдігі немесе техникалық дәлдік ыдырау аумағына сәйкес жіберілетін бұйым мөлшерінің шын ауытқу дәрежесімен бағаланады. Өлшеулер түсінігіне сызықтық және бұрыштық биіктіктер, пішіннің ауытқуы және бетте орналасуы жатады. Кез келген бұйымның геометриялық ауытқу параметрлері, сонымен қоса сатылы білікті де келесідей түрлерге бөлуге болады. өз өлшемінен ауытқуы беттік қабатта орналасу бойынша ауытқуы беттік пішіннің ауытқуы толқынды беттер және кедір – бұдыр беттер. Өлшемді ауытқуда біліктің жеке мойындарының диаметрі және беттердің арасындағы қашықтық т.б. ауытқулар бақыланады. Осыған қатысты терминдер мен анықтамалар МЕСТ 25347 (СТ СЭВ 144-75) пен орнатылған. Біліктің беткі қабаттық орналасуы бойынша ауытқуында көбінесе біліктің цилиндрлы бетінің бірөстілік ауытқуынан жеке остеренің жалпы остерге қатысы бақыланады. Көрсетілген ауытқу 1 тетіктің екі соңғы қиылысында екі өлшеуіш бастар көмегімен 2 өлшенеді. (1 сурет). Бақыланатын бетті өлшегенде бірдей уақыт аралығында екі пышақ тәрізді призмалық тіректер 3 плитаға орнатылады. Біліктің әр бір мойнындағы біростілік ауытқуының биіктігі өлшеуіш бастың жартылай есеп шкаласы бойынша білік өз осін толық бір рет айналуымен анықталады. Бірөстілік ауытқуда біліктің мойнына орталық остер қатынасы берілген кезде, деталь орталыққа орнатылады (1-ші суретте олар штрихты сызықтармен берілген). Ауытқуларды өлшеу және биіктіктерді анықтау әдісінде бұл ауытқулар алдында берілген мысалдарға ұқсас мысалдармен көрсетілген. Негізгі беттік қабатта орналасу бойынша ауытқу түрлеріне қатысты терминдер мен анықтамалар МЕСТ 24642 (СТ СЭВ 301-76) мен орнатылған. Біліктің пішіні бойынша ауытқуында, заң бойынша оның цилиндрлы бетте көлденең қимасының және ені бойынша қиылысуында пішін ауытқуы бақыланады. Дөңгелек ауытқу шын профиль нүктесіне жақын дөңгелекке дейінгі ең көп арақашықтықпен анықталады (2.а сурет). Жіберу дөңгелегі Т дөңгелек ауытқуында рұқсат берілген мәндермен анықталады. Ауытқудың жеке түрлеріне сопақтық және огранка жатады. (2.б, 2.в суреттер). 1 сурет – Бірөстілік ауытқуын өлшеу схемасы 2 сурет - Радиальды және шетжақтық соғудың схемасы |